Иiлгiш элементтер түрлерi және қолданылу салалары

Иiлгiш темiрбетон элементтерге тақталар (панельдер) және арқалықтар жатады. Олар жекелеген түрде немесе күрделi конструкция құрамында да (қырлы бiртұтас аралық жабында) кездеседi (11-сурет).

 


Тақталар дегенiмiз қалыңдығы () енiне () және ұзындығына () қарағанда өте аз болатын жазық конструкциялар. Қалыңдықтарының ең кiшi мәндерінде де тақталар берiктiк және қаттылық талаптарын қанағаттандыруы керек.

Темірбетон жазық тақталар әртүрлі, олардың өлшемдерін тағайындалуына байланысты қабылдайды. Көлденең қималары қырлы, біртұтас және қуысты. Біртұтас тақталармен салыстырғанда, қырлы және қуысты тақталар материалдар шығыны бойынша тиімді және салмақтары аз.

Жазық темiрбетон бiртұтас тақталардың қалыңдығы аралығы -ден келетiндей -ден -ге дейiн және одан да үлкен етiп қабылданады. Бiртұтас темiрбетон төбе жабындарының қалыңдығы -ден, қабат аралық жабын үшiн -ден кем емес болып қабылданады.

Тақталар дәнекерленген торлармен арматураланады, тақта ұзындығын бойлап орналасқан стерженьдер жұмыстық, ал көлденең бағыттағы – таратушы деп аталады. Жұмыстық арматура диаметрi болып, бiр-бiрiнен қашықтықта орналасады. Таратушы стерженьдер диаметрлерi кiшiрек және ара қашықтықтары болады.

Арқалықтар тақталар үшiн тiрек қызметiн атқарады және аралық жабынның негiзiн құрайды. Арқалықтар ұзындығы тақталарға қарағанда ұзындау, көлденең өлшемдерi кiшiректеу болып келедi. Сондықтан оларды сызықтық конструкциялар деп атайды. Арқалықтардың көлденең қималары тiктөртбұрышты, тавр, қоставр, трапеция тәрiздi болып келедi. Арқалықтардың биiктiктерi -ге дейiнгi аралықта қадамы , ал одан үлкен биiктiкте -ден қабылданады. Арқалықтар енi -қа тең болып қабылданады.