Дәріс тақырыбы: Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Жоспар:

-Өмір салты және денсаулық;

-денсаулық және жастардың өмір салты;

-денсаулық және экология.

Тірек сөздер:салауатты өмір салты, денсаулық, экология.

Салауатты өмір салты – бұл әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдысының жеке жүйесі.

Адам денсаулығының басты құрайтын көздері оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді және адамның рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады.

Денсаулық пен еңбек қабілеттілігін қолдау үшін адам белгілі тамақ, нәрлендіргіш заттарды – белокті, майды, көмір қышқылын, витаминді, минералдық тұзды таңдауға мәжбүр.

Белоктар – организмдегі әрбір клетканың құрамына кіреді. Олар хайуанаттар мен өсімдіктерде болады.

Май – организмдегі энергия қорының негізгі күші және әрбір клетканың қажетті құрамдас бөлігі.

Көмір қышқылы – өсімдік тектес негізгі азық-түлік түрінде болады, ол жармаларда крахмал түрінде немесе бір бөлігі гликогенге айналатын әр түрлі қант түрінде кездеседі.

Витаминдер – организм тіршілігі үшін аса қажет. Оның жетіспеушілігі бір қатар аурулардың дамуына алып келеді.

Дұрыс күн тәртібі (еңбек және демалыс режимі) организм денсаулығын сақтау, сыртқы ортаның жағымсыз факторларына оның еңбек қабілетін арттыру үшін маңызды алғышарт болып табылады.

Бүгінгі күннің міндеті – әркайсымызда тәніміздің сау болу, салауатты өмірдің дағдыларын игеру, жастайымыздан дұрыс дене шынықтыру негіздерін үйрену қажеттігін тәрбиелеу.

Көптеген өсімдіктер сыртқы ортадан тек неорганикалық заттарды алады (су, топырақ, топырақтағы минералды тұз), сондай-ақ ауадан көмір қышқыл газын алып, олардан органикалык заттарды – қант пен крахмалды жасайды. Өсімдіктермен салыстырғанда хайуанаттарға тамақтану үшін күрделі органикалык заттар: белок, май, және көмір қышқылы кажет. Хайуанаттардың өздері оларды неорганикалық заттардан жасауға қабілетсіз. Тірі организмдер қоректеніп, дем алады, сыртқы неорганикалық ортамен тұрақты өзара байланыста болып, бір-бірімен өзара іс-әрекет етеді.

Организмге әсер ететін сыртқы неорганикалық орта жағдайларының жиынтығы антибиотикалық факторларды, ал организмге басқа организмдер тіршілігі ықпалының жиынтығы биотикалық факторларды құрайды.

Түйіндей айтқанда баршамыздың денсаулығымыз қоршаған ортаның жәй-күйіне тікелей байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Денсаулық және салауатты өмір салты.

2. Тазалық - саулық негізі.

3. Дене шынықтыру және рухани күш қуат.

4. Жастар денсаулығы және салауатты өмір салты.

 

 

Негізгі әдебиеттер:

1. С.Арпабеков Өмір – тіршілік қауіпсіздігі.-Алматы, 2004.-256 бет

  1. С.Н. Стрельцов, А.Б. Мельников Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері.-2000.-192 бет

3. Учебное пособие для студентов ВУЗ по курсу «Безопасность жизнедеятельности».-Книга 1.-Алматы: АЧС РК, Республ. Курсы ЧС и ГО, 2002.

4. Учебное пособие для студентов ВУЗ по курсу «Безопасность жизнедеятельности».-Книга 2.-Алматы: АЧС РК, Республ. Курсы ЧС и ГО, 2003.

5. Буянов В.М. Первая медицинская помощь.-М.:Медицина6 1996

6. Атаманюк В.Г. Гражданская оборона.-М.:Высшая школа.1986

7. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5.07.1996 ж.

8. «Авариялық-құтқару қызметтері жөне құтқарушылар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 27.03.1997 ж.

9. «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 7.05.ЛУ97.Ж.

10. Тосын жағдайды адам қауіпсіздігінің негіздері. Ю. МВ. Репин, Р.А. Шабунин, В. А. Середа. Алматы, "Демеу", 1994 ж.

11. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері. В. Ситникова, М.,1997 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Тірі қалу академиясы. В. Волович. Москва, "Точк",1995 ж.

2. Стихийные: явления в природе. Н. А. Алексеев М."Мысль", 1998 ж.

  1. Е.Е.Дүйсенов. Сел тасқындары. -Алматы, «Қазақстан» 1996. -87 б.

4. Абайлаңыз: Сел! А. Т- Қараманов, А. С. Деговец.Алматы, "Қайнар", МП "Саржайлау", 1992 ж.

5. Жер сілкінісі: өмірді сақтауға болады! Деректер, болдар,кеңестер. А. Нұрмағамбетов, А. Сыдыков. Алматы"Ғылым", 1990 ж.

6. Животные предсказывают землетрясение. П. И.Мариковский. Алма-Ата. "Қайнар",1991 ж.

  1. Қ.М.Тұрланов, С.А.Қалқабаева. «Жедел медициналық жәрдем».-Алматы: 2004.- 321 б.
  2. З.А.Талханбаева «Өмір қауіпсіздігін сақтау». (студенттерге арналған қысқаша лекциялар жинағы) Түркістан. ХҚТУ баспаханасы. 2004ж – 187 б.
  3. Аманжолов Ж.К., Балабас Л.Х. Безопасность жизнедеятельности.- Астана: Фолиант, 2009 -125с.
  4. В.Ситникова. Основы безопастности жизнедеятельности. М., 1997.
  5. Белов С.В. Безопасность жизнедеятельность. –М.: Высшая школа, 1999 -448с.
  6. Кукин П.П. Безопасность жизнедеятельности.-М.: Высшая школа, 2003 -439с.
  7. Шубин Е.В. Гражданская оборона. –М.: Просвещение, 1991 -154с.