Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері .

Нәрестенің туылуына дейін оның кейбір тіндерінің қалыптасу толық аяқталмаған. Жаңа туған нәрестенің миокарды өте жұқа, бұлшықет талшықтары бір-бірінен толық жекеленбеген (кардиомиоциттер),олардың ішінде көптеген майда дифференциясы төмен ядролары бар.Дәнекер тінінің де дамуы төмен.

Баланың алғашқы 2 жасында бұлшықет талшықтарының қалыңдауы байқалады, ядолардың саны азаяды, көлденең жолақтары айқын көріне бастайды. Тіндердің соңғы дифференциясы үш айдан 7-8 жасқа дейін өтеді. Жаңа туған нәрестеде қан тамырларының қабырғалары нәзік, бұлшықет элементтері әлсіз дамыған. Жаңа туған нәрестенің туылғаннан соң үш күннен кейін жүрегінің соғу жиілігі(ЖСЖ) ұрықтыкіне қарағанда сәл жоғары, яғни минутына орта есеппен 140.

ЖСЖ есейген сайыназаяды:бір айлық баланың ЖСЖ орта есеппен -136 минутына, бір жастағы баланыкі-120, 7 жастағы баланыкі орта есеппен минутына-85.

Жаңа туған нәрестенің жүрек оралымының ұзақтығы-0,4-0,5с, ересектерге қарағанда екі есе төмен( 0,8с).

Бір жастан үш жасқа дейін систоланың ұзақтығы ересектірдікіндей болады-0,33с.

Көрнекі құралдар:дәрістердің мультимедиялық электрондық нұсқаларын студент кафедрада алады.