Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия тұрақты жүмыс істейтін орган.

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау. Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі болған кезде) және жау шабуылы қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және«Баршаңыздың назарыңызға!» АҚ ескерту дабылының берілгендігін білдіретін өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шүғыл хабарын тындаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.

Бақылау сұрақтары:

1. ӨТҚ пәні, мақсаты, әдісі, міндеті.

2. ӨТҚ-ні оқытудағы актуалды мәселелер.

3. Қауіпсіздік ұғымына сипаттама.

4. Қауіп түсінігі және топтастырылуы.

  1. Азаматтық қорғаныс (АҚ) дегеніміз не?
  2. Шаруашылық объектісі дегеніміз не?
  3. Ұйым дегеніміз не?
  4. Төтенше жағдай жөніндегі ҚР Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдары.
  5. Төтенше жағдай жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия.
  6. Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау.

 

 

2–дәріс тақырыбы: Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері:

Жоспар:

-Жоғары оқу орындарының Азаматтық қорғанысын (АҚ) ұйымдастыру;

-АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі;

-«Азаматтық қорғаныс» туралы Қазақстан Республикасының Заңы

- Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері

-Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы

Тірек сөздер:Азаматтық қорғаныс құрамалары, ҚР «Азаматтық қорғаныс» туралы Заңы.