Дәріс мазмұны

Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері:

1.автоматия, 2.қозғыштық, 3.өткізгіштік, 4.жиырылу , 5.эластикалық(серпімділік)

1. Автоматия. Оқшауланған жүрек ырғақты түрде жүректің өзінің өткізгіштік жүйесінің арқасында жиырылады. Жүректің өткізгіштік жүйесі түйіндер мен талшықтардан тұрады. Синоатриальды түйін ырғақтың жетекшісі болып табылады және одан қозу Бахман талшықтары арқылы сол жүрекшеге және атриовентрикулярлы түйінге барады. Одан соң Гис шоғырына және оның аяқшалары арқылы қарыншалардың миокардына барады. Автоматия градиент заңы деп синоатриальды түйіннен алыстаған сайын жүректің автоматиялық қасиеті де біртіндеп төмендей береді.

2. Қозғыштық. Кардиомиоциттердің мембраналық потенциялы (-90МВ), қозу кезінде әрекет потенциялына ауысады. Оның мынандай кезеңдері бар:

Тез деполяризация;

Баяу реполяризация;

Тез реполяризация;

Жай диастолалық деполяризация;

3. Өткізгіштік. Жүрекшелерден қозу 1 мс дейін өтеді, қарыншалардан 2-4 мс, атревентрикулярлы түйіндерде 0,02-0,05 мс кідіреді, сондықтан 1-ші кезекте жүрекшелер одан қарыншалар жиырылады.

4. Жүрек «түгел не түк емес» заңына бағынады. Табалдырықтан төмен күшке жауап бермейді , ал табалдырықа тең күшке максимальды жауап береді, ол жүректің миокард қабатына байланысты.

5. Серпімділік. Миокардтың серпімділік қасиеті аз, бірақ толық созылуына жол бермейді.