Практикалық жұмыс

 

Тақырыбы:Транспорттық авариялар: темір жол, теңіз, әуе, автомобильді және т.б. апаттар.

 

Мақсаты:Транспорттық авариялар түрлерін талқылау.

Әдістемелік нұсқаулар:Тақырып бойынша жалпы шолу – ұсынылған тақырып бойынша ақпараттық ресурс басылым мен Интернеттен шағын әдеби шолу (эссе) жазу. Ребустар құрастыру.

Сабақтың барысы:

Бақылау сұрақтары:

1. ТЖ аумағындағы жағдайды бағалаудың бірізділігі қандай?

2. Барлауға қандай талаптар қойылады?

3. Барлау түрлері мен оны жүргізу тәсілдерін атаңдар.

4. Барлаудың негізгі міндеттері қандай?

5. Радиациялық және химиялық бақылау постарын тағайындау туралы, оның құрамы, міндеттері мен жабдықталуы туралы не білесіңдер?

6. Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлары.

7. Зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау қалай жүргізіледі?

8. Зақымдау ошағындағы химиялық ахуалды бағалау қалай жүргізіледі?

Тапсырма:

1. Ақпарат көздерін пайдаланып транспорттық авариялар (темір жол, теңіз, әуе, автомобильді және т.б. апаттар) түрлеріне баяндама дайында.

2. Төмендегі сызба нұсқа бойынша техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар топтарын сипатта.

 

 

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай

 

Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар   Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар   Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар   Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)   Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар   Коммуналды және электр жүйесіндегі апаттар