Дәріс тақырыбы: Зақымдану ошағы.

Жоспар:

- АЭС-дағы авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы;

-радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жердің радиоактивтік ластануы;

-аумақтың радиоактивті ластануы;

-адамға сәуле алудың қауіпі, жануарлардағы сәулелену ауруы;

-қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ), топтары, түрлері;

-радиоактивтік, ҚӘУЗ-мен және бактериалдық құралдармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.

Тірек сөздер:Радиациялық авария,радиация көздері, радиоактивтік ластануы,ҚӘУЗ.

 

Атом энергетикалық станцияларды пайдалану кезінде бір қатар елдерде авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарылды. Радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан шығу нәтижесінде адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін көтеріңкі радияциялық қауіп деңгейі радиациялық авария деп аталады.

Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді:

1. Шектеулі авариялар (радиациялық салдары бір ғимаратпен шектеледі, қызметкерлер сәулеге үшырауы мүмкін).

2. Жергілікті авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағымен шектеледі).

3. Жалпы авариялар (радиациялық салдары АЭС шекарасына таралады).

Радиоактивтілік және иондық сәулелену жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін болды. Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Ани Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран тұзының сәулеленуін анықтады.

Ядро жарылысының бес түрлі қирату факторлері бар:

Ауа толқынының соққысы – жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшаңдықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы.

Жарықты сәулелену немесе жарықтың сәуле шығаруы – ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны.

Өткіш радиация – ядролық жарылыс кезіндегі гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.

Жердің радиоактивті ластануы – ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болатын құбылыс.

Электромагниттік импульс – гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелер.

Ядролық қару – жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару.

Адамға радиацияның әсері. Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге үшырайды.

Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық

 

сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, озонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәлелену жоғары.

Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер үшырайды.

Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.

Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі.

Қатты әсер ететін улы заттар дегеніміз -өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.

ҚӘУЗ топтары: тұншықтырғыштық әсері басым заттар, жалпы улылық әсері басым заттар, метаболдық улар, жүйкені жансыздандыратын улы заттар, терінің құрысуына әсер ететін улы заттар, көздің жасын ағызатын және тітіркендіргіштік әсері бар улы заттар, психикалық әсер ететін улы заттар, жылдам әсер ететін улы заттар, баяу әсер ететін улы заттар.

Халықты радиациядан қорғау радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, аумақтын ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлікбақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды.

Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тындағаннан кейін халық панаханаға жасырынуға тиіс.

Бақылау сұрақтары:

  1. АЭС-дағы авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы.
  2. Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жердің радиоактивтік ластануы дегеніміз не?
  3. Аумақтың радиоактивті ластануы дегеніміз не?
  4. Адамға сәуле алудың қауіпі, жануарлардағы сәулелену ауруы.
  5. Радиоактивтік, улағыш, ҚӘУЗ-мен және бактериалдық құралдармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.