Аммоний ионына тән реакциялар

1. Сілтілермен реакция. NaOH, КОН күйдіргіш сілтілер және сілтілік жер металдар гидроксидетрі Са(ОН)2, Ва(ОН)2 аммоний тұздарымен қыздырғанда аммиак бөледі:

NH4Cl + КОН = NH4ОН + КСl

Аммиак иісі бойынша немесе қызыл лакмус қағазының көгеруі, сондай-ақ сынап (І) нитраты ерітіндісімен ылғалданған сүзгіш қағаздың қараюы бойынша анықталады.

2. Несслер реактиві – комплексті тұздағы K2[HgI4] және КОН ерітінділері қоспасы – аммоний тұздары ерітінділерімен құрамы NH2Hg2I3 қызыл-күрең түсті тұнба түзеді. Егер аммоний тұзының мөлшері аз болса, тұнба түзілмейді, бірақ ерітінді сары немесе күрең түске боялады.

NH4Cl + КОН = NH3 + КСl + Н2О

NH3 + 2 K2[HgI4] + КОН = NH2Hg2I3 + 5КI + Н2О