Дәріс тақырыбы: Терроризммен күресу жолдары.

Жоспар:

-Терроризм, терроризм актiсi, террористiк ұйым, террористiк акция.

-ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.

-Терроризммен күресу жолдары.

Тірек сөздер:терроризм, терроризм актiсi, ұйым, ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.

 

Соңғы жылдары құқықтық органдардың жұмыс бағытының бірі, ішкі және халықаралық терроризм болып анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу табылады.

Терроризм латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны береді.

«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.

Терроризм –мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террристік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптар туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмiрiне оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық жасау.

Террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады.

Террористiк акция - терроризм актiсiн не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористiк мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тiкелей жасау.

Әсер ету масштабына қарай терроризм ішкі (субъектілер –сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды) және халықаралық (бір мемлекеттің шекарасынан шығып кететін террористік қимыл) болып бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Терроризм дегеніміз не?

2. Терроризм актiсi, террористiк ұйым дегеніміз не?

3. Террористiк акциядегеніміз не?

4. ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.

5. Террористік iс-әрекеттерге нелер жатады?

6. Террористiк ұйым дегеніміз не?

 

 

11–дәріс тақырыбы: Өсімдік және хайуанаттар уларымен уланған кездегі алғашқы көмек:

Жоспар:

- Улы саңырауқұлақтармен улану. Алғашқы көмек шаралары.

- Өсімдік уларымен улану. Алғашқы көмек шаралары.

- Тамақтан улану. Алғашқы көмек шаралары.

-Хайуанаттардың уымен улану:жыланның шағуы, сонаның, араның шағуы, шаяндардың шағуы, қарақұрттың шағуы, өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдің шағуы, кененің кіруі. Алғашқы көмек шаралары.

Тірек сөздер: улану, алғашқы көмек шаралары.

Улы саңырауқұлақтармен улану.Улы саңырауқұлактардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ.

Алғашқы көмек. Асқазанды сумен, әлсіз (қызғылтым) марганец қышқылды калий ерітіңдісімен шаю қажет. Бұны зондтың көмегімен немесе күштеп құсу әдісімен жасауға болады, бұдан кейін айдағыш (зығыр майы және тұзды айдағыш) береді, бірнеше рет тазалағыш клизманы қояды. Бұдан кейін сырқатты жылы қымтап, қыздырғыш қойған соң ыстық тәтті шай, кофе берген жөн. Емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Өсімдік уларымен улану.Өкілдері:цикута, аконит.

Алғашқы көмек.Асқазанды шайған соң активтелген көмірді, танинды және тұздық айдағышты ішу қажет. Емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Тамақтан улану.Сапасыз (инфекцияланған) мал өнімдерінен жасалған тағамдарды қабылдаған кезде (ет, балық, шұжық өнімдері, ет және балық консервілері, сүт пен одан жасалған тағамдары – крем, балмұздақ және т.б.) улану пайда болады. Улануды осы тағамдардағы микробтар мен олардың тіршілік өнімдері токсиндер туғызады. Ет пен балық хайуанаттардың тірі кезінде улы болу мүмкін, алайда бұл көп жағдайда тамақты даярлау барысында және тамақ өнімдерін дұрыс сақтамаудан пайда болады. Әсіресе ұсатылған ет оңай бұзылады (паштет, тартылған ет, қатырылған сіңір). Тамақтан улану кенеттен пайда болуымен жөне өте қысқа инкубациялық үзіліспен сипатталады.

Алғашқы көмек– асқазанды әлсіз сода ерітіндісімен, марганец қышқыл калиймен шаю, айдағыш тазартқыш клизма беру көп ыстық су ішкізу.

Хайуанаттардың уымен улану:Жыланның шағуы.Жыланның шағуының әкелер зардабы да өте ауыр. Сондықтан жылан мекендейтін жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық аяқ киімді, ең жақсысы етікті киген жөн.Жыланның шағуынан зардап шегуші жағдайының ауырлығы оның түріне байланысты. Қазақстанда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі.

Алғашқы көмек.Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оның серіктерінің бірі жасай алады. Ауыз қуысында жара болмаукерек, өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп, жылдам сауыға бастайды.

Сонаның, араның шағуы.Сонаның, араның шағуы қатты ауыртады және ине сұғып алғандай сезінеді. Шаққан жер күрт күлбірейді, алайда организмге жалпы әсері елеусіздеу: аратұра бас ауырады, жүрек айниды, қалтырауды сезінеді.

Алғашқы көмек.жедел көмекті шақыру; ол келгенге дейін терідегі ара біздерін (сона бізгек қалдырмайды) оны үлкен саусақтың тырнағымен қыса отырып, алып тастау керек; бұдан кейін жараға суық компресс қою немесе оған антигистаминдік май жағу; адамды аяғы оның басынан биік болатындай етіп жатқызу (жастықты, бүктелген киімді және т.б.

 

қоюға болады); оның дем алуын жеңілдету (белбеуді, жағаны ағыту) және оны бір бүйірмен жатқызу (құсатын болса); зардап шегушіге көрпе жабу; оған су мен тамақ бермеу,

темекі тартқызбау; есінен танған немесе құса бастаған жағдайда оның жақсы дем алу үшін етпетінен жатқызу керек.

Шаяндардың шағуы.Шаяндардын шағуы Қазақстанның оңтүстік аудандарында жиі кездеседі.

Алғашқы көмек: шаққан жерге кез-келген өсімдік майын жағу; шаққан жерге ыстық қыздырғыш кою; анальгин мен антигистаминдік дәрі-дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен); зардап шегушінің жағдайын кәсіби бағалау және соған байланысты сырқатты жазу мен жалпы улануды емдеу шараларын таңдау қажеттігінен жедел дәрігер шақыру.

Қарақұрттың шағуы.Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады.

Алғашқы көмек. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдің шағуы.Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдін шағуы қауіпсіз, алайда олардың шағуы қатты сырқыратады, шаққан жер ісінеді, алайда олар теріден өтіп, улы бездерін енгізе алмайды.

Алғашқы көмек. Шаққан жерге марганец қышкылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа кояды.

Кененің кіруі.Кенеден дұрыс киілген киім қорғай алады, оның барлық ашық жері түймеленіп, қымталуы тиіс.

Кененің шаққаны білінбейді: ол жараға ауыртпайтын затты сіңіреді. Сондықтан кене бірден байқалмайды. Кене көп жағдайда қолтықтың астын, мойынды, құлақтың ішін, шапты сорады. Басқа жерлерді де шағуы мүмкін.

Алғашқы көмек:Қанды сорған кенені қысуға немесе қатты сілкуге болмайды.Бұл тек энцефалитпен зақымдануды күшейтеді. Ең алдымен кене мен терінің төңірегіне май немесе сұйық май құйып, сөлден соң ұшына дәкі байланған пинцетпен немесе саусақпен ұстап, оны теріден баяу қозғалыспен алып тастау қажет.Басқа жағдайда кененің басы терімен түйіскен жерде жіпті ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады.Кенені алғаннан кейін шақкан жерінен қолды залалсыздандыру қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Улы саңырауқұлақтармен улану, алғашқы көмек.

2. Өсімдік уларымен улану, алғашқы көмек.

3. Тамақтан улану, алғашқы көмек.

4. Хайуанаттардың уымен улану, алғашқы көмек.