Магний ионына тән реакциялар

Магний барлық қосылыстарында екі валентті. Оған тек бір негіздік оксид MgO тән. Магний тұздарының көбі суда ериді. Ерімейтіндері магний гидроксиді, фосфаты, гидрофосфаты, карбонаты, оксалаты, ферроцианиді, феррицианиді, фториді, дигидроантимонаты және оксихиноляты.

1. NaOH және КОН күйдіргіш сілтілер және сілтілік жер металдарының гидроксидтеріСа(ОН)2 және Ва(ОН)2 магнийдің ерігіш қосылыстарымен магний гидроксидінің Mg(ОН)2 ақ түсті іркілдек тұнбасын береді

Mg2+ + 2ОН- = Mg(OH)2

Көп мөлшердегі аммоний тұзының қатысында магний гидроксиді тұнбаға түспейді. Магний гидроксиді қышқылдарда ериді:

Mg(OH)2 + 2Н+ = Mg2+ + 2Н2О

2. Аммиактың судағы ерітіндісі Mg2+ ионыменMg(OH)2 тұнбасын түзеді. Реакция қайтымды болғандықтан, тұнбаға түсу толық жүрмейді:

MgCl2 + 2NH4ОН ↔ Mg(OH)2 + 2NH4Cl

3. Аммоний тұздары қатысында аммиактың судағы ерітіндісіMg2+ ионымен тұнба түзбейді, себебі аммоний тұздары NH4OH диссоциациясын төмендетеді де, гидроксил иондарының концентрациясы Mg(OH)2 қаныққан ерітіндісінде болуға тиістіден төмен болады.

4. Натрий гидрофосфатыNa2HPO4 NH4OH және NH4Cl қатысында Mg2+ ионымен қос тұз магний-аммоний фосфатының MgNH4PO4 ақ түсті кристал тұнбасын береді:

MgCl2 + NH4ОН + Na2HPO4 = MgNH4PO4↓ + Н2О + 2NaCl

Магний-аммоний фосфаты қышқылдарда жақсы ериді және 2,5%-тік аммиак ерітіндісінде ерімейді.