Темір (III) Fe3+ катионына тән реакциялар

Fe3+ катионы бар тұздар ерітінділері сары немесе қызыл-күрең түске боялады.

1. КОН немесе NаОН сілті ерітінділерімен реакция. Бұл реакция А13+катионының реакциясы тәрізді өткізіледі. Темір (III) тұзының ерітіндісіне сілті қосқанда темір (III) гидроксидінің Fе(ОН)3 қызыл-күрең түсті тұнбасы түзіледі.

2. Калий гексацианоферратымен (II) К4[Fe(CN)6] (сипаттамалық реакция). Темір тұзы ерітіндісіне К4[Fe(CN)6] ерітіндісін қосқанда берлин лазуры деп аталатын қою-көк тұнба Fe4[Fe(CN)6]3 түзіледі:

4FeCl3 + 3К4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3↓ + 12КС1

Тұнба қышқылдарда ерімейді және өзінің түсін өзгертпейді. Демек, Fe3+ ионын К4[Fe(CN)6] көмегімен қышқыл ортада рН<7 болғанда анықтауға болады.

Сілтілерде берлин лазуры қызыл-күрең тұнба Fe(ОН)3 түзіле ыдырайды:

Fe4[Fe(CN)6]3 + 12NаОН = 4 Fe(ОН)3↓ + 3 Na4[Fe(CN)6]

3. Калий KNCS немесе аммоний NH4NCS тиоцианатымен (роданидімен) реакция(сипаттамалық реакция). Аз диссоциацияланатын темір (III) тиоцианаты [Fe(NCS)3] түзілуіне байланысты ерітінді қан-қызыл түске боялады:

FeCl3 + 3KNCS = [Fe(NCS)3] + 3КС1