Екінші топ катиондарын ажыратуға қолданылатын реактивтер

1. Аммоний карбонаты (NH4)2СО3. Үшінші топ катиондарына топтық реактив.

Екі негізді көмір қышқылы тұздардың екі қатарын түзеді: орта – карбонаттар (немесе көмірқышқылдық) және қышқыл – гидрокарбонаттар (немесе қышқыл көмірқышқылдық). Мысалы, (NH4)2СО3 – аммоний карбонаты, NH4HCO3 – аммоний гидрокарбонаты. Барий және кальций карбонаттары суда ерімейді, гидрокарбонаттары Ва(НСО3)2 және Са(НСО3)2 суда жақсы ериді.

2. Калий хроматы К2CrO4 және калий бихроматы K2Cr2О7. Калий хроматының K2CrО4 сулы ерітіндісінде К+ түссіз иондары және сары түсті хромат-иондар болады:

K2CrO4 ↔ 2К+ + CrO42-

Калий бихроматы K2Cr2О7 ерітіндісінде түссіз К+-иондары және сары-қызыл түсті бихромат-иондары Cr2О72- болады:

K2Cr2O7 ↔ 2К+ + Cr2O72-

Егер К2СrO4 ерітіндісіне қышқыл қосатын болсақ, K2Cr2О7 түзілуі салдарынан түсі сарыдан сары-қызыл түске ауысады:

2K2CrO4 + 2НС1 = K2Cr2О7 + 2КС1 + Н2О

2СrO42- + 2Н+ = Cr2О72- + Н2О

K2Cr2О7 ерітіндісіне сілті қосқанда оның қызыл-сары түсі K2CrО4 түзілуі салдарынан сары түске өтеді:

K2Cr2О7 + 2КОН = 2К2СrO4 + Н2О

Cr2О72- + 2ОН- = 2CrО42- + Н2О

Демек, қышқыл ерітіндіндіде Cr2О72— иондары болса, сілтілік ерітіндіде CrО42- иондары болады.

3. Гипс суы – кальций сульфатының СаSO4 қаныққан ерітіндісі.

4. Аммоний оксалаты(NH4)2C2О4. Қымыздық қышқылы H2С2О4 – екі негізді, екі сатыда диссоциацияланады:

H2С2О4 ↔ Н+ + HC2О4-

2О4- ↔ Н+ + С2О42-

Барий және кальций оксалаттары суда ерімейді.