рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ЛЕУМЕТТАНУ

ЛЕУМЕТТАНУ - раздел Образование, ҚазаҚстан Республикасы Білім ЖӘне Ғылым Мини...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Р. ӘБСАТТАРОВ

М. ДӘКЕНОВ

 

ӘЛЕУМЕТТАНУ

(Оқу құралы)

 

Толықтырылып, жаңартылған екінші басылым

 

АЛМАТЫ

«ҚАРАСАЙ»

П і к і р ж а з ғ а н д а р:

 

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор К.Биекенов,

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М.Садырова

 

Бсаттаров Р., Дәкенов М.

ISBN 9965-9788-9-8   Әлеуметтану жөніндегі бұл оқу құралы – осы бағдарлама бойынша студенттерге…

АЛҒЫ СӨЗ

Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, өзінің кәсіби кызметіне орай адамдармен, әлеуметтік… Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында… Бұл курс бойынша студенттер әлеуметтану ғылымы классиктерінің теориялары мен қазіргі…

БІРІНШІ ТАҚЫРЫП

ЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ

Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын,…  

Леуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні

Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен, қоғамның біртұтастығын, оны дамытатын қозғаушы… Алайда, қоғам дамуына байланысты оның жекелеген салалары… Бірте-бірте, уақыт озған сайын қоғам дамуын тұтас әлеуметтік организм ретінде…

Леуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері

Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл -… Әлеуметтану білімінің құрылымы -… Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы…

Леуметтік ұғымы.

Леуметтанудың категориялары мен заңдары

К. Маркс пен Ф. Энгельстің ғылыми еңбектерінде қоғамға, ондағы процестер мен қатынастарға… К. Маркс пен Ф. Энгельс жалпы қоғам туралы мәселе… К. Маркс пен Ф. Энгельс шығармаларында кейде «әлеуметтік» ұғымы «азаматтық»…

Леуметтанудың атқаратын қызметтері

Және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.

Жоғарыда аталған әлеуметтану білімі деңгейлерінде әлеуметтік процестер жөніндегі түсініктер мен… Әлеуметтанудың танымдық қызметі, сонымен қатар… Қорыта айтқанда, әлеуметтанудың танымдық функциясы қоғамның…

ЕКІНШІ ТАҚЫРЫП

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУ ДАМУЫНДҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ (XIX ғасыр- XX ғасырдың басы)

Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта аталмыш ғылымның көптеген теориялары, ілімдері мен тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделді. Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеуметтану дамуында классикалық кезеңнің атқарған рөлі мен маңыздылығы ерекше. Сондықтан бұл кезең әлеуметтанудың атасы О. Конттың, Г. Спенсердің, К. Маркстың, Э. Дюркгейм мен М. Вебердің ілімдерін жете түсінудің негізгі кілті іспетті.

 

Огюст Конт – позитивтік әлеуметтануды негіздеуші

Ол Францияда қаржы чиновнигінің отбасында дүниеге келген. 1814 жылы Жоғары политехникалық мектепке түсіп,… Конт әлеуметтанудың объектісі мен пәнін анық айыра… Конттың көзқарасына сәйкес әлеуметтану мынадай әдістерін қолдануы тиіс:

Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері

Спенсер әлеуметтік заңдарды тұжырымдай отырып, әлеуметтік реформаларды белгілеуден бұрын қоғамның… Спенсер «еркіндік тендігі» заңын тұжырымдай келе, онда… Қоғамды тірі организм іспетті қарауға болады, бірақ бұл жерде мына нәрсені…

Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері

Әлеуметтануды қоғамдық ғылым деп танитын бұл ғылымның көптеген өкілдері… Осы бағытта жасалған келесі қадам - ол адамдар… Бұл жерде бірде-бір іс санадан, ниеттен тыс, мақсатсыз жасалмайды. Бірақ марксизм…

Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары

Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық… Дюркгейм «социологизмінің» басты принципі мен ерекшелігі - оның… Э. Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды.…

М. Вебер түсінуші әлеуметтану тұжырымдамасын жасап дамытты, оның міндеттеріне: біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды олардың жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұрынып, түсіндіру; екіншісінен, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды.

Субъектілерінің әлеуметтік әрекеттерін және олардың ішкі жан дүниесш түсіндіру түіндіруші әлеуметтануда логикалық тұрғыдан болуы мүмкш, яғни ұғымдардыц көмегімен пайымдалған және таза эмоционалды болуы ықтимал. Бұл жағдайда әлеумепанушының түсінігінше «сезімдік, әлеуметтік әрекет субъектінің ішкі жан-дүниесше «теселу» арқылы қол жетеді. М. Вебер бұл процесті өз бойынан өткізу деп атаған. Адамдардың қоғамдық өмірі қалыптасатын әлеуметтік әрекеттерді кайсыбір деңгейде түсіну өз рөл атқарады. Бірақ, Вебердщ ойынша, әлеуметтік процестерді логикалық түсіну, оларды ғылыми деңгейде пайымдау ете маңызды. Олардың «сезімдік» деңгейде қол жеткен табысын М. Вебер зерттеудің қосымша әдісі ретінде сипаттады.

М. Вебер өзінің түсінуші әлеуметтануында құндылықтар проблемаларынан, соның ішінде мораль, саясат, эстетика, діни құндылықтар мәселелерінен айналып өте алмады. Бұл жерде әңгіме аталмыш құндылықтар жөніндегі субъектінің саналы түрдегі түсінік туралы болып отыр. өйткені олар субъектінің қызметі мен мінез-құлқының мазмұнын және бағытын анықтайды. Сонымен бірге әлеуметтанушы да белгілі бір құндылықтар жүйесін басшылықка алады. Бұл оның. зерттеуінің барысына және нәтижесіне сөзсіз әсер етеді. М. Вебер құндылықтар проблемасын шешудің жолдарын ұсынды. Неокантшылдар аталмыш құндылықтарды тарихтан да бұрын болды деп қарастырды. М. Вебер құндылықты қайсыбір тарихи дәуірдің қалыптасуы ретінде, дәуірге тән мүдделерді бағытгары ретінде қарастырды. Сөйтіп, тарихтан бұрынғы деп жүрген құндылықтар тарихқа қайтарылды. Құндылықтарды осылайша қарастыру — адамдардың санасын, олардың мінез-құлқы мен қызметінің шындыгын түсіндіру үшін аса маңызды. Бұл М. Вебердің әлеуметтік әрекет теориясын дамы-туда маңызды рөл атқарады.

М. Вебердің келесі маңызды тұжырымдамасы - идеалды типтер. Ол идеалды типке теориялық конструкция түрінде көрінген дәуірдің мүддесі ретінде қарады. Адамға аса пайдалы осы идеалды модель адамның өмір сүрген дәуіріндегі мүддесін объективті түрде көрсетеді. Осыған орай идеалдық типтер ретінде моральдық, саяси, діни және сол сияқты басқа да құндылықтар және олардан туындайтын адамдардың мінез-кұлық және қызмет көріністері, олардың мінез-кұлық ережелері мен нормалары, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынас дәстурлері болуы мүмкш.

Идеалды типтер қоғамдық күйдің бүкіл мәнін - өкімет билігінің жағдайы, тұлга аралық қарым-қатынас, жеке адам және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар өзшдік ерекше критерийлерге айналады, соған сәйкес адамдардың рухани, саяси және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип қоғамда орын алған дүниемен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қайшылыққа да түседі, сондықтан мұнда киялдың да белплері орын алған.

Қалай дегенмен де, идеалды типтер рухани және басқа да құндылықтар жүйесінің өзара байланысын көрсетумен қатар, маңызды әлеуметпк құбылыстар ретінде байкалады. Олар қоғамдық өмірде адамдардың ойлауы мен мінез-құлкына, ұйымдасушылығына мақсаттылықты енгізуге ықпал жасайды.

М. Вебер тарихи процесс барысында әлеуметтік ерекеттің ұтымдылық дәрежесі артады, бұл әсіресе капитализмнің дамуынан айкын көрінеді, ұтымдылықтың жүзеге асуы құқықтық мемлекет тұсында болады, құкыктық мемлекеттің өмір сүруі азаматтардың мүдделерінің өзара әрекеті, ол ұтымдылықпен толық байланыскан, олар занға, сондай-ақ бәріне ортақ саяси және моральдық құндылықтарға бағынады, құқықтық мемлекет басқарушылар мен басқарылатындардың максатты-ұтымды және құнды-ұтымды әрекеттері негізінде дамиды, алайда, бул әрекеттер тек мол пайда табу мотивінен туындап, қалған нәрсенің бәрін соған багындырады, деп талдап көрсетті. Мұндай ұтымдылықты М. Вебер протестант дінін ұстаушылардың «шаруашылық этикасына» негізделген дей келіп, оны ерекше капиталистік рухпен байланыстырады. Діннің бәрі де белігілі бір «шаруашылық этикасын» ұстайды, әрі адамдар тіршілігіне қажетті мақсаттарды да белгілейді. Алайда, осыған қарамастан, діни аскетизмнің формалары әлі де әр түрлі болып келеді. Шыгыс діндерінде енжарлықка еліктіру, о дүниелік аскетизм басым. Мұндай дін, әлбетте, капитализмге тән саналы да белсенді қызмет етуге мүмкіндік бермейді дей келіп, М. Вебер христиан, т.б. діндерге белсенділік, «ішкі дүние» аскетизмі тон, сондықтан олар құдайдың ырқына сәйкес адамдарды жерде тіршілік етуге бағыттайды деген тұжырьмға келеді.

Капитал ұтымдылық идеясын М. Вебер ұтымды бюрократия тұжырымдамасымен ұштастырады. Бюрократия - капиталистік ұтымдылықты іске асырушы. Ұтымды бюрократиялық, болуының озі капиталистік ұутымдылықтың ең, жоғары көрінісі деп баралайды М. Вебер.

Қоғамньщ әлеуметтік құрылымын зерттеуде М. Вебер таптарда болатын объективтік өзгешеліктерді мойындайды. Бірак ол таптар ұғымын адамдардың экономикалық қауымдастығы тұрғысында қарап, өмір стиліне, жалпы намыс, бедел, т.с.с. жәйттерге негізделген статус, жай жағдай ұғымына оны қарсы қояды. Дегенмен, қоғамда материалдық жағдайымен ғана ерекшеленіп қана қоймай, басқа да, айталық, өмір стилі, мәдениеті, санасы, т.б. белплерімен ерекшеленетін әлеуметтік топтардың өмір сүретіні мәлім. Осыған орай бұл өзгешеліктерді түбегейлі алып қарастырсақ, онда олардың экономикалық ерекшеліктермен салыстырғанда екінші қатарда ерекшеліктер екеніне көз жеткізуге болады. Вебер статус пентапты бір-бірінен алшак, ешкандай қатысы жок, тәуелсіз етіп көрсетеді. Нәтижесінде таптар мәселесі, күрделеніп мәз емес екінші қатарға қойылған. Жалпы бұл идея қазіргі батыс елдері әлеуметтануында кеңтараған.

М. Вебер ез еңбектерінде өкімет билігі жөніндегі көзқарасын анықтап тұжырымдады, негіздеді. Сөйтіп, ол өкімет билігін үш түрге бөлді: і) заңды өкімет билігі; 2) дәстүрлі билік; 3) харизматикалық билік (харизматикалық ұғымы гректің «хорюма», яғни құдай берген қабілет деген түсінік білдіреді)1. Зандастырылған өкімет билігі - қоғамда қалыптасып, өмірде басшылыққа алынып отырған төртінші зандылығын мойындау негізінде құрылған биліктің түрі ол заңды биліктің таза түрі етіп бюрократиялық билікті алған. Бұл жағдайда чиновник жеке адам ретінде карастырылмайды, керісінше, оны белгілі бір саяси функцияны атқарушы ғана ретінде қарастырады. Сондықтан адамдар чиновникке тұлга ретінде бағынбайды да, оны тек нормаларды іске асырушы ретінде ғана мойындайды. Дәстүрлі билік - ежелгі дәстүрлер, адамдардың заңды жәйттеріне, қасиетті деген сенімдерге сүйенген, сол дәстүрлердің негізінде іске асатын билік. Мысалы, патриархалдық билікте дәстур бойынша билік ер адамның қолына шоғырланады. Харизматикалық билік - тұлғаның, көсемнің барлық адамдарда болмайтын ерекше сапаларына сенуден туындаған биліктің түрі. Бұған дәлел ретінде М. Вебер керінкелдерді, балгерлерді, бақсыларды, соғыс батырларын, т.б. келтіреді. Міне, М. Вебердің қысқаша әлеуметтанулық көзқарастары осылар.

Классикалық кезеңнің әлеуметтанушыларының ілімдері мен тұжы-рымдамалары көптеген елдерге тарай бастады. Сондай елдер Ресей болды.

ШІНШІ ТАҚЫРЫП

Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуына Рейсейлік әлеумет-танушылар да белгілі бір мөлшерде өз… 1. Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен агымдар (XIX… Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX…

XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы

М. М. Ковалевский атындағы Ресей әлеуметтану қоғамы өз жүмысын қайта жалғастырды. Оның… Бұлардың енбектерінде әлеуметтану білімінің… Алайда, беделге сүйенген тәртіптің орнауы, қоғамдық өмірдің барлык…

ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП

XIX ғасырдың 60-шы жылдарында патшалық Ресей қазақ даласын толығымен отарлауды іске асырған еді. Ол…  

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметгану жөніндегі тұжырымдамалары

Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда,… Қазақтардың өмір сүрген… Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың…

Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары

Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин… Тарихи даму деңгейі феодалдық-рулық сатыны… Ы. Алтынсарин жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады, қазақ балаларына арнап…

Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері

Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс… Ресей бодандығынан босау қазақ халқының…  

А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көзқарастары

Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт… Олардың әлеуметтік-саяси көзқарастары Алаш… Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) - Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің…

БЕСІНШІ ТАҚЫРЫП

XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ

Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер көптеген елдердегі әлеуметтанушылардың қызметінің басым… Өздері жасаған зерттеу дәстүрінің…

ХХ ғасырдың бірінші жарптысындағы әлеуметтанудағы эмпиризм мен әлеуметтік теориялар және олардың дамуының негізгі бағыттары

ХХ ғасырдың әлеуметтануы 20 – 30 жылдардан бастап 2000 жылға дейінгі уақытты қамтиды, яғни қоғамның дамыған индустриализм дәуіріне аяқ басқан кезеңінен басталады. Сонымен қатар осыуақыттан бастап әлеуметтанудың теориялық және әдістемелік табыстары олардың одан әрі даму процесінде өздерінің өзектілігін жоймады. 20 – 30 жылдар тоғысында қазіргі әлеуметтанудың қарқынды дамуының маңызды кезеңдерінің бірі басталды. Атап айтқанда, эмпириялық әлеуметтанудың әдістері мен техникалары, өлшем реттері мен сандық эквиваленттері жасақталды. 50-жылдардан бастап, қысқа мерзім ішінде қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен процестерге жауап беретін әлеуметтану теориясында үлкен эвалюция болды.

Әлеуметтану ғылымында әр түрлі ілімдер дүниеге келді, оның бірін позитивтік-сциентикалық теориялар толтырса, екіншілерін позитивтік танымға балама тенденцияны көрсететін сапалы стиль ілімдері байытты. Олардың арасында қиыстырылған және аралас түсіндірме шеңберінде синтез орын алған.

Теориялық-метадологиялық көп пікірлік батыс әлеуметтануында әр түрлі бағыттардың қалыптасуына себепші болды, олардың әрқайсысы әлеуметтанудың пәні жөнінде өз мағлұматын берді және керекті мәлімет пен нәтиже алу үшін қолданылатын зерттеу әдістерін жасақтады.

Әлеуметтанудың даму кезеңдеріне сәйкес сол кезеңдерді сипаттайтын және кеңінен танымал болған бағыттар қалыптасты, атап айтқанда, эмпиризм бағыты (20-40 жж.); теориялық әдістемелік құрылымдарды күшейту бағыты (40 ж. екінші жартысы – 60 ж.); теориялық пен эмпириялық зерттеулерді біріктіру, теорияны жаңа деңгейге көтеріп, әлеуметтану дамуында түбірлі жаңа тенденцияларды табуға ұмтылған бағыт (қазіргі кезең, 1970–2000жж.). теориялық-метадологиялық көп пікірлік жағдай сонымен қатар әлеуметтанушылардың кәсіби қызметінің ұлғайюымен қабаттаса жүрді және әлеуметтану зерттеулерінде жаңа тұрғыдағы әдістер мен техникалар көптеп пайда болды.

Осы тұрғыдан қарағанда ХХ ғасырдағы негізгі әлеуметтанымдық тенденциялардың бірі – ол эмпириялық әлеуметтанудың дамуы болып табылады. Бұл тенденцияның мәні – нақтылы әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға байланысты сауалнама, әлеуметтанымдық байқаулар, тәжірибелер жасау сияқты арнаулы әдістерді арнайы зерттеулерде қолдану. Мұндай зерттеулер 20–30 жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағынан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағыт алған қоғам көптеген нақтылы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириялық әлеуметтанымның жетістіктеріне көңіл аударудан бас тарта алмады. Қоғамдық өмірдің нақтылы проблемалары жөніндегі әлеуметтанушылардың еңбектері қоғамныңда және ғылым ретінде әлеуметтанудың да ашылғалы тұрған мүмкіндіктерін жаңа қырынан көрсетіп отырды. Сонымен бірге ХХ ғасырдың басында жүргізілген эмпириялық зерттеулер көп ретте жетілмеген, бытыраңқы болды, оларды дайындау мен өткізудің жасақталған методологиясы мен әдістемесінің болмағандығы да рас. Сол кездегі қалыптасқан әлеуметтанымдық теориялар мұндай зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бере алмады, себебі олар кең көлемдегі тарихи-эволюциялық схема сипатында ғана болған еді. Ал бұларды шағын деңгейде тексеру шын мәнінде мүмкін болмады. Дегенмен де, эмпериялық тенденцияның дамуына кедергі жасауға болмайтын еді. Ал, мұның негізгі себебі – әлеуметтану принципті түрде басқа қызметке – өндіріс аясына шығып, сол саланы да қамтитын ғылымға айналды. Ірі өнеркәсіптік әлеуметтанудың іргетасы қаланды. АҚШ оның орталығына айналды.

Басқа елдермен салыстырғанда әлеуметтану зерттеулерінің көбірек дамыған елі – АҚШ болды. Егер де ХІХ ғасырда әлеуметтанымдық ойдың орталығы Батыс еуропа болды десек, ал ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап дүшиежүзілік әлеуметтанудың орталығы АҚШ-қа ауысты. Ғылымтану ілімінің тұрғысынан қарастырсақ, кез келген ғылымның пайда болып,аяғынаннық басып кетуі ең алдымен оның ішкі және сыртқы институттандырылуына, яғни әлеуметтік институттардың барлық қасиеттеріне ие болуына байланысты.

Бұл процесте әрқайсысы дәйекті түрде институттандыру ісін тереңдететін бірнеше сәттерді атап көрсетуге болады.

1) белгілі бір ғылым саласы бойынша маманданатын ғалымдардың сана-сезімінің қалыптасуы, яғни ғалымдар бұл тұрғыдағы зерттеу жұмысында өзінің ерекше объектісі мен ерекше әдістері барлығын түсінеді;

2) Арнаулы мерзімдік басылымдардың болуы;

3) Ғылыми пәндердің мәліметтерін түрлі оқу орындарының оқу жоспарларына еңгізу;

4) Сөз болып отырған білім салалары бойынша арнаулы оқу орындарын ашу;

Осы білім пәндері бойынша жұмыс жасайтын ғылымдар бірлестігінің ұйымдық түрлерін, яғни ұлттық және халықаралық ассоциациялар құру. Мінеки, бұл аталған процесс сатыларын әлеуметтану ғылымы Еуропа елдері мен АҚШ-та ХІХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап бастан өткерді.

АҚШ-тағы әлеуметтанудың біркелкі жақсы дамуына бір-бірімен байланысқан екі жағдай:

1) Жоғарыда келтірілген институттандырудың бес сатысынан АҚШ-тағы әлеуметтанудың тез өтуі;

2) Нақтылы эмпериялық әлеуметтік зерттеулердің үлкен аумағының болу жағдайлары шешуші ықпалын тигізді.

Бұл елдегі әлеуметтану әуел бастан-ақ беделді университеттік ғылым ретінде қалыптаса бастады. 1901 жылы әлеуметтану оқу курсы ретінде 169 университет пен колледждерде оқытылылды, ал 80-жылдардың аяғында бұлардың саны 250-ге жетті. АҚШ-тағы әлеуметтану әуел бастан қолданбалы эмпириялық ғылым ретінде орнықты. 1910 жылдың өзінде бұл елде 3 мыңнан аса эмпириялық зерттеулер жүргізілсе, ал қазір бұл көрсеткіш екі еседен асты.

ХХ ғасырдың басынан бастап ірі өнеркәсіптік әлеуметтану АҚШ-та да пайда бола бастады. Бұл еддегі өнеркәсіптік әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі – американ әлеуметтанушысы және психологы Элтон Мэйо (1880-1949). Оның тәжірибесі Чикаго маңында орналасқан қаланың атына байланысты Хоторн эксперименті деп аталды. Мэйо өзінің тәжірибелік зерттеулерін 1927-1932 жылдарда сол қала маңындағы «Вестерн Электрик Компани» кәсіпорнында жүргізді. Мэйо экспериментіне дейін сол кездердегі өндіріс саласында Фредфик тэйлор тұжырымдамасы үстемдік етті. Ол өндірісті тыңғылықты саралап, өндіріс «жеткілікті тиімді емес» деген тұжырымға келді. өйткені жұмысшылар енжарлық танытып, жеңіл жұмыс істегілері келеді. Жағдайды өзгерту үшін зерттеуші алғашқы болып Еңбекті Ғылыми Ұйымдастыру (ЕҒҰ) және Өндірісті Парасатты Басқару (Менеджмент) жүйесін ойлап тапты. ЕҒҰ жүйесі әдетте еңбектік операциялардың толық сараптамасын, артық және икемсіз қозғалыстарды аластату, еңбектің оңтайлы әдістерін анықтап, оларды автоматтандыруға дұрыс жеткізу, жұмыс айналымының қатаң тәртібін, еңбек және демалыс элементтерінің ауысуын, т.с.с. қарастырады. Өндірісті ұтымды басқару өз кезегінде мына шараларды жүзеге асыруды:

- өндірісте қатаң тәртіп орнату мен қадағалауды;

- кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыруды;

- жұмысшылардың біліктіліктерін арттыру және қызмет бабында көтерілуін;

- олардың өндістегі материалдық мұқтаждықтарын жіктеу негізінде (яғни әр түрлі деңгейде белгілеу), еңбек нәтижесіне байланысты жалақы беруді және т.б. жүзеге асыруды қарастырады.

Тэйлор өндірісті басқаруда ешқандай филантропия, яғни адамдарды сүюшілік, қайырымдылық, көмекке мұқтаждарға көмектесу болмауы тиіс деп санады. Әр адам өзінің сәттілігіне өзі жауап беруі тиіс. Еңбек процесі қажетті түрде тиімді, ал өнім шығару нормалары жоғары болуы керек. Кім нормаларды орындамасы, басқалардан жалақыны кем алады. Жұмысшының жалақысы оның жеке басының өндіріске қосқан үлесіне сәйкес болуы керек деп есептейді. Бұл тұжырымдама бойынша адам механизмнің тек қосағына айналды.

Конвейірлі тасымалдық деген қисын осыған негізделген. Адам мен оның өндірістегі орны жөніндегі мұндай ұғымды Э. Мэйо жоюға тырысты. Мұның өзі адамға деген басқаша көзқарастың – «адамдық» деп Мэйо атаған жаңа әлеуметтік қатынастардың пайда болып, қалыптасуына негіз қалап қойған жоқ, сонымен бірге еңбек өнімділігінің өсуіне мүмкіндік тудырады, Мэйо осыны дәлелдеп бақты. Өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастарды Мэйо бригада деп атады да, бригадалардың өз ішіндегі қатынастарды ол « адамдық қатынастар» деп бағалады, себебі бұл қатынастар адамдардың бірін-бірі ұғынуға деген ұмтылыстарына негізделген.

Хоторн қаласында қолданылған тәжірибесінің басты міндеті - өндірістің тиімділігін арттыру бағытындағы қосымша факторларды іздестіру болды. Еңбек өнімділігіне ықпал жасайтын көптеген факторлардың ішіндегі ең бастысы – еңбек процесінің психологиялық және әлеуметтік-психологиялық алғышарттары екендігін Мэйо тәжірибесі дәлелдеді. Өндірістің өнімділігін арттыру үшін тек материалдық қана емес, сонымен қатар психоәлеуметтік ынталандыру қажет, олар:

- жағымды моральдық ахуал;

- жұмысшының мүдделерімен санасу;

- оның жұмыспен қанағаттануы, т.б.

Осы тәжірибенің негізінде пайда болған «адамдар арасындағы қарым-қатынастар» теориясының методологиялық негізін мынандай принциптер құрайды:

- Адам басқа адамдарға бағытталған және топтық жүріс-тұрыс тәртібі байланысына енгізілген әлеуметтік жан болып табылады;

- Адам табиғаты қатал басқарушылық және бағынушылықтың бюрократтық тұрғыда ұйымдастырылуына сәйкес келмейді;

- өнеркәсіп басшылары өз қызметін көбінесе адамдардың қажеттерін қанағаттандыруға я болмаса еңбек өнімділігін арттырудың таза техникалық факторлары арқылы ең жоғары пайдаға жетуге бағыттауы тиіс;

- егер жеке адамдарды көтермелеуді топты, ұжымды көтермелеумен қатар жүргізсе, бұған қоса экономикалық тартымдарды әлеуметтік-психологиялық тартымдармен қосарлап отырса, сонда ғана еңбек өнімділігі негұрлым тиімдірек болады.

Мэйоның зерттеулері бригада мүшелерінің топқа бірігуге тілек білдіретіндігін, солай ете тұра олар өздерін ерікті ұстағысы да келетіндігін көрсетті. Мэйо адамдардың белгілі бір қауымдастықа бірігуге деген ұмтылысын «социабильность» («әлеуметтік орын ауысу») сезімі деп атады. Демек, өндірісте мұндай орын ауысушылық құрылымдарды жасауға, яғни қызметкерлердің маңызды шешімдерге өздерінің де қатысы барлығын сезіне білуіне ұмтылдырады. Мінеки, таза пайдалылық сипаты бар және біраз экономикалық әрі әлеуметтік тиімділік әкелген Мэйо қорытындыларының бірі осындай. Сонымен, өнеркәсіптегі эмпириялық зертеулер – әлеуметтік-психологиялық факторлардың үлкен рөл атқаратынын және олар әлеуметтанудың кең мүмкіндіктерін ашып, бұл ілімнің өндіріс орындарының қызметіне белсенді тұрде еңгізілуіне түрткі болғандығын көрсетті. Бірыңғай тәжірибелік зерттеулердің артуы теориялық әлеуметтануға бір жағынан зиянын да тигізді. Дегенмен, бұлай болу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін емес еді.

Қоғамдағы зерттеу жұмысының ішінде методология мен теория проблемалары өздерінің лайықты орнын таба бастаған уақыт туды. Әлеуметтанудағы эмпириялық зерттеуді теориялық зерттеумен біріктіру идеясын Р. Мертон өзінің «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» деген еңбегінде өзекті мәселелердің бірі етіп қойды. Оның пікірінше, бұларды біріктірудің «алтын ғасыры» басталды. Р.Мертонның идеялары эмпиризмнің баса-көктеуіне қарсы, зерттеушілерді теориялық ізденістерге қатыстыруға бағытталды. Теориялық зерттеулерге П.Сорокиннің (1889-1968жж.) методологиялық және теориялық тұжырымдамалары да ықпал етті. Бұл белгілі әлеуметтанушы ғалым алғашқы маңызды еңбектерін Ресейде, кейін АҚШ-та жазды. Оның көптеген ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде мойындалған еді. Солардың арасында «Революция әлеуметтануы», «Қазіргі әлеуметтанулық теориялар», «Әлеуметтік және мобильдік», төрт томдық іргелі шығарма: «Әлеуметтік және мәдени динамика» және т.б. бар.

«Әлеуметтану жүйесі» атты туындысында П. Сорокин әлеуметтанудың ғылыми принциптерін жан-жақты, толық етіп баяндайды. Оның пікірінше, әлеуметтану ғылым ретінде жаратылыстану ғылымдарының типі сияқты құрылуы тиіс. «Табиғат туралы ғылым» мен «мәдениет жөніндегі ғылымды» бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Өйткені басқа ғылымдардың зерттеу объктілері әр түрлі болғанымен олардың бұл объектілерді зерттеу әдістері бірдей. Әлеуметтану дүниені зерттегенде өзгеріссіз, сол қалпында қарастыру қажет. Кез келген норматизм, яғни ғылымға адамгершілік және басқа да субъективтік нормалар тұрғысынан қол сұғулар әлеуметтанудан біржолата аластатылуы керек. Бұл тұрғыдан алғанда шындық, қайырымдылық әділеттілік және т.б. сол сияқты принциптермен мен нормалардан бөлінуі тиіс. Әлеуметтану «объективтік пән» болуы керек, яғни адамдардың объективтік өлшеуге және зерттеуіне қолайлы нақты өзара әрекеттерін қарастыруы қажет. Әлеуметтану тәжірибелік және нақты ғылым болғысыкелетіндіктен кез келген философиялық, құрғақ ой түріндегі пайымдаулардан, ғылымда дәлелденбеген құрулардан бас тартуы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда жақсы жасалған статистикалық диаграмма қандай да болсын әлеуметтік-философиялық трактатқа тұрарлық. Философиялық пайымдаудан алшақтау – монизм идеясынан да, яғни кезкелген құбылысты қайсібір бастауға апарып қоса салудан да бас тарту болып табылады. Монизмнің орнына П. Сорокин табанды әлеуметтанулық плюрализмді ұсынды.

П. Сорокин әлеуметтануды теориялық және практикалық деп бөледі. Теориялық әлеуметтануды ол үш бөлімге: әлеуметтік аналитикаға, әлеуметтік механикаға, әлеуметтік генетикаға бөлді. Әлеуметтік аналитика әлеуметтік құбылыстың құрылымын және оның негізгі формаларын зерттейді. Әлеуметтік механиканың (немесе әлеуметтік физиологияның) пәні – адамдардың өзара әрекует ету процестері, басқаша сөзбен айтқанда, адамдардың басқа да қүштердің мінез-құлығын анықтауы, тигізер әсері. Әлеуметтік генетика әлеуметтік өмірдің дамуын, оның жекелеген жақтары мен институттарын зерттейді. Әлеуметтік құбылыстың дамуы оның құрылымымен және өзге құбылыстармен өзара әрекет етуі арқылы анықталады, сондықтан да әлеуметтік саясатты бағыттайды және дәлелдейді.

«Әлеуметтану жүйесі» еңбегінде П.Сорокин ең алдымен әлеуметтік мінез-құлықты және адамдармен қызметін, әлеуметтік топтарды және қоғам құрылымын, сонымен қатар оларда жүріп жатқан әлеуметтік процестерді неопозитивтік әлеуметтанудың зерттеу объектілері етіп алады. Бүкіл қоғамдық өмір және барлық әлеуметтік процестер кұбылыстарға және екі немесе одан да көп индивидтердің өзара әрекет процесіне ажырайды. Міне, осы адамдардың өзара әрекеттері әлеуметтанудың тікелей зерттеу пәні болуы тиіс. Бұл жерде әңгіме индивидтердің мінез-құлқы мен қызметінен сырттай байқалатын «психорефлекторлық» өзара әрекет туралы болып отыр. Конттың позитивизмінен Сорокиннің неопозитивизмінің мәнді ерекшелігі осында. Конттың позитивтік әлеуметтануы қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде зерттесе, Сорокиннің неопозитивтік әлеуметтануының тікелей зерттеу пәні болып екі немесе шағын топтар деп аталатындарды құрайтын бірнеше адамдардың өзара әрекеттері қарастырылады. Осындай қарапайым өзара әрекеттерден әр түрлі әлеуметтік процестер қалыптасады.

Екі индивидтің өзара әрекетін П.Сорокин қарапайым әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттайды. Бір индивидтің психикалық әсерленушілі және сыртқы әсерлердегі өзгерістер келесі бір индивидтің әсерленушілігі және сыртқы әсерлер арқылы пайда болады. Мұндай өзара әрекетті Сорокин «әлеуметтік клеткалар» деп атаған, сол клеткалардан барлық қалған жеңіл және күрделі қоғамдық құбылыстар қалыптасады. П.Сорокин жоғарыда аталған шығармаларында «күрделі әлеуметтік агрегаттарды», алуан түрлі әлеуметтік топтарды топтастырудың біржақты және көпжақты критерийлерін ұсынды. Осы критерийлерге сәйкес әлеуметтік топтар бір ғана белгісімен, айталық, тіл, аумақ, жынысы немесе көптеген белгілеріне қарай бөлінеді. Көптеген белгілеріне орай таптар, ұлттар, және тағы басқа да күрделі, әсіресе әлеуметтік біртекті топтар бөлінді.

Қоғамның біртекті еместігі, оның түрлі әлеуметтік топтарға объективтік бөлінуі П.Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теорияларынан көрініс тапты. Бұл теориялар бойынша бүкіл қоғам әр түрлі қабаттарға – страттарға бөлінеді, олар өз арасында табыс деңгейлеріне, қызмет түрлеріне, саяси көзқарастарға, мәдени бағдарларына және т.б. қарай өлшенеді. әлеуметтік стратификацияның негізгі формаларына П.Сорокин экономикалық, саяси жағдайды және кәсібилікті жатқызған. Оның пікіріне қарағанда, әлеуметтік стратификация қоғамның табиғи және әдеттегі жағдайы. Ол қоғамда орын алып отырған қоғамдық еңбек бөлінісі, мүлік теңсіздігі, түрлі саяси бағдарлар және тағы басқаларымен объективті түрде қамтамасыз етіледі.

Өзінің мамандығын немесе қызмет түрін, экономикалық жағдайын немесе саяси көзқарастарын өзгерткен кезде адам әлеуметтік топтың бірінен екіншісіне өтеді. Бұл процесс әлеуметтік мобильдік деген атқа ие болды. П.Сорокин әлеуметтік мобильдікті горизонтальды және вертикальды деп ажыратады.

Горизонтальды мобильдік адамның әлеуметтік топтың бірінен кесісіне өтуін білдіреді, әлеуметтік стратификацияның өзгеріссіз деңгейінде қалған адам, айталық, село тұрғыны қала тұрғыны ауысса да, бірақ оның мамандығы және табыс деңгейі бұрынғы қалпында қалады. Вертикальды мобильдік деп адамдардың әлеуметтік жіктің бірінен екіншісіне иерархиялық тәртіппен өтуін, мысалы, қоғамның төменгі жігінен жоғарғысына немесе керісінше, жоғарғы жіктен төменгі жікке өтуін айтады. Вертикальды мобильдіктің болуының объективті негізі – көбінесе адамдардың экономикалық теңсіздігінде. Дәлірек айтқанда, халық ішіндегі жіктердің табыстарының әр түрлі болуы, байлар мен кедейлердің өмір сүру деңгейлерінің әр түрлі болуы. Осыған орай адамдар қайсыбір қатынаста жоғарғы жікке жатады, әдетте басқа да параметрлер бойынша да сол жікте немесе керісінше болады. Жоғары экономикалық жіктің өкілдері бірден жоғары саяси және кәсіби жіктердің қатарына жатады. Мүліксіздер, әдетте, азаматтық құқығынан айырылады және кәсіби иерархияның төменгі жігіне орналасады. әлеуметтік мобильдіктің жалпы ережесі осындай.

П.Сорокин әлеуметтік мобильдікті де әлеуметтік стратификация сияқты табиғи және сөзсіз болатын құбылыс деп қарайды. Әлеуметтік мобильдік әлеуметтік стратификация негізінде өмір сүреді.

П.Сорокин АҚШ-та жұмыс істей жүріп, эмпириялық әлеуметтануды тақырыбының ұсақтығы үшін және оның кең әлеуметтік проблемаларды қамтудағы орашолақтығы үшін сынады. Сонымен бірге «әлеуметтік орын ауысу», әлеуметтік құрылымдар мен жіктер жөнінде эмпириялық зерттеулер жүргізе отырып, П.Сорокин оларды кең әлеуметтік құрылымдарға жатқызуға және қоғамдағы қозғалысты бұл құрылымдардың қызмет жасауымен байланысты қарауға ұмтылды. П.Сорокин әлеуметтік мекемелерді әлеуметтік құрылымдардың бірі деп есептейді, сондықтан да әлеуметтік жұмысқа мектептің, бюрократияның, армияның, шіркеудің және т.б. ұйымдардың қалай әсер ететіндігіне оның көңіл аударуы кездейсоқ емес еді. П.Сорокин – ірі әлеуметтанымдық тұжырымдамалардың авторы ретінде белгілі болған ғалым. Осы тұжырымдамалардың көмегімен ол дүниедегі өзгерістерді түсіндіруге талпынды. Бұлардың бірі - әлеуметтік-мәдени динамика тұжырымдамасы. Екіншісі – қоғамның интегралдық (тұтастыққа) жақындау түрінің тұжырымдамасы. Біріншісінің шеңберінде ол тарихи процесті мәдениеттер типтерінің қозғалысы ретінде қарастырады да, олардың әрқайсысын белгілі бір тұтастық деп есептейді. П.Сорокин мұндай негізгі типтердің үшеуін атап көрсетеді. Олар: сезімділік, ақылға қонымды пайымдылық, идеалистік. Бұлардың біріншісі шындықты тікелей сезімділікпен қабылдаудың басымдылығымен сипатталады, екіншісі ақылға қонымды, пайдалы ойлардың үстемділігімен, ал үшіншісі – сезімталдықтың (интуицияның) басымдығымен сипатталады. Мәдениеттің бұл түрлерінің әрқайсысы дамуда болады да, дамудың әр түрлі кезеңінде адамзат қоғамымен бірге жасасады.

П.Сорокиннің әлеуметтік-мәдени, динамикалық тұжырымдамасы - әлеуметтік өзгерістердің болу кезеңдері мен қозғаушы күштерін және олардың қоғамдағы диалектикасын талдауға арналған алғашқы әрекеттерінің бірі болды. Ал енді, қоғамның тұтастығы туралы теориясына келетін болсақ, мұнда ол келешектің өзіндік нұсқасын ұсынуға ұмтылды. Бұл теория қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары мен жүйелерінің өзара байланысын түсінуге және бұлардың әрқайсысының жақсы жетістіктерін адамзат мүддесіне пайдалануға деген нақтылы шындық түріндегі көзқарастар арасындағы неғұрлым алдыңғы қатарлы теория болды. Адамзат қоғамының шынайы жетістіктері жөніндегі бұдан басқа да айтқандарының бірқатары П. Сорокиннің көзқарасының дұрыстығын көрсетті. Атап айтсақ, бұл – меншік пен саяси құрылымның көп түрлілігі, еңбек пен экономикалық тәртіпті ынталандыру, жоспарлау тәсілдері және т.б. жөніндегі мәселелер. Қалай дегенмен де, адамзат көптеген қиыншылықтарға ұшыраса да, баяу болса да интеграция жолымен алға жылжуда.

Әлеуметтанымдық тұжырымдамалардың бірі – шиеленіс теориясы. Бұл теорияны неміс әлеуметтанушысы Г.Зиммель (1858-1918) негіздеген болатын. Мұнда ол қақтығыстарды әлеуметтік процестерді талдаудың өзекті мәселесі ретіндегі адам қоғамының табиғатына тән құбылыс деп қарайды. Соңғы жиырма жылдың ішінде шиеленіс теориясы Д.Беллдың, К.Боулдингтің, М.Крозьенің, А.Туреннің, т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды. Бұл теорияныңқолдаушылары әлеуметтік жүйелердің тұралауын болдырмайтын және олардың дамуын ынталандыратын қақтығыстардың объективтік құндылығын атап көрсетеді. Сонымен бірге олар қоғамдық процестің дамуына кедергі келтіретін қақтығыстарға да назар аударады. Бұлардың қатарына әлеуметтанушылар тап күресін де жатқызады. Олар әлеуметтік қақтығыстардың себептері қоғамдағы, ондағы таптар арасындағы қатынастардағы әрекет жасайтын психологиялық механизмнің жетілмеуінде жатыр деп санайды. бұл әлеуметтанушылардың пікірінше, ең бастысы әлеуметтік шиеленіске ұласып кетуі мүмкін әлеуметтік қақтығыстардың кеңеюіне жол бермеу керек.

Әлеуметтану дамуының соғыстан кейінгі дәуірі (40-жылдардың екінші жартысы мен60-жылдар) өте жемісті және көпқырлы болды. Осы уақытта әлеуметтанудың маңызы зор көптеген бағыттары мен тұжырымдамалары пайда болып дамыды. Әлеуметтанымдық теориялардағы тұғырлы орынды көрнекті американ теоретигі Т.Парсонстың (1902-1979) еңбектері иеленді. Оның ұсынған көптеген тұжырымдамаларының ішіндегі ең елеулілері екеу: 1) әлеуметтік әрекет теориясы; 2) құрылымдық функционалдықсараптау тұжырымдамасы. Методологиялық жағынан бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ біріншісі негізгі болып табылады. Әлеуметтік әрекет теориясын Парсонс 30-жылдардың өзінде-ақ Вебер мен Дюркгеймнің, т.б. идеялары ықпалымен қалыптастыра бастады. 1937 жылы оның «Әлеуметтік әрекет құрылымы» деген кітабы шықты. Соғыстан кейінгі жылдары Парсонс бұл теориялық идеяларын дамытуды жалғастырды. Бұл теорияның мәні мен мазмұны мынаған саяды: кез келген әлеуметтік әрекет біріншіден, әрекет жасайтын адамдардың болуын талап етеді, екіншіден, әрекетті тудыратын нақтылы жағдайдың, үшіншіден, әрекеттің мақсаттары меналдын ала белгіленген өлшемдерден тұратын шарттарының болуын көздейді. Әрекеттің өзі, Парсонстың пікірінше, өздігінен ұйымдастырылатын жүйе. Ал бұл жүйе реттеудің символдық механизмдерімен (тіл, құндылықтар, т.б.), өлшемдікпен (яғни әрекеттің қоғамда орныққанережелері мен құндылықтарына тәуелділігімен), валюнтаристікпен (ортаның жағдайларынан тәуелсіздігімен), сипатталады. Әлеуметтік әрекет теориясында басты орынды «әрекеттер жүйесі» деген ұғым алады. Бұл жүйе туралы айтқанда оның астарынан Парсонс өзара бір-бірімен байланыстағы әлеуметтік нақтылықтың әр түрлі деңгейлерін түсіндіреді. Парсонс негізгі төрт жүйені: әлеуметтік жүйені, мәдениет, тұлға және организм жүйелерін көрсетеді. Әрекеттің әрбір жүйесінің дұрыс қызмет етуі үшін оның төрт шартты орындауы талап етіледі: а) жүйенің құндылық үлгісін қолдау; б) интеграция; в) мақсатқа жетушілік; г) бейімделушілік шарттары. Парсонстың теориялық құрылымдарының соншалықты күрделігіне қарамастан, оның зерттеулерінде әлеуметтанудың басты міндетіне сай келетін, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететіндей құрылымдар мен механизмдерді зерттеу ісі өзекті мәселе етіп қойылды. Бұл міндетті шешуге құрылымдық-функционалдық талдау қолданылып, соған сәйкес қоғам мен оның қосалқы жүйелерінің өздері белгілі бір функциялар жиынтығын орындау тұрғысынан қаралады. Алайда, 60-жылдарда әлеуметтік процестерге осылай түсінік беруде өмірдегі қайшылықтарды, қақтығыстарды, тұрақсыздықты және т.б. ауытқушылық құбылыстарды түсіндіру оңайға соқпайтыны белгілі болды. Бұдан құрылымдық-функционалдық талдауды тереңдету қажеттігі туды. Парсонс өз тұжырымдамасының нығаю жолын өзгелердікінен басқа бағыттан іздеді. Сөйтіп, қоғамды құрылымдық бөліктерге бөлуге байланысты туған оның неоэволюционизм (жаңа эволюционизм) теориясы пайда болды.

Әлеуметтік нақтылықтың жергілікті жердегі көріністерін, оның проблемаларын, процестерін, мекемелері мен ұйымдарын білуге деген қоғамдық қажеттілік нәтижесінде, сондай-ақ Мертон идеяларының ықпалымен «орта деңгей» әлеуметтанымдық теорияларының белсенді дамуы басталғанда, әлеуметтанудың көптеген салалары қалыптаса бастады. Бұлардың тек кейбіреулері: еңбек, қала, ауыл, жастар, демалыс, білім беру, мәдениет, ғылым, отбасы, саясат, дін, тіл, құқық, қылмыс, пікір, дәрігерлік, т.б. әлеуметтанулары пайда болды. Бұлардың әрқайсысында эмпириялық зерттеулер деректерінде талдау жасауға, жергілікті проблемалар мен процестерді түсіндіруге міндетті арнаулы әлеуметтанымдық теориялар пайда болып, көбейді.

Әлеуметтану ілімі дамуының екінші кезеңін (40-60-жылдар) қарауды аяқтай отырып, бұл кезеңнің академиялықта қолданбалық та әлеуметтанудың даму жолдарынжәне оларды біріктіру мүмкіндіктерін іздестірумен көзге түскендігін атап өту керек. Тұтас алғанда әлеуметтану ғылымы елеулі табыстарға жетіп, жаңа белестерге көтерілуде. Бұд ғылымның беделі артып, ғылым мен пән ретінде жоғарғы оқу орындарында берілетін кәсіби мамандық санатында біржола орнығуда. Оның беделі дүниежүзілік көлемде де өсіп, халықаралық әлеуметтанымдық ынтымақтастық күшеюде. Бүкіл дүниежүзілік әлеуметтанымдық. конгрестер жиі ұйымдастырылатын болды. Халықаралық әлеуметтанымдық ассоциация (ХӘА) өз қызметін белсендіретүсті.

 

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар

Қазіргі Батыс әлеуметтануының кең тараған бағыты – неопозитивизм. Бұл бағыт… Неопозитивизмнің қалыптасуы ХХ ғасырдың 20-жылдарында… Неопозитивизм өзінің қолданбалы эмпириялық бағдарының арқасында…

АЛТЫНШЫ ТАҚЫРЫП

ОҒАМ – ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

Бұл тарауда әлеуметтік-философиялық ілімдермен тығыз байланысқан, әлеуметтанудың жалпы теориялары… Адамзат қоғамы ұдайы өзгеріп тұрады. Тарихтан…  

Оғамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары.

Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін… Ғылымда қоғам түсінігіне берілген ортақ… Жалпы әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықтама беретін болсақ, онда…

Оғамның типтері, белгілері және даму заңдары

Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар… Қоғамдарды типтеуде 60-жылдары бұлардан басқа да… Сонымен, дәстүрлі қоғам деп аграрлық. укладты қоғамды айтады. Қазіргі…

Оғамдық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар.

Оғамның қызметі

Қоғамдық прогресс ұғымы латынның "прогрессус", яғни алға қарай қозғалыс… Бірінші топқа, яғни табиғатқа адамның… Жалпы әлеуметтанудың қоғамдық прогресс өлшемі өндіргіш күштер мен…

ЖЕТІНШІ ТАҚЫРЫП

ОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯСЫ

Әлеуметтік құрам әлеуметтік стратификацияға айналады – вертикальды тәртіппен орналасқан әлеуметтік… Адамдар әрдайым қозғалысты болып, өздерінің… Өрлеу мен құлдыраудың арасында белгілі бір асимметрия бар: бәрінің де…

Леуметтік құрылым және стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары

Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық… Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму… Өндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғамның…

Леуметгік мобильдік.

Азіргі қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуынын мәселелері

Кез-келген қоғамдағы адамдардың топтары әлдебір өзгерістерге ұшырамайды деп қарастыруға… Әлеуметтік мобильдік категориясын әлеуметтануға… Еңбектің сипаты мен мазмұнына және сол саладағы тұрмыс пен өмір…

СЕПЗШШІ ТАКЫРЫП

ЭТНОС ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

 

Этнос қауымдастыгы ұгымы.

Этностьщ негізгі элементтері және даму кезеңдері

Этноәлеуметтану терминдерінің негізіне «этнос» (гректің тайпа, халық деген мағына беретін сөзі)… Этникалық қауымдастық - бұл шығу тегінің… Бұл белгілер халықтың этникалық сана-сезімінде ұдайы жаңғырып, жетіледі, сол…

Лттық-этникалық қатынастар

Осыған орай олар ұлттық-этникалық қатынастар ретінде алға шығады, ал «ұлттық катынастар»… Ұлттық қатынастар бұл көп ұлтты… Ұлт мәселесі ұлттық катынастардың негізі болып табылады және ол ұлттық…

Бұлар қандай тенденциялар? Олардың бірі - көптеген ұлттардың экономикалық және саяси дамуындағы дербестігі, олардың мемлекеттігін жетілдіру, рухани мәдениетті дамыту болса, келесі тенденцияға үлкен және шағын халықтардың (ұлттардың) өзара жақындасуы, олардың ынтымақтастығының тереңдеуі, экономикалық және саяси құрылымдардың интеграциясы жатады. Осындай тенденциялар қазір бүкіл дүние жүзінде қалыптасты және қолданыла бастады. Болашақты жобалау процесінен соң ұлттарды біріктіретін интеграциялық процестер жүреді. Өмірдің нақты ақиқаты осы, оны терең сезіну керек. ТМД елдеріне де бұл мәселеге аса маңыз беріліп, жан-жақты көңіл бөлінуде. Аталмыш тенденциялардың арасындағы диалектикалық өзара байланысты ескеру әр мемлекеттегі ұлт саясатын жүзеге асыруға елеулі түрде ықпал етеді. Бұлай болмаған жағдайда жалпы саясат өмірден, ұлттар мен ұлтаралық қатынастардың дамуының объективтік тенденцияларынан алшақтайды. Қазіргі тандағы ұлтаралық қатынастардың даму шеңберінде бәріне бірдей ортақ қатынастар болып саналатын мынандай процестерді атап көрсетуге болады: олар - халықтардың этникалық шоғырлануы, топтасуы, яғни олардың саяси, экономикалық, тілдік және мәдени дамуының дербестігі, ұлттык-мемлекеттік тұтастықты нығайту; этностар арасындағы интеграция (бұл процесс өмірдің бүкіл салаларында халықтың қажеттіліктерін бүгінгі таңда барынша толық қанағаттандырудан және болашақта халыктардың ынты-мактастығын кеңейту мен тереңдетуден тұрады сіңісу (ассимиляция) — бұл процестің барысында кейбір халықтар дамыған халыктардың арасына сіңіп кетеді; әдетте сіңісу кезінде сол халық бірте-бірте өз тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, этникалық мәдениетін жоғалтып, басқа халықтың тілін және мәдениетін меңгерген, соны иеленген, соған бейімделген саны аз халықтар қатарына жатқызылады.

Бұл процестер қазіргі таңда бүкіл әлемде жүріп жатқандықтан оларды қайсыбір ұлт саясатын жүзеге асырған кезде ескеру қажет. Қалай болғанда да ұлт саясаты атүсті шешетін мәселе емес, оны салмақтап өлшеп барып жүзеге асыру керек. Бұл ретте бүкіл объективтік және субъективтік факторлар кешендері тұтас еске алынуы тиіс. Ұлтаралық катынастардың негізінде әдетте ұлт мәселелері қалыптасады. Мұндай проблемалар қазіргі қоғамдық құрылымда жиі кездесетін көрініске айналды.

Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері

Ұлт мәселесі – нақты тарихи құбылыс, өйткені қоғам дамуының әрбір кезеңінде… Ұлт мәселесі кең ауқымдағы ұғым.… Барлық елдердегі ұлттардың өзара қарым-қатынастары жалпы адамзат прогресін…

Аз халықтардың сапалық көрсеткішін жақсартуда Қазақстан Республикасы ел басшысының тікелей ұсынысымен құрылған Қазақстан Халыктарының Ассамблеясы институты маңызды рөл атқарып отыр. Елімізде тұрып жатқан бүкіл халықтың, әсіресе, аз халықтардың саяси мұрат-мүдделерін жүзеге асыруда бұл институт тиімді еңбек етіп келеді. Аз халықтардың мүдделерін өздері құрған саяси партиялар, өздері сайлаған Парламент депутаттары да қорғауда. Парламент қабылдаған Конституция еліміздегі аз ұлттар мен халықтардың тең құқықтығын жариялаған. Оның баптары ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған. Аз халықтарға жататын адамдардың ұлттық кемсітушілігіне жол бермейді. Адамдардың тек қарым-қатынаста болуы құкықтың қорғалуына негізделген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы осы сала бойынша бірнеше халықаралық құжаттарға қол қойды. БҰҰ-ның шеңберінде Адам құқының жалпы декларациясын, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық формаларын жою туралы Конвенциясын (1995 жылы 11 қаңтарда Қазақстан қол қойған), Бала құқы туралы Конвенциясын (1994 жылы 12 тамызда Қазақстан қол қойған), ОБСЕ шеңберінде Адам критерийлері бойынша Копенгаген конференциясының құжатын мойындап мақұлдады. Осы құжаттарда белгіленген принциптерді мемлекеттік саясатта басшылыққа алу - ұлтаралық қатынастарды демократияландыру мен адам құқын қорғауды ұтымды шешудің маңызды кепілі.

Түрлі меншік формаларының енгізілуімен байланысты аз халыктардың таптық-әлеуметтік құрылымы да сапалық өзгеріске ұшырады. Олардың қатарынан бизнесмендер, іскер адамдар, фермерлер, т.б. жаңа әлеуметтік топтар пайда болды. Осы топтардың қоғамдағы әлеуметтік статусы биіктеді. Бұлар еліміздің экономикасын дамытуға өз үлестерін қосып келеді.

Дей тұрғанмен, Қазақстан Республикасында тұратын аз халықтарда әлеуметтік-экономикалық проблемалар жоқ емес. Әлеуметтанушылардың мәліметтеріне қарағанда, аз халыктардың мүддесіне, жалпы ұлтаралық қарым-қатынастарға бұл проблемалар біршама қауіп-қатер төндіруі ықтимал. Анкеталық сауалнамаға қайтарған жауаптарында респонденттердің 69,2%-і бұл проблемалардың орын алуын азық-түлік бағасының жоғары болуымен және онымен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігімен, 52,6%-і — адамдардың әл-ауқатының төмендігімен, 46,5%-і - қылмыстың артуымен, 33,4%-і — жұмыссыздықтың көбеюімен, 32,3%-і - ұлтаралық қарым-қатынастың шиеленісуімен, 23,4%-і — халықтын байлар мен кедейлерге жіктелуімен, 27,4%-і — экологиялық ортаның нашарлауымен, 9,3%-і — республика аумағына талап қоюымен, 2,8%-і — діннің күшеюімен және республика экономикасына шетел капиталының ендірілуімен түсіндіреді.

Қазақстанның қазіргі даму кезеңі - экономикалық модельді, соның ішінде нарықтық экономиканың тиімді үлгісін іздестіру және оған ену кезеңі. Жекешелендірудің негізінде мемлекеттің экономикалық билігін шектеу, нарықты әлеуметтік жағдайға бағыттай отырып реформалау, жеке меншікті қалпына келтіру, азаматтардың еңбек және заттық автономиясына кұқықтық кепілдік беру сияқты экономикалық реформаның негізгі принциптері жүзеге асырылуда. Алайда, технологиялық жетістіктер, бәсекелестіктің артуы, мемлекеттік қолдаудың жойылуы аз халықтардың көптеген адамдарына қорқыныш ұялатып отыр. Өздерінің әлеуметтік күйінің нашарлауын олар аталмыш өзгерістермен байланыстырады.

Мәдени салада да аз халықтардың кейбір проблемалық мәселелері сақталған. Атап айтқанда, олардың ана тілінде радио-теледидар хабарлары өте аз көлемде беріледі, кейбір халықтардікі мүлдем берілмейді. Сондықтан мемлекет тарапынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеп отыру, аз халықтар тілінде арнайы радио-теледидар арнасын ұйымдастыру қажет.

Халықтар арасында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту олардың негізгі құқықтарын өзара мойындау мен құрметтеу негізінде іске асады. Бұл құқықтар халықтар ұйымдарының, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының көптеген құжаттарында бекітілген. Әңгіме бүкіл халықтардың төменгідей құқықтары туралы болып отыр:

- өмір сүру құқығы, қайсыбір халықты және оның мәдениетін қан-дай формада болмасын жоятын геноцид және этноцид дейтіндерге тыйым салу құқығы;

- өзін-өзі тану құқығы, яғни азаматтардың өздерінің қай ұлтқа жататынын анықтауы;

- егемендік, өзін-өзі басқару құқығы;

- мәдени ерекшеліктерді сақтау құқығы, соның ішінде тіл мен білім
беру саласын, ұлттық мұралар мен халықтық салт-дәстүрлерді сақтау
кұқығы бар;

- халықтардың өздері тұратын аумақтың табиғи байлығы мен ресурстарын пайдалану үшін бақылау орнату құқығы, мұның көкейтестілігі
шаруашылықта жаңа аумақтарды қарқынды игерумен және экология
проблемаларының шиеленісуіне байланысты ерекше артып отыр;

- әрбір халықтың дүние жүзі өркениетінің қол жеткен табыстарын
игеруіне жол ашу және оларды пайдалану кұқығы.

Жоғарыда атаған барлық халыктардың құқығын практикада жүзеге асыру олардың әрқайсысына және бәріне бірдей ұлт мәселесін оңтайлы шешу жолында жасалған маңызды қадам болып саналады. Осыған орай бұл мәселеге байланысты объективтік және субъективтік факторларды терең есепке алу керек, экономикалық, саяси және таза этникалық сипаттағы көптеген қарама-қайшылықтар мен қиыншылыктарды жою қажет.

Осы қарама-қайшылықтар мен қиыншылықтардың көпшілігіне КСРО мен оның бұрынғы республикаларының саяси жүйе саласында жүргізген реформалары кезікті. Мысалы, халықтардың табиғи ерекшелігін сақтауға және өз алдына дербестігін алуға ұмтылулары және оларды жүзеге асыру күтпеген тенденцияларға соқтырып, Кеңес Одағын ыдыратты. Бұл жағдай көпшілік үшін күтпеген оқиға болды. Бүгінде бұрынғы Кеңес Одағының республикалары мен халықтары тұтас экономикалық, экологиялық, мәдени және ақпараттық кеңістікті сақтамайынша қалыпты өмір сүріп, ойдағыдай дами алмайтынына көз жетіп отыр. Ғасырлар бойы қалыптасып, халықтар өмірінің негізіне айналғандардың бәрі лезде шорт тыйылды, бұл халықтардың бүгінгі жағдайына әсер етті.

Көптеген келеңсіз жағдайлар бүгін де ойландырады. Сондықтан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер экономика, экология, мәдени алмасу және т.б. салаларда мемлекетаралық қатынастарды реттейтін құрылымдар құру мәселесін нақты қойды және ол өз шешімін табуда.

Бірақ Достастық мемлекеттері арасында тең құқықтықты және өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру процесі көптеген мәселелерді шешуді талап етеді, соның ішінде адамдар, заң және атқарушы өкімет билігінің әр түрлі деңгейінде қызмет істейтін кейбір саясаткерлердің санасы мен іс-әрекетіне сіңісті болған ұлтшылдық пен шовинистік пиғылды жою керек.

Ресей Федерациясының ұлт мәселесінде қол жеткен табыстары да, әзірге шешілмеген проблемалары да бар. Бұрынғы автономиялы республикалардың бәрі өз шешімдерімен өздерінің ұлттық-мемлекеттік мәрте-бесін өзгертті. Олардың аттарынан «автономия» жойылып, бүгінде олар Ресей Федерациясының құрамындағы республикалар деп аталатын болды. Олар шешетін мәселелердің ауқымы кеңейді, мемлекетгік-кұқықтық мәртебесі артты. Кейбір автономиялы облыстар өздерін Ресей құрамындағы дербес және тәуелсіз республикалармыз деп жариялады. Мұның бәрі Ресей Федерациясының құрамындағы бүкіл республикалармен бір мезетте олардың мемлекеттік-кұқықтық мәртебесін көтерді және теңестірді.

Бірақ осындай оң кұбылыстармен қатар жағымсыз жағдайлар да орын алып отырғанын айту керек. Ең алдымен Ресей Федерациясы субъектілерінің мемлекеттік дербестігі мен тәуелсіздігін арттыру барысында кейде идеологияда, нақты саясатта ұлтшылдық пен сепаратизм қатар көрініс табады. Кейбір сепаратистер Ресей мемлекетінің бірлігі мен тұтастығын бұзуды көздеп, Ресейдің орталық заң және атқарушы органдарына өз республикаларын қарсы қоюды ұйымдастырады, Ресей Федерациясының кұрамынан өз республикаларының шығу бағытын ұстанады. Мұндай әрекеттер саясаткерлер мен шағын ұлтшыл топтың жеке мұдделері үшін жасалады, одан тек халықтың басым көпшілігі зардап шегеді. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, кейбір саяси жетекшілердің, саяси топтар мен партиялардың ұлтшылдық жене сепаратистік саясаты республикаларға, ең алдымен олардың экономикалык, дамуына, сонымен қатар осы республикалар және бүкіл Ресей халықтарының материалдық, саяси және рухани мүдделеріне үлкен нұқсан келтіреді. Халықтар экономикалық тұрғыда ғана емес, туыстық қатынас тұрғысында да өзара байланысты, себебі олардың тағдырлары ортақ.

Ұлы державалық шовинизм сияқты ұлтшылдық пен сепаратистік саясат кімнен шыққанына қарамастан ұлттық шиеленістерге әкеп соқтырады.

Ұлтаралық шиеленістер — бұл саяси, аумақтық, экономикалық, тілдік, мәдени, діни проблемаларды шешу барысында ұлттар (халықтар) арасында пайда болған қарама-қайшылыктардың шектен тыс асқынуы. Әңгіме этностар және олардың жеке өкілдері арасындағы шиеленістер туралы болып отыр. Мұндай шиеленістер ұлттық-этникалық топтар болып бөлінетін саналы халықтардың әлеуметтік-психологиялық және идеологиялық деңгейлерінде, сонымен қатар заң шығарушы және атқарушы биліктің ұлттық мемлекеттік кұрылымдарының қызметі деңгейінде пайда болып, әрекет етуі мүмкін.

Ұлтаралық шиеленістердің кеңінен тараған түрлеріне төмендегілер жатады:

1) Мемлекеттік-құқықтық шиеленістер. Мүның негізіне олардың өз
мемлекеттігінің болмауы, немесе олардың құқықтарының тар шеңберде
шектелуіне орай мемлекет статусына ұлттың қанағаттанбауы жатады.
Анығырақ айтсақ, бұл өзі құрамына еніп отырған кез келген ұлттың өздері
бағынатын мемлекеттің өкімет билігінің құрылымы мен тепе-тендіктің
бірдей еместігіне деген наразылығынан туындайтын шиеленістер. Мәселен, абхаз-грузин, осетин-грузин, Шешенстандағы оқиға және басқа да аймактардағы шиеленістерді мысалға алуға болады.

2) Этно-аумақтық шиеленістер. Әдетте бұның тарихи тамырын тереңнен іздестіру керек болады. КСРО тұсында ұлттық-аумақтық шекаралар жобамен межеленіп, бірнеше рет ұзартылды немесе қысқартылып тұрды. Бұл занды құбылыс ретінде қабылданды. Шиеленістің мұндай түрі аса қауіпті кұбылыс әрі оның шешілуі де оңайға соқпайды. Халықтар күштеп қоныс аударылған жерлерден енді өздерінің бұрын тұрған аумақтарына, атамекендеріне қайтып оралу құқығын жүзеге асыру және сол жерлерге
қоныстану кезінде олардың бұрынғы тарихи отандарында осы этно-аумақтық шиеленістер тағы да өрби түседі, әрі оның зардаптары да оңай болмайды. Бұған Қырым татарлары, Таулы Қарабах, т.б. өңірлердегі шиеленістерді дәлел ретінде келтірсек те жеткілікті.

3) Этно-демографиялық шиеленістер. Басқа тілде сөйлейтін бөтен
халықтың қоныс аударып келуіне орай сол жердегі этностың олармен
араласып, сіңісіп кетуі көп жағдайда қиынға түседі, тіпті кейде олар өзара
тіл табысып, ымыраласа да алмайды. Мұндай жағдайда жергілікті ұлттың
құқығын қорғау басты міндет саналады да, сырттан келгендер үшін әр
түрлі шектеулер қойылады.

4) Ұлтаралық шиеленістерді халықтың миграциялануы, көшіп-қонулары да күшейте түседі. Себебі тығыз отырған елдің ортасына босқындардың сыналап кіруі тірлік көздерінің ауқымын тарылтқандықтан күн-көріс қамын ойлаған босқындар мен жергілікті халықтың арасында шиеленістін, тағы бір түрі өрбиді. Оны ұлтаралық шиеленістер дейміз.

Ұлттық шиеленістердің ушығуы мемлекет аралық деңгейге жеткенде тым асқынып, шектен шығып кетеді. Мұндай жағдайда тек өздерінің қарақан басының мүдделерін іске асыруды көздеген кейбір саясаткерлер онсыз да тұтанып тұрған отқа май құя түседі. Олардың бұл мақсатын түсінбеген халық шиеленістің өршуіне өздері белсене араласады да, нәтижесінде соның зардаптарын өздері тартады.

Ұлтаралық шиеленістер көбінесе тарихи тұрғыда қалыптасқан халықтардың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуімен де сипатталады. Себебі шегіне жете қордаланған, тамырланған мұндай жағдай халыктың наразылығын тудырып, содан барып олар өз құқығы үшін әділетті күреске шығады.

Қалай дегенмен де, қашан болмасын барша ұлттардың, бүкіл халықтың мұң-мұқтаждарын, мүдделерін саралап орындаудың жолдарын карастыру керек. Өз мүддесін, бір өзінің ғана баюын мақсат тұтқан жеке тұлғалар мен ұлтшылдар немесе шовинистік топтар шиеленісті ушықтырмаса, тоқтата алмайды. Сонымен бірге ұлтаралық шиеленістерді демократиялық тәсілдермен шешуге ұмтылу керек. Бұл жерде этнос әлеуметтануының өз рөлін мүлтіксіз атқаруына мүмкіндігі бар.

Көпұлтты қоғамның ұлтаралық шиеленістерді дер кезінде көре білуі және оны өрбітпей, өркениетті тәсілдерді қолдану арқылы шешуге қабілетгілік көрсетуі — бұл оның азаматгық кемеліне келгендігі мен демократизмнің қалыптасқандығынын айғағы. Бұл құқықтық мемлекет қызметінің маңызды саласын құрайтын ұлтаралык, қатынастарды құқықтық тұрғыда реттеуде ерекше орын алады. Азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту, саяси жүйені демократияландыру және құқыктық мемлекет құру қазіргі жағдайда ұлт мәселесін өркениетті жолмен шешудің маңызды

 

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАҚЫРЫП

ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Отбасы және неке әлеуметтануының адамның тіршілік әрекетінің формасы ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзгеруінің ішкі және сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылысын және қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды.

Отбасы және неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретіндегі неке және осы қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи белгілі бір ұйым-дасқан ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қайсыбір айырмашылыктар қалыптаскан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен еркектің арасындағы тарихи өзгеріске түсетін катынастардың әлеуметтік формасы ретінде пайымдалады. Ал отбасын тарихи белгілі бір ұйымдықты меңгерген шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше әлеуметтік институт ретінде карастыру анықталған. Отбасына деген әлеуметтік қажеттілік ең алдымен коғамның халықты физикалык және рухани жағынан ұдайы өндіру мұқтаждығынан туындаған. Отбасындағы көшбасшылық, оны аныктаудың өлшем-бірліктері, отбасының коғам алдында атқаратын міндеттері, некеге отыру мен ажырасудың уәждері үлкен зерттеуді тудырып келе жаткан мәселелердің қатарына жатады.

1. Отбасы әлеуметтануының пәні мен оның функциялары. Некенің мотивтері және ажырасудың себептері

Отбасы — ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғам-ның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.

Отбасында пайда болып, тұрақты орнықкан әлеуметтік жағдайды са-раптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылы-мынын алға қояр аса маңызды талаптары.

Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құкык және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.

Сонымен қатар отбасы — некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланыскан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.

Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластык, т.б. жатады.

Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы зандарымен ыкпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Отбасы көптеген коғамдык ғылымдардың: әлеуметтанудың, эконо-миканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде кұрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы зандылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы — отбасы әлеуметтануы қалыптасты.

Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.

Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке-отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың калыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жал-пылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.

Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде казіргі отбасының даму кезендерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.

Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының өсуі, т.б.) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локалдык кұрылымы және атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады,

Отбасының локалдануы — бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, соңдықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мү-шелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбасын коғамның экономикалық, ұясы ретінде қарастыруға болады.

Отбасының кұрылымы — бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасыларымен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас.

Отбасылары қоғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функ-циялар аткарады. Отбасынық функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеу-меттік салдары бар кызметі. Өзге институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратады. Отбасынын. ерекшелікті кызметтері онын отбасылық мәнінен келіп шығады және коғамдык қүбылыс ретінде отба-сының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз кызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отба-сының міндеттері1. Отбасынын ерекшелікті қызметтеріне:

— халыктьң ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;

— балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);

— балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады.

Бұл қызметтер коғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жаткан міндеттері болып саналады.

Отбасының ерекшеліксіз қызметтері жеке меншіктің жинакталып қорлануы мен оған ие болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мү-шелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микроахуал жасауды қамтиды. Бүл қызметкердің бәрі отбасы мен коғам арасындағы байла-ныстың тарихи сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен тәрбиесінін калай жүретіндігі назардан тыс қалмайды.

1 Харчев А. Г. Быт и семья в социалистическом обшестве. Л., 1968. С. 16.

Сондықтан отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезендегі олардың ерекшеліксіз қызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай қызмет түрлері де модификацияланады, шеңберін тарылтады немесе кеңейтеді, толык немесе жартылай іске асады, тіптен жойылып кетуі де мүмкін.

Қазіргі кездегі халықты ұдайы көбейтіп, өсірудің (репродуктивтік) жағдайына тоқталатын болсақ, онда еліміздегі әр отбасында екі немесе үш баладан болуы керек, сонда ғана халыктын саны азаймайды. Алайда, бүгінде дүниеге нәресте әкелу деңгейінін төмендеуі, қарттардын санының артуы, бір балалы немесе баласыз отбасыларының көбеюі, некесіз туған сәбилер санының артуы байқалады. 80-жылдарда қалыптасқан кағида бойынша көптеген отбасылар баланы күтуге, асырауға, жаксы тәрбие беруге жағдай жоқ, оған баспананын тарлығы, материалдық қиыншылықтар, үй шаруашылығының ауырлығы мүмкіндік бермейді десе, енді біреулері ең алдымен өздері үшің өмір сүргісі келетіндерін желеу етті. 90-жылдары бала тууды шектеудің, сылтаулары мен кағидаларындай баска да үлкен өзгерістер байқалды, соның ішінде материалдық-экономикалык себептер, ертеңгі күнге деген сенімсіздік алдыңғы катарға шыкты. Ажырасулар, некеге адамдардың кеш отыруы да (35—40 жаста) бала туу санының азаюына әкеліп соғуда. Елдің әр аймақтары мен халықтың әрқилы топтары арасында дүниеге нәресте әкелу көрсеткіштері әр түрлі. Қазакстандағы экономикалык дағдарыс украин, орыс, беларус, неміс, корей, татар диаслораларының нәрестелі болуына аса кері әсер етті. Бұларда адамнын ұдайы өсу қарқыны байқалмайды. Қазақ халқының да жағдайы соларға жақын. Жұмыссыздық, балаларға арналған тауарлар бағасының артуы, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мөлшерінің төмен болуы, т.б. себептер ата-аналардың қоғам алдындағы ерлі-зайыптылық парыздарын орындау аркылы өмірге нәресте әкелу жөніндегі міндетгерін жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.

Халықтың үдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта — отбасы. Ол дұрыс қалып-таспай, сәбидің, баланын жан-жакты дамуы мүмкін емес. Оның үстіне отбасын бұл мәселеде бірде-бір институт немесе ұйым алмастыра алмайды. Отбасындағы тәрбие атаулының барлығына әке-шеше тікелей ыкпал етеді. Отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара қамқорлык пен жылылық сезім, туыстық қарым-қатынастар, басқа да жағдайлар баланың бойыңдағы көптеген мәні зор әлеуметтік сапаларды қалыптастыратын және оның дұрыс дамуына үздіксіз ыкпал ететін тәрбиелік күш болып табылады. Өйткені әке-шешенің үлгі боларлык қасиеттері ұл мен қыздың ой-санасынын, таным дүниесінің артуына, адамшылық жақтарынын орнығуына әсерін тигізбей қоймайды. Ата-ананың тәрбиесі сәбидің туған күнінен бастау алып, оның жас ерекшеліктеріне сәйкес күрделеніп, тәрбиенің талап-міндеттері күшейеді. Отбасыда ұлдар мен қыздар тәрбиенің манызды түрлері — енбексүйгіштікке, кішіпейілділікке, ұкыптылыққа және т.б. баулығады. Үй шаруашылығындағы еңбекке жасөспірімдерді тарту, соған жаттықтыру арқылы оларды жұмыс істеуге, оны сүюге тәрбиелеудің маңызы зор. Ата-ананын ішімдікке салынуы баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсер етіп, олардың мінез-құлықта-рының, тәрбиесінің теріс бағыт алуына, сөйтіп жеткіншектін. қылмыс жасауына себепкер болады. Отбасындағы тәрбие рөлінің осылайша кұлды-рауы отбасы ішінде болып жататын аса өзекті өзгерістерге де тікелей байланысты. Отбасында қалыптасқан дәстүрлі ережеден, яғни шаңырақ иесі - ер адам деген кағидадан ауыткып, ерлі-зайыптылардың отбасындағы кұқығын бір деңгейге қою да ер адамнын тәрбие барысындағы беделін жойып, оның отбасы мүшелеріне ыкпал ету дәрежесін төмендетгі. Осыдан барып әкесі мен шешесі отбасындағы біртұтас тұлға деген түйсік-түсінікті бойына қалыптастырып, сіңістіре алмаған жасөспірімдер әкесі мен шешесі бір-біріне мүлде тәуелсіз, бөтен адамдар деп қарастырады. Әлеуметгану-шылардың пікіріне сүйенсек, отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше тұракты стереотиптері бар: бала центризмі, профессионализмі, прагматизмі. Бұлардың біріншісінде балаларға деген жалған махаббат бәрін кешірімпаздыкка сайдырып, соған итермелейді. Мұндай отбасында балалар шолжың болып өседі, тыйым салулар мен жүктелген міндеттерді мой-ындамайды, соның ішінде ата-ананың алдындағы міндетін, борышын да ескермейді. Әдетте осындай балалардың қалыптасуына отбасындағы ересек адамдар ықпал етеді. Әсіресе бұл бір бала өсіріп отырған отбасында және немерелерін өмірде кездесетін қиыншылықтардан қызғыштай қорыған әжесі мен атасының тәрбиесіне берілген балалар бойында жиі кездеседі. Осының салдарынан өзіне койылатын жауапкершілікті қабыл алмайтын инфантильді жас адамдар легі өсіп-жетілуде. Профессионализмге келетін болсақ, онда ата-аналар балаларының тәрбиесін бала-бақшалары мен мектептердегі кәсіби тәрбиешілер, педагогтардың иығына артып, өздері тәрбие беруден тыс қалады. Мұндай ата-аналар өз балаларына материалдық жағдай жасауды ғана басты борышым деп санайды. Ал тәрбие дұрыс болмаса, оған балалары кінәлі деп есептейді немесе өздеріне ауыртпалық түскенде ғана тәрбие ісіне араласады. Әлбетте, мұндай ата-аналар өз балаларына тәрбие тұрғысында ыкпал етуде қатан тыйым салу, оларды балағаттау, ұрып-соғу тәсілдерін колданады. Сөйтіп, ата-аналар мен балалар бір-бірінен алшақтай бастайды, өзара қарым-қатынастары бұзылады, олардын сенімі де жоғалады, бірлесе отырып талқылайтын мәселелерінің шенбері де қысқара түседі. Осылардың салдарынан мұндай отбасындағы баланың бойында ересектермен пікір алысу тәжірибесі қалыптаспайды, ересектермен өзара қарым-қатынас орнатудағы қабілеттері дамымайды да, бұл жағдай кейін баланын әлеуметтік ортамен байланысуын күрделендіреді. Прагматистік тәрбие — баланы тәжірибелілікке, істі тез шешу қабілетін арттыруға, материалдық пайда табушылыққа, іскерлікке бағытталған. Нарықтык экономикаға көшу кезінде тәрбиенің осы бағытының кен түрде етек алуы әдетте қауіп-қатерге ұрындырады. Утилитаристік тәртіпке келетін болсақ, ол әдеттегі сана деңгейінен тым жоғары дәрежеде дамымайды, жаңа жағдайға орай соның ыкпалынан шыға алмайды. Жоғарыда баяндағанымызды түйіндейтін болсақ, отбасының тәлім-тәрбиесінің статусы да, онда орын алған келеңсіздіктер де жас ұрпақтың әрқайсысына көп әсер етеді. Сонымен бірге бұл жаңа адамды дайындаудын маңызды процесінің болашақтағы қорытындысы қандай болатынын анық көрсетеді.

Отбасыньң шаруашылық-экономикалық функциясы отбасылық қарым-қатынастардың әр түрлі мәселелерін, нақты атап айтар болсақ, олар үй шаруасын жүргізу, отбасы бюджетін кұрып, жұмсай білу, тұтынуды ұйымдастыру, үйдегі жұмысты тен бөлу проблемасы, карттар мен мүге-дектерге қолдау, көмек көрсету мен қамқорлык жасау, т.б. қамтиды. Үй тіршілігін механикаландыру деңгейінің төмен болуы, тұрмыстық қызмет көрсету тораптарының қызметін пайдаланудың қиындауы мен қымбаттауы тұрмыстағы проблемаларды ең алдымен әйелдердің иығына артты, бұл олардың онсыз да ауыр рөлдік жағдайын қиындата түсті, дәлірек айтқанда, әйелдердің кәсіби қызметі мен олардың отбасындағы міндеттері арасында, әйел, ана және еңбекші арасында қайшылықтар туындады. Зерттеулерге жүгінсек, жұмыс істемей отбасында отырған әйелдердің түрмыс тіршілігі әйелдерді аздап болса да қызықтырады, өйткені олар балалары мен күйеулерін күтуді маңызды шара деп есептейді, Көптеген әйелдер ер адамдарға карағанда жұмыс уақыттарының қысқа болуын, ал жылдық демалыстарының ұзақ болуын калайды.

Отбасының рекреациялық функциясы қазіргі кезде ерекше маңызға ие болып отыр. Өмірдегі құбылыстар тез өзгерістерге ұшырап, соның сал-дарынан әр түрлі әлеуметтік және психологиялык тұрғыда ыкпал ету арта түскен бүгінгі таңда стрестік жағдайлар саны біршама көбейіп, отбасы бұдан кейінгі ерекше терапиялык рөл атқару міндеттерін өз мойнына алды. Өйткені әрбір отбасы жан тыныштығын, өзара сенімнің қалыптасуын, қауіпсіздік сезімі мен психологиялык тұрғыдағы онды ортаны қалайды, әрі соны орнықтырады. Аталмыш функция өзіне рухани-эстетикалық сәттерді, сонымен қатар отбасылық демалысты ұйымдастыруды да өз кұзырына қосып алған. Отбасы өмірінің рекреациялық мәселесі отбасы қатынасының мәдениетімен тығыз байланысты, бұл отбасының жалпы өміріне, оның тұрактылығына, тіптен некенің сақталуына үлкен ыкпал жасайды.

Отбасының статустық функциясы да бар. Отбасында тәрбиеленген әрбір адам өз отбасының мүшелеріне етене жақын кейбір статустарды мұра етіп алады. Бұл ең алдымен тұлғаның мынандай аса манызды статустарын: ұлтын, қала немесе село мәдениетіндегі орнын және т.б. жағдайларды қамтиды. Таптық коғамдарда отбасының белгілі бір әлеуметтік жікке бөлінуі баланың келешек өмірін көбіне-көп анықтайтын мүмкіндіктер жасайды. Әлбетте, таптык статус адамнын күш-жігеріне орай және қолайлы жағдайлардың тууына байланысты өзгерістерге ұшырайды, алайда, адамның болашағын оның өз отбасынан іздеу керек, Ата-анасының және туыстарының статустарына етене жакын рөлді атқара білу статустарына баланы дағдыландырып, дайындауды міндетті түрде отбасы жүзеге асыруы тиіс. Оны іске асыру барысында баланы әр түрлі жағдайларға, мүдделерге, кұндылыктарға, өмір салтына қызықтыра отырып тәрбиелейді.

Қорғау функсиясына келетін болсақ, онда отбасы институты өз мүше-лерін әр түрлі деңгейде физикалық, экономикалық және психологиялық тұрғыда қарастырады. Отбасы институты қоғамдық баска институттардың арасында ерекше орын алады, оны жете зерттеуге де айрықша көңіл бөлінеді. Өйткені отбасы ұрпақтан-ұрпакка мұра ретінде қалатын мәдениет үлгілерін одан әрі жалғастырушы, ілгері апарушы болуымен қатар, тұлғаны әлеуметтендірудің қажетгі жағдайын да қалыптастырады. Адам әлеуметтік рөлдерді тек отбасында ғана үйренеді, білімнің негіздерін алады, мінез-кұлык дағдыларын қабылдайды.

Отбасылық өмір ережелері, олардың алғышарттары мен бастаулары, салт-дәстүрлері әр қоғамда өзіндік өзгешеліктері арқылы ерекшеленеді. Өз коғамындағы отбасылық өмірдің құрылымы, отбасылық дәстүрі мен бастаулары әркімге ен тәуірі, бірегейі болып көрінеді. Сөйтіп, отбасылық өмір көбіне-көп этноцентризм тұрғысынан қарастырылған. Отбасы коғамның маңызды бөлігі болып саналады десек, онда неге адамзат бәріне ортақ отбасы үлгісін жасамайды? - деген сауал туады. Бұған жауап беру үшін отбасы институтының шығуы мен дамуы туралы мәселені қарастыру қажет.

Көптеген қарапайын қоғамда отбасы ешкімге ұксамайтын бірден-бір дара тұрған ерекше өміршен және функция атқарушы институт болып есептеледі. Айталык, казіргі Орталык Африка тайпалары мен Солтүстіктің көптеген халықтарында әлеуметтік институттардың басқа елдерге тән өзге формалары байқалмайды. Оларда әр деңгейдегі билік етушілер, формалды заңдар, дін кызметшілері, мамандандырылған кәсіпкер жоқ. Бұл қоғамдағы адамдардың бүкіл өмірі отбасында ғана өтеді. Билікті, азық-түлікті және өзге де құнды ресурстарды бөлу мәселелері бір ғана отбасының шеңберінде, тіпті әрі кеткенде бірнеше отбасының кенесінде ғана шешіледі. Бір сөзбен айтсак, қарапайым қоғамдарда әлеуметтік институттар қанағаттандыруға тиісті физикалық, және әлеуметтік кажеттіліктер болмайды. Ондай коғамдарға отбасы институты жеткілікті. Сайып келгенде, отбасы қарапайым аңшылар мен жер өндеушілер үшін экономикалық өнімдерді бөлудің бірегей үлгідегі жеке-дара және жеткілікті институты болып табылады.

Бұған карағанда біршама күрделі мәдениет деңгейіне көшу кезінде басқа институттық құрылымдар үлкен маңызға ие болады. Қарапайьм тайпалардың өзіне етене жакын адамдармен және өзге де көрші тайпалармен сауда-саттыққа көшуі саудагерлерді, тауар тиеушілерді және т.б. отбасы институтының шеңберінен өрбитін мамандықтарды қалыптастырды. Бұлардан сәл кейін сауда өнімдерін өндіретін арнайы шеберлер мен қолөнершілер пайда болады. Олар кәсіби жіктелістің одан әрі іске асуының негізіне айналады. Пайда болған экономикалық институттар отбасылық рөлдер мен функциялардан тыс қызметтерді мамандандыруды жүзеге асырады.

Карапайым қоғамдарда тәртіпті сақтау мен орнықтыру әлі де ресми зандардың, полиция органдарының, соттын қатысуынсыз-ақ қолдау тауып отырады. Онда отбасы ғана бедел иесі болып саналады: отбасынын ішінен сайланған бедел иесі оның өзге мүшелеріне өз билігі мен ықпалын жүргізеді. Тайпа көлемінің ұлғаюына байланысты мәдениет те күрделене түседі, сөйтіп енді формалды саяси ұйымдардын қажеттілігі туады. Отбасыларының отағалары тайпалық кенестерге біріге бастайды, тайпалар -конфедераиияларға бірігеді, түптеп келгенде, мұнын өзі бюрократияның пайда болып, дамуына әкеп соғады.

Сайып келгенде, қарапайым коғамда немесе қазіргі қоғамда болсын саяси ұйымдардың қалыптасуы ғана ұйымдаспай келген адамдар тобырын бірлескен, үйлесімді саяси немесе әскери әрекеттер жасай алатын адамдар қауымдастығына біріктіруге ықпал етеді. Дәл осындай жолмен, яғни кәсіби еңбек бөлінісінің арқасында дін қызметкерлері мен мұғалімдердің заңдастырылған рөлдері пайда болып, дін және білім институттары дами бастайды. Адамдар мұндай тәжірибемен өте сирек айналысатындықтан, бұл отбасы дәстүрімен шеңдеспейді. Демек, отбасы бүкіл әлеуметтік институттардың негізі болып саналады, біз отбасылардын дамуын сөз еткенде жалпы қоғамның дамуын қарастырғандай боламыз.

Қоғамның өзге де институттары сияқты отбасы да қоғам үшін маңызды белгілі бір функцияларды атқару үшін қабылданған нормалар мен процедуралардың жүйесін кұрайды. Бұл жағдайда отбасы неке немесе адамдардын туыстық қатынастары арқылы байланысқан топ ретінде анық-талады. Ол балаларды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді және баска да коғамдық маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандырады. Көптеген қоғамдардағы отбасы функциялары бір-бірінен соншалық деңгейде ерекшелене қоймайды, ал отбасында қалыптаскан дағдылар мен әдет-ғұрыптар осы функцияларды жүзеге асыруда адамдарға үлкен көмек көрсетеді. Алайда, бұлар мейлінше әр түрлі болады. Отбасылық, өмірдің бүкіл түрлерін, бітім-болмысын теріп жазатын болса, онда әр қоғамнын отбасын кұрудағы өзіндік ерекше формасынын болғанын аңғару қиын емес.

Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының өсуінен көрініп отыр-ғандай, неке мен отбасының тұрақтамау көрсеткіші дүние жүзінін бүкіл дамыған елдеріне тән нәрсе. Бұл урбанизация және оның халықтың интенсивті көші-қонына тигізетін әсері, әйелдердің эмансипациясы, ғы-лыми-техникалық төңкерістің ыкпалы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, этникалык, діни сипаттағы себептер аркылы түсіндіріледі. Қазіргі уакытта отбасы институты аса ауыр жағдайды басынан кешіріп отыр. Отбасын сырттан тұрақтандыратын көптеген алғышарттар, атап айтсақ, әйелінің күйеуіне экономикалық тәуелділігі, ажырасуға заң, дін, мораль тұрғысында тыйьм салулар немесе әрқилы кінәлаушылықтар жойылды. Мұндай жағдайда некенің тұрақтылығын сактаудағы отбасына тән ішкі алғышарттардың маңыздылығы артады. Әлеуметтану зерттеулері көрсеткеніндей, ажырасуға көбінесе ерлі-зайыптылардың арасында болатын әр түрлі өзара шиеленістер (жанжал) ықпал етеді. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарының бірнеше деңгейлері бар. Сол деңгейлерде, яғни өзара үйлесім таппаған жағдайда олардын арасында шиеленістер бой көрсете бастайды. Оның біріншісі — психофизиологиялық деңгей. Мұнда-ғы үйлеспеушілік жыныстық қарым-қатынастын бұзылуынан байқалады. Жалпы бұл кұбылыс өте жиі кездеседі, алайда көптеген зерттеушілер оны ажырасудың негізгі себебі деп қарастырмайды. Психологиялық деңгей кезінде отбасында әрқилы жағымсыз ахуалдардын пайда болатындығы байқалады, бұл үнемі кездесіп, қайталанып тұратын отбасындағы ұрыс-керістен, бір-біріне тиісуден, ашушандықтан құралады. Мұндайда ата-ана езінің ала алмаған ашу-ызасын балаға төгеді. Үшіншісі — әлеуметтік-рөлдік деңгей. Бұл деңгейде отбасьндағы ымырашылдық, сыйласымдық пен тұрактылықтын бұзылуы мына белгілерден байқалады: отбасылық тұрмыстық ауыртпалықтардың кімге түсетіндігі мен міндеттерді қате түсіну, оны тең бөлмеу, қиыншылықты бірлесе отырып көтермеу, отбасылық укладтын жөн-жосықсыздығы секілді көріністер. Төртінші — әлеуметтік-мәдени деңгей. Мұнда шиеленістер ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінуден қалуы, сыйламауы, қызығушылықтың жойылуы немесе қарым-қатынасқа қанағаттанбау, оның өмірлік кұндылыктарын, идеалдарын қабылдамау сипатында орын алады.

Қай денгейде болмасын шиеленісті тудыратын себептер аса мол, әрі оның түрлері мен сипаттары да аз емес. Десек те, сол себептердің мезгілге орай пайда болуына байланысты оларды екі үлкен топқа бөлуге болады. Оның алғашқысы — отбасын құрғанға дейінгі объективті түрде қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың, некеге тұрғаннан кейін, бірлесіп өмір сүрген кездегі және ортақ шаруашылықты жүргізу тұсында пайда болған себептер. Екінші топтағы себептерді тәуекел етудің алғышарттары деп атайды. Өйткені некеге отырғанға дейінгі қыз бен жігіттін. танысуы кезінде қалыптаскан інкәрлік сезім мен сыйластық ажырасуды біршама тежейді. Тәуекелдің алғышарттары адамның кемел тұлғалылығына, оның шыкққан тегіне, алған тәрбиесіне, некеге отыру кезіндегі шарттарына тікелей байланысты. Тәуекелдік алғышарттарға: ерлі-зайыптылардың білімі мен жас мөлшеріндегі айырмашылықтар; ерлі-зайыптылардың бірінін маскүнемдікке салынуы; некеге, жалпы отбасына немкұрайлы, жеңіл-желпі қарауы; некеге аса жас кезінде тұрудын себептері, бір-бірін жете танып-білудін. ұзаққа созылмауы; некеге отыруға ата-аналардың қатаң қарсы болуы; өзара келісімсіз, қысыммен некеге отырулар жатады, Бұл алғышарттардың қалай жүзеге асып жатканы бірлесіп өткізген ғұмырларының алғашқы жылында-ақ өзін байқата бастайды. Зерттеулердің қорытындыларын сараласақ, жас адамдардың біраз бөлігі некеге отырғанда отбасына жат әрекеттерді басшылыққа алып,соларға сүйенген. Мысалы, ата-анасының жанынан, сол өзі өскен отбасынан кетуге, өз бетінше жеке-дара жауапты қадам жасауға, біреуден кек алуға немесе тандап алған досына серік болуға ниеттенеді. Әлбетте, некеге бұлайша атүсті, жауапкершіліксіз қарау, бірігіп түтін түтетуге сай келетін мақсат-мүдделердің болмауы, түптеп келгенде, ерлі-зайыптылардың алдына біршама қиыншылықтарды тосады. Олар - отбасының өзін-өзі билеуі, ерлі-зайыптылық рөлдерді анықтау, әрқайсысының отбасының ішіндегі статусын, өздерінің ортақ, мақсаттарын белгілеу жөніндегі міндеттері 20 жастан аспай үйленгендер арасында некеге отырудың психологиялық дайындығының болмайтыны анықталған. Жас отбасы әдетге ата-анасынан бөлініп кетпейді және бастапкы кезде материалдық жағынан әке-шешесіне тұтастай тәуелді болады. Мұндай жағдайда жаңадан отау көтерген жастар арасында өз тіршіліктерін өз беттерінше қамтамасыз ету, ондағы отағасылык билік, үй болған жастар арасындағы және олармен бірге тұратын ата-аналарымен өзара дұрыс қарым-қатынас орнату проблемалары туындайды, Бұл проблемалар ерлі-зайыптыларды қалай болған күнде де әрқилы шиеленістерге әкеліп соқтырады.

Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептерінің арасында олардың бір-бірінен көңілдерінің сууы және осының негізінде алғашқы махаббат сезімінің жойылуы да жиі кездеседі. Бұл көбінесе үш айдан алты айға дейін ғана таныс болып, бірін-бірі жете білмей үйлене салғандар арасында ұшырасады. Демек, некенің беріктігіне, босағаның солқылдамауына теріс әсер ететін бірнеше алғышарттардың отбасын құрмай тұрып қалыптасуы да ықтимал. Десек те, екі жастың бірлесіп өмір сүру кезінде қалыптасатын бірқатар себептер ерлі-зайыптылардың ажырасуына ыкпал етеді. 25-30 жастағы ерлі-зайыптылар арасында некенің бұзылуы көптеп кездеседі. Осы жастағы ерлі-зайыптылардың тұрмыс-жағдайлары жақсы болғанымен, оның үстіне бір-бірін түсінісіп, кемшіліктерін де біршама тәуір біліп калғанына қарамастан, әлдебір себептердің түрткі болуы арқылы олар бірге тұрудың мүмкін еместігіне көз жеткізеді де, ажырасып тынады. Сонымен бірге айта кететін бір жай, бұлар толыққанды жаңа отбасын құрудың жөн-жосығын біле бермейді және де балалы болып, оны тәрбиелеуге де тәжірибелі емес. Ажырасудың үлкен бөлігі 40 жастың мөлшеріне тура келеді. Бұл кезде олардың балалары ер жетеді де, енді солар үшін ғана отбасын ажырасудан сақтап калудың қажеттілігі болмайды, оның үстіне ерлі-зайыптылардың кез келгені баска бір адаммең көңіл жарастырып, екінші отбасын кұрауы мүмкін. Екеуара бас қосып, түтін түтеткен алғашқы бес жыл ішінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы жиі кездеседі. Отбасында балалардың болуы некенің бұзылмауына тікелей ыкпал етеді. Көп балалы отбасыларда, яғни 3—4 балалары барларда ажырасу пайызы басқаларға қарағанда әлдекайда төмен болады.

Ажырасуға әкеліп соқтыратын себептерді негізінен үш топқа біріктіруге болады. Оның бірінші тобында - тұрмыстык ахуал, яғни баспана жағдайы, ерлі-зайыптылар арасында біреуінің үй шаруашылығын жүргізуге икемінің жоқтығы, немесе соған ықыласының болмауы, материалдық жағынан камтамасыз етілмеуі, содан барып екеуінің еріксіз бөлек тұруы себепкер болса, екінші топта тұлғалар, яғни ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіндер мен содан туындайтын шиеленістер ықпал етеді. Дәлірек айтсақ, бұған махаббат сезімінің жойылуын, отбасындағы өрескелдікті, өмірге көзқарастың әр түрлі болуын, ерлі-зайыптылардың бірінің ауруға шалдығуын, кызғаншақтықты, күмәншылдықты жатқызуға болады. Осы топтағы ең басты алғышарттардың бірі — ерлі-зайыптылардың бір-біріне өрескелдігі мен өзара сыйласпаушылығы. Күйеулері маскүнемдікке салынған, өздеріне өрескел қылық көрсеткен, ұрып-соғып қорлаған, қорқытқан және т.б. әрекеттерге барған ер адамдардың әйелдері осы себептерге орай ажырасады. Ер адамдар үшін, әдетте, әйелдер өрескелдік танытса, онда бұл басқаша мазмұнға ие болады. Бұл дегеніміз — ең алдымен күйеуін сыйламау, оның кабілетіне сенбеу, оның не нәрсеге қызығатындығымен есептеспеу, өндірістегі немесе кәсіби қызметіндегі табыстары мен сәтсіздіктеріне немқұрайлы қарау, сөгіп-мұқату, ұсақ-түйек қамқорлық жасағансу, күйеуінің достарына құрметтің көрсетілмеуі және т.б. Екеуінің өмірге деген көзқарастарының әр түрлі болуы, мінез-құлықтың сәйкеспеуі деп аталатын алғышарттар, міне, тікелей осындай көріністермен ұштасып жатыр. Бұл әйелдерге карағанда ер адамдар үшін аса маңызды. Үшінші топтағы себептерге сыртқы алғышарттарды, яғни ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсіп, көзге шөп салуын, ажырасуға бірден-бір себепкер болған жаңа отбасын құруга ниеттерінің ауғандығын немесе жаңа сезімнің пайда болуын, бұған ата-аналарының және өзге де адамдардын араласуын жаткызуға болады.

Үшінші топтағы алғышарттардын бәрі де, әлбетте, бір-бірімен тығыз ұштасып жатады. Айталык, көзге шөп салу біреуіне екіншісінің көңіл аудар-мауының кесірінен туындаса, ал өрескелді үй шаруасындағы келіспеушілік содан өрбіген ырын-жырындык және т.б. жағдайларға орай өріс алады.

Адамдар өз табиғатына орай отбасыларының ыдырауына әр түрлі тұрғыда қарайды. Зерттеушілердің жасаған тұжырымдары мен берген ба-ғасына қарағанда еңбек белсенділігінің төмендеуі, жүйке стресінің жоғарылау мүмкіндігі, психологиялық өзгеріске түсуі ажырасудың кеңінен тараған негізгі себептері болып табылады.

Демек, некенің тұрақсыздығы отбасын құрамын деушілер үшін де және отбасы ыдырағандар үшін де аса өткір проблемаларды алға тартады. Соны-мен бірге ажырасуды тек жағымсыз кұбылыс деп қарауға болмайды. Өйткені некені бұзу жөніндегі әркімнің еркіндігі отбасы-неке қатынастарыңдағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы, олардың мораль-дық негіздерін сақтаудың тұғыры болып саналады. Әрине, ажырасу жөнінде берілген еркіндікті асыра пайдалану да жақсы емес. Себебі адамдардың әр жағдайға байланысты ажырасуының орын алуы табиғи кұбылыс дейтін болсақ, онда ажырасуды негізсіз қаралай беруге де жол бермеу қажет.

Әлбетте, әр адам отбасы проблемасын жеке өзі шешеді. Іргетасым мықты болсын десең, оның негізінде, бұрынғы бабаларымыз айтқандай, шынайы махаббат, түсіністік, төзімділік жатуы керек. Кесе-шәйнек сылдырлады екен деп бақан ала жүгіріскенше, ерлі-зайыптылардың бір-бірінін қабағын баға білгені, бір-бірін айтқызбай-ақ қабақтан түсінгені жақсы1.

Әбсаттаров Р. Отан отбасынан басталады // Акикат. І996. № 3. 22-6.

Ойымызды тұжырымдасақ, қазіргі отбасы-неке қатынастарында негізгі үш мәселенін басын ашып, бөлежара қарауға болады. Оның біріншісі — отбасының тұрақтылығы проблемасы, екіншісі — балатуу мәселесі және үшіншісі — тұрмыс саласындағы проблемалар. Алайда, ажырасудың жоғары денгейге жетуінің өзі некенін институт ретіндегі ыдырауы немесе жалпы отбасының дағдарысы да емес. Бұл жерде әңгіме отбасылық қатынастардың сапасы туралы ғана болып отыр. Отбасы қатынастарының сапасы оның типтері, онда қалыптаскан мінез-кұлық, жүріс-тұрыс түрлері арқылы да анықталады.

Отбасы кұрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері

— ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым; — әйелдің ер адамға экономикалық жағынан… — отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндетте-рінің…

ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Әлеуметтендіру туралы айтқанда біз мәдени нормаларды игеру мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру процесін… Әлеуметтік «Меннің» қалыптасуымен,…  

Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.

Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі

Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Адамның соңғы 40… Тұлға ретінде адам туралы түсініктің дамуы бірнеше… Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғаи және әлеуметтік…

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар

Жоғарыда аталған мәртебелермен адамзат қоғамындағы мәртебелер бітпейді. Маңдайға… Индивидтің қоғамдағы немес топтағы сыртқы… Ешбір құжатта тіркелмеген, бірақ қоғамдық пікірде қалыптасып,…

Тұлғаның әлеуметтенуі.

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері

Әлеуметтендіру «социолизация) терминнің пайда болу тарихына келетін болсақ, ең алдымен мына жағдайды айта кеткен… Тұлғаның әлеуметтенуі топтық… Әлеуметтендірудің қандай механизмдері бар? Бұл процесс ең алдымен екі жақ –…

ОН БІРІНШІ ТАҚЫРЫП

САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны… Қоғамның саяси өмірінің әртүрлі…  

Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.

Саясат және саяси қызмет.

Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып… Саясат әлеуметтануы - әлеуметтік-саяси қатынастарға,… Мұнда «саясат әлеуметтануы», «саяси қатынастар әлеуметтануы», «саясат ұғымы»…

Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар

 

Субъектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субъектілердің саяси қызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді. Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекеттерге түсіп, өздерінің саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бірақ, біріншіден, саяси мүдделер мен талаптар олардың, санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден, қалыптаскан саяси қатынастар объективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегіңде олар адамдардың саяси қызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айкындауға себепші болады. Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе өзге де саяси қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, өздері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады. Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке деген қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін құраса да, олар қоғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәйкес құралады, сонымен қатар олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен, азаматтық құқық пен бостандықты жүзеге асырумен байланысты да қалыптасады.

Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат немесе қайсыбір саяси партиялардың рухани мәдениет саласындағы саясаты көрініс табады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне ықпал етеді.

Саяси қатынастарға қоғамның әлеуметтік-саяси уклады, сондай-ақ оның өміріндегі моральдық-психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді. Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалымен қалыптасады. Алайда, қалыптасқан саяси қатынастардың өздері субъектілердің әр түрлі саяси мүдделерін тудырады. Бұл мүдделердің мазмұнын қоғамда нақтылы орын алып отырған саяси қарым-қатынастардың мазмұны анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси қарым-қатынастары олардың саяси мүдделері ретінде көрініс табады. Адамдардың, әсіресе барлық таптардың, ұлттардың, және саяси партиялардың саяси мүдделерінің өзара әрекетіне талдау жасаудың қажеттігі саяси қатынастар мазмұнынан туындайтын субъектілер саяси мүдделерінің мазмұнын түсінуге және жаңадан пайда болған саяси мүдделердің ықпалымен саяси қатынастардың өзіндегі өзгерістің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл сол сәтте орын алып отырған саяси шындық негізінде қоғамның бүкіл саяси өмірінің өзгерісі мен даму бағытын пайымдауға көмектеседі. Мұның басты буыны саяси қатынастар болып табылады. Сондықтан субъектілер саяси қатынастары мен саяси мүдделерінің өзара әрекеттестік проблемаларын зерттеу саяси қатынастар әлеуметтануының аса маңызды міндеттерінің қатарына жатады.

Адамдардың саяси мүдделері олардың өмірлік әрекеттері, әлеуметтік жағдайлары және өмір сүріп отырған ортадағы саяси қатынастар жүйесіндегі объективтік жағдайларымен анықталады. Субъектілердің саяси мүдделері олардың саяси қатынастарының объективтік көрінісі болып табылады, сондықтан аталған мүдделер де объективті болады. Олар өмір сүріп отырған саяси қатынастар жүйесінде таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттық қауымдастықтардың және өзге де субъектілердің жағдайларын нығайту үшін, әсіресе саяси билікке қатысты, сондай-ақ субъектілердің саяси құқықтары мен еркіндіктерін толық пайдалану үшін объективті түрде пайдалы әрі тиімді.

Осылайша субъектінің қайсыбір саяси мүддесінін мазмұны, саяси тұрғыдағы пайдасын түсінуі сол субъекті санасының жемісі болып саналмайды, оның нақтылы саяси ақиқатқа объективті қатынасының сәті ретінде өмір сүреді. Саяси ақиқатты субъект саналы түрде қабылдауы керек, оны, айталық, оған саяси тұрғыда ненің пайдалы, ненің пайдасыз екенін белгілі бір сәтке дейін түсінбеуі мүмкін. Сөйтіп, ол өзінің саяси мүддесіне объективті сәйкес келетін немесе қарама-қайшы келетін құбылысты түсінбеуі мүмкін.

Саяси қатынастар әлеуметтануы өзінің алдына субъектілердің саяси мүдделерін айқындау мен зерттеу міндеттерін қояды, яғни олардың қайсыбір жағдайда саяси тұрғыда өзін-өзі анықтау үшін не нәрсе маңызды және пайдалы екенін қарастырады. Бұл орайда саяси қатынастар субъектілерінің өздерінің объективтік саяси мүдделерінің қаншалықты тереңдігін түсінуі де және осы негізде олардың саяси істе саналы түрде басшылыққа алатын саяси мүддесінің қаншалықты екенін және олардың объективті қалыптасқан саяси мүдделеріне сай келуін анықтау да маңызды.

Осыған орай аталған субъективтік мүдделіктің өзі шынайы болуы мүмкін, яғни бірдей саяси жағдайларға субъектілердің әрекеті не жалған, немесе, тіптен, мифологиялық (қияли) да болуы мүмкін. Бүгінде саяси мифтер бұқаралық санадағы кең тараған құбылыс. Бұл проблемалар теориялық және қолданбалы әлеуметтану денгейінде зерттеледі, сондай-ақ нақты әлеуметтануға қатысты зерттеулердің барысында қарастырылады. Қазіргі кезде субъектілердің шынайы саяси мүдделерін түсіну, сонымен қатар олардың өз саяси мүдделерін түсінуі біздің қоғамымыздың дамуында аса маңызды болып отыр. Еліміз экономикасының, әлеуметтік және рухани өмірі дамуының негізіне алынатын мәселелерді шешу демократия принциптерін дамытумен тікелей байланысты екені белгілі. Олай болса, нағыз халықтық билік ретіндегі демократияны нығайту - бүкіл қоғамның түбегейлі саяси мүддесі. Оны қоғамның барлық мүшелері түсінуі тиіс. Бірақ ол көбінесе жалпылама тұрғысынан түсіндіріледі.

Іс жүзінде демократияны қандай саяси әрекеттер дамытатынын, олар қоғамның қандай жіктеріне көбірек қызмет ететінін, саяси әрекеттер басқа да әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделеріне нұқсан келтіретінін анықтауға тырысқанда қиыншылықтар туындайды. Бұл проблемаларды шешуде демократияны дамытудың мәнісі зор. Алайда, бұлар көпшілік саяси және мемлекет қайраткерлері қабылдай алмайтын аса қиын мәселелер болып табылады. Кебінесе мемлекет деңгейінде қоғам дамуы үшін қабылданған пайдалы шешімдер жүзеге асырылмайды немесе бұрын түсініксіз болған шешімдер, бүгінде қайсыбір әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың мүдделеріне кайшы келетіні белгілі болып отыр.

Басқа жағдайларда қоғамның әр түрлі әлеуметтік күштер саяси мүдделерінің қайшылығы тиісінше саяси әрекеттерге қозғау салуы мүмкін. Мысалы, депутаттарды сайлау туралы қабылданған заңдардың халық тарапынан қатаң сынға алынуын айтуға болады. Депутаттардың арасында жұмысшылар мен шаруалардың азайып, немесе болмауы, керісінше, интеллигенция өкілдері санының артқаны байқалады. Қазіргі коғам дамуында интеллигенцияның рөлі жоғары және әрдайым артып келе жатқаны дау тудырмайды. Сонымен қатар, жоғары билік органдарының білікті кәсіби деңгейде жұмыс істеуі маңызды, демек, бұл органдар жұмысының кәсіби денгейінің өсуі интеллигенция өкілдерінің, әсіресе заңгерлердің көмегіне байланысты болса, онда олардың оған қатысуы қажетті нәрсе. Десек те, елдің жоғары заң шығарушы органдарында негізгі әлеуметтік топтардың арасалмағы халықтың әлеуметтік құрамына сәйкес келуге тиіс. Қоғамның әлеуметтік топтары үшін олардың мүдделерін қорғайтын өз өкілдерінің елдің заң шығарушы органдарында болуы маңызды. Қазіргі кезде де бұл мәселе өзінің көкейтестілігін сақтап отыр. Бұл қоғамдағы барлық жіктердің, бүкіл әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси және өзге де мүдделеріне қатысты болып отыр.

Мемлекеттік биліктің әлеуметтік табиғаты туралы мәселе күн тәртібінен алынған жоқ. Қоғамның әрбір әлеуметтік тобы мемлекеттік билік органдарында өз өкілдерінің көптеп болуын көздеуге құқылы. Өзге әлеуметтік топтардың өкілдері басқаларды да түсініп, жанына жақын тарта алмайтындықтан, олар өздерінің түбегейлі саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мүдделерін барынша қорғайтын өз өкілдерін ұсынады.

Саяси мүдделердің, күрделі саласы ұлттық қатынастар болып табылады. Олар, ең алдымен, көп ұлтты қоғамның мемлекеттік құрылысымен, тиімді мемлекеттік басқару формасын табумен, ұлттардың өзара экономикалық қатынастары проблемаларымен, сондай-ақ олардың мәдениетін, аумақтық тұтастығын, т.б. дамыту проблемаларымен байланысты. Бұл мүдделерді ұлттардың өздері дұрыс түсінуі қажет және олар мемлекеттік деңгейде шешілуге тиіс.

Осыдан келіп үлтаралық қатынастардың маңызды принципі ретінде әр түрлі ұлттар мүдделерін жан-жақты үйлестіру проблемасы туындайды. Бүгінде аталмыш проблема біздің қоғам дамуының негізгі мәселелерінің қатарына жатады. Бұл жерде кез келген ұлттың астамшылығына, ұлтшылдығына немесе ұлтгық эгоизміне жол берілмеуі керек. Географиялық және тарихи жағдайларға байланысты көпшілік ұлттар бір-бірімен байланысқан, олар өздеріне қолайлы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың формаларын табуға тиіс. Бұлар олардың ортақ түбегейлі мүдделері болып табылады, сондықтан олар ұлттың даму мүддесіне сай келеді. Этностардың саяси мүдделеріне мемлекеттік деңгейде сондай ынтымактастықты орнату жатады. Аталмыш мүдделерді түсіну қоғам өмірінің барлық саласында ұлтаралық қатынастардың нақты проблемаларын шешуге дұрыс негіз қалайды. Бұдан кейін де қандай саяси іс-қимылдар ұлтаралық ынтымақтастыққа оң ықпал ететінін, ал қандайлары оларға қайшы келетінін анықтау керек. Сонда ғана олардың біріншісін сеніммен жүзеге асыруға және мүмкіндігі келгенше екіншісіне жол бермеуге болады.

Белгілі бір әлеуметтік топтың саяси мүддесі саяси билік үшін күреске немесе ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешуге қатысты болса, әрине, әрдайым қиындықтар туындайды: бұл саяси мүдделер қаншалықты терең түсінілуіне және оларды жүзеге асырудың қаншалықты дұрыс жолдары мен тәсілдерін таңдап алуға байланысты болады. Бұл адамдардың түбегейлі саяси мүдделеріне жатады, бұларды жүзеге асыру олардың қоғамда саяси жағынан өзін-өзі айкындауын қамтамасыз етеді, бұған сонымен қатар олардың, ағымдағы күнделікті саяси мүдделері де жатады. Бұлар, айталық, азаматтық құқық пен еркіндік саласына қатысты жекелеген мәселелерді шешу мақсатында аса маңызды емес саяси әрекеттерге қатысуға бағытталған.

Түптеп келгенде, осылар арқылы адамдардың түбегейлі саяси мүдделері мен ағымдағы мүдделерінің тікелей немесе жанама түрде байланысы көрініс табады. Өз кезегінде ағымдағы саяси мүдделер күнделікті саяси құқық пен бостандықты жүзеге асыруға бағытталған, олар белгілі бір деңгейде түбегейлі саяси мүдделерді де іске асырады.

Адамдар арасында жанама түрде саяси қатынастар және белгілі бағыттар орныққан, сонымен қатар адамдардың саяси әрекеттері мен өзара әрекеттерінің жиынтығы қайсыбір саяси процестердің мазмұнын құрайды. Мұның соңғысына саяси билік үшін әр түрлі әлеуметтік күштердің күресі, оның жүзеге асу процесі, сондай-ақ халықтардың ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі, қоғамды демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы және т.б. күрес түрлері жатады.

Саяси процестердің объективтік және субъективтік жақтары бар. Олардың кез келгені, түптеп келгенде, өмір сүріп отырған қоғамдағы объективті экономикалық қатынастармен, әлеуметтік-саяси күштердің арасалмағымен, оған қатысушылардың сол қоғамдағы саяси қатынастар жүйесінде алатын орындарымен және өзге де алғышарттармен қамтамасыз етіледі. Саяси әрекеттердің өздері және адамдардың өзара әрекеттері олардың арасындағы саяси қатынастар сияқты, толығымен нақты және объективті саяси ақиқаттың сәті ретінде көрінеді. Әлеуметтік топтар мен жекелеген тұлғалардың саяси қажеттіліктері мен мүдделері оларды саяси әрекеттерге бастайтын, объективті мазмұнға ие болады. Олар субъектілер әрекеттерінің объективті қажеттігін көрсетеді, өйткені ол әрекеттер сол қоғам мен мемлекетте субъектілер ұстанымын нығайтуға бағытталған. Мұның бәрі саяси процестердің объективті жақтарын құрайды, яғни оған қатысушылардың санасына тәуелсіздердің бәрі енеді, оны қоғамның объективті жағдайдағы өмірі мен дамуы қамтамасыз етеді.

Саяси процестердің субъективтік жақтары дегеніміз — ең алдымен алдарына белгілі бір мақсаттар қоятын және оларды саналы түрде жүзеге асыратын немесе іске асыруға тырысатын саяси процестерге қатысушылардық саяси санасы және ерік-жігері. Әлбетте, олар қайсыбір саяси процестердің объективті даму жағдайларын анықтай алмайды, бірақ бұл жағдайларды пайымдай, түсіне де алады және оларды өз әрекет-қызметінде ескеретін де болады. Бұл оларға саяси процестердің барысына оңтайлы ықпал етуге, ол процестерді белгілі бір арнаға бағыттауға, тіптен саналы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Саяси процестердегі саяси және өзге де саналардың рөлі тұрақты түрде артады. Бұл сананың өзі уақыт ағымына орай тереңдейді және толығады, сондай-ақ адамдардың саяси мінез-құлқына, мақсатты әрекетіне ықпал жасауға анағұрлым қабілетті болады, осылардың негізінде саяси процесс қалыптасады. Саяси сана саяси процестердің тұрақты дем берушісі болады, олардың динамикасы мен табандылығына әсер етеді. Сондықтан саяси процестердің объективтік және субъективті жақтарының маңызы мен рөлі, олардың өзара байланысын және динамикалық өзара әрекетін толығырақ ескеру қажет.

Саяси процестер әр түрлі сипатта болады. Олардың сипаты оған қатысушылардың объективтік саяси мүдделері мен саналы іске асыратын максаттарына тәуелді. Айталық, қоғамды саяси жаңғыртуда, қайсыбір әлеуметтік-саяси шындыққа бейімделуде, белгілі бір саяси күштермен ынтымақтасу немесе олардың арасындағы қарсыластықта саяси күрес сипатына ие бола алады. Сонымен бірге саяси процестер сындарлы, жасампаз немесе олар қоғамның саяси құрылым жүйесін бұзып, қиратуға бағытталған болса, деструктивтік, қиратушы сипат алуы мүмкін. Осының бәрін жүріп жатқан саяси процестерге объективтік-баға беру кезінде, олардың шынайы бағытын түсінуде ескеріп отыру керек.

Саяси процестер, әлбетте, белгілі бір саяси институттардың қызметі арқылы іске асады. Саяси институттар - қоғамның саяси құрылысы мен өмір сүруінің бірегей органдары. Олар көбіне-көп белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді. Бұлардың көмегімен қайсыбір саяси күштер өздерінің саяси мүдделерін жүзеге асырады. Бұл - қоғамның саяси кұрылысының өмір сүру торабы. Оның міндеті - қоғамның саяси тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ету.

Қоғамның саяси институттарының ең маңыздысына саяси билік, құқық және идеология институттарын жатқызуға болады. Олар өздерін мемлекеттік заң шығару және атқару билігі органдарының - парламент, үкімет, жергілікті билік органдары, заң қорғау органдары, сонымен бірге саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе, баспасөз, радио және теледидар қызметінен көрінеді. Аталмыш саяси институттардың әркайсысының бүгінгі саяси жүйенің қайсыбір буынының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған өзіндік арнаулы мақсаттық міндеттері бар. Атқарылатын міндеттерге орай қайсыбір саяси институттың кұрылымы қалыптасады, оның өзара байланысты органдары мен бөлімдерінің тұтастығы пайда болады. Бұл саяси билік, құқық қорғау, идеология институттарына немесе қоғам мен мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаратын институт - әскерге қатысты айтылады.

Түптеп келгенде, саяси институттар жүйесі қоғамның бүкіл саяси өмірінің бір қалыпты жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін құрылған, оның, негізінде қоғамдағы барлық әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделері жүзеге асады. Ол үшін саяси институттардың икемді қызметі қажет, олардың қоғамдағы барлық мүшелердің саяси мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз ететін әр түрлі саяси күштердің арасындағы саяси проблемаларды түсіністік негізінде шешетін, керек болғанда, бүкіл қоғамның түбегейлі мүдделерін қорғауда табандылық пен батылдық көрсететін қабілеті болуы керек.

Егерде бұл іске асатын болса, демек, бүгінде бар саяси институттар қоғамдағы саяси процестердің дамуын қамтамасыз етеді, белгілі бір деңгейде оны өздері ұйымдастырады да. Бұл қоғамның көпшілік мүшелерінің ұзақ мерзімді және күнделікті саяси әрі басқа да мүдделеріне сай келеді. Егер де бүған қарама-қарсы жағдай болатын болса, онда ол қоғамның саяси институттарының жетілдірілмегені және де қалыптасқан әлеуметтік шындыққа сәйкес оның даму мәселелерін шешуге де қабілетсіз болғаны.

Соңғы жағдайда қоғамдағы жүріп жатқан саяси процестер басқаруға аз-маз көнетін, ал кейде басқаруға көнбейтін, стихиялық деңгейге жетеді, сондықтан оның салдары қауіпті, турасын айтқанда, олар адамдардың көпшілік бөлігінің мүддесіне нұқсан келтіретін деструктивтік процеске айналады. Сондай-ақ мұндай саяси процестерден әртүрлі эгоистік немесе қоғамға жат элементтер қоғамның саяси институттарының қалыптасқан жағдайды өзгертуге қабілетсіздігін пайдаланып, саяси ұпай жинайды. Деструктивтік (яғни қиратқыш) саяси процестер саяси институттарды жоюға әкелуі мүмкін, жалпы қалыптасқан мемлекеттік құрылымды күйретеді, сөйтіп қоғамның саяси-экономикалық және рухани өмірінде қайта қалпына келмейтін керағарлық орнайды.

Жоғарыда айтылған жәйттар саяси процестердің дамуы мен саяси институттар қызметінің әлеуметтік тиімділігіне қатысты мәселелер саясат әлеуметтануы немесе саяси қатынастар әлеуметтануы назарынан тыс қалмауға тиіс екенін байқатады. Саяси институттар кызметінде объективтік және субъективтік алғышарттарды, олардың қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани саладағы өзара қатынастарын, сонымен қатар қайсыбір саяси ииституттардың даму болашағын зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы артып отыр.

Осы зерттеудің негізгі мақсаты - саяси институттар қызметінде әлеуметтік тиімділікті арттырудын жолдары мен әдістерін табуға саяды. Бұл көпшілік коғам мүшелерінің аталған мақсатты жүзеге асыруға атсалысуынан, осы мүдделердің жан-жақты үйлесім табуынан көрінеді.

Саяси институттар қоғамның саяси жүйесін және саяси сананы қалыптастыруда манызды рөл атқарады.

 

Оғамның саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элеиенттері, функциялары мен формалары

Сайып келгенде, коғамның саяси жүйесі мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы болып табылады. Өйткені… Аталмыш жүйенің негізгі функцияларына әлеуметтік… Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

Мазмұны және функциялары.

Мәдениет әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оған әлеуметтанудың тұтас… Балалық шақтан бастап, тілді меңгергеннен кейін, біз… Жалпы айтқанда, мәдениет “адамзат тарихының кесіндісі”, ол тарихи даму барысындағы…

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары

Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани… Құндылықтар мәдени нормалар түріне жатпайды,… Әдет-ғұрыптар – ұжымдық әдеттермен бекітілген дәстүрлі…

ОН ҮШІНШІ ТАҚЫРЫП

ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Басқару – басқа ғылымның пәні, дәлірек айтсақ, менеджмент әлеуметтануының пәні.…

Йымның пайда болуы және оның құрылымы

Ұйымдар өте күрделі және сарқылмайтын таным объектісі. Олардың мұндай алуан түрлілігі ұйымдар… Адамдардың ұымдасқан қызметі – олардың… Әлеуметтік қауымдастықтың формасы ретінде құрылған ұйым барлық…

Йымның тыныс-тіршілігі мен типтері

Басқарудың өзіндік әдістері бар. Басқару әдістері – бұл қызметкерлерге, топтарға және… Көрсетілген деңгейдің әрқайсысында басқару… а) тікелей (бұйрық, тапсырма);

Леуметтік басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері

Қоғамды басқарудың мазмұны, мақсаты мен мүмкіндіктері ең алдымен қоғамдық… «Әлеуметтік басқару» ұғымы мазмұны жағынан… - материалдық-өндірістік дамытуды басқару;

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Білім әлеуметтануы – келеңсіз тенденцияларды жоюға көмек көрсететін және қазіргі адамның…  

Білім әлеуметтануының категориялары, объектісі мен пәні

Әлеуметтенуда мейлінше толығырақ қарастырылған «әлеуметтендіру» категориясы «білім» ұғымымен… Бір мезгілде алуан түрлі әлеуметтік институттар – мектеп, отбасы,… Жалпы шетел әлеуметтануында қабылданған білім беруге берілген мұндай түсініктемелер…

Оқу социомәдени әрекет ретінде

Білім әлеуметтануының негізгі мәселесі – оқудың мәні не – оның ең жақсы жай-күйіне… Оқу – адамның білім саласындағы негізгі… Әдебиеттерде оқу процесін белгілеу үшін мынандай терминдер қолданылады: оқу, білім беру,…

Орта оқу орнының қалыптасуы

Әлеуметтену адами индивидтің әлеуметтік өмірдегі тіршілігін сақтап қалуы, оның бірлескен… Өзін басқаша адамды жалғастырушы қажеттігі… Қалыптасушы «өзінше» адамның өзін-өзі көрсететін және өзін…

Білім жүйесінің құрылымы

Білім жүйесіне құрылымдық талдау жасауды бастағанда әдетте оның мекемелерінің жиынтығын,… Білім беруде келесі функционалды жүйешелерді бөліп көрсетуге… - Әр деңгейдегі басқару және үйлестіру (мектеп дирекциясы, білім берудің…

Білімнің әлеуметтік мақсаттары мен атқаратын міндеттері

Білімге тарту, оның қайсыбір формасына қатыстыру негізінде адамда, әлеуметтік топта индивидуалдық пен әлеуметтік… Білім жүйесі өзінің оқушылар контингентін… Кейде протекционизм элементтері әдейі істелген әрекеттер арқылы да көрініп қалады. Осы…

ОН БЕСІНШІ ТАҚЫРЫП

ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Әлеуметтанулық зерттеуге дайындық – әртүрлі жұмыстардан, ғылыми процедуралар мен операциялардан… Осыны ескере отырып, бұл тақырыпта әлеуметтану…  

Леуметтік зерттеудің құрылымы, кезеңдері мен элементтері. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы

Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпирикалық («эмпирия» - грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына… Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның… Оны жүзеге асыру зерттелгенпроблеманы практикада шешуге бағытталады.Саясаттанушылар мен…

Леуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы

Әлеуметтік ақпарат алудың бірден-бір ұтымды тәсіліне құжатты сараптау әдісі жатады. Бұл… Әлеуметтану ақпараттарының қайнар көзі болып… Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы дайындаған…

МАЗМҰНЫ

Бірінші тақырып. Әлеуметтану – ғылым 1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі… 2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері............................

– Конец работы –

Используемые теги: леуметтану0.032

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ЛЕУМЕТТАНУ

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

0.02
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам