Мақсаты:Қоспа құрамында ажырату мақсатыменбіріншітоп катиондарын анализдеу реакцияларымен танысу.

Бірінші топ катиондарының топтық реактиві жоқ. Бірінші топ қосылыстарының көбі суда жақсы ериді және түссіз ерітінділер түзеді. Тек кейбір реактивтермен ғана бірінші топ катиондары бояулы қосылыстар түзеді.

Бірінші топқа К+ және Na+ иондарынан басқа NH4+ және Mg2+ иондары жатады. NH4+ ионы тұздарының ерігіштігі сілтілік металдар тұздарының ерігіштігіне жақын болғандықтан оны бірінші топқа жатқызады. Mg2+ ионының қасиеттеріне қарай оны бірінші топқа да, екінші топқа да жатқызуға болады.