Бсаттаров Р., Дәкенов М.

Ә 18 Әлеуметтану: Оқу құралы. Толықт., 2-бас. – Алматы: Қарасай, 2007. – 384 б.

ISBN 9965-9788-9-8

 

Әлеуметтану жөніндегі бұл оқу құралы – осы бағдарлама бойынша студенттерге ана тілінде дәріс беретін алғашқы оқулықтың бірі. Ол білім берудің жаңа мемлекеттік қалыбына, ұсынымына сәйкес жасалды. Оқу құралында әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен өркендеуі, жалпы әлеуметтану теориялары және арнайы теориялардың негізгі бағыттары мен даму ерекшеліктері қарастырылады. Әлеуметтану зерттеулерінің методологиясы, әдістемесі мен техникасы сипатталады. Осылардың негізінде курстан өтетіндерге қоғамдық өмірдің күрделі құбылыстары мен үрдістерін ғылыми тұрғыдан пайымдауларына, соған өздерін саналы түрде бағыттай алуларына көмек береді.

Студенттердің жан-жақты меңгеруі үшін оқу құралының материалдары қарапайым және жатық тілмен жазылып отыр. Оқу құралы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетте оқылған лекциялар негізінде жазылды.

Студенттерге, сондай-ақ әлеуметтану мәселелерімен айналысатын қалың оқырманға арналған.