XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы

Қазан теңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді. Онда институттандыру процесі басталды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында әлеуметтану ғылымының өрлеуі байқалды. Әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілді және әлеуметтану кафедралары құрылды. Жоғары оқу орнының осындай бөлімі Петрофад пен Ярослав университеттерінде жұмыс істей бастады. 1919 жылы Социобиблиографиялық институт ашылды. Сол жылы осы институттың директоры К. М. Тахтарев бұл институтты Ресей әлеуметтану институ-тына өзгерту туралы мәселе көтерді.

М. М. Ковалевский атындағы Ресей әлеуметтану қоғамы өз жүмысын қайта жалғастырды. Оның төрағасына Н. И. Кареев тағайындалды. Петроград университетінің маңызды буыны саналатын қоғамдық ғылымдар факультетінің қатарында елдегі алғашқы әлеуметтану бөлімі 1920 жылы ашылып, оқу процесіне орыстың ірі әлеуметтанушылары тартылды. Осы әлеуметтану бөлімін басқару ісі П. Сорокинге тапсырылды. Осы жылдары негізінен теориялық мәселелер қарастырылған көптеген әлеуметтанулық әдебиеттер баспалардан жарыққа шықты. Мысалы: П. А. Сорокиннін, Н. А. Бухариннің, М. С. Сальнскийдің, В. М. Хвостовтың, т.б. шығармаларын айтуға болады.

Бұлардың енбектерінде әлеуметтану білімінің пәні, теориясы және құрылымы жөнінде әр түрлі көзқарастар сарапталды және әлеуметтану мен маркстік қоғам теориясының арасалмағын ажырату мәселесі қойылды. Соңғының негізінде маркстік әлеуметтану ғылымын нақты қалып-тастырып, әлеуметтанудың марксизм іліміндегі орнын айқындау міндетін жүзеге асыру қарастырылды.

Алайда, беделге сүйенген тәртіптің орнауы, қоғамдық өмірдің барлык саласын басқаруда әкімшілік-әміршілдік жүйенің құрылуы жалпы қоғамдық ғылымдарға, соның ішінде әлеуметтану ғылымына кері әсер етті. 1922 жылы көрнекті ойшылдар, кәсіби философтар, әлеуметтанушылар, экономистер елден қуылды. Солардын арасында П. А. Сорокин, П. Б. Струве, Н. А. Бердяев, С. Н. Булгаков, т.б. болды. 20-шы жылдардың орта түсында қалыптасқан идеологиялық және саяси бақылау жүйесі кез келген жаңа әлеуметтік ойдың басып-жаншылуына, тыйым салынуына әкеп соқтырды, әлеуметтанулық пайымдаулар жоққа шығарылды.

П. А. Сорокин марксистерді қоғамның әлеуметтік құрылымының бүкіл проблемасын таптарға бөлумен шектелуін сынады, адамдар арасындағы жойылмайтын сапалы өзгешеліктерге байланысты тапсыз қоғам орнатудың «приниипі мүмкін емес» екендігін де айтты. Марксизмге адал К. М. Тахтарев, С. И. Солнцев, т.б. әлеуметтанушылар қоғамның таптарға бөлінуі шешуші рөл атқаратындығын атап көрсетті, таптардың шығуы мен эволюциясын Спенсер мен Дюркгейм тұрғысынан түсіндірді. Бұлар таптық күреске қоғамдық прогрестің қозғаушы күші ретінде қарамады. Дамудын қайнар көзі, Тахтаревтің пікірінше, таптар емес, әлеуметтік ынтымақтастықтың және қоғамның іргетасын қалайтын ұлттық қатынастар.

А. А. Богданов пен Н. И. Бухариннің таптар тұжырымдамаларынын негізіне қоғамнын әлеумегтік-таптық құрылымын қалыптастыратын тех-никалық-ұжымдық қатынастар қоғамдық еңбек бөлінісінде басқарушы және атқарушы болады деген түсініктер алынды. Мұндай бөліну тіптен әлеуметтік ұйымдардың нышаны көрініс берген жерлердің бәрінде болатын болды. Сондықтан таптар қоғамның табиғи және қажетті элементі, деп танылды.

Алайда, 20-жылдардағы таптарға дәстүрлі маркстік көзқарас шеңберінен шығуға жасалған талап маркстік әлеуметтанудың одан әрі дамуына айтарлықтай ықпал жасай алмады. Көптеген маркстік зерттеулер бұрыннан қалыптасқан тұжырымдамаларды нақтылауға арналды, мынандай ұғымдарды тәптіштеді: негізгі және негізгі емес, аралық, өтпелі таптар; сонымен бірге таптар ішіндегі жіктелісті сипаттайтын ұғымдарды: «таптар типі», «отрядтар», т.б. нақтылады.

30-жылдардын басында тапсыз социалистік қоғам концепциясы да маркстік әлеуметтанушылардың арасында орын тепті. Олар қала мен деревняда капиталистік элементтерді жою тапсыз қоғамға өткізеді деп түсінді. Бұл көзқарас Маркстің пролетариат диктатурасы тапсыз қоғамға жеткізеді деген ережесін жалаң, көшіре салу болды. Сондықтан 30-жылдардын ортасында қалыптасқан қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттағанда «жаңа таптар», «жаңа социалистік таптар» ұғымдары қолданылды, яғни бұлар классикалық, марксизмде болмаған және оның доктринасына қарсы ұғымдар еді.

30-жылдардың ортасында маркстік окулықтардан белгілі болып отырған социалистік қоғамның әлеуметтік кұрылымының тұжырымдамасы толығымен қалыптасып болды. Ол тұжырымдама бойынша қоғам екі антагонистік емес таптардан: жұмысшы табы және колхозшы шаруалардан және тапаралық жік - еңбекші интеллигенциядан тұрды. Меншіктің екі формасының, яғни жалпы халықтық және колхоз-кооперативтік меншіктерінін біртіндеп жақындасуы әлеуметтік біртекті қоғамға әкеледі деген болжам жасалды. Бұл әлеуметтік утопия негізінен идеологиялык функция атқарды.

20-30-жылдары ұлт және ұлттық қатынастар проблемасына арналған теориялық жұмыстарда И. В. Сталиннін «Марксизм және ұлт мәселесі», «¥лт мәселесі және ленинизм» еңбектерінде қалыптасқан көзқарастар етек алды. Проблеманы талқылау сталиндік пайымдауға түсініктеме берумен шектелді. Бұл проблемаға сталиндік тұрғыдан қарау кеңестік әлеуметтану әдебиеттерінде бұдан кейінгі жылдары әбден бекіп, пайымдау жөніндегі пікір сайысы мәселенің теориясын тұмшалап тастады. Сол тұстағы ұлт мәселесі бойынша жарық көрген жарияланымдарда орын алған ұлттық және этникалык кауымдастықты, ұлттық және этникалық процестерді бір-бірінен нақты ажырата алмау бірден-бір кешірілмес іргелі кемшілік болды. Этникалық және ұлттық қауымдастықтардың арақатынасы проблемасын қарастырған көптеген марксистер ұлт дайын этника-лық қауымдастықтың негізінде пайда болады деп түсіндірді. Этникаға ұлттық процестің кері ықпал ету проблемасы зерттеуден тыс қалып қойды.

20-30-жылдары қоғамдық өмірдің барлық саласына көніл белінді, соның ішінде отбасы мәселесі де болды. Отбасы мәселесі көптеген марксист теоретиктерді және партия мүшелерін кызықтырды. В. А. Быстренскийдің, А. В. Луначарскийдің, А. М. Коллонтайдың және т.б. еңбектері жарыққа шыкты. Бұлар отбасы мен неке генезисі, әртүрлі қоғамдық фор-мациялардағы отбасы-неке қатынастарының даму заңдылықтары, отба-сының әлеуметгік функциялары, социалистік қоғамдағы отбасы дамуының келешегі проблемаларын зерттеген тұңғыш еңбектер еді. Аталмыш маркстік әлеуметтанулық шығармалардың арасында біраз схоластикалық туындылар да болды. Оларда теориялық және эмпирикалық талдауды ұштастыруға алғашкы қадамдар жасалғанымен, идеологиялық нұсқаулар фактілерді бұрмалап түсіндіруге әкеп соқтырды. Кеңестік социалистік республикалар одағындағы ерлі-зайыптылардың ажырасуларының саны-нын артуы отбасы институтының ыдырауының көрсеткіші ретінде ұтан-дырылды. Отбасын біржақты зерттеу, оның шағын топ ретіндегі сипатын мойындамау, сайып келгенде, экономикалық, құқықтық институттар мен нормалар жағынан қатаң детерминдендірілген формальды ұйымдар принципіне сәйкес отбасы моделін құруға әкелді.

Соған қарамастан маркстік әлеуметтанудың 20-30-жылдардағы теориялық ізденістері қуатты идеология қысымының аясында болды, ал социография саласында жаңа әлеуметтік қажеттіліктер елдегі болып жатқан әлеуметтік процестер жөнінде ақпарат жинау үшін қолайлы жағдай жасады. Бұл теориялық және эмпирикалык зерттеулер арасындағы алшақтыктың тым терендеуінің басты себебі еді. Эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер саласындағы қаркынды жұмыс азамат соғысы жылдарында басталып та кетті. Революцияның әлеуметтік салдары туралы ақпарат жинауға арналған бірнеше зерттеулерді Петроград социобиологиялык институтының қызметкерлері жүргізді. 1920 жылы П. А. Сорокиннің жетекшілігімен Петроградта кәсіби топтарға зертфу жүргізілді. Бұл оның әлеуметгік стратификация теориясына арналған тұңғыш тәжірибесі болды. Алайда, 1920 жылдан бастап маркстік емес әлеуметтанушылар өз зерттеулерін тоқтатуға мәжбүр болды. Бірақ қоғамға әлеуметтік ақпараттың қажеттігі сақталып қалды.

20-жылы орталық және жергілікті өкімет органдары жүргізген «әлеуметтік зерттеулер» әлеуметтік акпаратты жинауды ұйымдастырудың тиімді формасы болды. Мұндай зерттеулерге әдетте ұқыпты дайындықтар жа-салды. Зерттеу бағдарламасы баспасөз беттерінде жарияланды. Олардың нәтижесі бойынша монографиялар, газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар басылды. Анкеталық сауалнама жүргізу техникасы енді ғана қалыптасып жатты, оның бәрінде ашық сұрақтар қолданылды. Білім беру және тәрбие проблемаларын әлеуметтанулық зерттеулерде тестілерді қолдану тәжірибесі іске асырылды. Жиналған ақпарат өзінің мазмұнының байлығымен, қолданбалық тиімділігімен ерекшеленді. Көптеген зерттеулердің бүгінгі нормалармен салыстырғанда біршама кемшіліктері болды, атап айтқанда, бағдарлама дайындаудағы олкылықтар, ұғымдык аппараттағы, алғашкы ақпарат жинау әдістемесіндегі кеткен көптеген қателіктер және т.б. осынын, айғағы. Бірақ сол жыддардағы кеңестік социография академиялық әлеуметтануға қарағанда саяси цензураға онша тәуелді болмады. Соның нәтижесінде соғысқа дейінгі кеңес қоғамындағы әлеуметтік процестер туралы бай ақпараттар жиналды. Олар қазір де тарихи-әлеуметтанулық қызығушылық тудырып отыр.

Совет Одағы Коммунистік партиясы екі рет: 30-жылы және 60-жылдың басында әлеуметтануды марксизмге жау, жалған ғылым деп жариялады. Алайда, эмпирикалық зерттеулердің жүйесі қоғамға қажет болды, сондықтан әлеуметтануды ақтап алу қажеттілігі туды. Ол үшін идеологияның тыйым салуларын бұзбай, яғни тарихи материализмді әлеуметтануға балап, ал әлеуметтанудың өзін қолданбалы зерттеулердің деңгейіне дейін төмендетуді жариялау әлеуметтануды марксизм аясына қайтарудың бір ғана жолы болды. Осыған орай әдеттен тыс жағдай қалыптасты: әлеуметтанулық зерттеулер өмірде қолдану құқығына ие болды, ал әлеуметтану ондай құқықты ала алмады.

Кенестік әлеуметтанудың «екінші рет дүниеге келуі» 60-жылдары болды. Шет елдердегі әлеуметтанудың қарқынды дамуы мен кейбір субъективтік жағдайлар бұған негізгі себеп болған еді. 30-60-жылдар аралығында Кеңес қоғамында әлеуметтанулық ойдың дамуында бірқатар үзіліс болды. Сол кезенде тарихи материализмнен таратыла жарық көрген монографияларда әлеуметтік құбылыстар мен процестер шектен тыс абстрактілі — теориялық денгейде, мейлінше идеологияланған, нақты өмірмен байланыстырылмай талданды. Философиялық детерминизм, әлеуметтанулық ойлауды жоққа шығару қоғам туралы ғылымдарда догматизм мен схоластиканың өлшеусіз үстемдік етуіне әкеп соқты. Әлеуметтанулық ойдың дамуы шындығында да 30-жылдардың аяғында тоқтаған еді. Әлеуметтанулық нақты зерттеу әдістері ғылыми айналымнан алынып тасталды және оны философиялық түрдегі әлеуметтік білімге қарсы қойды. Әлеуметтік өмірдегі құбылыстар мен процестерді нақты зерттеуге тыйым салынды.

Әлеуметтанудың жандана бастағаны, ғылыми пән ретінде алғашқы еске алынуы 1955 жылы басталды. Академик В. С. Немчинов зертгеу пәні — қоғамның дамуы дей отырып, әлеуметтануды философиялық білімнің бір саласы ретінде сипаттады. Бұдан кейін, 1965 жылы, әлеуметтану қоғам дамуының заңдары мен қозғаушы күштері туралы ғылым ретінде айқындалды. Оның пәніне бірін-бірі алмастыратын тарихи коғамдық формациялар, қоғамдық заңдылықтар, соның ішінде адамдардың әлеуметтік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы заңдылықтары, олардың әлеуметтік өзара әрекет етуінің әр түрлі формалары жатқызылды.

60-жылдары әлеуметтанудың пәні туралы пікір-сайыстар өрбіді, алайда оның ғылым ретіндегі өзіндік пәнін анықтаудан гөрі, әлеуметтанудың философия мен маркстік дүниетанымға қарама-карсы тұжырым емес екендігін дәлелдеуге көңіл бөлінді. Осыдан келіп әлеуметтануды тарихи материализм тұрғысында, ал оның әдістерін диалектикалық-материалистік әдістемелік екендігін анықтау етек алды. Бұл пікірсайыстарда идеологиялық жағы басым болды да, идеология мен қоғамдық ғылымдар бір ма-ғынада қолданылды. Ал ақиқатында бұлар рухани қызметтің әр түрлі саласы еді. Идеологиямен байланысқан ғылым әдетте әлеуметтік мүдделердің пайдақорлығын көздеген ғылымсымаққа айналады. Жалпы әлеуметтануды тарихи материализммен ұксастыру әлеуметтанулық зерттеудің өз алдына қалыптасып келе жатқан бағыттарына да кедергі жасады. Сондықтан бүл көптеген зерттеушілерді қанағаттандырмады. Әлеуметганудың өзіндік ұғымдық аппараты болуы керек еді. Әлеуметтану қоғамды әлеуметтік философияға қарағанда өзінің ерекше категориялары мен ұғымдары арқылы қарастыруға тиіс болды. Сондай жалпы әлеуметтанулық теориялар үғымдарына әлеуметтік құрылым және әлеуметтік институттар, мәдениет, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік тап ретіндегі тұлға және индивидтерді әлеуметтендіру процестері, әлеуметтік өзара әрекет және әлеуметтік өзара байланыс категориялары жатқызылды.

Сонымен, 60-жылдары үш деңгейлік әлеуметтану тұжырымдамасы жасалды: тарихи материализмді жалпыәлеуметтанулық теория ретінде қарау деңгейі, одан жеке әлеуметтанулық теориялар құру деңгейі, бүдан әлеуметтік фактілерді қорытындылау деңгейі шықты. Аталмыш тұжырымдама кеңестік әлеуметтанудың қалыптасуында белгілі бір рөл аткарды. Ол нақты әлеуметтанулық зерттеулердің статусын бекітті, бірақ отандық ғылымның дүниежүзілік әлеуметтанудың даму процесіне енуі қиындық-тарға шалдықты.

Батыс Еуропа мен Ресейдегі әлеуметтанушылардың идеялары қазақтың көзі ашық азаматтарына ықпалын тигізбей қоймады. Солардың арасында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т.б. болды.