Калий ионына тән реакциялар

1. Гексанитрокобальтат түрінде тұнбаға түсіру.Натрий гексанитрокобальтатымен әрекеттескенде қос тұз - натрий және калий гексанитрокобальтатының сары кристалдық тұнбасы түзіледі:

2KNO3 + Na3[Co(NO2)6] = К2Na[Co(NO2)6] + 2NaNO3

К+ ионын ашуға NH4+ иондары кедергі жасайды, себебі олар Na3[Co(NO2)6]-пен түсі де, пішіні де К+ ионының тұнбасына ұқсас тұнба береді.

Na3[Co(NO2)6] реактивін сілтілік және күшті қышқылдық орталарда қолдануға болмайды, себебі сілтілер мен күшті қышқылдар [Co(NO2)6]3- комплексті ионын ыдыратады.

Na3[Co(NO2)6] – К+ ионына неғұрлым сезімтал реактив.Оны қолданғанда келесі ереже сақталуы тиіс: зерттелетін ерітінді бейтарап немесе сірке қышқылды болуы керек; ерітіндіде NH4+ ионы болмауы керек.

2. Дипикриламин6Н2(NO2)3]2NH. К+ ионымен әрекеттескенде имидтік (-NH) топтың сутегін К+ ионы орын басады және дипикриламиннің калий тұзының қызыл-сары тұнбасы түзіледі. NH4+ иондары бұл реакцияға кедергі жасайды.

3. Натрий және қорғасын гексанитрокупроатыNa2Pb[Cu(NO2)6] немесе гексанитрокобальтаты (III)Na2Pb[Cо(NO2)6] К+ иондарымен құрамы К2Pb[Cu(NO2)6] немесе К2Pb[Cо(NO2)6] қара кристалдар түзеді. NH4+ иондары бұл реакцияға кедергі жасайды.

4. Гидротартрат түрінде тұнбаға түсіру.Натрий гидротартратымен әрекеттескенде калий гидротартратының ақ ұсақ кристалдытұнбасы түзіледі:

К+ + NaHC4H4O6 = КНC4H4O6 + Na+

Тұнбаға түсіру алдында ерітіндінің рН-ын тексеру қажет: қышқыл және сілтілік ортада тұнба түзілмейді. Калий гидротартратының суда ерігіштігі едәуір жоғары, әсіресе қыздырғанда. Аммоний иондары анықтауға кедергі жасайды, сондықтан оларды алдын-ала әкетеді.

5. Жалынның боялуы. Калийдің ұшқыш қосылыстары, әсіресе хлорид және нитраты, шамның түссіз жалынын әлсіз қызыл-көк түске бояйды.