ГЛОССАРИЙ

Әдістемелік нұсқау:Студенттер берілген тақырыптар бойынша түсінік алу үшін терминдердің шағын түсініктемесін – глоссарий жазу.

Өмір тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы.

Қауіпсіздік - сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.

Азаматтық қорғаныс (АҚ) дегенімізбасқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, табиғи және техногенді төтенше жағдайдан қорғау мақсатында өткізетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.

Шаруашылық объектісі дегенімізөнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс әрекет ететін адамдар ұжымы.

Ұйым дегенімізбағдарламаны немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

Дүлей зілзала дегеніміз тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылыс.

Авария дегеніміз технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

Апат дегеніміз адамның тұтқиылдан пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам денсаулығына қауіп төнуімен және экономикалық, экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи зілзала.

Төтенше жағдай дегенімізадам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортағажәне шаруашылық жүргізуші обектілерге нұқсан келтіретін, халықты материалдық шығындарға ұшырататын, апат салдарынан болатын жағдай.

Химиялық зақымдау ошағыҚӘУЗ - дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.

Соққы толқынынегізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері.

Өткір радиацияядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.

Жердің радиоактивті ластануы— ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады.

Электромагниттік импульс- ядролық жарылыстың зақымдаушы факгоры, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар

ағыны мен оң иоңдардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрді және магнитті сәулелер.

Дауыл - күші қиратушы және жылдамдық ұзақтықтығы секундке 30 метрлерiне жететiн жел.

Құйын — бұл циклонның орталық бөлігінде тез арада өршіп кететін атмосфералық қатты жел.

Күйік - жоғары температура (от, ыстық бу, қайнаған су), химиялық заттар (қышқылдар, негіздер) немесе иондаушы радиациялық сәуле әсер етуі нәтижесінде ұлпалардың зақымдануы.

Термиялық күйік - денеге жалын, қайнаған су, газ, қызған және балқыған металлдардың тікелей әсерінен пайда болған күйік.

Химиялық күйік -бір қатар химиялык заттардың (қатты қышқыл,

сілті), сәулелік күйік- иондаушы радиацияның әсер етуі кезінде пайда болады.

Алғашқы көмекзақымданушының өмірін сақтап қала алатын, жаралану немесе аурудың асқынып кетуін және ауыртпалығынан сақтандыратын қарапайым шаралардан құралады.

Реанимация, латын сөзі, тірілу түсінігін білдіреді, яғни жұмыс істеу қабілеті бұзылған немесе тоқтап қалған адам организмінің жұмысын қалпына келтіруді айтады. Бұл шара клиникалық өлімде, тыныс алуы тоқтаған, қан айналысы бұзылған жағдайда қолданылады.

Инфекция -адам мен жануарлар организміне ауру қоздырғыш микробтардың енуі және олардың организмде өсіп - өнуі, оны түрлі кеселге ұшыратуы.

Қауіп-қатер -ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс -әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.

Тірі қалу факторлары - төтенше жағдайдағы іс- әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін- өзі құтқару негіздерін білу, тіршілік дағдылары, авариялық құралдар мен кешендердің болуы, дене шынықтыру, өзін- өзі құтқаруды дұрыс ұйымдастыру.

Обсервация - инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оқшауландыру – шектеу, емдеу –сақтандыру және арнайы – эпидемияға қарсы шаралардың жүйесі.

Пандемия - жұқпалы аурулардың тұтас елдердің (құрлықтардың) үлкен аумағына жаппай таралуы.

Ядролық қару - жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару.

Салауатты өмір салты - әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдасының жеке жүйесі.

Эпидемия - адамдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

Эпизоотия - малдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

Эпифитотия- өсімдіктердің жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

Антисептика -жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою.

Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі.

Дезинфекция - адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны.

Дезинсекция - жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын, азық-түлікті бүлдіретін жәндіктерді жою.

Дератизация -аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштермен күрес шаралары.

Карантин -жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар кешені.

Дезактивация- зақымдалған обектіден радиактивті заттарды жою.

Дегазация -қатты әсер ететін улы заттарды бейтараптандыру немесе жою.

Дезинфекция -сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою.

Панаханалар - жан-жақты қымталған, радиациялық сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана.

Дозиметрлік құрал - радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал.

Аштық - азық - түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайдағы организмнің күйі.

Стенокардия - жүрек күретамырының тарылуынан жүрек бұлшық етіне қанның баруының бұзылуынан туындайтын ауру түрі.

Дозиметрлік құрал- радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал.

Акватория - белгіленген шекарасы бар су учаскесі.

Токсикомания - кейбір техникалық сұйықтарды пайдалану, ішу не тарту.

Оба (чума) - түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы адамға да берілетін ауру.

Жер сілкінісінің ошағы - сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы.

Гипоцентр - алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі.

Эпицентр - гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.

Жер сілкінісі - жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Өндірістік авария- өнеркәсіп орнында, көлікте және басқа шаруашылық объектілерінде жұмыстың кенеттен тоқтауы немесе өндіріс процесінің бұзылуы.

Жарылыстар - қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы.

 

Дәріс конспектілері: