Практикалық жұмыс

Тақырыбы: ҚӘУЗ, түрлері. Химиялық зақымдау ошағы. ҚР 1996 ж. 5 - шiлдедегі «Табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ туралы» Заңы.

 

Мақсаты:ҚӘУЗ түрлерін талқылау, алғашқы көмек шараларымен танысу.

Оқыту әдісі: топтық нұсқау -оқытушы кілтті деректерді немесе «тақырыптың негізгі кезеңдерін» береді, осының негізінде бұдан әрі сабаққа қатысты сұрақтармен жауаптар қалыптастыру.

Кілт сөздер: төтенше жағдай, түрлері, сипаттамалары, «Табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ туралы» Заң, ҚӘУЗ, түрлері, алғашқы көмек.

Әдістемелік нұсқаулар:Мәселелік сауалдар қою және олардың шешілу жолдарын табу, кестелерді толтыру.

 

Сабақтың барысы:

Бақылау сұрақтары:

  1. Төтенше жағдай, оның туындау себептері. Төтенше жағдай аймағы дегеніміз не?

2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары.

3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар: өндіріс орындарында болатын апаттар, көлік жүйесіндегі апаттар, түрлі жарылыстар мен өрттер; себептері.

  1. Қылмыстық сипаттағы төтенше жағдайлар.
  2. Қаладағы көлікпен байланыс туындайтын төтенше жағдайлар.
  3. Төтенше жағдайдағы адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігі.
  4. ҚӘУЗ дегеніміз не?
  5. Зариннің, хлордың, иприттің, аммиактың сипаттамасы.

9. Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары.

  1. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар.

11.Химиялық қауіпті обьектілердегі апат топтары (жеке, обьектілі, жергілікті, региональды, глобальды).

Тапсырма:

  1. Кестені толтыр:

 

ҚӘУЗ топтары ҚӘУЗ түрлері Әсер ету механизмі Алғашқы көмек шаралары
         
         
         

 

  1. ҚР 1996 ж. 5 - шiлдедегі «Табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ туралы» Заңымен танысу.

 

Негізгі әдебиеттер: 1-11.

Қосымша: 1-13.