рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ШтрихтыҮзілме S:3,S:2 Көрінбейтін нұсқа сызықтары; көрінбейтін ұласу сызықтары

ШтрихтыҮзілме S:3,S:2 Көрінбейтін нұсқа сызықтары; көрінбейтін ұласу сызықтары - раздел Образование, 1)Сызбалар Мен Басқа Да Конструкторлық қ&#...

1)Сызбалар мен басқа да конструкторлық құжаттарды өлшемдерін мемлекеттік стандарт (ГОСТ 2.301-68) тағайындаған қағаздарға (ватманға) орындайды. Өлшемдері тағайындалған сызба қағазын пішім деп атайды. Пішімдер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Пішімнің сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ сызбаларды іске (альбом түрінде) тігу үшін қалдырылады. Сызбаны орындап болған соң, қағаздың артығын сыртқы жиектің бойымен қиып алып тастау қажет.

Негізгі пішімдер:

А0-841х1189, А1-594 х

841, А2-420 х594, А3-297 х

420, А4-210 х297

Ватманға сызбаны орындамас бұрын пішімнің сыртқы жиегін 1 жүргізіп алу керек .Одан кейін сызбаның өрісін шектейтін ішкі жиек 2 жүргізіледі. Ішкі жиек пішімнің үстіңгі, оң және төменгі жақ шеттерінен 5 мм қашықтықта, ал сол жақ шетінен 20 мм қашықтықта жүргізілуі тиіс.

Негізгі жазудың формасын, графаларының мазмұнын ГОСТ 2.104-68 тағайындаған

2) Сызықтық масштаб деп нәрсенің сызбадағы сызықтық өлшемдерінің

оның нақты сызықтық өлшемдеріне қатынасын көрсететін санды атайды.

Сызбада кескіндердің масштабы нәрсенің күрделілігіне, мөлшеріне байланысты ГОСТ 2.302-68 тағайындаған төмендегі реттен қабылданады:

кішірейту масштабтары 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10;1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100;

нақты шама 1:1;

үлкейту масштабтары2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1.

Нәрсе кескінінің масштабына байланыссыз сызбада әр уақытта оның тек қана нақты өлшемін қояды.

Масштабты негізгі жазудың осыған арналған графасында былайша белгілейді – 1:1, 1:2, 2:1, т.с.с.,алқалған жағдайларда А (4:1), Б-Б (1:2) үлгісінде.

3) Өндірістің кез-келген саласының сызбаларында қолданылатын сызықтар-

дың аталуын, тұрпатын (сызылуын) және негізгі қолданылатын орынын ГОСТ 2.303-68 тағайындаған

Тұтас негізгі сызықтың қалыңдығы S кескіннің мөлшері мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5-тен 1,4 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Сызбадағы бір түрлі сызықтардың қалыңдықтары бірдей болуы тиіс.

Үзілме және үзілме нүктелі сызықтар сызықшаларының ұзындығын кескіндердің мөлшеріне байланысты қабылдау керек. Сызықтар сызықшалары ұзындығы және олардың ара қашықтығы шамамен бірдей болуы керек.

Үзілме нүктелі сызықтар сызықшаларымен қиылысуы керек және аяқталуы керек.

Сызбада сызықтардың ең кіші қалыңдығы 0,3 мм, ал олардың ең кіші ара қашықтығы 0,8 мм болуы тиіс.

1. Тұтас қалың,

Негізгі S Көрінетін нұсқа (контур) сызықтары;

көрінетін ұласу сызықтары!

2. Тұтас

ЖіңішкеS:3,S:2 Беттестірілген қималардың нұсқаларының сызықтары; шығару және өлшем сызықтары; тілік пен қиманы штрихтау сызықтары; көмекші тұрғызу сызықтары; жазулардың астын сызу сызықтары

3)Тұтас ирекS:3,S:2 Үзу сызықтары; көріністегі тіліктен шектеу сызықтары

4) Штрихты(Үзілме ) S:3,S:2 Көрінбейтін нұсқа сызықтары; көрінбейтін ұласу сызықтары

5)үзілме нүктелі S:3,S:2осьтік сызық
6)Қалаңдатылған штрихпунктирліS:3,2S:3 Температуралық өңдеуге немесе қапталуға тиісті беттерді көрсететін сызықтар; қиюшы жазықтықтың алдындағы элеметтерді кескіндеу сызықтары

7) Үзік S,1,5S Қиюшы жазықтықтардың орнын көрсететін сызықтар немесе қима сызықтары

8. Тұтас жіңішке сынықты

(іркісінді) S:3,S:2 Ұзын үзу сызықтары

9. Штрихпунк-

тирлі жіңішке

қос нүктелі S:3,S:2 Жазбалардағы бүгу сызықтары; нәрсенің бөлшектерін шеткі немесе аралық жағдайда кескіндейтін сызықтар; көрініспен бірге орындалған (беттестірілген) жазбаны көрсететін сызықтар

4) Сызбалардағы барлық жазулар ГОСТ 2.304-81 тағайындаған стандартты

шрифтілермен орындалады. Шрифтінің өлшемі оның бас әріптерінің миллиметрмен есептелген биіктігімен анықталады. Бас әріптің биіктігі (h) жазу жолының табанына перпендикуляр бағытта анықталады. Шрифт сызығының қалыңдығы (d) шрифтінің типіне және биіктігіне байланысты алынады. Кіші әріптердің биіктігі (с) келесі кіші шрифтінің өлшеміне тең (ең кіші шрифт үшін с=1,3).

 

Мемлекеттік стандарт төмендегідей шрифт типтерін тағайындаған:

а) А типті көлбеусіз (d = 1/14 h);

ә) А типті көлбеу (көлбеулік бұрышы шамамен 750);

б) Б типті көлбеусіз (d = 1/10 h);

в) Б типті көлбеу (көлбеулік бұрышы шамамен 750).

Шрифтілерді орындаған кезде жіңішке сызықтармен ішіне әріптер сызылатын көмекші тор тұрғызу қажет. Тор сызықтарының ара қашықтығы шрифт сызығының қалыңдығына тең болады.

ГОСТ 2.304-81 төмендегідей шрифт өлшемдерін тағайындаған: (1,8); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. 1,8 өлшемді шрифт тек қана Б типі үшін қолдануға рұқсат етілген. Қарындашпен орындалған сызбаларда өлшемі 3,5-нан кем шрифтілерді қолдану тиімді болмайды.

Өлшемдері 10-нан кем шрифтілермен орындалатын жазулар үшін тек қана әріптердің биіктігі мен енін көрсететін параллель түзулер жүргізсе жеткілікті.

Конструкторлық құжаттардағы жазуларды көбіне Б типті көлбеу шрифтілермен орындайды. 1.3 – кестеде және 1.2 – суретте осы шрифтінің әріптері мен цифрларының параметрлері мен орындалу үлгілері (тұрпаттары) берілген. ГОСТ 2.304-81-де орыс, латын, грек және басқа елдер алфавиттері әріптерінің араб пен рим цифрларының және белгілердің конструкциясы мен параметрлері берілген. Біз 1.2 – суретте тек қазақ алфавитінде қолданылатын әріптердің жазылу үлгісін келтіріп отырмыз (РСТ 851-87-ге сәйкес).

5) Сызбада өлшемдерді түсіру Сызбада өлшемдерді түсірудің негізгі ережелерін ГОСТ 2.307-68

тағайындаған.

Сызбада өлшемдер өлшем сызықтары мен өлшем сандары көмегімен көрсетіледі. Өлшем сызықтарын өлшемі көрсетілетін кесіндіге параллель етіп, ал шығару сызықтарын - өлшем сызықтарына перпендикуляр етіп жүргізеді. Өлшем сызықтары бір немесе екі шетінен стрелкалармен аяқталады.

Өзара параллель өлшем сызықтарының ең кіші аралығы 7 мм, ал өлшем сызығы мен контурлық сызықтың ең кіші аралығы 10 мм болуы қажет (1.3 – сурет). Өлшем сызықтары мен шығару сызықтарының қиылысуын қамтамасыз ету керек. Шығару сызықтары стрелкалардың ұштарынан 1 ... 5 мм шығып тұруы қажет.

Стрелкалар элементтерінің өлшемдерін негізгі сызықтың қалыңдығына байланысты қабылдайды және сызбада оларды шамамен бірдей қылып сақтайды. Стрелкалардың формалары мен олардың элементттері өлшемдерінің қатынастары 1.4 – суретте көрсетілген.

 

 

Өлшем сандары өлшем сызықтарының ортасына жазылады. Сызбада, оның масштабына байланыссыз, кескінделетін нәрсенің нақты өлшемдері көрсетіледі. Өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз да, бірақ сызбада көрсетілген затты жасау және өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы қажет.

Аралары бір-біріне жақын бірнеше параллель немесе концентрлі өлшем сызықтарын жүргізген кезде өлшем сандарын шахмат тәртібімен орналастыру керек.

Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі. Сызбада сызықтық өлшемдерді миллиметрмен өлшем бірлігін қоймай көрсетеді, ал бұрыштық өлшемдерді градус, минут және секундпен көрсетеді (мысалы: 50; 0040/; 3020/10//).

Сызықтық өлшемдердің өлшем сандарын өлшем сызықтарының әртүрлі көлбеулігіне байланысты 1.5а – суреттегідей орналастырады. Сызықталған секторда өлшем саны шығару сызығының сәкісіне жазылады.

 

Өлшемдері кіші бұрыштар үшін өлшем сандарын шығару сызығының сәкісіне жазады.

Контур сызықтарын, өстік, центрлік және шығару сызықтарын өлшем сызықтары ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.

Егер тізбектей орналасқан өлшем сызықтарында стрелкаларды қоятын орын тар болса, онда оларды өлшем сызықтарына 450 бұрышпен көлбейтін сызықшалармен немесе нүктелермен алмастырады (1.6а – сурет).

Егер стрелка қоятын орын контур сызықтарының өзара жақын орналасуына байланысты тар болатын болса, онда контур сызықтарын үзуге рұқсат етіледі.

Радиустың өлшемін қойғанда өлшем санының алдына бас R әріпі жазылады.

Радиустың өлшемі үлкен болған жағдайда центрді доғаға жақындатуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда радиустың өлшем сызығын бөліктері бір-бірімен 900 жасайтын сынық сызықпен көрсетеді.

Егер шеңбер доғасының центрін анықтайтын өлшемдерді көрсету қажет болмаса, онда радиустың өлшем сызығын центрге жеткізбеуге және оны центрге қатысты ығыстыруға болады

Бір центрден бірнеше радиустың өлшемдерін қойғанда кез келген екі радиустың өлшем сызықтарын бір түзудің бойына орналастырмайды (1.7б – сурет).

Диаметрдің өлшемін түсірген кезде (барлық жағдайларда) өлшем санының алдына белгісі қойылады.

Нәрсенің бірнеше бірдей элементтерінің өлшемдерін, әдетте, шығару сызығының сәкісіне элементтердің санын көрсетіп бір рет қояды (1.8а – сурет). Нәрседе шеңбердің бойымен бір қалыпты орналасқан элементтердің (мысалы, тесіктердің) өлшемдерін қойған кезде олардың өзара орналасуын анықтайтын бұрыштық өлшемдердің орнына тек олардың санын көрсетеді (1.8ә - сурет).

 

а) ә)

1.8 - сурет

 

Егер фаска 450 бұрышпен орындалатын болса, онда оның өлшемдерін

1.9 – суреттегідей қылып қояды. Басқа бұрыштармен орындалған фасканың өлшемдері жалпы ережелер бойынша көрсетіледі – сызықтық және бұрыштық өлшемдермен немесе екі сызықтық өлшемдермен (1.10 – сурет). Фаска бұрышы конус беті жасаушысы мен бөлшек өсі арасындағы бұрыш деп есептеледі.

Сызбада берілген нәрсені үзіп көрсеткенде өлшем сызығын үзуге болмайды (1.9ә - сурет).

а) ә)

КҚБЖ 2.305-68 мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен

Анықтамалары

Сызбадағы кескіндер

Нәрселердің кескіндері тік бұрышты проекциялау әдісімен орындалуы қажет. Бұл жағдайда нәрсе… Нәрсенің фронталь проекциялар жазықтығындағы…

Түрлер

Түр – нәрсе бетінің бақылаушыға бұрылған бөлігінің кескіні (2.2 – сурет). Стрелкалар…   жергілікті және қосымша болып бөлінеді.

Ажырамайтын қосылыстар

Қазіргі уақытта ажырамайтын қосылыстардың ішіндегі негізгісі бөлшектерді өзара пісіріп (балқытып)… Электрдоғалы және газбен пісіріп біріктірулерді… Өзара біріктірілетін бөлшектердің дайындалған жиектерінің сыртқы пішініне…

– Конец работы –

Используемые теги: Штрихты, зілме, рінбейтін, сызы, тары, рінбейтін, ласу, сызы, тары0.124

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ШтрихтыҮзілме S:3,S:2 Көрінбейтін нұсқа сызықтары; көрінбейтін ұласу сызықтары

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

Кернеуді сызықты түрде өзгертетін генераторлар
Кернеуді сызы ты т рде згертетін генераторлар Ж не Шмитт триггері... Д ріс Микроэлектроника ж не...

СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРА ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Сызы ты те деулер ж йесі Крамер формулалары... Скалярлы к бейтіндіні асиеттері...

СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРА ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Сызы ты те деулер ж йесі Крамер формулалары... Скалярлы к бейтіндіні асиеттері...

Лекция № 10 Способы производства полимерной тары и пленок
Способы производства полимерной тары и пленок жесткая тара из пластмасс полужесткая и мягкая тара из...

Тақырыбы:Кездейсоқ оқиғалар және олардың ықтималдықтары
Ы тималды ты классикалы аны тамасы... Ы тималды ы тималды тар теориясыны негізгі... мысал Айталы ж шікте шар бар болсын Оларды екеуі ызыл шеуі к к...

Тара и упаковка
В 1922 году в раскопках поселения в Иране, археологи нашли сосуд, сделанный пять тысяч лет назад, в котором был обнаружен осадок, оказавшийся по… Эти кувшины еще не были упаковкой, но они были началом, первым опытом… Самая известная тара из древнего средиземноморского региона – это ханаакский кувшин, или амфора.Обычная амфора…

Многооборотная тара
Металлические ящичные поддоны и специализированные контейнеры нескладывающихся конструкций из-под продукции и товаров, полученных от организаций… Получатель должен возвратить отправителю средства пакетирования… Тара-оборудование может обращаться в порядке срочного возврата или равночисленного обмена, что определяется в…

Сырьё, материалы, способы изготовления упаковочных материалов и тары из металла для мясных консервов
Как видно из перечисленных функций, упаковка играет многоплановую роль, которая становится все более значимой для мирового рынка. Росту значения упаковки способствуют самые разные факторы, в том числе: 1)… Например, германская фирма «Бишоф и Кляйн» разработала специальную бумагу с покрытием для медицинских инструментов…

Использование тары и упаковки при перевозках продукции
Поддерживая маркетинговую функцию, упаковка несет на себе полезную информацию о товарной продукции, дает общее представление о ней, помогая ее… Оптимальная упаковка способствует сокращению затрат на транспортировки и… Например, известно, что половина массы чая в фильтр-пакетиках приходится на его упаковку. В результате предприятия -…

Маркетинговое исследование рынка бесцветной стеклянной тары
В данной работе будет рассмотрен рынок бесцветного тарного стекла в России, определены основные тенденции его развития. 1. Основные понятия… Таким образом, предварительно можно сказать, что сущность («самая глубинная… Маркетинг - чисто рыночное понятие. Его функция - развитие взаимодействия между производителем, продавцом,…

0.025
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам
  • Бизнес-план организации производства пластиковой тары (упаковки) в Люберцах Московской области Компания собирается производить пластиковую упаковку для пищевой промышленности с целью последующего сбыта организациям-потребителям… Планируется, что в соответствии с возможностями оборудования и спросом… Полная и достоверная информация о рынке, на котором действует фирма внешние факторы, и самой компании внутренние…
  • Производство гофрированного картона и тары из него Гофрокартон предназначен для изготовления упаковки тары для различных продовольственных товаров и товаров народного потребления. В настоящее время на предприятии уже работает комплект оборудования мощностью… Реализация данного проекта позволит создать 100 новых рабочих мест. Что значительно почти наполовину снизит уровень…