ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №14

Тақырыбы: «Excel програмасының экономикалық есептеулерге (кредит және займ) арналған финанстық функциялары»

 

Мақсаты:Excel програмасының кредиттер және займдар есептеуге арналған финанстық функцияларын пайдалана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

Microsoft EXCEL программасында кредит, ссуда, займдар беруді есептеу және т.б. финанстық операцияларды орындай алатын арнаулы функциялар қарастырылған /14.1- кесте/. Олардың көмегіне сүйене отырып, :

· болашақ құнды (определение наращенной суммы или будущей стоимости);

· бастапқы құнды (определение начального значения или текущей стоимости);

· төлем уақытын және проценттік ставканы;

· займды өтеудің периодты төлемақысын және т.б. анықтауға болады.

14.1-кесте

Операция Анықтамасы Синтаксисі Формуласы
Болашақ құн Тұрақты төленетін периодтық төлемақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым-ның болашақ құны БС(ставка;кпер;плт;пс;тип), мұндағы: Ставка - периодқа сәйкес проценттік ставка; Кпер - периодтың жалпы саны; Плт - әрбір периодта төленетін төлемақы; Пс - бастапқы құн; Тип -бұл 0 немесе 1 саны, егер 0 болса төлем периодтың соңында , ал 1 болса басында жасалады. FV=PV*(1+I)N,мұндағы: n –периодтың жалпы саны ; І - проценттік ставка; PV- салымның бастапқы құны; FV-салымның болашақ құны.
Бастапқы құн Тұрақты төленетін периодтық төлем- ақы негізінде құра-латын салымның бастапқы құны ПС(ставка;кпер;плт;бс;тип) PV=FV/(1+I)^N.  
Период тардың жалпы саны Тұрақты төленетін периодтық төлем-ақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым өтеу периодтары- ның жалпы саны КПЕР(ставка;плт;пс;бс;тип)  
Процент-тік ставка Периодта тұрақты төлемақы жасау жолымен қайтары-латын, сома беру үшін бір периодтың проценттік ставка-сын есептеу СТАВКА(кпер;плт;пс;бс;тип)    
Төлемақы Төлемақы мен проценттік ставка-ның тұрақтылығы негізінде бір периодта төленетін сома көлемін есептеу ПЛТ(ставка;кпер;пс;бс;тип)