Дәріс тақырыбы: Зілзала және оның салдарымен күрес.

Жоспар:

- жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары;

Тірек сөздер:зілзала, жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары.

Зілзала дегеніміз тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылыс. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жер, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші, дамуының сипаты мен сатысы, қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір бірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі.

Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб.: زلزال‎) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Пайда болу тегіне қарай жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

Сел–тау өзендерінің өз арналарының деңгейінен кенеттен көтеріліп тау жыныстарының бұзылуына алып келіп соғатын қуатты ағын.

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы.

Опырмалар - тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы.

Дауыл - күші қиратушы және жылдамдық ұзақтықтығы секундке 30 метрлерiне жететiн жел. Дауылдардың себебi - жақын аралықтағы атмосфералық қысымның үлкен айырмашылығы жиi циклондармен байланысты.

Шаңдақ дауыл - бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.

Таудың су тасқыны-нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады.

Құйын — бұл циклонның орталық бөлігінде тез арада өршіп кететін атмосфералық қатты жел.

Боран- теңiзде қатты жел немесе теңiз дауылының түрiнде бола алады. Құрғақта боран - бұл күштi жауындар, найзағай, қатты желдер.

Бақылау сұрақтары:

1. Зілзала дегеніміз не?

2. Жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер дегеніміз не? Сақтану шаралары қандай?

3. Жер сілкінісінің ошағы, гипоцентр, эпицентр дегеніміз не?