Терінің паразитарлы аурулары

Қотыр – қотыр кенесінен жұғатын терінің жұқпалы паразитарлы ауруы.

Сақтандыру. Қотыр шыққандарды өз уақытында анықтау, оларды емдеу, аурумен бірге тұратын адамдарды немесе ауру бала аныкталған балалар бақшасын дәрігерлердің тексеруі. Қотырдан сақтандыру үшін жақсылап жуыну, тазалық сияқты жеке гигиена тәртібін сақтаудың маңызы үлкен.

Педикулез (биттеу)

Биттеу – адамның биттен зақымдануы. Биттер – қан сорғыш жәндіктер, адамның паразиты және ұсақ қоректіліктер, олардың бүкіл өмірі адамда өтеді. Биттің 150 түрі белгілі. Адамда киім-кешек, бас және шат биті болады.

Жеке сақтандыру. Денені жиі жуу (аптасына кемінде 1 рет) және іш киіммен төсек жаймасын ауыстыру, бастың, әсіресе балалардың басын тісі жиі тарақпен тарау, битті адамдармен қатынасты шектеу арқылы жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы әлеуметтік маңызды аурулар.

2. Терінің паразитарлы аурулары.