Темір (II) Fe2+ катионына тән реакциялар

Темір (II) тұздары ерітінділері ашық жасыл түсті, сұйытылған ерітінділері түссіз.

1. КОН немесе NаОН сілтілерімен реакция.Fe2+ катионымен сілтілер темір (II) гидроксиді Fe(ОН)2 ақ тұнбасын түзеді. Ол ауада Fe(ОН)3-ке дейін тотығып, өзіне тән күрең түске боялады.

Тәжірибе.Пробиркаға 2 – 3 капли тамшы темір (II) сульфаты ерітіндісін құйыңыз, 5 тамшы дистилденген су және 2 тамшы натрий гидроксидін қосыңыз. Тұнбаның түсі мен сипатына назар аударыңыз.

2. Калий гексацианоферратымен (III) К3[Fe(CN)6] реакция (сипаттамалық реакция). Темір (II) тұзына К3[Fe(CN)6] ерітіндісін қосқанда, турнбул көгі тұнбасы Fe3[Fe(CN)6]2 түзіледі.

3FeSO4 + 2К3[Fe(CN)6] = Fe3[Fe(CN)6]2↓ + 3К2 SO4

Fe3[Fe(CN)6]2 қышқылдарда ерімейді, бірақ сілтілермен темір гидроксидін түзе әрекеттеседі.

Fe3[Fe(CN)6]2 + 6КОН = 3Fе(ОН)2↓ + 2К3[Fe(CN)6]

Демек, Fe2+ катионын калий гексацианоферратымен қышқылдық ортада рН<7 болғанда ашуға болады.

3. Аммиак ерітіндісі Fе2+ катионымен темір (II) гидроксидінің тұнбасын береді:

2NH4OH + FeSO4 →Fe(OH)2↓ + (NH4)2SO4

4. Диметилглиоксим (Чугаев реактиві)2+ катионымен кармин-қызыл түсті ішкі комплексті тұз түзеді:

[Fe(C4H7N2O2)2] + NH3