Дәрістің мазмұны.

Гемодинамика тамырлар бойымен қанның қозғалу құбылыстарын түсіндіреді. Тамырларға үздіксіз қанның түсіп отыруы ірі артериалық тамырлардың серпімділігіне байланысты. Морфологиялық ерекшелігіне байланысты қан тамырлары артерияларға, веналарға, капиллярға бөледі.

Тамырлар қабырғасы 3 қабаттан тұрады: ішкі-эндотелий қабаты , ортаңғы- тегіс бұлшық еттен тұрады, ішкі және ортаңғы қабаттар арасында серпімді және коллагенді талшықтар бар. Сыртқы қабаты борпылдақ дәнекер тіннен тұрады.

Тамырлардың функционалдық жіктелуі

- Жүрек- генератор;

- Компрессорлық камера- қолқа және ірі артетиялар, қанның үздіксіз ағысын қамтамасыз етеді;

- Магистральды тамырлар - бұлшықетті- серпімді типті артериялар, қанды мүшелерге тасымалдайды;

- Резистивті тамырлар( кедергі)- ұсақ артериялар, артериолалар (бұлшықетті типті тамырлар), қан ағысына кедергі жасайды;

- Зат алмасу тамырлар- нағыз капиллярлар;

- Сыйымды (көлемді)тамырлар- орта, ірі калибрлі веналар жатады;

- Көпірше тамырлар- артерия-веналық анастамоздар;

- Сорып алатын тамырлар-лимфа тамырлары жатады;

 

Гемодинамиканың көрсеткіштері

І. Қан қысымы

1. Артерияда (АҚ), систолалық АҚ -100-120 мм Нg, диастолалық АҚ-60-80 мм Нg,

2. Венада (ВҚ), 60-120 мм су бағанасынан

ІІ. Қан ағысының жылдамдағы (көлемдік, сызықтық, қан айналымның толық мерзімі)

ІІІ. Шеткі кедергі (тамырлар тонусы)