XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ

Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни әлеуметтік тапсырыспен жүзеге асады және адамдардың өмір тіршілігі үрдісінде пайда болған әлеуметтік проблемаларды шешуді ойластырады. Іргелі әлеуметтанулық зерттеулермен әдетте, университет ғалымдары шұғылданады, ал бірқатар елдерде ғылыми зерттеу институттары айналысады. Әлеуметтанушылардың мұндай еңбектерінің мамандануы зерттеулерді жүргізуге әлеуметтік тапсырыстардың пайда болуы мен кеңінен тарауына байланысты АҚШ-та XX ғасырдың 30-жылдарында пайда болған.

Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер көптеген елдердегі әлеуметтанушылардың қызметінің басым түрі болды. Алайда 80-жылдары Батыс Еуропада, әсіресе АҚШ-та әлеуметтанушыларды бір-бірінен әлеуметтанудың объектісі мен пәнін талдау тұрғысынан, ғылым ретінде әлеуметтанудың әдістерін түсіндірумен ерекшеленген әлеуметтанудың бағыттарын ықпалдасу үрдісімен байланысты әлеуметтану теорияларын дамыту проблемаларын дайындау қызықтырды.

Өздері жасаған зерттеу дәстүрінің шеңберінде жұмыс істеуші әлеуметтанушылардың тобын әлеуметтанудағы кең мағынадағы қайсыбір мектеп ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтанудағы тар мағынадағы мектеп дегеніміз ортақ дәстүрі бар және сәйкес институттың формасы бар зерттеу тобын айтамыз. Эмпириялық (эмпирия – тәжірибе деген мағынаны береді) әлеуметтанудың Чикаго мектебінде ертеректе қалыптасқан зерттеу қызметінің дәстүрі орныққан және сол елдің, кейін бүкіл дүниежүзі әлеуметтанушыларының қызметіне үлкен ықпал еткен XX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген университеттің ерекшелікті бөлімі іспетті болды.