Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардыц арасында оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» (1893), «Әлеуметтанулық әдістің ережелері» ( 1895), «Өзіне-өзі қол салу» (1897), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912) жатады.

Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестенуі, талаптануы және мүдделері негізгі рөль атқарады. Ол өзінің, әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдап, индивидтердін, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда елеуметтік орта үлкен рөл аткарады. Дюркгеймнің әлеумегік реализм козқарасының негізгі ережелері осылар.

Дюркгейм «социологизмінің» басты принципі мен ерекшелігі - оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді. Бұның мәні - құндылықтар мен идеялардың, әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің тұтқасына айналуында. Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детерминация адамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмпирикалық өмірдің екі жағына айналады. Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді. Дюркгеймнің, ғылыми айналымға құндылықтар және құнды бағдарлар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары кіреді: егер де сырттан әсер етілетін мәжбур етуге сүйенбей, қоғамның адамгершілік беделіне, адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса, әлеуметтік нормалар да согұрлым тиімді болады.

Э. Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдеп құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне дейінгілердің негізінен алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауга кең көңіл бөлгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолга алады. Оның пікірінше, әлеуметтану - әлеуметтік факторлар туралы ғылым. Бұл дегеніміз - адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси, құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарга сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.

Адамдардың күнделікті өмірде іске асыратын идеялары мен рухани құндылықтарын әлеуметтік құбылыстардың соңғы себептері ретінде қарастырады. Олардан кез келген әлеуметтік эволюцияньщ қайнар көзі көреді. Әңгіме ұжымдық сананың көрнісі ретіндегі идеялар мен рухани құндылықтар туралы болып отыр.

Жеке адамдарға қатысты әлеуметтік нормалар, құндылықтар және өзге де қоғамдық сананын көріністері объективті өмір сүреді. Әрбір адам қалыптасқан белілі бір саяси, құқықтық, моральдық және басқа да нормаларга, құндылықтарга және әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса оларды меңгеруі қажет және күнделікті өмірде іске асыруы тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм әлеуметтік фактілердің екі негізгі белгілерін көрсетеді: жеке индивидтерге қатысты олардың объективтік өмір сүруі және олардың адамдарга мәжбур ету ықпалы. Осылар аркылы Дюркгейм адамға әлеуметтік - тіршілік иесі деп карайды, оның дамуы мен қызметі әлеуметтік нормалар мен жарлықтардың ықпалымен жүреді әлеуметтік фактілердің ортақ рухани табиғаты және мәні бар. Олардың бәрі топтық немесе бұқаралық сананың көрінісі. Олар адамдарға ұйымдаскан саналы ықпал етеді және әлеуметтік институттар, соның ішінде құқықтық, діни, т.б. арқылы жүзеге асады.

Дюркгейм қоғамдық болмыс формасы немесе қоғам құрылымы мен жеке «материалдық» бөлімінің формасын қарастыратын әлеуметтік морфология деп аталатын фактіні ұжымдық сана немесе түсінікке қарсы қойды.

Морфологиялық фактілер - «материалдықты» қоғамның сандық аспектісін, оның субстратын, ал ұжымдық сана рухани, саналы аспекті болып саналатын «ұжымдық түсінікті» құрайды,

Сөйтіп, Дюркгеймнің әлеуметтік фактілер жөніндегі ілімінде қоғам мен тұлғанын өзара әрекетін түсінуге мүмкіндік беретін қажетті, маңызды ережелер қалыптасқан, топтық, ұжымдық сананың рөлі көрсетілген. Осының бәрі әлеуметтанудың ғылым ретіндегі шынайы пәні болып саналады.

Дюркгеймнің қоғамда болатын Қалыптылық пен патологияның, өзгешеліктері туралы, әлеуметтік аурулар және оларды жоюдың жолдары жөніндегі ілімдері аса маңызды. Қалыпты және патология қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды, соның (ішінде қылмыстарды, дағдарыстарды, т.б. интерпретациялауда қолданылған. Дюркгеймнің пікірі бойынша, нормальды - бұл әлеуметтік орғанизм ретіндегі қалыпты өмір сүру жағдайынан келіп шығады. Қылмыс және басқа да әлеуметтік аурулар қоғамға зиян келтіріп, жат қылыққа ұшыратса да, қалыпты болып саналады, Өйткені олар белігілі бір қоғамдық жағдайда ірге тепкен және пайдалы да қажетті қоғамдық қатынастарды қолдап отырады.

Өзі кең түрде қолданып келген оның қалыпты түсінігі Дюркгеймді көпеген қорытынды жасауға, кейде релятивизмге әкеп соқтырды. Мысалы, кез келген қоғамда кездесетін қылмысты ол қалыпты құбылыс ретінде қарастырды. Керісінше, XIX ғасырдың. соңында өзін-өзі өлтірушілердің санының артуы және экономикалық дағдарыстың кейбір типтері патологиялық деп сипатгалды. Қоғамның қалыпты қалпын жоспарлы экономиканың дамуы және еңбек қатынастарын нормативпен реттеуден туады деп түсіндірді.

Сонымен қатар әлеуметтік саулық, Дюркгеймнің пікірі бойынша, индивидтің, ұжымның немесе қоғамның омірлік күштерінің қалыпты дамуында, олардың орта жағдайларына бейімделу қабілеттерінде, оларды өз дамуларына қолдана білуінде. Қоғамның дамуына және адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал ететіндердің бәрі пайдалы және қажетті деп танылуы керек. Қоғамның ауруы оның кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Егер қоғам тұтастай ауру болса, оны әмбебап емдеу қажет. Дюркгейм қоғамның моральдық және саяси сауығуына үлкен маңыз береді.

Қорамның қалыпты емес қалпына аномия жатады, бұл — индивидтердің мінез-құлқын нақты моральдық, реттеу әдісінің болмауынан қалыптасатын қоғамдық жағдай. Дюркгейм аномияны түсіндіруді әлеуметтік функциялардың. арасын реттеп отыратын ережелердің әзірленбеуінен іздестірді. Ол реттеуге көнбейтін бәсекелестіктің, таптық шиеленістердің, ескішіл еңбектің және жұмысшы күштерінің деградациясынын болуын өндіріс пен еңбек бөлінісінің жедел түрде асқынатын сырқаты ретінде анықтады.

«Қалыпты емес формаларды» жоюда Дюркгейм шиеленістерді бейбгг жолмен шешуді, күрес пен бәсекелестікті көңілге сыйымды мөлшерде бәсеңдетуді, таптар қатынастарын қатаң реттеуші ережелер жинағын шығаруды, әділеттілікті және теңдікті енгізуді ұсынды.

Дюркгейм қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеуметтік фактілерді түсіндіруде себептік және функционалдық талдауды әлеуметтанулық зерттеудің маңызды әдісі етіп қарастырады.

Себептік түсіндірудщ мәні - әлеуметтік құбылыстың әлеуметтік ортақа тәуелділігіне талдау жасауда.

Функция ұғымын Дгоркгейм биологиядан алады, ол бойынша физиологиялық процесс мәліметтері мен орғанизм кажеттілігінің арасында сайма-сай келетін қатынастар бар. Осы ережені ол әлеуметтік терминге айналдырып, әлеуметтік құбылыстың немесе институттыц функциясы — институт пен қоғамның кейбір қажеттіліктерінің арасындағы сәйкестіктерді жөнге салу, деп түсіндіреді.

Дюркгейм социолизмнің айқын көрінісінің бірі – оның дін тұжырымдамасы. Діннің шығу көздерін ол қоғамнан іздеуді ұсынды. Австралия тотемизмін зерттеген ол діннің шығуын алғашқы қауымдық құрлымымен, оның әлеуметтік ұйымымен байланыстырады. «Дін әлеуметік ортаның жемісі» деген тұжырым жасап, қоғамның, одан басымдылығын мойындайды. Алғашқы қауымдық дінді зерттеп, одан қазіргі «күрделі» қоғамның бейнесін көрген Дюркгейм тотемизмнщ ерекшеліктерін қазіргі діндерге көшірді және дін жүйенің басты элементі ретінде құдай идеясын жоққа шығарды. Оның, пікірінше, сенушілердің құдайы тек «қоғамнын фигуральды керішсі», ал бұған керісінше құдіретті принцип — «қоғам басқаларға қарағанда гипостазданған және басқа түрге айналғыш». Осыдан келіп мәдениетке, тұулғаға, сонымен қатар адамзат ойлауының негізгі зандылықтарына діннің шексіз ықпалы жасалады. Қоғам діни сенім мен догматтардың авторы және пәні, ол дінді жасайды және дінге табынуға итереді, қоғам — бір мезгілде құдай және табынушы. Дюркгейм дінге символдық жүйе ретінде де қарайды. Алгашқы қауымдық тотем алғашқы адамдардың қандай топқа жататынын анықтаушы символ ретінде түсіндірілді. Материалдық мәдениеттің өзге заттары белгілер ретінде қарастырылды, солардың көмегімен белігілі бір тарихи дәуірден ұжымдық санаға үңілуге мүмкіндік туды. Әлеуметтанулық сараптама бұл жүйенің базисі қызметін атқаратын реалдықты, яғни қоғамды көруге тиісті еді. Дін символдық белгілер жиынтығы ретінде қарастырылды. Сол белгілердщ көмегімен діннің қоғамдық интеграторлығы мәдениетті таратушы қызметтерді жүзеге асырып отырды.

Діннің басты компонснті, Дюркгеймнің пікірінше, оның догматтық бөлімі емес, жораларды атқарудағы ұжымдықтан көрінетін діннің практикалық қызметі. Белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді білдіре отырып, дін қажетті қоғамдық міндеттерді атқарады. Дюркгейм табыну практикасындағы негізгі әлеуметтік қызметтерді атап көрсетті: тәртіпке шақыру, немесе мәжбур ету және бақылау қызметі, соның негізінде әлеуметтік бірлік нығайып, бекиді; жаңадан өндіру міндеті, бұл жана ұрпаққа әлеуметтік-мәдени мұраларды берудің және оның жандануының көмегімен іске асады; эйфориялық міндет, бұл әлеуметік аман-есендік қуаныш сезімін қалыптастырудан тұрады. Діни ырымдар, ғұрыптар маңызды әлеуметтік міндеттер аткарады, қоғамның әлеумегтік ынтымақтастығын қолдауға және нығайтуға қызмет етеді, ал индивидуалдық деңгейде адамның өз күшіне сенімін арттырады.

Дюркгейм дін ұғымын діннің басты компоненттерінен, яғни құдай, т.б. айырып, дінді кез келген әлеуметтік объектіге қатысы бар наным мен ырымдардың жүйесі ретінде кеңірек көлемде түсіндіреді. Түптеп келгенде, дінді уақыттан тыс тұрған, мәңгі сииатталған, кез-келген қоғамдық, типте ұқсастығымен көрінетін абстрактілі идеологиямен теңестірді.

Дюркгеймнің маңызды зерттеулерінің бірі мораль болды. Оның табигатын, шығуы мен атқаратын қызметтерін баяндауда Дюркгейм әлеуметтану тұжырымдамасын басшылықка алды. Моральды өзінің ерекшелігіне орай, ол әлеуметтік жағдайдан, әлеуметтік ортадан, әлеуметтік құрылымнан туындатты.

Дюркгейм моральды мінез-құлықтың объективтік ережелерінің жүйесі ретінде қарастырып, жеке индивидтің мойындамасқа лажы қалмайтын олардың импсративті, мәжбүр ету сияқты айрықша белгілерін де көрсетті. Моральдың басты белгісі ретінде борышты (парыз) атады, оны қолдау адамның моральдық қасиетін арттырады. Бұдан кейін Дюркгеймді қызықтырған моральдың еріктілік мәселесі, қажеттік, тартқыштық және моральдық құндылықтарга адамның мүдделі болу белгілері де оның назарынан тыс қалмады.

Моральдың әлеуметтік мәнін атап көрсеткен Дюркгейм, оның дін сияқты «құдіретті сипатын» ашып, индивидтен өзінің күшімен, беделімен асып тұратын қоғам моральдың қайнар көзі және объектісі екенін баяндады.

Моральды қоғамдық жағдаймен байланыстырса да, Дюркгейм әлеуметтік құрылымды түбегейлі озгертетіи қоғамдық идеалды қажет емес деп санады. Әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерге қоғамдық идеалды сәйкестендірсе жеткілікті деп есептеді. Сол кездегі қоғамдағы табиғаты жагынан моральдық саналған дағдарыстың негізіне жалпы адамдар санасының сипаты мен мазмұнының, өзгеруін алды. Нормалар мен құндылықтарды тез өзгерту қоғамда бұрын қалыптаскан тәртіпті жояды, соның салдарынан қоғамды моральдық жүгенсіздікке (хаоска) әкеліп соқтырады. Дағдарыстан шығудың жолы - ол моральды ретке келтіруді күшейту.

Дюркгейм тұжырымдамаларында «ұжымдық ақыл» мен ұжымдық
мүдделердің қорғаушысы міндетін қоғамның бұдан басқа да мәселелерін
«ойлайтын және әрекет ететін» мемлекет атқарады. Либерализм рухында
мемлекеттің рөлін баяндаған ол өкімет билігінің асыра күшеюі мүмкіндігін
алдың ала көре білді. Мемлекеттің асыра бақылауынан тыс индивидті
«екіншілк» немесе аралық әлеуметтік топтар - діни, өндірістік, т.б. қорғау
қызметін атқаруга тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм белгілі топтардың
өкілдері ретінде индивидтердің мінез-құлқын реттеуші ерекше партику-
лярлық моральдық кодекстер идеясын ұсынды. Солай дегенмен де, Дюрк
гейм қоғамдық маңыздылығы дәрежесі бойынша моральдық ережелердің
қатаң иерархиясын орнатуды талап етті. Отбасы, кәсіби және азаматтық
мораль иерархиялық құрылымды құрады, оның биік шыңында мемлекет-
тен көрініс табатын жалпыадамзаттық құндылықтар мен идеалдар орна-
ласты.

Мораль проблемаларын баян етуде Дюркгейм адамның, екі жақты та-биғатын пайымдаған антропологиялық теорияға сүйенді. Адамның, биологиялық табиғаты (қабілеті, биологиялық функциясы, имлульстері, құмарлығы) оның тәрбие жолымен (нормалар, құндылықтар, идеалдар) қалыптаскан әлеуметтік табиғатымен қарама-қайшылықта болады. Бұл қайшылықтарды тудыратын тоқтаусыз мазасыздық, шиелешс сезімі мен үрейлену, бұлар тек қорамның әрекетімен ғана шешіледі. Ол адамның биологиялық табиғатына бақылау жасайды, құмарлығын және тәбетін шектейді, оларды белгілібір шеңберде ұстайды. Егер қоғам индивидтерге өзінің бақылауын әсіресе, аномиялық жағдай қалыптасады, яғни қоғам мен индивид дезинтеграцияланады, теріс моральдық тәртіпке, ретсіздікке, бақылаусыздықка әкеп соғады. Бұдан барып өзіндік бір моральдық, кеңістік пайда болады, соның салдарынан бұрынгы нормалар мен құндылықтар бұдан әрі өз рөлдерін орындамайды, ал олардың жаңалары әлі нығайып үлгермеген болатын.

Түптеп келгенде, Э. Дюркгейм қарастырған проблема олардың және оларды шешу тұжырымдамаларының теориялық әлеуметтанудың, іргелі проблемаларының қатарына жататыны даусыз, олар бүгінгі күнде де ез құндылығын жойған емес, әлі де пікір сайыстарын туғызып келеді.

Әлеуметтанудың дамуына он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында маңызды үлес қосқан неміс ойшылы Макс Вебер (1864—1920) болды. Оның, әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының көптеген жақтары қайтадан ой елегінен өткізіліп, пайымдалуда. Оның дайындаған әлеуметтік таным методологиясы, түсіну тұжырымдамасы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мендін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып отыр. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына түрлі барыт устаран көрнекті) ойшылдар ықпал етті. Солардың арасында Г. Риккерт, К. Маркс, Н. Макиавелли, Т. Гоббс, Ф. Ницще және басқалары болды. Вебердщ өзі көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Шаруашылық және қорам», «Әлеуметтік-шлымилық және әлеуметтік-саяси танымның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы», «Негізгі әлеуметтанулық ырымдар» туындыларын атап айтуға болады.

М. Вебер көзқарасы тұрғысынан ой жүгіртіп, сараласақ, әлеуметтану өз алдымен адамнын немесе адамдар топтарының мінез құлкын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Алайда, олардың кез келген мінез-құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні бола алмайды. Оның пәні, біріншіден, адамның және адам топтарының, мақсаты және оған жетудің құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізген ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын есепке алуын қарастырады. Егер де әрекет өзге адамдар тарапынан жауап реакция алуы есептелмесе, айталық, машиналар немесе табиғат тарапынан болатын жауапты Вебер әлеуметтік деп санауга болмайды дейді. Сонымен бірге еліктеу әрекеті де әлеуметтік әрекет қатарына жатпайды. Әлеуметтік әрекетті М. Вебер типтерге бөледі: 1) ұтымды-мақсатты әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылуымен сипатталады. Осы әрекетті іске асыру барысында басқа адамдар мен заттар құралдар ретінде қолданылады; 2) құнды-ұтымды әрекет - белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни, т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет; 3) аффектілі әрекет, ол субъектінің, көңіл-күйі мен сезімшен туындайды; 4) дәстүрлі әрекет, бұл қалыптасқан әдет-дардымен іске асатын әрекеттің түрі1. Өйтсе де, М. Вебер осы типтердің шартты екенін мойындаған, әлеуметтік әрекеттерді зерттегенде көп жағдайда аралас мотивтерді басшылыққа алған, себебі кез келген адамның әрекеті мотивтен туындайды. Нәтижесінде әрекет субъективтік марынара ие болады. Сөйтіп, М. Вебер әрекеттің мотивті, мақсатын ұғынуды әлеуметтік зерттеудің бірден-бір міндеті деп түсіндіреді. Өйткені қоғамдық қатынастар жеке адамдардың өзара әрекеттің нәтижесінен құрала-ды. Әлеуметтік әрекеттер, Вебердің айтуынша, адамның немесе адам топтарының саналы пайымдалған өзара әрекет жүйесін, осыдан келіп олар түсінін) әлеуметтану деп аталатын түсіну пәнін құрайды. Мәселенің мәні мынада: егер де адамның әрекеті ойластырылған және іштей бірдемеге бағытталған болса, онда әлеуметтанушы бұл әрекеттердің мазмұнымен қатар, олардың басқа адамдар үшін қандай салдарлары болуы мүмкін екендігін көре білуі тиіс. Субъектінің осы қызметтегі мотиві, басшылыққа алған рухани құндылықтары есепке алынады. Бас қаша сөзбен айтқанда, әлеуметтік әрекет субъектінің рухани дүниесінің мазмұнын пайымдап, түсіну қажет. Осы рөлде әлеуметтану түсінуші ретінде қарастырылады.