Дәріс мазмұны

Жүрек қызметі реттелуінің деңгейлері:жасушаішілік,жүрекішілік, жүректен тыс.

Жасушаішілік механизмдерге жатады: иондық және мембраналық механизмдер ,олар миокард жасушаларының қозу және жиырылу механизмдерінің пайда болуымен байланысын қамтамасыз етеді .Осы деңгейге кардиомиоциттерді біртұтас функциялық синцитийге байланыстыратын дискілерді-нексустерді де жатқызуға болады.

Жүрекішілік механизмдерге жататын:

1. шеткі журек рефлекстері

2. гетерометриялық механизм ( Франк-Старлинг)

3. гомойометриялық механизм

4.гидродинамиялық өзіндік реттеу механизм

 

Жүректен тыс ( экстракардиалық) механизм

1 Жүйкелік реттелу. Кезеген жүйкенің жүрекке әсері.(Вебер ағайындары). Кезеген жүйке жүрекке тежегіш әсер тигізеді: теріс батмотропты, теріс дромотропты, теріс хронотропты, теріс инотропты,теріс тонотропты.

Симпатикалық жүйкенің жүрекке әсері (Цион). Симпатикалық жүйке жүрек бұлшықетінің барлық қасиеттеріне оң әсер тигізеді.

Жүрек қызметінің рефлектстік реттелуі :

1.Гольц тәжірибесі

2.Данини-Ашнер тәжірибесі

3.Тамыр-рефлекстік аймақтары

 

2.Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі.

Тамырлар –қозғалтқыш орталық, оның бөлімдері, жүйкелік- рефлекстік және гуморальдық реттелу. Балалардағы ерекшеліктері. Жаңа туған балаларда кезеген жүйкенің ядросының тонусы төмен.Оның тонусы ЖСЖ азаюымен айқындалады.ЖСЖ азаюы балаларда 3-4 айдан кейін басталады. Кезеген жүйке ядроларының тонусының күшеюі 3 жастың шамасында болады.Өйткені сол жаста тыныс аритмиясы байқалады: дем шығару кезінде (кезеген жүйке ядроның тонусы күшеюі) ЖСЖ сирейді. Дем алғанда ЖСЖ жиілейді(ядроның тонусы төмендейді), 13-15 жаста тыныс аритмияся азаяды, ал 16-18 жаста қайтадан күшейеді.(жасөспірімдік аритмия).