Оқу тәртібінің бағыты

«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» пәні университеттің барлық мамандықтағы студенттері үшін міндетті пән болып табылады және адам өміріне төнетін жалпы қауіп – қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Сонымен бірге адам тіршілігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы қауіпсіздігін, төтенше жағдайдың зардабын жою мақсатында жасалатын жұмыс түрлерін, азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттерін, әртүрлі зақымдануда көрсететін алғашқы көмек түрлерін, аса қауіпті әлеуметтік аурулар және оны алдын алудың тиімді шараларын, салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздерін қарастырады.