Вi3+катионына тән реакциялар

1. Гидролиз – висмутқа тән сипаттамалық реакциялардың бірі.

Висмут хлориді ВiС13 ерітіндісін сумен сұйылтыңыз. Висмут хлоридінің негіздік тұзының ақ тұнбасы түседі:

ВiС13 + 2Н2О → Вi(ОН)2С1↓ + 2НС1

1. КОН, NаОН гидроксидтері Вi3+ катионымен висмут гидроксидінің Вi(ОН)3 ақ тұнбасын береді. Ол қышқылдарда ериді, сілтілерде ерімейді.

Вi3+ + 3ОН- → Вi(ОН)3

3. Вi3+ катионын ың металл висмутқа дейін тотықсыздануы (қара түсті тұнба).

Sb3+катионына тән реакциялар

1. Гидролиз.Сурьма тұзына сумен әсер еткенде олар висмут тұздарына қарағанда гидролиз реакциясына көбірек түседі:

SbС13 + Н2О ↔ SbОС1↓ + 2НС1

2. Натрий тиосульфаты Nа2S2О3Sb3+ катионымен қыздырғанда сурьма (III) күкірт тотығының Sb2ОS2 қызыл тұнбасын береді. Вi2+ иондары болған жағдайда қара тұнба түзіліп, сурьма күкірт тотығының түсін жасырады.

3. Sb3+ ионының металл сурьмаға дейін тотықсыздануы. Sb3+ катионын кернеу қатарында сурьманың сол жағында тұрған металдармен сурьмаға дейін тотықсыздандыруға болады.

Sb5+катионына тән реакциялар

1. Гидролиз.Сурьма тұздарының ерітіндісін сумен сұйылтқанда ақ тұнба түзіледі (сурьманың негіздік тұзы), ол хлорсутек қышқылының артық мөлшерінде ериді.

2. КОН, NаОН гидроксидтері және аммиакSb5+ионымен метасурьма қышқылының ақ тұнбасын береді.

3. Цинк, қалайы, магний, темір металдарыныңSb5+ ионына әсері Sb3+ ионына әсер еткендей болады.

4. Метилді қызыл-көк (фиолетовый) тұз қышқылды ортадаSb5+ ионымен қызыл-көк түс береді.