ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТАНУ ОЙ-ПІКІРІНІҢ ДАМУЫ (XIX ғасыр – XX ғасырдың бірінші жартысы)

XIX ғасырдың 60-шы жылдарында патшалық Ресей қазақ даласын толығымен отарлауды іске асырған еді. Ол жүргізілген отарлау саясаты қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-құқықтық және тағы басқа да өмір салаларына айтарлықтай ықпал етті. Сол тұста қазақ даласына демократиялық көзқарастағы орыс ойшылдары әр түрлі себептермен келе бастаған еді. Солардың қатарында Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев және т.б. болды. Қазақ ағартушылары өздері өмір сүрген тұстағы қоғамның тыныс-тіршілігін зерттеп, оның әлеуметтік мән-мазмұнын ашып тағы басқа да мәселелерін терең пайымдаулардан өткізді. Енді сол пайымдауларға тоқталамыз.