Жаттығу жұмыстары.

1 -жаттығу.Төменде берілген үлгіге сәйкес схема құрып ондағы барлық объектілерді біріктіріңіз.

1. ABB1A1 тіктөртбұрышын салыңыз;

2. A1D1 көлбеу сызығын жүргізіңіз;

3. A1D1 көшіріп алып үш рет ВС, B1C1 және AD үшін қайталап қойып шығыңыз;

4. CC1, DD1, DC және D1C1 сызықтарын жүргізіңіз;

5. қажет кесінділерді белгілеп алып сызықтың типін өзгертіңіз, Тип штриха– пунктир;

6. Линия құралын және Линия со стрелкой стилін пайдалана отырып координата осьтерін салыңыз. Автофигура стилін таңдау үшін сол объектінің контекстік мәзіріндегі Формат автофигуры командасы орындалады.

7. Әріптік белгілеулерді жазу үшін Рисование панеліндегі Надписьбатырмасына шертіп, пайда болған рамканы қажет өлшемге дейін тышқан көмегімен созады;

 

 

8. Цвет линии батырмасына шертіліп (рамка белгіленген болуы керек ), пайда болған палитрадан Нет Линии, сол сияқты Цвет заливки палитрасынан Нет заливки таңдалынады , рамка түссіз болып шығады. Әрі қарай қажет әріпті рамкаға орналастыруға болады.

9. Өз рамкаңызды белгілеп, көшіріп алыңыз да он әріп үшін он рет қойып шығыңыз (буферге көшірілген рамканы жаңа жерге қоймас бұрын бастапқы рамкадағы белгілеуді алып тастаңыз). Новая рамка может, после вставки, поместиться поверх предыдущей. Рамкалар бірінің үстіне бірі орналасқан жағдайда үстіңгі рамканы жылжытып отырыңыз. Төменгі индексФормат -> Шрифткомандасы орындалғанда пайда болатын терезеніңШрифт жапсырмасындағы Нижний индекс бөлімін қосқаннан кейін қойылады.

10. Бұл сызықтардың барлығын біріктіріп тұтас бір графиктік объект жасау үшін Выбор объектов, батырмасына шертіледі де пайда болған пунктирлі рамка барлық объектілерді қамтығанша ұлғайтылады, Действия мәзірінен Группироватьпункті орындалады.