Жаттығу. Диаграмма тұрғызу.

 

 
 
6-сурет

 


1. Жұмыстық бетте (Лист2) 6-суреттегідей кесте құрыңыз;

2. Кестедағы Итогобағанында СУММ функциясын пайдаланып , оның аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған ұшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;

3. Осы кесте үшін екі диаграмма құрыңыз:

§ Ивановтың ай сайынғы алған премияларын көрсететін дөңгелек диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:

1) Қажет мәліметтер тұрған диапазонды белгілеп алыңыз;

2) Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп , пайда болған терезеден Круговаятипін таңдаңыз;

3) Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.

§ Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер үшін өз бетіңізше орындап көріңіз .

4. Беттің (Лист2) атын Диаграммыдеп өзгертіңіз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

8-кестедан алынады)

  1. Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,1 қадаммен тұрғызыңыз /8-кесте, 1-тапсырма/.
  2. Төмендегі қосымша кестеда /8.1 -кесте/ берілген өндіріс көрсеткіштерін пайдаланып диаграмма құрыңыз. Диаграммада ... көрсету керек болғандықтан, соған сәйкес /8-кесте, 2- тапсырма/ типті таңдаңыз.

8.1-кесте

Шикізат өндіретін өндіріс салаларының жылдық көрсеткіштері
Шикізат түрі 2001ж. 2002 ж. 2003 ж.
Электр энергиясы, млрд. кВт/сағ.
Мұнай, млн.тонна
Табиғи газ, млрд. м3
Көмір, млн. тонна
Темір рудсыа, млн. тонна
Ағаш, млн. м3
Балық және т.б. теңіз өнімдері , млн. тонна

 

 

Кестеге шикізат өндірудің орташа көрсеткішін және ең жоғарғы,

ең төменгі көрсеткіштерді анықтайтын бағандар қосыңыз.

8-кесте

Нұсқа № 1 - тапсырма 2- тапсырма
x ; Уақыт бойынша өзгерісті және шикізат түрлері бойынша көрсеткіштер арасындағы қатынасты  
y=   Шикізаттың әрбір түрі жалпы өнімнің қанша бөлігін алатынын (2003 жылғы)  
y= Әрбір жылғы мұнай өндіру көрсеткішін  
y=   Әрбір жылғы көмір өндіру көрсеткішін  

Бақылау сұрақтары:

  1. Excel кестелық процессорында функцияларды қандай тәсілдермен енгізуге болады?
  2. Функциялардың қандай категорияларын білесіз?
  3. Статистикалық функциялардың қызметі қандай?
  4. Диаграмманы қалай тұрғызуға болады ?
  5. Диаграмманы редакциялауға не жатады?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 9

 

Тақырыбы: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»

 

Мақсаты: Бірнеше шартқа тәуелді функцияның графигін тұрғызуға үйрету.

Негізгі түсініктер:

Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.

ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь)функциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек(лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы,

лог_выражение– бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек.

значение_если_истина – бұл лог_выражениеАҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады .

значение_если_ложь – бұл лог_выражениеЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады .

Мысалы: B1 ұяшыққа =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15)формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1ұяшықта15саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.

И, ИЛИфункциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:

И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1ұяшығындағы =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.

ЕСЛИнемесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы:

=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1<40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады.

1-жаттығу.Электрондық кестедастуденттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз.

1. Excel программасында Работа3деген атпенжаңа құжат құрыңыз .

2. Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1)Задание 1деп өзгертіңіз.

3. Кестені 7- суреттегідей толтырыңыз.

 

7-сурет

4. Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:

§ С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.

§ Әрі қарай ЕСЛИфункциясының терезесіндегі Логическое выражение тұсына В3 ұяшықтағы мәнді , 45% салыстыратын шартты: В3>=45%түрінде жазамыз.Шартқа сәйкес:

§ Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

§ Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;

§ ОКбасылады;

7. Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.

 

2 -жаттығу. Аттестация 3 пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін текскру қажет .

1. Құжатыңыздағы келесі жұмыстық бетті (Лист2) Задание2деп өзгертіңіз;

2. Кестені 8- суреттегідей толтырыңыз;

8- сурет

 

3. Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін :

§ В3:D7 диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числатізімінен Процентный форматы таңдалынады, Число десятичных знаков тұсына 0жазылады;

4. Е3 ұяшығында ЕСЛИ функциясы шақырылады;

5. Формулалар жолының сол жағындағы

белгісіне шертіледі;

6. Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, Логические категориясындаығы Ифункциясы белгіленеді;

7. Ифункциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B3>=45%, Логическое_значение2: C3>=45%, Логическое_значение3: D3>=45% түрінде толтырылады;

8. формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі ;

§ Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

§ Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;

9. ОКбасылады;

10.Формула қалған ұяшықтарға жазылады.

3-жаттығу.Екі шартқа тәуелді функцияның графигін берілген аралықта 0,2 қадаммен салыңыз.

 
 


  1. Үшінші жұмыстық бетті (Лист3) Задание 3деп өзгертіңіз;
  2. А бағанға екінші жолдан бастап (А2 ұяшықтан бастап ) х- тің [-1; 1] аралығындағы мәндерін 0,2 қадаммен орналастырыңыз;
  3. В2 ұяшыққа келесі,

=Если(А2<=0; (1+2*A2^2-sin(A2)^2)^(1/2); (2+A2)/(2+EXP(-0.1*A2))^(1/3)) формуланы Мастер функции көмегімен жазыңыз;

  1. Қалған ұяшықтарға формуланы автоматты түрде көшіріңіз;
  2. Функция графигін тұрғызыңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

9-кестедан алынады)

 

  1. Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,2 қадаммен тұрғызыңыз /9-кесте, 1-тапсырма/.
  2. Берілген сөз есепті ... Excel программасының логикалық функцияларын пайдаланып шығарыңыз /9-кесте , 2-тапсырма/.

9-кесте

№ вар х жатқан аралық 1 -тапсырма 2 - тапсырма
ax2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудің дискриминантын D= b2-4ac … тауып және ЕСЛИ функциясын қолдана отырып теңдеудің нақты түбірлерінің санын табыңыз. (Егер D>0, екі түбір бар)  
Фермадағы жасы 6 айдан 8 айға дейінгі қояндар салмағы 7 кг- нан аспауы керек, егер асып кетсе қояндарға берілетін витаминнің тәуліктік концентрация мөлшері 125 г. азайтылады. Қояндардың саны , жасы және салмағы белгілі деп есептеп осы айдағы концентрация мөлшерінің қаншаға азайтылатынын есептеңіз.  
Фирмадағы 5 қызметкердің әрқайсысы фирма орындап жатырған екі проектінің біреуіне ғана қатыса алады. Бірінші проект бойынша жалақыға 0,25% үстеме, ал екінші проект бойынша жалақыға 0,50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде ЕСЛИфункциясын қолданыңыз.  
Фирмадағы 5 қызметкердің еңбек стаждарын әртүрлі деп алып, олардың жалақыларын есептеңіз. Жалақыға қызметкердің еңбек стажына қарай: 1-4 жылға 15% үстеме, 5-10 жылға 30 % үстеме, 10 жылдан асқандарға 50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде логикалық функцияларды қолданыңыз
Дүкен заттары жеңілдетілген бағамен сатылып жатыр: саудасы 50 000 теңгеден асқан алушыға 5% , 1000 000 асса - 10 %, 2000 000 асса- 20% жеңілдік жасалады. Сатып алушының нақты төлейтін ақшасын логикалық функцияларды қолданып есептеңіз.  
         

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай логикалық функцияларды білесіз?
  2. Еслифункциясы қалай жазылады және орындалады?
  3. И функциясы қалай жазылады және орындалады?
  4. ИЛИ функциясы қалай жазылады және орындалады?
  5. Логикалық өрнектер қандай мәндер қабылдай алады?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №10

Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»

Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін бет тұрғызуда және теңдеу шешуде пайдалана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер: