рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Дәрістік сабақтардың конспекті

Дәрістік сабақтардың конспекті - раздел Образование, Дәрістік Сабақтардың Конспекті....

Дәрістік сабақтардың конспекті.

I-бөлім. Сәулет конструкциялары.

Сәулеттің пайда болуы адам қоғамының бастапқы дамуында тұрғызылған бірінші… Сәулет мақсаты қоғамның және… Сәулет материалдық орта ретінде қоғам өмірінің әулеметтік жағдайларын,…

Имараттардың көтеруші негізі және конструкциялық жүйелері. Ғимараттардың негізгі конструкциялық элементтері – гори­зонтальды (аражабындар, жабулар), вертикальды (қабырғалар, ұстындар) конструкциялар және іргетастар, бірігіп біріккен кеңістік жүйені – ғимараттың көтеруші негізін құрайды.

Көтеруші негіздің – ғимараттың конструкциялық негізінің тағайындалуы – ғимаратқа әсер ететін күштерді қабылдаудан, қызметінің барлық мерзімі бойы қажетті пайдалану сапаларымен конструкцияларды қамтамасыз етумен, осы жүктемелерден күштерге жұмысынан тұрады.

Конструкциялық жүйеғимараттардың, бірігіп беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын қамтамасыз ететін, вертикальды және горизонтальды көтеруші конструкцияларының өзара байланысқан жиыны болып табылады. Ғимараттардың үш негізгі конструкциялық жүйелері болады: қаңқасыз, қаңқалы және аралас (толық емес қаңқалы) (3–сурет).

 
 

 

 


 

 

3–сурет. Азаматтық ғимараттардың конструкциялық жүйелері:

а қаңқасыз; б – қаңқалы; в – аралас; 1 – көтеруші қабырғалар; 2 – қабатаралық жабындар; 3 – ұстындар; 4 – ригельдер; 5 – өзін көтеруші қабырғалар

 

Ғимараттардың орнықтылығын және кеңістік қатаңдығын қамтамасыз ету. Орнықтылық – статикалық немесе динамикалық тепе–теңдігінің бастапқы жағдайынан шығаруға ұмтылатын күштерге қарсыласатын ғимараттар қабілеті.

Кеңістік қатаңдық– пішінінің геометриялық өзгермеуін сақтап, түсірілген күштердің әсерінен деформацияланбайтын бөлек элементтердің немесе барлық ғимараттардың қабілеті.

 

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Тұрғын үйлерді жобалауда қандай талап маңызды болып табылады?

2. Ғимараттардың көтеруші және қоршаушы конструкцияларының тағайындалуы?

3. Конструкциялық жүйеге анықтама беріңіз?

 

5–дәріс тақырыбы. Азаматтық ғимараттар негіздері және іргетастары.

Топырақ уақыт бойынша өзгеретін және ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызуға негіз, орта немесе материал ретінде қолданылатын көпкомпонентті жүйе болып табылатын тау жынысы.

Ғимаратқа әсер ететін барлық күштер, оның ішінде ғимараттың өз салмағы, іргетас арқылы топыраққа беріледі. Бұл күштерді қабылдайтын топырақ негіз деп аталады. Негіздің сенімділігі және беріктігі ғимаратты қалыпты пайдалану үшін маңызды болып табылады.

Өзінің табиғи жағдайында тұрғызылған ғимараттан түсетін күштерді қабылдауға қабілетті топырақ табиғи негіз деп аталады.

Жасанды негіз – табиғи жағдайында жеткілікті іскерлік қабілеті жоқ жасанды тығыздалған немесе беріктендірілген топырақ.

Негізге ғимараттан берілетін қысым салдарынан, іргетас асты топырақтары айтарлықтай сығылу күштерін қабылдайды. Осы күштердің әсерінен топырақтар біркелкі тығыздалады. Топырақ шөгуі деп аталатын мұндай біркелкі деформациялар іргетастардың шөгуін тудырады.

Тығыздау кезінде және сыртқы күштердің, топырақтың өз салмағының және басқа факторлардың әсерінен пайда болатын топырақтың біркелкі емес деформациялары (отыратын топырақтың сулануы, топырақта мұз линзаларының еруі және т.б.) отыру деп аталады. Олар іргетастың бұрылуынан бастап толық қирауын тудыруы мүмкін. Негіздің отыруы жіберілмейді.

Ғимарат негізі ретінде жұмыс істейтін топырақ келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: қажетті іскерлік қабілетінің болуы, сонымен қатар аз және біркелкі сығылуы (әлсіз, берік емес немесе қатты сығылатын топырақтар ғимараттың бұзылуына және қирауына әкелетін үлкен және біркелкі емес отыруларды тудырады); ісінуге ұшырамауы, яғни оның қуыстарындағы ылғалдың қатуынан көлемін ұлғайтуы (құрылыс ауданындағы топырақтың қату тереңдігіне байланысты іргетастың орналасу тереңдігін таңдайды); топырақ суларымен шайылмауы және ерімеуі (негізде іскерлік қабілетін төмендететін қуыстардың пайда болуы); отыруды болдыртпау (егер оның астында әлсіз топырақ орналасқан болса, негіз топырағы қабатының жеткіліксіз қуатында пайда болады); жылжуын болдыртпау (топырақ қабаттары қиғаш орналасқанда пайда болады); жайылуын – күштер әсерлерінен ұзақ сөнбейтін деформациялардың болуын болдыртпау.

Топырақтар түрлері және олардың қасиеттері:

Тасты топырақтар – тұтас массив (граниттер, кварциттер, әктастар) немесе жарықшақты қабат түрінде болады. Олар суға тұрақты, сығылмайды, ісінуге ұшырамайды, сенімді негіз болып табылады.

Ірікесекті – 2 мм–ден үлкен өлшемді (50% жоғары) кесектері бар, тасты жыныстарының байланыспайтын кесектері. Оларға жатады: щебень, галька, гравий. Бұл топырақтар аз сығылады, суға тұрақты, ісінбейді, егер оның астында тығыз топырақ болса, жақсы негіз болады.

Құмды 0,1–2 мм түйіршіктерден тұрады. Құмдар түйіршіктерінің ірілігіне байланысты қиыршық тасты, ірі, орташа ірі, ұсақ, шаңды болып бөлінеді.

Қиыршық тасты, ірі, орташа ірі құмдар күш түскенде біркелкі сығылады, сондықтан ғимараттың отыруы тез тоқтайды, қатқанда ісінбейді және берік және сенімді негіз болып табылады.

Ұсақ және шаңды топырақтар ылғалданғанда және қатқанда ісінеді, ылғалданғанда іскерлік қабілеті төмендейді.

Сазды –ірілігі 0,005 мм–ден кіші түйіршіктерден тұратын байланысқыш топырақтар. Іскерлік қабілеті ылғалдылыққа байланысты. Құрғақ және аз ылғалды жағдайда айтарлықтай күштерді қабылдайды, ылғалданғанда іскерлік қабілеті төмендейді. Күш түскенде ұзақ отыруымен және қатқанда ісінуімен ерекшеленеді.

Сары сазды шаңды түйіршіктердің үлкен мөлшерінің және ірі қуыстарының болуымен сазды топырақтар. Бұл топырақтар құрғақ жағдайда қажетті іскерлік қабілетіне ие болады. Ылғалданғанда сары сазды топырақтардың құрылымы бұзылады, және күштер әсерінен шөгу пайда болады. Мұндай топырақтарды негіз ретінде қолданғанда бекіту және ылғалдан қорғау бойынша арнайы шаралар қажет.

Үйінді сайларды, көлшіктерді, жергілікті қоқыстарды жапқанда пайда болған жасанды топырақтар. Бұл топырақтар құрылымы бойынша біртекті емес, біркелкі емес сығылады. Мұндай топырақтарды негіз ретінде қолданғанда олардың іскерлік қабілетін зерттеу керек.

Құрылысқа берілген жерге тұрақты негізді таңдау үшін оның түрін, қабаттар қуатын, олардың физикалық және механикалық қасиеттерін, топырақ суларының деңгейлерінің орнын анықтауға геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Ғимарат қабатына және жергілікті жағдайларға байланысты зерттеу тереңдігі 6 – 15 м және одан көп м – ді құрайды.

Егер құрылыс алаңындағы топырақ қойылатын талаптарды қанағаттандырмаса, онда жасанды негіздерді орнатады. Мұндай негіздерді ғимаратты әлсіз топырақтарға тұрғызғанда оларды жасанды беріктендіру немесе әлсіз топырақты ауыстыру арқылы орнатады.

Топырақты беріктендіру келесі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:

– пневматикалық тығыздау немесе 2 – 4 т салмақты плиталармен тығыздау. Бұл тәсіл топырақтар жеткілікті тығыз болмағанда, сонымен қатар үгінді топырақтарда қолданылады. Егер топырақтар құмды немесе шаңды болса, онда оларды тығыздау үшін беттік вибраторлар қолданылады. Бұл тәсіл, топырақ тез тығыздалатындықтан, өте тиімді;

– құмдарды, сары сазды топырақтарды бекіту үшін силикаттау. Ол үшін құмды топыраққа кезек–кезек сұйық әйнек пен хлорлы кальций ерітіндісін енгізеді, шаңды топырақтарды бекіту үшін – фосфор қышқылының ерітіндісімен араласқан сұйық әйнек ерітіндісі, ал сары сазды топырақтарды бекіту үшін – тек қана сұйық әйнек ерітіндісі қолданылады. Ерітінділерді енгізу арқылы топырақ уақыт өткен сайын айтарлықтай үлкен іскерлік қабілетіне ие болады;

– топыраққа құбыр арқылы, топырақ тетіктерінде қатып, оған тас түріндегі құрылымды беретін, сұйық цементті ерітіндісін немесе цементті сүтті енгізіп цементтеу. Цементтеуді қиыршық тасты ірі және орташа дақылды құмдарды бекіту үшін қолданады;

– қысыммен арнайы орнатылған скважиналарға беретін жанатын заттарды жандыру арқылы күйдіру. Бұл тәсіл сары сазды топырақтарды бекіту үшін қолданады;

– әлсіз топырақты берік топыраққа ауыстыру. Ауыстырылған топырақ қабаты төсеніш деп аталады. Үлкен емес күштерде негізге ірі немесе орташа ірі құмнан құмды төсеніш қолданады. Төсеніш қалыңдығы есептеу арқылы қабылданады.

Іргетастарғимараттың жер үсті бөлігінен күштерді қабылдайтын және оларды топыраққа беретін ғимараттың маңызды конструкциялық элементі болып табылады. Ғимараттар іргетастары берік, іргетастың табанының жазықтығында құлауға және жылжуға тұрақты, ұзақ мерзімді, экономикалық үнемді және индустриалды болуы тиіс.

Ғимараттың жер үсті бөлігі орналасатын іргетастың жоғарғы жазықтығы іргетас беті, ал топырақпен түйісетін оның төменгі жазықтығы іргетас табаны деп аталады. Топырақтың жоспарланған бетінен табан деңгейіне дейінгі арақашықтықты іргетастың орналасу тереңдігі деп атайды. Ғимараттың тағайындалуы, онда жертөленің болуы, қату тереңдігі, топырақ суларының деңгейі – осының бәрі іргетастың орналасу тереңдігіне әсер етеді. Егер негіз ылғалды ұсақ дақылды топырақтан (ұсақ, шаңды топырақтан, сары топырақтан, саздан) құрылса, онда іргетас табанын топырақтың қату деңгейінен биік емес етіп орналастырады. Ісінбейтін топырақтарда (ірі кесекті, қиыршық тасты, ірі және орташа ірі топырақты) іргетастың орналасу тереңдігі қату тереңдігіне байланысты емес, бірақ ол жоспарланған жер деңгейінен 0,5 м кем емес болуы қажет.

Жылытылатын ғимараттардың ішкі қабырғалары және бағаналары асты іргетастың орналасу тереңдігі топырақтың қату тереңдігіне тәуелді емес қабылданады, оны 0,5 м кем емес етіп тағайындайды. Біркелкі емес шөгулерді болдыртпау үшін ішкі және сыртқы қабырғалар іргетастары біртекті топыраққа сүйенуі тиіс.

Іргетастар түрлері:

конструкциялық схемалары бойынша ғимараттың көтеруші қабырғалары асты үздіксіз лента түрінде орналасатын ленталы; ұстындар асты бөлек тіректер түріндегі бағаналы; ғимарат асты ірі плита пішініндегі тұтас; топыраққа қағылатын темірбетонды немесе басқа стерженьдер түріндегі қадалы (4 – сурет);

4 – сурет. Іргетастардың конструкциялық схемалары:

а – қабырғалар асты ленталы; б – ұстындар асты ленталы; в – қабырғалар асты бағаналы; г – ұстындар асты жеке; д – арқалықсыз тұтас; е – арқалықты тұтас; ж – қадалы; 1 – қабырға; 2 – ленталы іргетас; 3–темірбетонды ұстын; 4 – темірбетонды іргетасты арқалық; 5 – бағаналы іргетас; 6 – қадалы іргетас ростверкі; 7 – темірбетонды іргетасты плита; 8 – қадалар

 

материалы бойынша табиғи тастан; бутобетоннан; бетоннан; темірбетоннан;

күштер әсерінен жұмыс істеу сипаты бойынша сығылуға жұмыс істейтін қатаң (бутты, бетонды, бутобетонды); сығылуға және иілуге жұмыс істейтін иілгіш (темірбетонды);

орналасу тереңдігі бойынша таяз (5 м дейінгі) және терең (5 м үлкен) орналасуы.

Жертөле. Техникалық жертөле.Шаруашылық қажеттіліктер үшін биіктігі екі метрден жоғары бөлме жертөле, кіші биіктікте – техникалық жертөле деп аталады. Жертөледе ғимараттың қалыпты пайдалануын қамтамасыз ететін әртүрлі қосымша бөлмелер; техникалық жертөледе – инженерлік жабдықтар, жүргізілетін коммуникациялар орналастырылады.

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Өзінің табиғи жағдайында тұрғызылған ғимараттан күштерді көтеретін негіз қалай аталады?

2. Ұзақ және біркелкі емес шөгетін сазды және отыратын негіздердегі іргетастарды қалай күшейтеді?

3. Жертөле техникалық жертөледен қалай ерекшеленеді?

 

 

6–дәріс тақырыбы.Азаматтық ғимараттар қабырғалары.

Қабырғаларғимараттардың маңызды конструкциялық элементтері болып табылады. Қабырғалар келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: берік және орнықты болуы; ғимараттың өртке тұрақтылық дәрежесіне сәйкес болуы; жану тобы мен өртке тұрақтылық шегі нормадан төмен болуы; бөлмелердегі қажетті температуралы-ылғалдылық режимді ұстауды қамтамасыз ету; жеткілікті дыбысизоляциялық қасиеттерінің болуы; экономикалық үнемді, яғни материалдар шығыны мен аудын бірлігінің салмағының, еңбек пен жабдықтардың шығындарының аз болуы; сәулеттік-суреттік шешімдеріне жауап беруі керек.

Қабырғалар келесі белгілері бойынша топталады: орналасуы бойынша: сыртқы және ішкі; жұмыс сипаты бойынша: сүйенетін жабу немесе жабын конструкцияларынан күштерді қабылдайтын көтеруші; жоғарыда орналасқан қабырғалардан күштерді қабылдайтын өзін көтеруші; тек қана қорғау функциясын орындайтын ілмелі; конструкциясы және тұрғызу әдісі бойынша қабырғалар төрт топқа бөлінеді: ұсақ түйірлі элементтерден (кірпіштен), ірі тастардан (блоктардан), тұтас, іріпанельді; қолданылатын материалдар тегі бойынша: тасты, ағашты, синтетикалық материалдардан.

Кірпіштен қалау.Калау дегеніміз арасындағы жіктері құрылыс ерітінділерімен (әктасты-цементті, цементті-сазды немесе цементті) толтырылатын бөлек тастардан (табиғи немесе жасанды) орындалатын конструкция. Қалау беріктігі тас пен ерітінді беріктігіне, тастар арасындағы вертикальды жіктерді байлау жүйесіне, сондай-ақ ылғал, температуралар, жел, коррозия әсерлеріне байланысты.

Конструкцияның дұрыс жұмысы үшін ондағы тастардың орналасуы қиманың үш ережесіне жауап беруі керек: қабырғадағы тастар горизонтальды қатармен, яғни негізгі әсер ететін күштерге перпендикуляр орналасуы қажет; қатардағы тастар бойлық және көлденең вертикальды жіктермен бөлінуі керек; қатарлас қатардағы вертикальды жіктер беттеспеуі керек, мұндай беттеспеу жіктерді байлау деп аталады. Байлау қабырғадағы тастардың біріккен жұмысын және күштердің біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.

Кірпішті қабырғалар керамикалық және силикатты кірпіштен орындалады. Стандартты кірпіштің өлшемдері 120х65х250, мм. Сонымен қатар биіктігі 88 мм кірпіште қолданылады ( 5-сурет).

 

 


5-сурет. Кірпішті қабырғада кірпіштердің орналасуы:

а - стандартты кірпіш; б – жанды қатар; в – бүйірлі қатар; 1 - бүйірі, 2 – төсенді;

3 – жаны

 

Өлшемдері 120 х 65, мм немесе 120 х 88 мм, кірпіштің бүйірлік беті бүйірі деп аталады. Осы беттермен төселінген кірпіштер қатары бүйірлік деп аталады. Өлшемдері 65 х 250 мм, кірпіш беті жаны деп аталады. Осы беттермен төселінген кірпіштер қатары жандық деп аталады. Өлшемдері 250 х 120 мм, кірпіш беті төсенді деп аталады.

Қалау қалыңдығы жылутехникалық есептеумен анықталады. Қабырға қалаулары тұтас және жеңілдетілген болып бөлінеді. Қабырғаның тұтас қалауы толық біртекті материалдан тұрады. Тұтас қалаудан жасалған қабырғалар ауыр, еңбек сиымдылықты және жылутехникалық сапасы төмен болып табылады.

Қалау қалыңдығы әрқашанда кірпіш жартысының тақ және жұп санына қысқыруы керек. Кірпіштік қабырғалардың қалыңдығы 120, 250, 380, 510, 640, 770 мм және одан жоғары болады және , 1, , 2, және одан көп кірпішке сәйкес келеді. Кірпіштің 65 мм биіктігінде горизонтальды жіктерді қалыңдығы 10-12 мм етіп орындайды; әр 4 қатар 300 мм, ал 88 мм биіктікте қалау қатары 100 мм құрайды.

Қалаудың қасбетті бетіне шығатын қатарлары алдыңғы (сыртқы) беті, ал ішкі жағына қарағандары – ішкі беті деп аталады. Ішкі және сыртқы қатарлар арасындағы қалаулар қатары таса беті деп аталады.

Қалаудағы тастарды төсеудің анықталған реті байлау жүйесі болып табылады (6-сурет). Шынжырлы қалауда бүйірлік қатары жандықпен кезектеседі. Көпқатарлы қалауда бірнеше жандық қатарларды бір бүйірлікпен жабады. Биіктігі h = 65 мм кірпіштен қалауда әр 5 жандық қатарлар, ал h = 88 мм-де 4 немесе 3 жандық қатарлар бір бүйірлікпен жабылады. Көпқатарлы қалау екіқатарлыға қарағанда қарапайым, сондықтан тас қалаушылардың еңбек өнімділігі осы жүйеде жоғары.

 
 

 

 


6 – сурет. Кірпішті қалаудың байлау жүйесі:

а —шынжырлы (бірқатарлы); б — көпқатарлы; 1 — бүйірлік қатар кірпіші; 2 — жандық қатар кірпіші

 

Жеңілдетілген кірпіштік қабырғалар.Көтеруші функцияларын беріктігі жоғары бір материал, ал жылу қорғау функцияларын беріктігі мен жылу өткізгіштігі төменірек басқа материал орындайтын қабырғаны жеңілдетілген деп атаймыз.

Қабырғаның бұл конструкциясы қабырғаның ішкі сылағын жүргізбей, бояуға немесе түсті қағазбен оларды желімдеуге мүмкіндік береді.

Ұсақ бетонды блоктардан және табиғи тастан қабырғалар.Кірпішпен қатар, қабырғалық материал ретінде керамикалық және жеңілбетонды ұсақ блоктар кеңінен қолданылады.

Қуыс денелі керамикалық тастардың (блоктардың) (7-сурет) сыртқы қабырғалар қалыңдығын азайтуға мүмкіндік беретін, кірпішке қарағанда, аз жылу өткізгіштігі болады. Сонымен қатар, мұндай тастардың көлемі кірпіш көлемінен екі есе жоғары, бұл қалаудың еңбек сиымдылығын төмендетеді және ерітінді үнемділігін береді. Жеті саңылаулы керамикалық тастар кеңінен тараған.

 
 

 


 

 

 

7-сурет. Жеті саңылаулы керамикалық тастардан қабырғалар

Ұсақ қабырғалық блоктарды ұяшықты бетондардан орындайды және қабырғалар мен аралық қабырғалар қалауы үшін қолданады. Оларды бүтін емес блоктарды қолданып, қалаудың бірқатарлы жүйесі бойынша төсейді. Блоктар өлшемі 600х300х300 мм. Мұндай блоктардан қабырғалар, кірпіштік қабырғалармен салыстырғанда, төмен жылу өткізгіштігімен, аз беріктігімен және жоғарғы су сіңіргіштігімен ерекшеленеді, бұл сыртқы әрлеуді немесе сылақты қажет етеді.

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Қалау деп қандай конструкцияны айтады?

2. Іргетас үстіне орналасқан, қабырғаның төменгі бөлігі қалай аталады?

3. Қандай жағдайларда деформациялық жіктерді орнатады?

7–дәріс тақырыбы. Азаматтық ғимараттардың аражабындары және едендері. Азаматтық ғимараттардың аралық қабырғалары.

Аражабындар ғимараттардың жалпы орнықтылығын қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады және олардың элементтерінің қабырғалармен немесе бөлек тіректермен қосылу жүйесіне байланысты соңғыларының көтеруші қабілетіне ықпал етеді.

Аражабындар келесі белгілері бойынша топталады: ғимаратта орналасу орны бойынша: жертөле үсті, қабат аралық, шатырлы; конструкциясы бойынша: негізгі элементі төсенгіштер мен жабынның басқа элементтері төселінетін арқалықтары болып табылатын арқалықты; ғимараттың вертикальды көтеруші тіректеріне немесе ригельдерге және арқауларға сүйенетін көтеруші плиталардан немесе төсеніштерден тұратын плиталы; көтеруші капительді вертикальды тірекпен байланысқан плитадан тұратын арқалықсыз: материалы бойынша: құрама темірбетонды, тұтас құймалы темірбетонды, ағаш және болат арқалықтар бойынша аражабындар.

Аражабындар беріктік, яғни оларға әсер ететін тұрақты және уақытша күштерді қауіпсіз қабылдау, талаптарын қанағаттандыруы қажет.

Аражабындардың пайдалану сапаларын анықтайтын маңызды талабы қатаңдық деп аталады. Қатаңдық нормалармен тағайындалған шектерден асатын жылжуларды болдыртпайды.

Аражабындардың жеткілікті дыбыс изоляциясы болуы қажет. Осыған байланысты әртүрлі дыбыс изоляциялық қасиетті аражабындардың қабатты конструкциялары қолданылады.

Жылуқорғау талаптары шатырлы және жертөле үсті аражабындар үшін қойылады. Аражабындардың көтеруші қабырғаларға түйіскен жерлеріндегі конструкциясына ерекше назар аудару қажет, себебі қолайсыз жағдайларға ұшыратуы мүмкін, қабырғаларда «суық жолақтары» пайда болуы мумкін.

Аражабындар өртке қарсы талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Бөлмелердің тағайындалуына байланысты аражабындарға арнайы талаптар да қойылуы мүмкін: су өткізбеуі (санитарлық түйіндердің, душтардың, моншалардың аражабындар үшін); жанбауы (өртке қауіпті бөлмелерде), ауа өткізбеуі (төменгі қабаттарда зертханалар, қазандықтар орналасқанда).

Ғимаратта орналасу орнына байланысты емес, аражабындар орнатқанда индустриалды, ал олардың конструкциялық шешімдері экономикалық және технологиялық негізделген болуы қажет.

Темірбетонды аражабындар өте сенімді және ұзақ мерзімді болып табылады. Орнату тәсілдері бойынша олар құрама, тұтас құймалы, құрама-тұтас құймалы болып бөлінеді.

Темірбетонды плиталардан құрама аражабындар. Көпқуысты темірбетонды плиталардың ұзындығы 2,4 – 6,3 м (300 мм-ге қысқарумен), ені 1; 1,2; 1,5; 1,8 м, қалыңдығы 220 мм (8 – сурет) және В15, В25 класты бетоннан орындалады.

Тұтас жазық темірбетонды плиталардың ұзындығы 3,6 – 6,3 м, ені 2,4 –7,2 м, қалыңдығы 120 және 160мм. Төселінген плиталарды сыртқы қабырғалармен және өзара болат байланыстармен анкерлейді.

 

 

8- сурет. Аражабындардың көпқуысты плиталары:

а – шеңберлі қуыстармен; б – бетондайтын комбайнды қондырғыларда орындалатын плиталар; в – сопақ қуысты плиталар; 1 – жоғарғы қабат; 2 – ортаңғы қабат; 3 – төменгі қабат

 

Тұтас құймалы аражабындар. Құрылыс алаңында қалыптарда тұрғызылатын аражабындар тұтас құймалы деп аталады. (9–сурет). Тұтас құймалы темірбетонды аражабындардың қарапайым түрі, күштер мен аралық шамасына байланысты 70–80 мм қалыңдықты етіп орындалатын және 3 м–ден үлкен емес аралықтарда қолданылатын, тегіс тұтас құймалы плита болып табылады.

9–сурет. Тұтас құймалы темірбетонды аражабындар:

а – қырлы; б – кессонды; в – арқалықсыз; 1 – плита; 2 – қосымша арқалықтар; 3 – негізгі арқалықтар (прогондар); 4 – ұстындар; 5 – қиылысқан арқалықтар; 6 – капительдер

Арқалықсыз тұтас құймалы темірбетонды аражабындар, капительдер деп аталатын жоғары бөлігі қалыңдатылып орындалған ұстындарға сүйенетін, қалыңдығы 150–250мм плита болып табылады.

Үлкен аралықтарда арқалықты аражабындар (қырлы және кессонды) орнатылады. Қырлы аражабындар негізгі және қосымша арқалықтардан тұрады. Егер өлшемі 8х18м бөлмені жабу керек болса, 6м қадаммен 8м аралықты арқалықтар орнатылады. Бұл арқалықтар негізгі деп аталады. Олардың үстіне 1,5–2 м сайын 6 м аралықты қосымша арқалықтар төселінеді. Жоғарғы жағында қалыңдығы 60–100 мм плитаны бетондайды.

Егер негізгі және қосымша арқалықтардың биіктігі бірдей етіліп қабылданса, онда аражабындардың мұндай түрі кессонды деп аталады.

Едендер.Еден – келесі элементтерден тұратын, көп қабатты конструкция: жабындысы (таза еден) – пайдалану әсерлеріне ұшырайтын еденнің жоғарғы қабаты; төсенгіш қабаты (дайындау) – таза еденнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және негізгі күштерді тең бөледі: дайындау қабаты мен таза еден арасына аралық қабат орналасқан – жабынды мен тегістегіш қабаттары арасындағы аралық байланыстырғыш қабат; тегістегіш қабаты – төсенгіш қабатының бетін тегістеуге арналған, сонымен қатар жабындыға қажетті еңісті беретін қабат.

Еденге негіз ретінде қабат аралық жабындар немесе табиғи топырақ қызмет етеді.

Аражабындар бойынша едендерде төсеніш қабаты болмайды. Едендер конструкциясында қосымша – жылу – және дыбысизоляциялық қабаттары болуы мүмкін.

Едендер конструкцияларының топталуы: орнату орны бойынша – аражабынға немесе топыраққа төселінген (топырақ жертөлелерде немесе жертөлесіз ғимараттардың бірінші қабаттарында болуы мүмкін); жабындысының материалы бойынша – ағаш, бетонды, керамикалық, синтетикалық материалдан; жабындысының түрі бойынша – тұтас (жіксіз), түйірлі; рулонды; еден асты конструкциясы бойынша – негіз бен таза еден арасындағы желдетілетін саңылауымен қуысты, еден асты кеңістігі жоқ қуыссыз.

Ғимараттардың тағайындалуына және бөлмелерде өтетін функционалды процестің сипатына байланысты едендер келесі талаптарды қанағаттандыру қажет: берік болуы, яғни сыртқы әсерлерге (қажуға және соққыларға) жақсы қарсыласа алуы; сырғанамайтын және жүргенде дыбыссыз болуы; аз жылу сіңіруінің болуы; гигиеналық, яғни жеңіл тазалануы, пайдалануда ыңгайлылығы (шаң жинамауы, женіл жөнделуі); сәндігі – ғимараттың ішкі әрленуімен үйлесуі; индустриалды – тұрғызғанда өте үлкен еңбек шығындарын талап етпеуі; экономикалық үнемді – аз құнымен, еңбек сиымдылығымен, пайдаланудың ұзақ мерзімімен ерекшеленуі. Бөлмелердің тағайындалуы мен сипатына байланысты едендер дымқыл бөлмелерде су өткізбейтін, өртке қауіптілерде - жанбайтын болуы қажет.

Аралық қабырғалар. Аралық қабырғалардың топталуы: тағайындалуы бойынша: бөлмелер аралық, пәтерлер аралық, ас бөлмелері үшін, сантүйіндер үшін; функциялары бойынша: түйық, есік және терезе ойықтарымен, толық емес, яғни төбеге жетпейтін; конструкциялары бойынша: тұтас, яғни біртекті материалдардан орындалған, қанқалы – сыртынан беттік материалмен қапталған; орнату тәсілі бойынша: стационарлы (тұрақты орналасу орнымен), тасымалданатын (орын ауыстырылатын немесе жылжымалы); материалы мен конструкциялары бойынша: іріпанельді, тасты (кірпіштік, керамикалық блоктардан), ағаш, әйнекблоктардан, әйнекпрофилиттен, плиталы.

Аралық қабырғалар тағайындалуына сәйкес келесі талаптарға жауап беруі тиіс: аз салмақты және үлкен емес қалыңдықты болуы; жақсы дыбысизолациялық сапаларының және жануға қажетті кедергісінің болуы; санитарлы – гигиеналық сапаларына (тегіс, тазалауға ыңғайлы болуы) жауап беруі; орнатуда индустриалды, берік және орнықты болуы.

Ірі панельді аралық қабырғалар. Ірі панельді қабырғалар беттік жағы бояуға немесе түс қағаздарды желімдеуге дайындалған бөлме өлшемімен зауытта шығарылады.

Қалындығы 80 – 100 мм гипсбетонды панельдерді 400х400 мм ұяшықты тормен төселінетін, 10х20 мм ағаш рейкалармен арматуралайды (10 – сурет).

 

 

10 – сурет. Прокатты панельдер – аралық қабырғалардың ағаш қанқаларының сұлбасы:

а – тұтас қанқа; б – жеңілдетілген қанқа; 1 – вертикальды бекіткіш; 2 – жоғары бекіткіш; 3 – қаңқа рейкалары; 4 – төменгі бекіткіш; 5 – гипсбетон;

6 – монтаждық ілмек

 

Болат тормен арматураланған темірбетонды панельдер қалыңдығы 120 –160 мм бөлме өлшемімен дайындалады. Толық жиналатын ғимараттарда олар ішкі көтеруші қабырғалар мен аралық қабырғалар функцияларын біріктіреді.

Ұсақ өлшемді элменттерден аралық қабырғалар. Кірпіштен аралық қабырғалардың қалыңдығы ½ және ¼ кірпіш болуы мүмкін ( 11,а – сурет).

 

 
 

 

 


11 – сурет. Тасты аралық қабырғалар

1 – арматура; 2 – шегелер; 3 – қайырма

 

Әйнек блоктардан аралық қабырғаларды болат вертикальды және горизонтальды арматуралық стерженьдер блоктарының арасындағы ойықтарда төсенішпен цементтік ерітіндіде жіктерді байламай орнатады. Әйнек блоктың өлшемі 194х194х98 мм (12,а – сурет).

Шлакобетонды тастардан аралық қабырғаларды (11,б – сурет) қалыңдығы 90 және 190мм, ал керамикалық – 120 мм етіп орындайды. Оларды өте үлкен биіктігі мен ұзындығында арматуралайды.

Әйнек профилиттерден аралық қабырғаларды биіктігі бөлме биіктігіне тең әртүрлі профильді элменттерден жинайды ( 12,б – сурет). Әйнек блоктардан және әйнекпрофилиттерден аралық қабырғалар ылғалға тұрақты, жақсы түрі, жоғарғы жарық өткізгіш қабілеті болады.

12 – сурет. Аралық қабырғалар:

а – әйнекблоктардан; б – профильді әйнектен; 1 – кірпіштік жертөле қабаты (цоколь); 2 – әйнекблоктар; 3 – дюбельдермен бектілген, болат бекіткіш; 4 – ерітінді үшін жіктер; 5 – арматура; 6 – ағаш қаптама; 7 – швеллерлі қималы профильді әйнек; 8 – жақтау; 9 – бекіткіш арқаулары; 10 – желімделетін пленка;

11 – резиналы төсеніш

 

Гипсты плиталардан аралық қабырғалар. Плиталарды тегіc беттік жағымен және контуры бойынша жартылай шеңберлі ойықтармен 800х400х80 мм өлшемді етіп орындайды.

Өлшемдері 1200х2500х40мм гипсталшықты плиталардан аралық қабырғаларды вертикальды жіктерін жабумен екі қабатты етіп орындайды.

Гипскартонды беттерден аралық қабырғалар. Металл қаңқадағы мұндай аралық қабырғалар жеңіл конструкциялардың бірі болып табылады.

Ағаш аралық қабырғалар.Қаңқалы аралық қабырғалар ағаш қаңқадан және толтырулардан тұрады. Қаңқа қалыңдығы 20 – 25 мм тақтайлармен екі жағынан қапталған, әр 0,5 – 1 м сайын орнатылған тіректер қатарлары болып табылады.

Тақтайлы аралық қабырғаларды төменгі бекіткішке орнатылған қалыңдығы 50 мм тақталардан орындайды, ал жоғары шеттерін төбеге бекітілген үшбұрышты арқаулармен бекітеді.

Ағаш ұсталық аралық қабырғаларды қосымша бөлмелердің қоршауы үшін қолданады. Оларды еденге бекітетін бекіткішке орнатылатын тұйық немесе әйнектелген құрама ағаш қалқандардан орындайды.

Шкафты аралық қабырғаларды тартпа болттар мен бұрандалы шегелердің көмегімен тіректер мен қалқандардан жинайды. Аралық қабырғалар ені (500мм) киімдерді, аяқ киімдерді, кітаптарды сақтау үшін оларды қолдануға мүмкіндік береді.

Жиналатын қалқанды аралық қабырғалар ілмектермен біріктірілген топса жиынтығынан тұрады. Жоғарғы бағыттауыш топса бойынша ілмелі шығыршықтар қозғалғанда аралық қабырғалар «гармонға» жиналады.

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Қандай маңызды талап аражабынның пайдалану сапаларын анықтайды?

2. Еден үшін негіз қызметін не атқарады?

3. Тағайындалуына сәйкес аралық қабырғалар қандай талаптарға жауап беруі тиіс?

 

 

8–9-дәріс тақырыбы.Азаматтық ғимараттардың терезелері мен есіктері. Азаматтық ғимараттардың шатырлары.

Терезелер және витраждар бөлмелердің табиғи жарықтандыруын қамтамасыз етуге арналған негізгі вертикальды конструкциялар болып табылады. Тұрғындық ғимараттар үшін, мысалы, терезелер ауданы бөлмелердің еден ауданынан 1/8 – 1/5 шегінде болуы тиіс. Әйнектеу конструкциясы ғимараттың сыртқы келбетіне және бөлмелердің интерьеріне әсер ететін маңызды элемент.

Азаматтық ғимараттардың терезелері әртүрлі пішіндерімен және конструкциялық шешімдерінің күрделілігімен ерекшеленеді. Оларды келесі белгілері бойынша топтау қабылданған: тағайындалуы бойынша: сыртқы, ішкі (есіктер үсті, қатарлас бөлмелер арасындағы терезелер); топса саны бойынша: бір –, екі – және үштопсалы; топсаларды ашу тәсілі бойынша: тұйық немесе вертикальды және горизонтальды ашылатын түптерімен; желдеткіш қондырғысы бойынша: форточкалар арқылы, сыртында жалюзий торы, ал ішінде тұйық есігі, жіңішке вертикальды топсасы бар желдеткіш қорабы арқылы; әйнектеу қатарының саны бойынша: бірқатарлы – оңтүстік аудандарда немесе бөлмелер ішінде; екі қатарлы – қалыпты климатты аудандарда, үш қатарлы – биік ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және солтүстік аудандарда қолданылады; жарық өткізгіш материалының түрі бойынша: қалыңдығы 2 – 6мм кәдімгі әйнектен; арнайы әйнектен (күннен қорғау, жарықты тарату, әдемілік), профильденген әйнектен, әйнек блоктардан; терезелер конструкцияларының материалы бойынша: ағаш, металл, темірбетонды, пластмассалы.

Терезелер қанағаттандыруы қажет негізгі талап олардың жылу қорғау қасиеттері, бұл жылудың негізделмеген шығынын сақтауға мүмкіндік береді және бөлмелердің дыбыс изоляциясын қамтамасыз етеді.

Терезелер өлшемдері ықшамдалған. Терезе биіктігін көбіне қабат биіктігінен 1100 – 1300мм–ге кіші, ал бір топсалы терезелердің ені 600мм кем емес, екі топсалылардікі 900,1100,1300мм, үш топсалылардікі 1600-1800 мм етіп қабылданады.

Терезе блоктары терезе қораптарынан, әйнектелген түптерден, терезе асты тақтадан тұрады.

Бөлек түптерімен ағаш терезе блоктары. Терезе қорабы терезе түптері бекітілетін рама болып табылады (13 – сурет).

 
 

 

 


13 – сурет. Бөлек түптерімен терезе блоктары:

а – кәдімгі; б – қалтқымен; 1 – штапик; 2 – тамшылық–астау; 3 – су ағызғыш;

4 – қалтқы

 

Түптер тұйық немесе ашылатын топсалардан тұрады. Бөлмелер ішінде еркін ашылуы үшін сыртқы түптердің өлшемдері ішкілерінікінен кіші болады. Өлшемдердің бұл айырмасы әр жағына 25-35 мм құрайды.

Түптер топсалары контурлы арқаулардан, бекіткіштерден және аралық элементтерден (терезе өлшемдерін азайтатын аралық арқаулар) тұрады.

Арқаулар қимасының пішіні бойынша бекіткіш кәдімгі және қалтқымен түптеу болып бөлінеді. Қалтқы дегеніміз терезелердің желді өткізбеуін қамтамасыз ететін, түп пен қорап арасындағы саңылауды жабатын, бекіткіштің шығыңқы шеті.

Біріктірілген түптерімен ағаш терезе блоктары.Терезеқорабында сыртқы және ішкі түптерінің топсаларымен бірге тартылған терезе блогы біріктірілген деп аталады.

Терезе блоктарын орнату және бекіту. Тасты қабырғалардың ойығында орнатылған терезе блоктарын шіруден қорғау үшін қорапты антисептикпен бояйды және периметрі бойынша толь немесе рубероид қабатымен құрсайды (14 – сурет).

 

 


 

14–сурет. Тасты қабырғалар ойығында терезе блоктарын бекіту (түптері және терезе асты тақта көрсетілмеген): 1 – үлкен шеге; 2 – антисептикалық сына;

3 – талшық; 4 – конденсатты алып кету үшін тесік; 5 – мырышталған болаттан сыртқы су құю; 6 – терезе қорабы.

 

Витраждар конструкциясы. Үлкен беттерді толтыратын терезелер, сонымен қатар жарық өткізгіш қабырғалар витраждар деп аталады.

Витраждарды ішкі кеңістікті максималды ашу және оны жарықпен байыту мақсатында қоғамдық ғимараттарда қолданады.

Витраждарды кірістірілген және сүйетіп орнатады. Сыртқы әйнектеу вертикальды және қиғаш (вертикальдан 10 -15% көп емес) болуы мүмкін. Витраждар конструкциялары қажетті жылу изоляциясы, ауа өткізбеу және беріктік талаптарын қанағаттандыруы қажет.

Есіктер – қабырға немесе аралық қабырға ойығындағы қоршау. Олардың орналасуын, санын және өлшемін бөлмелердегі адамдар санын, ғимарат түрін және т.б ескеріп анықтайды.

Есіктер қабырғалардың есік ойықтарында бекітілген рама болып табылатын қораптан және есік қораптарына ілінетін жапқыштардан тұрады.

Есіктер келесі белгілері бойынша бөлінеді: ғимаратта орналасу орны бойынша: сыртқы, ішкі, шкафты (кірістірілген шкафтарда қызметтік жертөлеге түсуге, шатырға шығуға), кіре берістік (ғимаратқа кірген жерде); жапқыштар саны бойынша: бір жақты, бір жарым жақты (әртүрлі енді екі жапқыштарымен), екі жақты; қоршау сипаты бойынша: тұйық, жартылай әйнектелген, әйнектелген; ашылу әдісі бойынша: бір жаққа ашылатын; екі жаққа ашылатын, жылжымалы, жиналмалы, айналмалы.

Бір жақты есіктер ені 600, 700, 800, 900, 1100 мм, екі жақты – 1200, 1400, 1800 мм етіп қабылданады. Есіктер биіктігі 2000, 2300 мм. Эвакуациялық (жертөлелік, шкафты) емес, қызметтік және басқа арнайы бөлмелердің есіктерінің биіктігі 1200, 1800 мм.

Шатыр жабу деп аталатын көтеруші және төбе жабындысы – қоршаушы екі конструкциялық бөліктерден тұрады. Шатырдың көтеруші элементтері, күштік әсерлердің әртүрлерін қабылдағанда, пайдаланудың барлық мерзімі бойы оның жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуі қажет. Күштік әсерлердің ішіндегі маңыздылары: өз салмағы мен төбе жабындысының салмағынан тұрақты күштер; шатырды пайдаланғанда пайда болатын қардан, желден уақытша күштер.

Атмосфералық шөгулерден ғимаратты қорғайтын төбе жабындысы су өткізбейтін, агрессиялық химиялық заттардың әсеріне тұрақты, қырылуға, тесілуге, еруге ұшырамайтын; аязға тұрақты, ұзақ мерзімді, экономикалық үнемді, индустриялды болуы тиіс.

Шатырлы еңісті төбелерді қолдану ауданы негізінен аз және орташа қабатты азаматтық ғимараттармен шектеледі. Бес қабаттан жоғары ғимараттарда мұндай шатырларды қолдану рұқсат етілмейді. Бұл қарды тазалаудың қиындықтарымен, ішкі су құйғыш арқылы суды алып кету қажеттіліктеріне байланысты.

Шөгулерді алып кетуді қамтамасыз ету үшін шатырларды еңіспен орнатады. Еңіс төбе жабындысының материалына, құрылыс ауданының климаттық жағдайларына байланысты.

Пішіндері және конструкциялық сұлбалары бойынша шатырлардың келесі түрлері болады: еңісті (100 үлкен бет еңісімен бір–, екі–, көпеңісті); жартылай еңісті (1–100 еңісімен, көбіне шатырсыз); спорт алаңдарын, демалыс орындарын орналастыру үшін жазық (2% дейінгі еңісімен шатыр–террасса түрінде); жоғары қабаттың аражабыны мен шатыры арасындағы тұйық кеңістікті құрайтын, шатырлы; жоғары қабаттың аражабыны мен төбе жабындысын біртұтас конструкцияға біріктіретін, біріктірілген; құрама темірбетонды.

Еңісті шатырлар және олардың конструкциялары.Шатырларды су өткізбейтін материалдан төбе жабындыларымен жабылған, қиғаш жазықтықтар – еңістер түрінде орындайды.

Шатыр еңістерінің пішіндері (15 – сурет) жоспардағы ғимарат пішініне және сәулеттік ерекшеліктеріне байланысты.

 

 
 

 


 

 

15–сурет. Еңісті шатырлар пішіндері:

а – біреңісті; б – екіеңісті; в – төртеңісті; г – жартылай шеңберлі;

д – көпеңісті; е – шатрлы; ж – пирамидалы; з – күмбезді

 

Ені үлкен емес ғимараттарда көбіне біреңісті шатырлар орнатылады. Еңіс шатырдың қиғаш жазықтықтары. Екі қарама–қарсы жақтарға су ағып кететін, ғимарат шатыры екіеңісті деп аталады. (16–сурет).

 
 


 

 

16–сурет. Көпеңісті шатыр элементтері:

1 – фронтон; 2 – терезе; 3 – атша; 4 – құмыра; 5 – щипец; 6 – вальма; 7 – қыры

 

Еңісті шатырлардың көтеруші конструкциялары қиғаш итарқа немесе итарқалық фермалар болып табылады, олар бойынша төбе жабындысына негіз болып табылатын, ағаштар қағылады. Қиғаш итарқаларды тіректер арсындағы

6 м үлкен емес аралықты ғимараттарда орнатады. Қиғаш деп негізгі элементі екіден кем емес тіректері бар, итарқалық арқау болып табылатын итарқаны айтамыз.

Зауытта дайындалатын ірілетілген элементтерден құрама ағаш итарқалар индустриалды болып табылады. Олар қиғаш орнатылған және тіректер, итарқалық қалқандар, атша фермалар рөлін орындайтын тіректік фермалардан тұрады.

Егер айтарлықтай енді ғимараттарда ішкі тіректері жоқ болса және қиғаш итарқаларды орнату мүмкін болмаса, онда тек қана екі нүктеге сүйенетін итарқалық фермалар қолданылады. Итарқалық фермалар ағаш, металл, болат, темірбетонды, үшбұрышты, полигоналды және сигментті пішінді болады.

Жабылатын аралыққа байланысты ағаш итарқалық фермалардың (аспалы итарқалар) әртүрлі конструкциялық сұлбалары болуы мүмкін. Көбінесе ағаш фермалардағы созылуға жұмыс істейтін элементтер болат стерженьдерден орындалады. Мұндай фермалар металлағашты деп аталады.

Болат және темірбетонды фермалар үлкен аралықты азаматтық ғимараттарда кеңінен қолданылады. Оларды прокатты профильді болаттар – бұрыштардан дайындайды.

Төбе жабындысы.Төбе жабындысын келесі түрлерге бөледі: беттік (болат төбе жабындысынан, асбестцементтен); плиталы (черепицадан, төбелік жаңыршақтан); рулонды (рубемасттан, бикросттан, изолдан және т.б.); мастикалық; гидроизоляциялық мастика қабаты (6–8мм) төселінген, темірбетонды плиталардан рулонсыз.

Төбе жабындысы су өткізбейтін, ұзақ мерзімді, отқа тұрақты, орнатқанда және пайдаланғанда үнемді болуы тиіс.

Еңісті шатырлардан суды алып кету түрлері: төбе жабындысының жиегінен қабырғалардың барлық периметрі бойынша суағарымен сыртқы ұйымдастырылмаған (еркін). Оны орнату азқабатты ғимараттарда рұқсат етіледі. Карниздің шығуы 550 мм кем емес болуы тиіс; су ағызатын науа және су ағатын құбырлар арқылы суды алып кетумен ұйымдастырылған болуы мүмкін. Олардың диаметрі бір-бірінен 18-20 м арақашықтықта 1 м2 төбе жабындысына 1 см2 құбыр қимасының есебінен анықталады. Сыртқы суды алып кетуді орнату 5-қабатқа дейінгі биіктікте шектелген.

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі вертикальды конструкция ретінде терезелер мен витраждардың мақсаты?

2. Есіктерді қандай белгілері бойынша бөледі?

3. Шатыр қандай екі конструкциялық бөлімдерден тұрады?

 

 

10–дәріс тақырыбы. Азаматтық ғимараттардың сатылары.

Азаматтық ғимараттар сатылары келесі белгілері бойынша топталады:

тағайындалуы бойынша: қабаттар арасындағы күнделікті қатынастар үшін негізгі; жертөлемен немесе шатырмен байланысы үшін қосымша; асханалар, дүкендер және басқа қоғамдық ғимараттар кызметкерлеріне қызмет көрсету үшін қызметтік; ғимараттан шығару үшін апаттық; шатырға шығуды қамтамасыз ететін өрттік; ғимаратқа немесе бөлек бөлмелерге кіретін сатылар; адымдарының саны бойынша: бір адымды; екі адымды; үш адымды; өрттік қауіпсіздіктің шарттары бойынша: сатылы торларда орналасқан, өрт пен түтіннен қорғалмаған; өрт пен түтіннен қорғалатын сатылар; түтін тұрмайтын, яғни көп қабатты ғимараттардың бөлмелерімен балкон немесе лоджия арқылы байланысқан сатылар.

Саты адымдардан және алаңдардан тұрады. Қабат еденінің деңгейінде орналасқан сатылық алаңдар қабаттық, ал қабат биіктігі бойынша аралық сатылық алаңдар қабат аралық деп аталады. Сатылық адымдардың түрлері: цокольді, қабат аралық, жертөлелік, шатырлы. Адымдар баспалдақтардан, оларды сүйеп тұратын қиғаш тіректерден (баспалдақтар астында орналасқан) немесе тетивтен (баспалдақтарға бүйірінен түйіскен тіректер) тұрады. Баспалдақтардың вертикальды және горизонтальды қырлары болады. Сатылы тордың, фризді деп аталатын сатылық алаңға түйісетін жоғарғы және төменгі баспалдақтарынан басқа, барлық баспалдақтарының бірдей пішіндері болуы қажет.

Ғимарат жоспарында сатылардың орналасуы, олардың саны мен өлшемдері адамдарды сыртқа шығарудың ыңғайлылығын қамтамасыз етуді ескерумен, ғимараттардың тағайындалуына, өлшемдеріне және үйлесімділігіне байланысты. Сонымен, азаматтық ғимараттарда саты саны екіден кем емес болуы тиіс, 10 және одан жоғары қабатты тұрғындық ғимараттарда әр пәтерден тікелей екі сатыға немесе біріктірілген өту арқылы шығу қамтамасыз етіледі.

Тағайындалуына байланысты сатылар беріктік, ұзақ мерзімдік, адамдар қозғалысында қажетті ыңғайлылық және қауіпсіздік, өрттік қауіпсіздік талаптарын қанағаттардыруы тиіс.

Адым еңісі ҚНжЕ бойынша (ғимараттың тағайындалуына, қабатына байланысты) қабылданады: негізгі сатылары үшін 1:2–1:1,75, қосымша сатылар үшін 1:1,25. Адымдағы барлық баспалдақтардың бірдей, жүруге ыңғайлы өлшемдері болу тиіс, адымдағы баспалдақтар саны 18 көп, 3 кем емес етіп тағайындалады. Горизонтальды қырының ені 300мм, бірақ 250мм кем емес болуы қажет. Вертикальды қырының биіктігі 150мм, бірақ 180мм үлкен болмауы тиіс. Алаңдар мен адымдар асты өтулер биіктігі 2м кем емес болуы керек. Сатының өткізу қабілетін анықтайтын саты адымының ені есептеу арқылы, бірақ екі қабатты үйлерде 900мм кем емес, 3 және одан жоғары қабатты үйлерде 1050мм етіп тағайындалады. Сатылы торлар табиғи жарықтандырылуы тиіс.

Адымдар арасына өрттік шлангыларды өткізу үшін 100мм саңылау (жоспарда) қамтамасыз етілуі керек. Алаң ені адым енінен кіші болмауы керек, негізгі сатылардың сатылы алаңдарының ені 1200мм кем емес тағайындалады. Сатылы торлардың шатырға немесе жазық төбе жабындысына шығулары болуы тиіс, ол үшін негізгі сатылардың жалғасы болып табылатын адымдар қызмет атқарады.

Темірбетонды сатылар конструкциялары.Орнату тәсілдері бойынша сатылар құрама және тұтас құймалы болып бөлінеді. Құрамаларды ұсақ– және іріөлшемді элементтерден орындайды (17–сурет).

 

 

 


17–сурет. Сатылар конструкциялары:

а – темірбетонды ұсақ өлшемді элементтерден құрама; б болат қиғаш тіректер бойынша; в тұтас құймалы темірбетонды; г тіректерді бітеу және ағаш тұтқаны бекіту; д, е –пластмассалы тұтқаларды бекіту;1– баспалдақтар; 2 – алаңдық арқалық; 3 – қиғаш тірек шеті үшін ұя; 4 – құрама темірбетонды қиғаш тірек; 5 – сатылы алаң плитасы;6 – болат қиғаш тірек; 7 – болат тор бойынша сылақ; 8 – болат алаңдық арқалық; 9 – фризді баспалдақ; 10 – таяныш тірегі; 11 – болат жолақ; 12 – шуруптар; 13 – тұтқа

 

Ұсақ өлшемді элементтерден сатылар бөлек орнатылған темірбетонды құрама алаңдық арқалықтардан, құрама темірбетонды қиғаш тіректерден, баспалдақтардан алаңдардың темірбетонды плиталарынан және тұтқаларымен қоршаулардан тұрады. Қиғаш тіректердің алаңдық арқалықтармен түйісуі үшін, соңғыларында қиғаш тіректер шеттері кіргізілетін ұялар қарастырылады.

Сатылар элементтері арасындағы байланыс қосалқы бөлшектерді дәнекерлеумен жүзеге асырылады. Баспалдақтарды цементті ерітіндіде қиғаш тіректер бойынша төсейді. Алаңдық арқалықтарға құрама темірбетонды алаңдық плиталарды сүйейді.

Ірі өлшемді элементтерден сатылар зауытта дайындалатын алаңдар мен адымдардан (18–сурет) немесе жартылай алаңды адымдардан тұрады.

 
 


 

 

 

18–сурет. Ірілеп жиналатын элементтерден саты:

1 – сатылық алаңдар; 2 – сатылық адымдар; 3 – қоршау көрінісі

Құрама элементтерді орнына крандармен орнатады және қосалқы бөлшектерін дәнекерлеу арқылы бекітеді. Сатылық алаңдар өзінің шеттерімен көбіне сатылық тордың бүйірлік қабырғасына, ал іріпанельді ғимараттарда – сатылы тордың қабырғалық панельдерінің қосалқы бөлшектеріне дәнекерленетін, арнайы металл элементтерге (үстелдерге) сүйенеді.

Сатылар қоршауы көбіне биіктігі 0,9–0,95м ағаш немесе пластмассалы тұтқасымен дәнекерлеу немесе тойтарма арқылы орындалған болат тордан тұрады. Торлар тіректерін баспалдақтар ұяларына бекітеді немесе баспалдақ бүйіріндегі қосалқы бөлшекке дәнекерлейді. Ұяда тіректі ұсақ қиыршық таспен айырып, жоғары берікті цементтік ерітіндімен құяды.

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Қабат еденінің деңгейінде орналасқан сатылық алаңдар қалай аталады?

 

11-дәріс тақырыбы.Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері

Өндірістік ғимараттарды, кәсіпорындарды немесе өнеркәсіптік түйіндерді жобалау үшін қажетті деректер негізінен үш топқа бөлінеді: объектің орналасу орнының географиялық ерекшеліктерімен байланысты; жобаланатын өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне негізделген; тұрғызатын мекеменің мүмкіншілігін сипаттайтын деректер. Құрылыс ауданы жобаның технико-экономикалық негізделуімен анықталады.

Географиялық деректерге: құрылыс ауданының климаттық жағдайлары; құрылысқа бөлінген территорияның топографиялық түсірілуі; инженерлі–геологиялық және гидрогеологиялық деректер жатады.

Жобаның технологиялық бөлігін құрайды:

–технологиялық жабдықтарды орналастыру жоспары (жолдарды, өтулерді, қоймаға жинау бөлімдерін және т.б. көрсетумен);

–стационарлы жабдықтың үлкен биіктігі;

–ішкі цехты көлік туралы мәліметтер (түрі, жүккөтергіштігі, өлшемдері және т.б.);

–ішкі микроклимат параметрлері (ауа температурасы және ылғалдылығы, оның тазалық дәрежесі және т.б.);

–өртке қауіпті дәрежесі бойынша өндірістік категориясы;

–цехта жұмыс істейтін жұмысшылар саны.

Технологиялық процесс ғимараттың сәулеттік–құрылыстық шешімдерін, оның санитарлы–техникалық және инженерлік жабдықталуын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

Жобалық шешімдердің техника-экономикалық бағалануы.Өндірістік ғимараттардың көлемдік–жоспарлық шешімдерінің үнемділігі мөлшерлік және сапалық көрсеткіштердің көмегімен анықталады.

Жобаның мөлшерлік бағалануы үшін анықталады:

пайдалы аудан, яғни сатылы торлар мен лифттік шахталардан басқа, барлық қабаттағы бөлмелер ауданының қосындысы. Өндірістік ғимараттардың пайдалы ауданына алаңдардың құрастырылған этажеркалар ауданы және т.б. кіреді;

жұмыстық аудан, яғни өнімдерді дайындауға қолданылатын аудандар қосындысы;

құрылыс ауданы, яғни жергілікті жердегі ғимарат алатын аудан;

ғимараттың құрылыстық көлемі, яғни көлденең қимасының ауданын (фонарьларды қосқанда) бүйірлік қабырғалардың сыртқы қырлары арасындағы арақашықтыққа көбейту.

Жобаның сапалық бағалануы келесі техника-экономикалық көрсеткіштерді есептегенде жүзеге асырылады:

– К1 жоспарлаудың ықшамдылық коэффициенті, жұмыстық ауданның пайдалыға қатынасы болып табылады;

– К2 көлемдік коэффициенті, ғимарат көлемінің пайдалы ауданға қатынасын сипаттайды;

– К3 ғимарат пішінінің үнемділік коэффициенті, сыртқы қабырғалар мен фонарьлардың вертикальды қоршаулары аудандарының пайдалы ауданға қатынасын тағайындайды.

К1, К2, К3 коэффициенттерін өзара жобалық шешімдердің нұсқаларын салыстыру, эталонды жобамен немесе нормалық мәліметтермен беттестіру және тиімді нұсқаны таңдау үшін қолданады.

Өндірістік ғимараттарды жобалаудағы физикатехникалық факторлар.Өндірістік өнеркәсіптер ғимарат бөлмелеріндегі анықталған температуралыылғалдылық режимін талап етеді.

Температуралық режим бойынша өндірістік ғимараттар бөлінеді:

–«суық» (жылытылмайтын қоймалар, сақтау орындары және т.б.), олар ішкі температураны реттеуді талап етпейді;

–қысқы кезеңде жұмыс аймағында 8–25 °С ауа температурасы талап етілетін жылытылатын;

– жұмыс аймағында 8–25 °С ауа температурасымен 24 Вт/м3 дейінгі жылу бөлуімен;

– жұмыс аймағындағы 16–25 °С ауа температурасында 24 Вт/м3 көп жылу бөлуімен «ыстық цехтар».

Өндірістік ғимараттардағы ылғалдылық режимі ауадағы ылғалдың мөлшеріне байланысты және келесі түрлерге бөлінеді:

құрғақ –50% аз ауаның салыстырмалы ылғалдылығында;

қалыпты —50–60% ылғалдықта;

ылғалды –61–75% ауа ылғалдылығында;

сулы –75% жоғары ауа ылғалдылығында.

Өндірістік бөлмелердің жұмыстық аймақтарындағы ауа температурасы және оның салыстырмалы ылғалдылығы өндірістік өнеркәсіптерді жобалаудың Санитарлы нормаларымен реттеледі.

Өндірістік бөлмелердің температуралы–ылғалдылық режимі өндірістік ғимараттардың сәулеттік-жоспарлау және конструкциялық шешімдеріне әсер етеді (шектен тыс жылуды жою үшін ыстық цехтардың ғимаратында аэрациялық фонарьлар болады).

Адамдардың келуі тұрақты өндірістік бөлмелерді сыртқы қабырғалардың терезелері, жабудағы фонарьлар, терезе және фонарьлар арқылы табиғи жарықпен жарықтандырады.

Көптеген өндірістер үшін күндізгі уақыттың өзінде табиғи жарықтандыру жеткіліксіз. Мұндай жағдайда табиғи және жасанды жарықпен біріктіріліп жарықтандыру қолданылады.

Өндірістік бөлмелерден ұйымдастырылған табиғи ауа алмасу көмегімен қызған ауаны, газдарды, шаңды жою аэрациядеп аталады.

Өндірістік бөлмелердегі табиғи ауа алмасуға желдердің бағыты және ғимарат профилінің аэродинамикалық ерекшеліктері әсер етеді. Ғимарат аэрациясы фонарьлар енінің ұлғаюымен және жабудың еңістерінде жақсарады.

Технологиялық жабдықтардың жұмысында пайда болатынөндірістік шулар, еңбек жағдайларын нашарлатады, оның өнімділігін төмендетеді және адам организміне қолайсыз әсерін тигізеді. Өндірістік өнеркәсіптерді жобалаудың Санитарлы нормаларымен шулардың жеткілікті деңгейі тағайындалады.

Технологиялық жабдықтардың жұмысы көбіне ғимараттың конструкциялық элементтерін зақымдайтын және жұмысшылардың денсаулығына кері әсер ететін сілкінулерді және вибрациялардытудыратын жеке немесе қайталанатын соққыларменжалғасады. Вибрациялардың зиян әсерін жою үшін технологиялық құрал–жабдықтардың конструкциясын жетілдіреді, құрал–жабдықтарды жеке іргетастарға орнатады, іргетас пен құрал–жабдықтар арасына болат серіппелерден немесе серпімді төсеніштерден амортизаторлар төсейді.

Күн радиациясынан қорғауды сәулеттік–жоспарлық жабдықтармен жүргізеді: өндірістік бөлмелердің терезелерін солтүстік жаққа бағыттаумен; оңтүстікке қараған терезелер өлшемдерін кішірейтумен; фонарьлардың әйнектелген беттерін солтүстік жаққа бағыттап, ғимаратты оның бойлық өсі батыс–шығыс бағыты бойынша жататындай етіп орналастырумен орындайды.

Тұрмыстық бөлмелерді жобалау.Тұрмыстық бөлмелер құрамы, әжетханалардан басқа, өндірістік процестердің санитарлық сипаттамаларына байланысты тағайындалады. Тұрмыстық бөлмелер жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпыларға гардеробтар, душтар, қол жуатын бөлмелер, әжетханалар, әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлмелер, демалу, шылым шегу және т.б. бөлмелер жатады. Арнайыларға химиялық тазарту, кептіру, шаңсыздандыру, зиянсыздандыру және жұмыс киімдер мен аяқ киімдерді жөндеу бөлмелері, таза және кір киімдер үшін қоймалар, жарықпен емдеу кабиналары және т.б. жатады. Тұрмыстық бөлмелер ауданы пайдалы өндірістік ауданының шамамен 20-30% құрайды.

Тұрмыстық бөлмелердің көлемдік-жоспарлық шешімдері.Тұрмыстық бөлмелер өндіріс сипатына байланысты орналастырылады: жерасты немесе жерүсті өтулері бар өндірістік корпусымен байланысты бөлек ғимаратта; өндірістік корпустың бойлық немесе бүйірлік қабырғаларына түйіскен қосымша ғимараттарда; өндірістік ғимарат ішінде. Тұрмыстық бөлмелердің жоспарлық шешімі коридорлы немесе залды болады. Жобалауды, бөлек бөлмелердің жоспарлау сұлбалары келтірілген, ықшамдалған типтік секциялар негізінде жүргізеді. Мұндай элементтерден адамдар ағымдарын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін ғимараттың жоспарлау сұлбасын жобалайды.

Әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер орналасатын қосымша ғимараттарда екіден кем емес шығулар болуы тиіс.

Ндірістік өнеркәсіптердің бас жоспарын жобалау.

Өндірістік өнеркәсіптердің бас жоспары– бұл территорияларды көгалдандырумен және жайластырумен… Бас жоспарды жобалау ҚР ҚНжЕ негізінде жүргізіледі. Территорияны келесі аймақтарға бөледі:

Дәріс тақырыбы. Өндірістік ғимараттардың терезелері, есіктері, қақпалары және басқа конструкциялары

Өндірістік ғимараттардың қабырғаларындағы жарық өткізгіш қоршаулар терезе, лента және витраждар түрінде болады.

Олардың түрлері:

толтырылу материалы бойынша: кәдімгі әйнектен; профильді әйнектен; әйнекпластиктен; әйнекблоктардан және әйнекпакеттерден терезелер;

әйнектеу қатарының саны бойынша: бір немесе екі;

толтырылу конструкциясы бойынша: түптеулі және түптеусіз;

түптеу материалы бойынша: металл, ағаш, пластмассалы;

ашылу түрі бойынша: вертикальды немесе горизонтальды.

Жарық ойықтарының ауданын өндірістік бөлмелер ауданына қатынасы бойынша 12 - 20% дейін қабылдайды.

Ашылатын түптерді жазғы кезеңде еденнен ашық аралықтың төменгі жағына дейінгі арақашықтық 1,5 м-ден, қыста 3,6–4,8 м-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.

Терезе ойықтарының өлшемдерін ені бойынша 600 және 300 мм-ге; биіктігі бойынша 600 мм-ге қысқаратындай етіп қабылдайды.

Болат терезе панельдері.Болат терезе панельдер өлшемдері6х1,2; 6х1,8 м; 20 м дейінгі ойық биіктігінде оларды бір-біріне орнатады және болттармен бекітеді.

Болат панельдер тұйық немесе ашылатын тоспалы рамадан тұрады. Панельдерді әйнектеу бір немесе екі қатарлы болады. Оларды қаңқа ұстындарына төрт нүктесінде болттармен бекітеді.

Тығыздап жабатын терезе панельдерін көпқабатты өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарда орнатады. Мұндай панельдерді болат планкалармен біріктірілген екі рамалардан жинайды. Панельдер ұзындығы 6 м, биіктігі 1,2-3 м. Ұстындар алдында орналасқан, панельдер топсаларын әйнекпластикпен немесе алюминийдің гофрланған беттерімен әрлейді.

Ағаш терезе блоктары. Қалыпты температуралы-ылғалдылық режимді ғимараттарда ағаш терезе блоктарын немесе панельдерін орнатады. Терезе блоктары қораптан және сыртқа немесе ішке ашылатын бір немесе біріккен түптерден тұрады. Оларды ені 1,5; 3; 4,5 м ойықтарда бір немесе бірнеше ярусты етіп орнатады.

Профильді әйнектен жарық өткізгіш қоршаулар. Профильді әйнекпен түптеусіз жарық ойықтары толтырылады.

Жылытылмайтын ғимараттарда швеллерлі профильді, жылытылатын және герметикалық ғимараттарда қорап түріндегі әйнек қолданылады. Әйнектің швеллерлі қимасында қоршау биіктігі 1,8–3 м, қораптыда 2,4 – 6 м. Биіктігі 15,6 м дейінгі тұтас әйнектеудегі ойықтарда металл тежеуіштердің көмегімен панельдер–маңдайшаларға ілінген болат ригельдер орнатылады.

Қорапты немесе швеллерлі профильді әйнекпен толтырылған металл рамадан тұратын, профильді әйнектен панельдер тиімді болып табылады.

Қақпалар.Қақпалар ғимаратқа көліктік жабдықтардың, технологиялық құралдардың кіруіне және жұмысшыларды эвакуациялауға арналған. Қақпалар саны, олардың өлшемдері мен орналасуы технологиялық құралдардың ерекшеліктеріне байланысты. Қақпалардан адамдарды өткізу үшін есікшелер орнатылады. Ғимарат сыртында қақпалар алдында 1:10 еңісті пандустар қарастырылады. Жылытылатын ғимараттарда үлкен жылу шығынын болдыртпау үшін қақпаларды ашылғанда автоматты қосылатын жылу қондырғысымен жабдықтайды.

Өлшемдері 3,6х3; 3,6х3,6; 3,6х4,2 м айқара ашылатын қақпалар автомобиль көлігін өткізуге; 4,8х5,4 м – теміржол көлігін кіргізуге арналған.

Қақпалық рама (тіректер және ригель) 200х140х4 мм қималы болат тікбұрышты құбырлардан, тіректер – бір құбырлардан, ригельдер – қос құбырлардан орындалады. Биіктігі 480 мм ригельді фибролитпен толтырады, ал сыртқы жағынан болат қорғау бетімен қаптайды.

Қақпалық рама темірбетоннан орындалуы мүмкін.

Қақпалық жапқыштар (34–сурет) қаңқадан, жылытқыштан және екі жақты қаптаудан тұрады. Қаңқа – болат құбырлардан орындалған тор, тор ұяшықтары оргәйнекті филенкамен, жылытқышты болатпен толтырылады. Қаптау – бір–екі қабатты қалыңдығы 25 мм шпунтталған тақтайлардан орындалған. Бұрыштарда және ортасында түйіскен жерлерде қақпаның қатаңдығын арттыру үшін металл жапсырмалар, ал ілініп тұруға қарсы дөңгелек болаттан диагональды тежеуіш орнатады. Қақпа жапқышын қос сыңар ілмек– топса арқылы рамаға іледі.

34–сурет. Өндірістік ғимараттардың қақпа жапқышы:

а – ағаштан; б – болат қаңқалы ағаштан; в – металл; г – перде түріндегі; 1 – есікше; 2 – сыртқы байлау арқаулары; 3 – ортаңғы бөлігі; 4 – диагональды байланыстар; 5 – ілмектер; 6 – ағаш толтыру; 7– швеллер; 8 –резина жолағы; 9 – кендір арқандар; 10 – раманың болат қаңқасы;11– жылжымалы жапқыш;12 – пенопласт; 13 –металл қаптау;14 – жұмсақ резиналы болат құрсау;15 – болат стержень; 16 – қозғалыс роликтері; 17 – болат профильденген беттер; 18 – құлыпты қосылыстар

 

Өлшемдері 3,6х3; 3,6х3,6; 4,2х4,2 м жылжымалы қақпалар – автомобиль көлігіне; 4,8х5,4 м – теміржол көлігіне арналған.

Конструкциясы бойынша жапқыштар жылжымалы қақпалардікіне ұқсас. Қақпалардың жоғарғы жағына жапқыштар ашылғанда болат роликтер сырғанайтын рельс бекітіледі.

Теміржолдық көтеруші-секциялық қақпалар жоғарғы жағында көтеру механизмі орнатылған, автоматты басқарумен 4,8х 5,4 м өлшемді етіп орындалады. Қақпалар рамасы № 27 швеллерден орындалады. Қақпа биіктігі 2030, 1667, 1721 мм үш секциядан тұрады. 5,4 м белгісінен жоғары 7,5 м деңгейінде жапқыштың бөлек элементтерін әр секцияға орнату үшін қалыңдығы бойынша үш секциялы қондырғы қарастырылған. Бұл қондырғы қабырға панелі мен швеллерден орындалған жоғарғы қабырғалық байлау арасында орналасқан.

Жылжымалы жиналмалы қақпалар – өз ара топсалы байланысқан ашылғанда жиналатын жіңішке жақтаулардан құрастырылады, осыған байланысты аз орын алады.

Есіктер. Өндірістік ғимараттардың есіктерінің конструкциясы азаматтық ғимараттардікі сияқты орындалған. Олар қарапайым әрленуімен, байлаудың үлкен қимасымен және қаптаудың жоғарғы беріктігімен ерекшеленеді. Есік ойықтарының ені бойынша өлшемдері 1–2,4 м, биіктігі бойынша 1,8–2,4 м. Эвакуациялау жолындағы есіктерді екі жаққа кең және қозғалыс бағыты бойынша ашылатын етіп орнатады.

Өндірістік ғимараттарда конструкциясы бойынша келесі есіктер жапқышы қолданылады: фанерамен немесе ағаш-талшықты плитамен безендірілген, ағаш плита болып табылатын қалқанды; ені 700, 900 мм, биіктігі 2000, 2300 мм бір жаққа ашылатын; ені 1490, 1890, 2290 мм және биіктігі 2000, 2300 мм екі жаққа ашылатын. Сыртқы есіктердің қорабы міндетті түрде табалдырығымен бірге орындалады.

Аралық қабырғалар. Өндірістік ғимараттарда аралық қабырғалар келесі түрлерге бөлінеді:

тағайындалуы бойынша: цехтың жалпы ауданынан қойма бөлмелерін, құралдар қоймасын бөліп тұратын және т.б.; шудың, газдың және басқа зияндылардың таралуын шектейтін және бөгет болатын бөлгіш аралық қабырғалар;

аралықта орналасуы бойынша: бойлық және көлденең;

функциональды ерекшеліктері бойынша: стационарлы (тұрақты орнымен); өндірістік процестің өзгерістерінде орын ауыстырып жиналып-бөлшектенетін аралық қабырғалар;

қоршау биіктігі бойынша: бөлменің барлық биіктігінде немесе жартысына дейінгі (2,5–3 м шегінде);

қоршау қасиеттері бойынша: тұйық, ойықтармен, жарық өткізгіш материалдан немесе металл тордан орындалған;

материал түрі бойынша: темірбетонды, тас (кірпіштен, жеңілбетонды блоктардан), профильді әйнектен, металл, асбестцементті беттерден, ағаш-ұнтақты плиталардан, суға тұрақты фанерадан;

құрылымы бойынша: біртекті (тұтас), дыбыс изоляциялық қабатымен біртекті емес;

тұрғызу тәсілі бойынша: индустриальды (ірі өлшемді элементтерден), индустриальды емес (ұсақ өлшемді элементтерден).

Өндірістік ғимараттардың аралық қабырғалары беріктік, орнықтылық, ұзақ мерзімдік, өндірістік процестің талаптарын қанағаттандыруы қажет және индустриальды, экономикалық тиімді болуы тиіс.

Кірпіштік аралық қабырғаларды 120 және 250 мм қалыңдықты етіп орындайды. Оларды іргетастық арқалықтарға, ал 4 м дейінгі биіктікте – еденнің бетондық дайындау қабатына сүйейді.

Бірқабатты өндірістік ғимараттарда қалыңдығы жарты кірпішке тең аралық қабырғалардың орнықтылығын 6 м сайын орнатылған болат фахверк ұстындар; биіктігі бойынша 2–3 м сайын қалауға орнатылатын швеллерлерден импостар; қаңқа ұстындарына түйіскен жерлердегі болат байлау қамтамасыз етеді.

Көпқабатты ғимараттарда кірпіштік аралық қабырғаларды қабат аралық жабындарға сүйейді және қаңқа ұстындарына болат жапсырмалармен бекітеді.

Панельдік аралық қабырғалар қаңқа ұстындарына түйіседі. Аралық қабырғалар панельдерінің қалыңдығы 80 мм және ауыр, жеңіл және ұяшықты бетоннан, сонымен қатар гипсобетоннан және фибролиттен орындалады. Аралық қабырғалардың төменгі бөлігі панельдерден, ал жоғарғы бөлігі асбестцементті беттерден орындалады. Орнатылған панельдерді екі бұрышпен тіркеп бекітеді, ал жіктерді цементті ерітіндімен тұтастандырады.

Металл профильденген беттерден аралық қабырғалар тіректерден, ригельдерден және дыбыс изоляциялық қабатты екі жақты қаптаудан тұрады. Аралық қабырғалар қаңқасы өзі тесетін болттармен қаптаулары бекітілетін тікбұрышты қималы құбырлардан орындалады.

Әйнектелген аралық қабырғалар тікбұрышты құбырлардан орындалған қаңқадан тұрады және әйнекпен және әшекейлі пластикпен толтырылған. Мұндай конструкция ғимаратты пайдалану процесінде аралық қабырғалардың орнын өзгертуге мүмкіндік береді.

Торлы аралық қабырғалар тіректерден және оларға ілінген қалқандардан тұрады. Тікбұрышты құбырлардан тіректерді еденге орнатады және анкерлі болттарға бекітеді. Мұндай аралық қабырғалар ғимарат ішіндегі бөлмелерді бөлуге арналған.

Өндірістік ғимараттардың едендері.Бірқабатты өндірістік ғимараттардың едендері топыраққа, көпқабатты ғимараттардың едендері аражабындарға төселінеді.

Өндірістік ғимараттар едендерінің технологиялық жабдықтар ерекшеліктеріне байланысты келесі қасиеттері болады: химиялық тұрақтылығы, соққыларда ұшқынсыз болуы, жоғарғы механикалық беріктігі мен шаң болмауы және т.б.

Еденнің көпқабатты конструкциясы келесі қабаттардан тұрады:

– барлық әсерлерді қабылдайтын жоғарғы қабаты; бұл қабаттың қалыңдығы еденге түсетін күштер әсерлерінің сипатын және шамаларын, негіз топырағының материалы мен қасиеттерін ескерумен анықталады;

негізге күштерді орналастыру үшін негіздің жоғарғы бетіне қалыңдығы 60 – 250мм төсеніш қабаты орнатылады. Қабат түрі жоғарғы қабаттың түріне байланысты (бетонды төсеніш қабаты үшін 100 мм кем емес, цементті–құмды – 60 мм кем емес, ірі тасты – 120 мм кем емес, қиыршық тасты – 80 мм кем емес қалыңдық қабылданады);

жоғарғы қабатты төсеніш қабатымен байланыстыратын аралық қабаты (цементті–құмды ерітіндіден аралық қабаты – 10–15 мм, сұйық әйнектен – 10–25 мм, құмнан – 10–15мм, мастиктен – 1–3мм);

– еден элементтерінің бетін тегістеуге және еденге қосымша еңіс беруге арналған тегістеуіш қабаты (цементті–құмды ерітіндіден тегістеуіш қабаты 20 – 50мм, ксилолиттен – 15мм, бетоннан – 20–40мм);

әртүрлі сұйықтардың еденге енуіне қарсы гидроизоляциялық қабаты;

еден конструкциясына жылу мен дыбысты беруді азайтатын, жылу және дыбысизоляциялық қабаты.

Өндірістік ғимараттардың сатылары тағайындалуына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

азаматтық ғимараттар сатылары сияқты, көпқабатты ғимараттардың қабаттары арасындағы байланыстарға арналған негізгілер. Адымдар ені 1350, 1500, 1750 мм, Адымдардың көтеру биіктігі 1,2 – 2,1 м, баспалдақтар өлшемдері 300 х 150 мм;

– жұмыстық алаңдармен байланысу үшін қызметтік:

а) қарқынды қозғалас үшін – диаметрі 18 мм металл стерженьдерден орындалған, баспалдақтарға тек қана қадамы 200 және 300 мм горизонтальды қырлары бекітілетін, жолақты немесе бұрышты болаттан (65х5 мм) орындалған екі қиғаш тіректен тұратын адымдар. Адымдар еңісі 45 және 60°, ені 0,6 – 1 м, биіктігі өткізу алаңдарымен 6 м дейінгі сатылар.
Адымдары ұстағыштары бар қоршаулармен жабдықталған;

б) жеке қолдануға – алаңға кран жүргізушіні көтеру үшін – 300 мм вертикальды қырының қадамымен ені 600 мм вертикальды саты. 4,2 м көтерілу биіктігінде саты қоршауымен орындалады. 12 м жоғары ұстындар биіктігінде саты адымдарымен және алаңдарымен 60° үлкен емес бұрышпен қиғаш орнатылады. Адымдардың қиғаш тіректері иілгіш швеллерлерден және 75х6 бұрыштардан, горизонтальды қырлары мен алаңдары рифленген болаттан және 18 мм диаметрлі болат стерженьдерден орындалған;

өрттік сатыларды биіктігі 10 – 30 м ғимараттарда вертикальды, биіктігі 30 м жоғары болғанда еңісі 80° үлкен емес және 8 м сайын аралық алаңымен қиғаш етіп орнатады.

Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік ғимараттардың аралық қабырғалары қандай талаптарға жауап беруі тиіс?

2. Еденнің көпқабатты конструкциясы қандай қабаттардан тұрады?

3.Өндірістік ғимараттар есіктерінің қандай конструкциялары болады?

II-бөлім. Құрылыс конструкциялары.

Дәріс тақырыбы. Құрылыс конструкцияларын жобалау.

Рылыс конструкцияларының даму тарихы

Құрылыс конструкцияларының пайда болуы қоғамның материалдық тұрмысымен және өндiргiш… Қазiргi уақытта түрлi жасанды тастар және арматура… Таспен бiрге ертеректе қолданылған конструкциялардың бiрi- ағаш конструкциялары. Кейiнiрек…

Рылыс конструкцияларына қойылатын талаптар.

Рылыс конструкцияларының жетiстiктерi мен кемшiлiктерi

Жобалау кезiнде материалдар шығыны көрсеткiштерiн, конструкцияның дайындалу қиыншылығын, уақытын,… Материалдық шығыны аз конструкция деп, бүкiл қимасы… 1.Салмағы. Салмағы жөнiнен жетiстiгi бар құрылыс конструкциясы деп, бiрдей…

Рылыс конструкцияларын жобалауда шектiк жағдайлар бойынша есептеу әдiсiн қолдану. Берiктiк қоры коэффициенттерi

Кеңес Одағында 1955 жылға дейiн материалына байланысты конструкцияларды есептеуде әр түрлi әдiстер… 1955 жылдың 1 қаңтарынан бастап, құрылыс… Бұрынғы қолданылған есептеу әдiстерiнiң өзiндiк кемшiлiктерi болатын.…

Рылыс конструкцияларын есептеудiң негiздерi

Рылыс конструкцияларын шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеу

Конструкцияның шектiк жағдайы дегенiмiз-конструкцияның дайындалу және пайдалану талаптарын қанағаттандырмауы. … Құрылыс мөлшерлерi және ережелерiнде шектiк… 1) конструкцияның көтергiштiк қабiлетiнiң жойылуы немесе пайдалануға тіптен…

Күштер мен әсерлер. Мөлшерлiк және есептiк күштер

Конструкцияның жұмыс iстеу қабiлетi негiзiнен күштер және әсерлерге байланысты, сонымен бiрге материалының… Кенеттен күштердiң мөлшерлiк мәнiнен қолайсыз… Есептiк күштер формуласымен анықталады

Дәрістер тақырыбы. ТЕМIРБЕТОН КОНСТУКЦИЯЛАРЫ.

Темірбетон негізі. Бетон және темiрбетон конструкциялық материалдар

Қатқан, күштi көтере алатын бетон өзiнiң құрылымы бойынша негiзгi бөлiгi-ұсақ… Цемент тасында (судың цементпен қосындысы) химиялық… Цемент пен толтырғыш тастардың қоспасына су қосқанда, химиялық реакция…

Бетонның негiзгi физико-механикалық қасиеттерi

Темiрбетон конструкцияларына арналған бетонның қажеттi берiктiгi болуы, арматурамен жақсы жалғасуы, арматураны… Бетондар келесi белгiлерi арқылы топталады: Құрамы бойынша- тығыз, кеуектi қуысты, iрi қуысты;

Арматура және арматуралық бұйымдар

Темiрбетон конструкцияларда арматураны көбiнесе созылу күштерiн қабылдауға және бетонның сығылу… Есептеу арқылы алынатын арматура-жұмыстық,…    

Темiрбетон. Алдын –ала кернеуленген темірбетон

Арматурамен бетонның біріккен жұмысы.Темiрбетон - созу күштерiнiң әсерiн қабылдау үшiн iшiне арматура -… Арматураны бетоннан жұлғанда күш арматурадан бетонға…  

Дәріс тақырыбы. Темiрбетон конструкциялары есебiнiң негiздерi

Темiрбетон элементтердiң кернеулiк- деформативтiк жағдайлары

Эксперименттер арқылы бетонның түзу сызық бойынша деформацияланбауы және созылған бөлiгiндегi… Әртүрлi темiрбетон элементтер - иiлген, орталықтан тыс… I- кезең: Бетондағы және арматурадағы кернеудiң мәнi - күш аз түскенде…

Темiрбетон конструкцияларының шектiк жағдайлар бойынша есебiнiң негiздері

Көптеген зерттеулердiң нәтижесiнде Совет ғалымдары /А.Ф. Лолейт, А.А. Гвоздев және тағы да басқалары/… 1955 жылдан темiрбетон конструкцияларды есептеу шектiк жағдайлар… Конструкцияның шектiк жағдайы деп, олардың тұтыну кезiнде қойылатын талаптарды…

Темiрбетон конструкцияларының шектiк жағдайлардың бiрiншi және екiншi топтары бойынша есебi

Берiктiкке есеп негiзiнен кернеулiк-деформативтiк жағдайдың III кезеңінде жүргiзiледi. Шектiк жағдайдың I тобы… Ал қиманың берiктiк қабiлетiн көрсететiн күш -… Берiктiк шарты

Дәріс тақырыбы. Иiлгiш темiрбетон элементтердiң берiктiк есебi

Иiлгiш элементтер түрлерi және қолданылу салалары

  Тақталар дегенiмiз қалыңдығы () енiне () және ұзындығына ()…

Иiлгiш элементтердiң қалыпты қима

Бойынша берiктiк есебi

  Арқалықтың екi күш аралығындағы… Арқалықта тiрек пен күштiң аралығындағы бөлiгiнде иiлу моментi М және…

Жалқы арматуралы тiктөртбұрышты қималы иiлгiш

Элементтердiң берiктiк есебi

Қима бойынша кернеудiң таралу заңдылығы күрделi болуына байланысты есеп жүргiзгенде есептi жеңiлдететiн… Жарық үстiндегi созылған бетон қабылдайтын iшкi… Қима есебiнiң негiзiне екi теңдiк шарты енгiзiлген.

Нөльдiк (бейтарап) сызықтық орнын анықтайтын шарт

теңдігімен өрнектеледi. Бұдан , (5.19)

Осыған байланысты сығылған арматураның толық ауданы

формуласымен анықталады, мұнда, бетонның және одан төмен класы үшiн . Элементте жалқы арматура қолданылған жағдайда, егер… Егер сыртқы момент, бетон және болат арматураның кластары берiлген болса, мұндай элементтердi…

Тавр қималы элементтердiң берiктiк есебi.

Бейтарап сызықтың орналасуының екi жағдайы

Практикада тавр қимасы жеке темiрбетон элементтер-арқалықтар, сонымен қатар конструкциялардың құрамында…     Тiктөртбұрышты қимамен… Осы себептерден сөресі сығылу бөлiгiнде орналасқан қима өте қолайлы,…

Бұл жағдайда

теңсiздiгi орындалады. Мұндай қималар тiк төртбұрышты қималар сияқты есептеледi, тек енi -қа… 2. Сығылу бөлiгiнiң төменгi шекарасы сөреден… Берiктiк шарты

Дәріс тақырыбы. Иiлгiш элементтердiң көлбеу қима бойынша

Берiктiк есебi

Иiлгiш элементтерде көлденең күш пен иiлу моментiнiң бiрiгiп әсер етуiнен өске көлбеу орналасқан… Бұдан ары күштiң өсуiне қарай көлбеу… Осыған байланысты көлбеу жарық үстiндегi бетонның сығылған бөлiгiнде…

– Конец работы –

Используемые теги: рістік, саба, тарды, конспекті0.063

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Дәрістік сабақтардың конспекті

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

0.022
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам