Натрий ионына тән реакциялар

1. ЦинкуранилацетатZn[(UO2)3(СН3СОО)8] бейтарап және сірке қышқылды ортада Na+ иондарымен, қара фонда жақсы байқалатын, жасыл-сары түсті натрийцинкуранилацетаттың NaZn[(UO2)3(СН3СОО)9]·9Н2О кристаллдық тұнбасын береді:

Na+ + Zn[(UO2)3(СН3СОО)8] + СН3СОО- + 9Н2О =

NaZn[(UO2)3(СН3СОО)9]·9Н2О↓

Цинкуранилацетаттың орнына магнийуранилацетатты қолдануға болады. К+, Mg2+, NH4+ иондары және сілтілік жер металдарының иондары бұл реакцияға кедергі болмайды.

2. Калий дигидроантимонатыКН2SbO4 Na+ иондарымен бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортада (при рН =7,5–8) натрий дигидроантимонатының NaН2SbO4 ақ түсті кристал тұнбасын береді:

NaCl + КН2SbO4 = NaН2SbO4 ↓+ KCl

NaН2SbO4 тұнбасы ыстық суда ериді, сондай-ақ сілтілерде жартылай ериді.

КН2SbO4 реактивін қышқылдар ыдыратады. КН2SbO4 –ге аммоний тұздарының әсері қышқылдар әсерімен бірдей, себебі гидролиз салдарынан аммоний тұздарының судағы ерітінділерінде сутегі ионы болады:

NH4+ + Н2О = NН4ОН + Н+

Бұл кезде ерітінді рН-ы соншалық төмендеуі реактивтің ыдырауына әкеледі. Магний тұздары КН2SbO4 – мен кристалдық тұнба беруіне байланысты Na+ иондарын ашуға кедергі жасайды.

КН2SbO4 реактивін натрийді ашу үшін қолданғанда келесі ережелер сақталуы тиіс: ерітіндіде NH4+ және Mg2+ иондары болмауы керек; ерітінді бейтарап немесе әлсіз сілтілік және жеткілікті концентрлі болуы керек; реакцияны салқында өткізу қажет.

3. Жалынның боялуы. Натрийдің ұшқыш қосылыстары түссіз жалынды қанық сары түске бояйды.