рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ЭКОНОМИКА ТУРАЛЫ

ЭКОНОМИКА ТУРАЛЫ - раздел Образование, АДАМНЫ ТҮсінік ...

ТҮСІНІК

1-сабақ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК

Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Экономика түсінігіне қатысты үш тәсілді ажырата білу қажет.

1) Экономика адамдар өмірінің ерекше саласы, шаруашылық іс-әрекеті ретінде қарастырылады.

2) Шаруашылықты жүргізу жөніндегі ғылым ретінде қарастырады.

3) Адамдар арасында шаруашылықты жүргізу барысында туындайтын қарым-қатынастар ретінде қарастырады.

Экономика негізі үш сұраққа жауап іздейді. Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Бұл сұрақтардың жауабы шаруашылықты жүргізу тәсілдерін таңдау және ресурстардың шектеулілігі мәселесімен яғни экономикалық әрекеттерде адамдардың рационалды

іс-әрекетімен байланысты.

Экономика ұғымы материалдық игіліктер, өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды.

Еңбек бөлінісі мен маманданудың пайда болып, дамуымен материалдық игілік өндірушілер бір-біріне тәуелділікке түседі. Еңбек бөлінісінің дамуы жоғарылаған сайын, олардың арасындағы тәуелділік күшейе түседі. Олардың әрекеттілігін үйлестіру қажеттілігі артады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді.

Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде «Қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керек, қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіру, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет?» деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер дәстүрлі, әміршіл-әкімшіл, және нарықтық болып үш түрге жіктеледі. Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді. Әміршіл-әкімшіл

экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді. Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады. (Қ. Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова. Адам. Қоғам. Құқық. Алматы, 2009)

1-тапсырма. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

1. Экономика ұғымы туралы түсінік;

2. Экономиканың басты тәсілдері және олардың айырмашылықтары;

3. Экономикалық жүйенің басты мақсаттары;

 

2-тапсырма. «Игілік» сөзінен жасалған мақалдар мен тұрақты тіркестердің мағынасын қалай түсінесіз?

ü Игілікке үйреткен опық жемейді (мақал)

ü Игілігін көрді, игілікке жаратты, игіліктің ерте кеші жоқ, игілікке жетті, игілігіңе ки (тұрақты тіркестер)

3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін негізге ала

отырып, аннотация жазыңыз.

v шаруашылық іс-әрекет, экономикалық жүйе, еңбек бөлінісі, мамандану, өндірістік даму, меншіктік қатынас, тауар өндіру, жаңашыл технология;

 

2-сабақ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ

Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Аарада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі держава – Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды. Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды. Қазақстан экономикалық байланыста басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы» Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.

1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ – Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

Қазақстанның ТМД елдерімен тығыз байланыста болуы – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан). Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. (Баспа материалдары)

 

1-тапсырма. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

· Қазақстанның 7 ірі державамен байланысының маңыздылығы

· Қазақстанның экономикалық байланыстағы басты үш мәселесі

· Қазақстан мен Ресей арасында достықтың нәтижелері

· Шанхай келісімінің Қазақстан үшін маңыздылығы

· Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңыздылығы

2 - тапсырма. Сөйлемдерді жалғастырыңыз.

1. Келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды

жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол

қойылды, ....

2. Қазақстан мен Қытай арасында 1718 шақырымдық шекара аумағын заңдастырып белгілелеу жөніндегі келісімге қол қойылды, ...

3.1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды, ....

4. Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды, ...

3- тапсырма Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын талдаңыз.

Ø Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару –

Ø Бір иығымен жер, бір иығымен көк тіреп тұр –

Ø Бітер істің басына жақсы келер қасына –

Ø Ақыл таразысына салды –

Ø Сөзге құлақ салды –

 

3-сабақ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА

Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Нарық – бұл еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасаушы, сатушы (өндіруші) және сатып алушы (тұтынушы) арасындағы қатынас еркіндігі. Еркін сатып алу сату үшін өндірушілер мен тұтынушылар иелігінде меншігі болуы тиіс. Нарықтық меншіктің түрлі нысандарынан, оның ішінде нарық шаруашылықтың негізгі экономикалық алғы шарттарының бірі болып табылатын жеке меншікке негізделеді. Мысалы, нарық кезінде ауылшаруашылық өнімдерін басқа салалар өнімдеріне айырбастауға болады. Кейде нарықты сауда деп атайды, алайда «нарық» дегеніміз «сауда» ұғымына қарағанда әлдеқайда кең түсінік.

Нарық айырбастауды жүзеге асырған кезде ұдайы өндіріс үдерісіне қатысушылардың қатынастарын реттейтін, яғни мүдделерді, сұранымды және ұсыныстарды өзара қанағаттандыратын тетік болып табылады.

Нарықты қалыптастырған кезде тағам өнімдерін өндірумен тұтыну сипатына байланысты болатын, оның сұраныс пен ұсыныстарын шарттастыратын заңдарын ескерген жөн. Азық-түлікке сұранысын дамыту, олардың адамдар тұтынуының физиологиялық шекараларымен (молығуы шегімен) байланысты белгілі бір шектері бар. Молығу шегіне жақындаған сайын сұранымның өсуі тіпті халықтың табысы өскен кезде баяулайды және табыстың төмендеуімен тағам өнімдеріне сұраныс салыстырмалы түрде өседі (Энгель заңы). Нарықтың ел экономикасындағы рөлі мен мәні ең алдымен нарықтың атқарымы мен мақсаттарына, сондай-ақ, атқарымдылық жағдайларына байланысты. Нарықтың рөлі мен мәні оның шаруашылықтағы жүзеге асыруға тиісті атқарымдарымен және мақсаттарымен анықталады. Нарық – күрделі экономикалық санат. Қоғамдық ұдайы өндірісте нарық ең алдымен тауар-ақша саласы ретінде көрінеді.

Біздің ел нарықтық экономиканы таңдап алды. Алайда нарықтық экономиканы тек қана нарық-рынок деп түсінбеуіміз керек. Ұлы мақсат – нарық емес, нарық ұлы мақсаттарға жетудің бір жолы ғана. Біздің халқымыздың мақсаты – алдыңғы қатарлы, тәуелсіз өркениетті қоғам құру. Ал өркениетті қоғам білім мен ғылымға негізделеді. Нарықтық экономикада да білімділер биіктен көрінеді. Нарықтық экономика дегеніміз – өзіңнің ішкі нарығына ие бола отырып, әлемдік нарыққа шығу, әлемдік нарықта өз еліңді, өзіңнің отандық тауарыңды таныту. Отандық тауар өндірісте жасалады. Өндірісті дамытпай, біз жұмыссыздықтан арыла алмаймыз. Отандық өндірісімізді халық болып қорғауымыз – оң. Нарықтық экономика жүйесінде сұраныс пен ұсыныс заңы ең басты болып табылады. (Ө.Қ.Есқараев «Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу» Алматы, Экономика. 2007 жыл)

Түсініктеме!

өнімділік– түсімді мол берушілік, нәтижелілік;

иелік– ие болушылық, қожалық, басшылық;

тетік – түйінді мәселе, негізгі ой;

шарттастыру – байланыстыру, өзектестік, іліктестік, сабақтастық;

молығу– көбею, баю, молаю;

атқарымдылық– белгілі бір жұмысты істеп шығу, орындау; белгілі бір борышты, міндетті өткеру, өтеу;

санат– бір нәрсенің қатары, есеп;

шек– мөлшер, меже;

1-тапсырма. Берілген нұсқауларды негізге ала отырып, тұжырымдама жасаңыз.

1.Аса маңызды деп санаған ақпаратты атаңыз;

2.Мәтін мазмұнына өз пікіріңізді жазыңыз;

2-тапсырма. Сөйлемді өз ойыңызбен аяқтаңыз:

А) Экономикалық жүйе ................

Ә) Өндіріс қызметі ........................

Б) Тауар шығару ...........................

В) Ұлы мақсат ...............................

Г) Әлемдік нарық ..........................

 

3-тапсырма. Әр азат жолды бір тақырыпшамен атап, атауға негіз болған мәліметтерді түсіндіріңіз.

1. «Нарық» және «сауда»...

 

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

АДАМНЫ

А ЖА ЫБАЕВА Г Ш АКИМБЕКОВА... АЗА ТІЛІ Жо ары де гей о у ралы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ЭКОНОМИКА ТУРАЛЫ

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Сауалнама
Жасыңыз: ____________________________ Мамандығыңыз: _______________________ 1. «Экология» деген сөздің мағынасын білесіз бе? · ия * жо

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги