Лттық-этникалық қатынастар

Жоғарыда талданып, тұжырымдалғандай қайсыбір этностардын (халықтардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумақ, тіл, рухани өмір, салт-дәстүр, мәдениет секілді өзіндік ерекшеліктерді сақтауға және т.с.с. қатысты ұлттық қатынастар белгілі бір этникалық мәселелерді шешкен кезде әрдайым бір-бірімен байланыста болады.

Осыған орай олар ұлттық-этникалық қатынастар ретінде алға шығады, ал «ұлттық катынастар» және «ұлттык-этникалық қатынастар» ұғымдары шын мәнінде бір-біріне ұқсас болады.

Ұлттық қатынастар бұл көп ұлтты қоғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тілдік және басқа да қатынастардың синтезі. Ұлттық қатынастар әр түрлі деңгейде, яғни мемлекет аралық және мемлекет ішінде, ұлт ішінде және ұлтаралык, қоғамдық және тұлғалық денгейлерде жалғасып жатады.

Ұлт мәселесі ұлттық катынастардың негізі болып табылады және ол ұлттық қатынастардың күйі мен сипатын анықтайды.

Қайсыбір этностың өмір сүру жағдайына, олардын бір-біріне сәйкес келу деңгейіне орай ұлттық қатынастар ұлттық мәселенің қалай шешім тапқандығының денгейін көрсетеді.

Ұлттық қатынастар жалпы алғанда біртұтас жүйе, өзара байланыстардың тізбегі, қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде өмір сүреді. Сонымен қатар, ұлтгық қатынастардың өзі де бірнеше элементтерден тұратын жүйе болып саналады. Ұлттык қатынастар қоғамның тіршілік етіп, әрекет жасауының бүкіл саласын: мәдениет, саясат, ғылым, тұрмыс, отбасы, экономика және т.с.с. қамтиды.

Өзінің этникалық сипаттары мен шығу тегі бойынша ерекшеленетін, содан бастау алып, ертедегі тарихи және қазір өмір сүріп отырған отанындағы тіл, мәдениет, этникалык, сана мен т.с.с. өзгешеліктермен аяқталатын даму сатылары, ұлттардың (этностардың, халықтың) өмір сүру дағдылары ұлттық қатынастардың пайда болуы мен дамуының объективті алғышарттары болып табылады. Дегенмен де ұлттық қатынастар таза күйінде, басқа қоғамдық катынастардан бөлек өмір сүре алмайды. Керісінше, олар осы қатынастарда, сонын ішінде саяси, рухани, тілдік, экономикалық, экологиялық қатынастарда қосарласады және бұл ерекшелік қатынастардың мазмұны мен формасынан байқалады. Тағы бір айта кететін жай, бүкіл осы қатынастар егерде оларды жүзеге асыру процесінде қайсыбір халықтардың өмір сүру барысындағы этникалық проблемалары дұрыс шешілетін болса немесе экономикалық, саяси және өзге де мәселелер ұлттық-этникалық проблемалар деңгейінде ғана жүзеге асырылса ғана ұлттық сипатқа ие бола алады. Бір сөзбен айтсақ, ұлт өмірінің әлеуметтік және этникалық жақтары мен ұлттық қатнастар органикалық тұрғыда өзара байланыста болады.

Ұлттық қатынастар, әдетте, кешенді сипатқа ие болады, өйткені ол халықтар арасындағы өзара қарым-қатынастардың көптеген жақтарын реттеуге қатысады. Олар өздеріне азды-көпті рухани мазмұндарды қосып алған, себебі оған енген субъектілер өздерінің этникалық санасы мен сана-сезімін, т.б. байқатпай, бейтарап қала алмайды. Осыған байланысты кейде әртүрлі қиялға берілу, адасушылықтар, нанымдар мен мифтер секілді ғажайып дүниелер туындайды. Бұл халықтар арасындағы ұлттық-этникалық қатнастардың көрінуінің бір ерекшелігі болып табылады.

Ұлттық қатнастардың субъектілеріне үлкен және кіші этностар жатады. Олардың арасында француз, қытай, орыс т.б. секілді ұлы халықтармен қатар Кавказдың, Ресейдің, Американың солтүстік аймақтарындағы, әлемнің басқа да өңірлеріндегі саны аз, ұсақ халықтар бар. Халықтардың әртүрлі әлеуметтік топтар мен жіктері қайсыбір этностардың өкілі ретінде және ұлттық-этникалық проблемаларды шешудің мақсаты бойынша ұлттық қатынастардың субъектілері бола алады.

Экономиканың, мемлекеттің, мәдениеттің қол жеткен даму деңгейі тұрғысынан алып қарасақ, ұлттық қатнастардың субъектілері ретінде этностардың ішінде біршама дамығандары аз емес. Бұл олардың өзара қарым-қатнастарының спатвна әсер етпей қоймайды. Осы жағдай әлеуметтік қатынастардағы әлеуметтік әділет проблемасын тудырды, соның ішінде ірі және ұсақ халықтардың арасында, сонымен қатар олардың азды-көпті дамығандарының арасында аталмыш мәселені тудырды.

Әлеуметтік әділеттілік проблемасы жергілікті және жергілікті емес ұлттар деп аталатындардың арасындағы қатнастардың негізінде пайда болады. Қайсыбір аумақта шоғырланып өмір сүретін және сол жердегі мемлекеттік түзілімге орай жеке атауға ие болған ұлт әдетте жергілікті ұлт болып саналады. Осыған орай жергілікті ұлттарға, мысалы, Украинадағы украиндықтар, Армениядағы армяндар, Татарстандағы татарлар және т.с.с. жатады. Жергілікті емес ұлттарға ұлттық топтар деп аталатындар кіреді. Олар жергілікті ұлттардың аумақтарында өмір сүреді, мысалы, Литвадағы украиндықтар, Ресейдегі армяндар, Эстониядағы орыстар және т.с.с. Осыдан келіп «аз ұлттардың проблемасы» пайда болды, олар өмір сүріп отырған ұлттық мемлекеттік түзілім жағдайында аз ұлттардың құқығы мен бостандығы елеулі, күрделі мәселеге айналды. Аз ұлттар — қайсыбір халықтың шекараны өзгерту, көші-қон немесе күштеп қоныс аудару нәтижесінде өз халқынан бөлініп қалған бөлігінен немесе тобынан құралған этникалық қауымдастықтың формасы. Аз ұлттардың өз ұлттық-мемлекеттік түзілімі болмайды. Аз ұлттардың пайда болуы занды процесс. Аз ұлттардың Германияда, Австрияда, Израильде, АҚШ-та, Канадада және басқа елдерде тұратыны нақты өмір шындығы. Бұрынғы КСРО аумағында «ұлттық топтар және аз ұлттар» ұғымына жатқызылған халық саны шамамен 60 млн адам болды.

Аз ұлттар категориясын «аз ұлыстар» ұғымымен бір деңгейде қарастыруға болмайды. Өйткені аз ұлыстар белгілі бір аумақта және әр түрлі мемлекеттік құрылымның шеңберінде өмір сүріп отырғандығына, жергілікті халық арасында олардың қанша пайыз екендігіне қарамастан бұлар да тұрғылықты жұрттың бір бөлігі болып саналғандықтан осы аз ұлыстарды аз ұлттардың қатарына жатқызуға болмайды. Мысалы, АҚШ-тағы үндістер бүгінгі танда аз болғанымен, алайда олар жергілікті тұрғындар саналатындықтан аз ұлттар болып есептелмейді. Бір кезде саны аса мол болған жергілікті халықтардан қалған Сібірдегі кеттер немесе Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік-батысындағы вепстар дәл сондай жұрттардың бірі. Бүкіл саны аз ұлыстар өздерінің этникалық аумағында, бабаларының жерінде тұрып, сонда өмір сүреді.

Аз ұлттар үнемі өзге халықтардың шағын топтарынан құрыла бермейді, сол елдің шеңберіндегі бір этносқа жататын адамдардың да сан жағынан ірі топтарға бірігуі мүмкін. Бұған, мысал ретінде еврейлерді, немістерді, болгарларды, гректерді жатқызуға болады. Олардың саны бірнеше жүз мыңнан миллиондаған адамға жетеді. Мысалы, немістер Германияға жаппай көшкенге дейін КСРО-да олар екі млн адам болды. Олардың ортақ белгілеріне, біріншіден, тарихи отанындағы өз этносымен немесе КСРО-ның ішіндегі сәйкес аймақтармен байланыстың өте әлсіз болғандығы, екіншіден, қоныс тебер тұтас аумағының болмағандығы саяды. Бір этностың атына ие болғанымен, олар сол өздері өмір сүрген елде аз ұлттар санатына жатқызылды.

Ұлтаралық қатынастар экономикалық, саяси, тілдік, мәдениет, экологиялық және басқа да ұлттар арасындағы қатынастар түрінде көрінуі мүмкін. Ұлтаралық қатынастардың осындай әрбір көрінісінің өзіндік ерекшелікті мазмұны бар. Солардың кейбіреуінің қысқаша сипаттамасына тоқталайық.

Экономикалық ұлтаралық қатынастар ұлттың (халықтың, этностың) экономикалық кажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Олар стихиялық түрде даму процесінде қалыптасады, мәселен, халықтар арасындағы сауда байланысында, өз алдына жеке мемлекеттердің мемлекетаралық қатынастар деңгейінде, сонымен қатар федеративтік мемлекет шеңберінде республикалар, автономиялар және т.с.с. арасында орнайды. Әр түрлі ұлттық түзілімдер арасында орнаған қоғамдык еңбек бөлінісі мен олардың арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар, түптеп келгенде, ұлтаралық экономикалық қатынастардың объективтік негізі болады.

Көп ұлтты мемлекетте ең алдымен саяси өкімет билігін жүзеге асыруға және өз өмірлерінің маңызды мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуге барлық халықтың (ұлттың) қатысуын саяси ұлтаралық қатынастар дейміз. Осыған орай мемлекеттің кұрылымы туралы орынды сұрақ туады: бұл мемлекет өкіметтік механизмі жоқ әлде жекелеген ұлттардың мүдделерін мемлекеттік деңгейде жүзеге асыратын механизмі жоқ унитарлық мемлекет пе, немесе ондай механизмдері бар федеративтік мемлекет пе? Саяси ұлттаралық қатынастар, сонымен бірге, әр түрлі ұлт өкілдерінің азаматтық кұқықтары мен бостандығын жүзеге асыруға бағытгалған. Түптеп келгенде, ұлттық саяси қатынастар өз рөлін халыктардың мемлекетаралық қатынастар деңгейінде атқарады. Әңгіме мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігіне қол жеткізген, өзінің ұлттық мемлекеттігі бар халықтар арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Бұл жағдайда олардың қарым-қатынасы — ұлттық тәуелсіздік пен егемендікті нақты жүзеге асыруға, сонымен қатар олардың экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастығына, бұл мәселелерді шешудің ұтымды жолдары мен тәсілдерін табуға тікелей қатысты.

Ұлттардың рухани тыныс-тіршілігі саласындағы ұлтаралық қатынастар әр ұлттың өмірі мен дамуында маңызды рөл атқарады. Рухани-мәдениет саласын алып қарастырсақ, бұлар халықтардың өзара жетіліп, толысуына әрі олардын ұлттық төл ерекшеліктерін сақтау мен дамытуға бағытталған. Бұған халықтық үлгідегі және кәсібиөнер саласындағы игіліктерді бірінен-бірі үйрену, соның ішінде ән, би, музыка, қолданбалы өнер мен әдебиет, қазіргі тұғырлы (монументті) өнер, бейнелеу, сәулет өнері және с.с. саладағы ынтымақтастықтар ықпал етеді. Ұлттық рухани игілік -мәдениет, әдетте, аса күрделі, жан-жақты толысқан, мәні зор, аса бай әрі көп қырлы құбылыс болып саналады. Бұл сол қоғамда калыптасқан экономикалық, саяси, адамгершілік, діни және басқа да қоғамдық қатынастар арқылы дамиды, әдетте, кез келген ұлт бұлардың әсерін өздерінің бойынан сезінеді және көп жағдайда соларға тәуелді де болады. Сонымен қатар, ол әркелкі халықтардың ұлттық мәдениетінің тығыз байланысуы мен өзара әрекеті арқылы дамиды, сол процесте дүниежүзілік рухани мәдеииет қалыптасты.

Әлде бір өңірде ықылым заманан бастап тұрып жатқан қайсыбір халықтардың сол аймақтағы табиғатты корғауға ден қоюына орай ұлттар арасындағы экологиялық қатынастар пайда болады. Бұл тек табиғатты қорғаумен ғана шектелмейді, табиғи ресурстарды ұдайы ұлғайтып, көбейтуді, соның ішінде жер, орман, су және т.б. ұдайы молайтып, сақтауды талап етеді. Аталмыш мәселелерді өркениетті түрде шешу ұсақ және ірі халықтардың (этностардың) тіршілік етуі мен дамуының маңызды жағдайларына айналған. Олар мемлекеттік, одан қалды қоғамдық деңгейде, соның ішінде әрбір адамға қоғамдық орта мен отбасында тәрбие беру деңгейінде шешім табуы тиіс. Бұл ретте экологиялық мәдениетті калыптастыруға, табиғатқа сүйіспеншілікпен, ұқыпты қарауға, адамдарды соған тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінгені жөн. Әрине, қазіргі мемлекетаралық шиеленістер ушығып тұрған заманда экология проблемасын шешу үшін әрбір халық өздерінін ұлттық мүдделерін ескере отырып, бір-бірімен тығыз байланыс орнатуы және белсенді түрде ынтымақтасуы қажет.

Ұлтаралық катынастардың пайда болуы мен жүзеге асуы тек тұтас халықтар деңгейінде ғана қалып қоятын құбылыс емес, ол әр түрлі ұлт өкілдерінің күнделікті өзара қарым-қатынас орнату процесіндегі тұлғааралық деңгейде де пайда болып, жүзеге асады. Тұлғааралық қатынастардың мазмұнын түсіндіретін болсақ ол - ең алдымен ұлттардың аса мол рухани байлығы. Алайда, бұл қатынас кез-келген жағдайда адамдардан аса әдептілікті, сыпайылықты қажет етеді. Бұл қатынастардың моральдық және психологиялық жақтарын есте ұстаудың да маңызы өте зор. Адамдардың ұлттық сезімінің, әдетте, аса нәзік екенін және сәл нәрсеге бола жанының күйзеліске ұшырап, тез жарақаттанатынын естен шығармаған жөн. Адамдар бір-біріне кұрметпен қарап, әдеп сақтауы, сыпайыгершілік көрсетуі керек. Бұған көбіне-көп басқа халықтардың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне және жалпы рухани мәдениетіне қатысты ерекшеліктер мен өзіндік сипаттарын жақсы білу, өзге ұлттар өкілдеріне шыдамдылық таныту және оларды құрметтеу секілді касиеттердің қалыптасуы ықпал жасайды. Әр түрлі халықтар өкілдерінің бір-біріне жақындасуын, тіпті, ұлтаралық некеге отыруларын осының айқын мысалы ретінде келтіруге болады. Оларға тыйым салу — адам табиғатына қарсы жасалған қысым болар еді. Тыйым салуды, анығын айтсак, тек нағыз ұлтшылдар ғана өз мүдделеріне жаратуға тырысады, оны араздықты қоздырудың құралы ретінде пайдаланады. Ұлтаралык некеге тыйым салу мүмкін емес. Демек, дұрыс өмір салтын қалыптастыру үшін моральдық психологиялық саяси және басқа да жағдайлар жасау қажет. Қазіргі таңдағы өркениетті қоғамның сұраныстары мен талаптарын ескеретін болсақ әрбір адамның бойына ұлтааралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру осы бағыттағы бірден-бір іргелі алғышарт болып табылады.

Ұлттық, этникалық қатынастар кез-келген қайсыбір этностардың өмірге қажетті мүдделерін жузеге асыруға бағытталған. Олардың өздері де осы мүдделердің тууына себепкер болады. Халықтардың ұлттық мүдделері сол халықтардың тіршілік етуінің әр түрлі жақтарын қамтиды, олардың өзіндік ерекшеліктерін сақтауға, экономикасын, мемлекеттігін, мәдениетін дамытуға және осындай жол арқылы сол халықтың басқа халықтармен қатынас орнату жүйесіндегі жағдайын реттеуге, экономикалық және саяси проблемаларын шешуге, рухани мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Тоқ етерін айтсақ ұлтгық мүдделер қайсыбір халықтың (этностың) өзін-өзі ұлт ретінде қалыптастыруының сан қилы көріністері мен даму сатыларына, сондағы жетілу мен өзгерістеріне қатысты болады. Өмірде қолданылып отырған ұлт қатынастары нақты солардың түбегейлі мазмұнын кұрайды. Сондықтан да ұлттық қатынастарды ұлттық мүдделер ретінде көрініс табатын құбылыс деуге әбден болады.

Бұл мүдделерді адамдар саналы түрде жете түсінулері, мәнін ұғынулары тиіс. Оларды саналы түрде меңгерген кез келген этнос (халық) өзінің ұлт ретінде қалыптасуына осы жағдайдың да объективті түрде ықпал ететінін түсінеді. Басқаша айтканда, сол этностың мүддесінде нендей объективті жағдайлардың сай келмейтінін түсіну керек. Бұл дәл осы таңда қалыптаеып отырған ұлтаралық қатынастардың мазмұны мен олардың бүгінгі және болашақтағы дамуының бағыттарын терең түсінген кезде ғана қалпына келіп, орайласады. Қалай дегенмен де, бұл өте ауыр міндет, өйткені ұлтаралық қатынастар аса күрделі мәселе, онын үстіне мұндай қатынастар саналы түрде ғана қалыптасып қоймайды, көбінесе ол стихиялы түрде орнығып, нығаяды: мұндайда бұған этностың тамыры терең психологиясына орай туындап, жинақталған қайсыбір дәрежедегі иррационалды күштер де әрекет етеді. Ұлтаралық қатынастардың дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторларға тәуелді.

Қалай болғанда да олардың өз даму логикасы бар, соны түсіну қажет. Алайда, бұл қасиет әркімде бола бермейді, терең ойлайтын, алысқа көз жібере алатындар болжам жасап, логикалық ой түйе алады. Олар өз ұлтының (халқының) тек ағымдағы немесе сол сәттегі мүддесін біліп, оның астарын түсінумен қатар, ұлттың ұзақ мерзімдік тыңғылықты мүдделерін де ой топшылауынан өткізеді. Соңғы тұжырым әлдебір ұлттың сақталуы меи дамуының қазіргі және болашақтағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі сол ұлттың экономикалық саяси және мәдени ұстанымдарының бағыт-бағдарларының нығаюының негіздеріне қатысты.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, ұлттық мүдделердің мазмұнын қалай түсінуге болады дегенге келетін болсақ сол ұлттың атынан сөйлейтін қайсыбір саясаткерлердің, саяси партиялардың және қозғалыстардың атқарып отырған саяси-экомикалық қызметі белгілі бір ұлт мүддесін қорғауы, соған сай құрылуы қажет. Себебі жекелеген саяси лидерлердің, партиялар мен қозғалыстардың мүдделері әрдайым бүкіл елдің немесе бүкіл халықтың, үлкен және шағын халықтың шынайы мүддесімен сәйкес келе бермейді. Басқаша айтсақ оларға пайдалы көрінген дүниелердің бәрі халықка үнемі ұнамды бола бермейді, яғни ұлттың халыктың экономикалық саяси және рухани жағдайын нақтылы жақсартуға қол жеткізбейді. Сондықтан да әрбір халық өзінің жалпы ұлттық мүдделерін толық және терең түсінуі, оларды жүзеге асыру жолында өздері белсенділік танытуы керек.

Ұлттық қатынастарды саналы реттеу - әр түрлі этностардың мүдделерін үйлестірудің бірден-бір кепілі. Осыған орай туындайтын проблемалар көбінесе мемлекеттік деңгейде шешіледі. Ұлттардың мүдделерін мүмкіндігінше орайластыру, жүйеге келтіру дегеніміз — олардың үйлесімді байланысын дұрыс орнықтыра білу. Мұндайда әрбір ұлттың мүдделері белгілі бір ауқымды деңгейде жүзеге асады және басқалардың мүдделеріне бұл ешқандай нұқсан келтірмейді. Әрине, оған жету оңай міндет емес, алайда оны жүзеге асыруға болады. Бұған қол жеткізу үшін ең алдымен ұлттың соған жан-жақты дайындығы мен қабілеті, әрбір ұлт өкілдерінің нақты өз мүдделері мен баска ұлттардың мүдделерін түсінуі қажет. Бұл ретте олардың қандай жағдайда, дамудың қай сатысына жақындаса алатынын білу керек. Сонымен бірге алуан түрлі проблемалардың өзара тиімді компромистік шешімін таба білудің де маңызы зор. Атап айтсақ, халықтардың әрқилы географиялық, тарихи себептерге байланысты қалыптасуы, олардың экономикалық және басқа да жағдайлары ұлттардың бір-бірімен бейбітшілікті, ынтымактастықты сақтай отырып қалыпты өмір сүруіне және дамуына жағдай жасай алады.

Ұлтаралық қатынастардың бүкіл кешенін үйлестіру — халықтар арасындағы әлеуметтіксаяси және басқа да қатынастарды тек демократияландыру жолдары арқылы ғана жүзеге асады. Сонымен қатар, оны тиімді жүргізу үшін халықтың ұлттық санасын және саяси институттардың қызметін демократияландыру мен парасаттандыру қажет. Демократияны осы талаптар мен тәсілдер арқылы дамыту барлық халықтардың нақты мүдделеріне сай келеді, әрі ұлтаралық қатынастарды дамытудың объективті тенденцияларының қолданылу мүмкіндігін кеңейтеді.