Сызбадағы кескіндер

 

Нәрселердің кескіндері тік бұрышты проекциялау әдісімен орындалуы қажет. Бұл жағдайда нәрсе бақылаушы мен тиісті проекциялар жазықтығының арасында орналасқан деп саналады. Негізгі проекциялар жазықтықтары ретінде текшенің алты жағы қабылданады. Текше жақтары 2.1 – суретте көрсетілгендей сызба жазықтығымен беттестіріледі.

Нәрсенің фронталь проекциялар жазықтығындағы кескіні сызбада бас кескін ретінде қабылданады. Нәрсенің қалған кескіндері сызбада бас кескінмен проекциялық байланыста орналастырылады. Нәрсені фронталь проекциялар жазықтығына қатысты орналастырғанда, онда осы жазықтықтағы кескіні формасы мен өлшемдері туралы неғұрлым толық мағлұмат беруі қажет. Сызбадағы кескіндер құрылымына байланысты түрлер, тіліктер және қималар болып бөлінеді.