Марганец (II) Мn2+ катионына тән реакциялар

1. КОН немесе NаОН сілтілер ерітіндісімен реакция.КОН және NаОН сілтілері Мn2+ катионымен марганец гидроксидінің Mn(ОН)2 ақ тұнбасын береді, ол ауада Мn2+ ионының Mn (IV)-ке дейін тотығып MnO(ОН)2 (немесе Н2MnO3) тұнбасын түзуі салдарынан күрең түске боялады.

Тәжірибе.Пробиркаға 3-4 тамшы марганец сульфаты ерітіндісін құйыңыз, оған 3-4 тамшы су және 4-5 тамшы сілті ерітіндісін қосыңыз. Түзілген ақ тұнба сары күрең түске боялады.

2. Mn2+ катионының MnO4- -ионына тотығуы(сипаттамалық реакция). Бұл реакция көмегімен Мn2+катионын барлық аналитикалық топ катиондары қатысында анықтауға болады. Тотықтырғыш ретінде қорғасын оксиді PbO2, аммоний персульфаты (NH4)2S2O8 және т.б. тотығу-тотықсыздану потенциалы 1,51В артық болмайтын тотықтырғыштар қолдануға болады.

а)Қорғасын оксидімен тотықтыру:

2Mn(NO3)2 + 5PbO2 + 6 HNO3 → 2HMnO4 + 5Pb(NO3)2 + 2H2O

б) Mn2+ катионының аммоний персульфатымен(NH4)2S2О8 тотығуы күміс нитраты AgNO3 (катализатор) қатысында өтеді. Mn2+ ионы қатысында ерітінді көк-қызыл түске боялады:

2MnSO4 + 5(NH4)2S2О8 + 8Н2О = 2НМnO4 + 5(NH4)2SO4 + 7Н2SO4

Mn2+ төмен концентрациясында ерітінді қызғылт түске боялады, ал оның артық мөлшерінде күрең тұнба MnO2 или Н2MnO3 түзіледі.

Бұл реакцияны жүргізгенде зерттелетін ерітіндіде хлорид-иондар С1- (және басқа тотықсыздандырғыштар) болмауы керек, себебі олар MnO4- - ионын Н2MnO3, тіпті Mn2+ ионына дейін келесі реакция бойынша тотықсыздандырады

2НМnO4 + 6НС1 = 3С12↑ + 2Н2МnO3↓ + 2Н2О

Зерттелетін ерітіндіде тотықсыздандырғыштар болған жағдайда Mn2+ ионы қатысында ерітінді көк-қызғылт түске боялмайды.

3. Аммиак Mn2+катионынМn(ОН)2түрінде тұнбаға түсіреді. Аммоний тұздары қатысында тұнба түспейді, марганец гидроксидінің Мn(ОН)2 МnО(ОН)2 –дан айырмашылығы сұйытылған күкірт қышқылында ериді.