Азіргі жағдайдагы ұлт мәселелері

Жоғарыда этнос әлеуметгануының кейбір ұғымдарына қатысты ұлтаралық қатынастар, олардың түрлері мен дамуының негізгі тенденциялары, сонымен қатар ұлттық мүдделердің өзара әрекеттері, оларды ұлт саясаты барысында түсіне білу мен есепке алу мәселелері тұрғысындағы теориялық және методологиялық проблемалар баяндалды. Енді ұлт мәселесі деп аталатын ұғымның мәніне, қазіргі жағдайда оны шешудің теориялық және практикалық жолдары мен тәсілдеріне тоқтала кеткен жөн секілді.

Ұлт мәселесі – нақты тарихи құбылыс, өйткені қоғам дамуының әрбір кезеңінде ұлт мәселесі белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси мазмұнға ие болып келді. Ұлт мәселесі бір ұлттың екінші ұлтты қанауын жоюды, ұлттық бостандық үшін күресіп, оны жеңіп алуды, әлдебір себептермен бөлініп кеткен этностың қайта қосылуын қарастырады десек, оған мынандай мысалдар келтіруге болады: 1975 жылға дейінгі Оңтүстік және Солтүстік Вьетнам, 1990 жылға дейінгі ГДР мен ФРГ, Оңтүстік және Солтүстік Корея және т.б. елдердегі жағдай ұлттардың, халықтардың теңсіздігін түбегейлі түрде жою, ұлттар мен халықтардың өзін-өзі билеуі және т.с.с. Қоғам дамуының әрбір кезеңіне сәйкес әр халықтың өзіндік ұлт саясаты қалыптасады. Осы саясат шеңберінде тез арада шешуді талап ететін келелі мәселелер көтеріліп, жүзеге асырылады.

Ұлт мәселесі кең ауқымдағы ұғым. Олай дейтініміз, жоғарыда айтылғандармен қатар, бір тектес ұлттардың арасында, сонымен қатар ұлттар мен билік жүргізуші өкімет арасында сенімсіздіктің пайда болуы негізінде шиеленіс туындауы мүмкін, әдетте ұлт мөселесі көпұлтты елдерде пайда болады, әрекет етеді.

Барлық елдердегі ұлттардың өзара қарым-қатынастары жалпы адамзат прогресін анықтайтын бір-бірімен байланысқан екі объективтік тенденцияның әрекетіне бағындырылған. Бір жағынан алғанда, бұл - ұлттардың оянуы және ұлттық қозғалыс, кез келген ұлттық езгіге қарсы тәуелсіздікке ұмтылған халықтың күресі, ұлттық мемлекеттер құруға тырысу; екінші жағынан, бұл - ұлттық дамуға қарсы қойылған тосқауылдарды бұзу, бүкіл дүние жүзі халықтарының тыныс-тіршілігіндегі байланыстар мен интернационалдандыруды күшейту. Бұл тенденциялар ұлттық катынастар дамуындағы әлі де болса объективті қарама-қайшылықтардың бар екендігін көрсетеді, сондықтан қоғамдық процестерде олардың осыған қарсы қолданатын әрекетін ескеру қажет. Оларға кез келген бағытта кандай да болмасын күш көрсету ұлттық қатынастарды шиеленістіруге әкеліп соқтырады, яғни ұлт мәселесінің аса өткір түрлерінің қалыптасуына түрткі болады.

Әлемде әлі де сақталған езгі мен қанау қатынастарын ұлт мәселесінің дәстүрлі шиеленісу сипаты деуге болады. Ұлт ішіндегі таптық ангонизм мен ұлттар арасындағы дұшпандық қатынастар жойылады деп саналып келген еді. Алайда, олай болмай шықты. Әлемдегі барлык ұлттар қазір әлеуметтік-экономикалық, саяси дамудың шамамен бір деңгейіне көтерілді дегенімізбен, солардың ішінен өктемдік етіп, көш бастаушылардың шығуына орай ұлт мәселесі толық шешім тапты дей алмаймыз. Англияда, мысалы, бұл Шотландия мен Уэльстің төл мәдениеті теңірегіндегі мәслесі. Бельгияда бұл фламандықтар мен валлондар арасындағы тілдік өзара қарым-қатынас мәселесі. Канадада - ағылшын және франко тілді қауымдастықтар арасындағы мәдени-тілдік проблемалар.

Ұлттық қозғалыстарда бүгінде бірқатар заңдылықтар байқалады: ұлт мәселесі әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі ретінде, мәдениет пен тіл мәселесі ретінде, тіптен экологияны қорғау мәселесі ретінде де көрінеді. Ұлт мәселесі әрдайым маңызды саяси мазмұнға ие болады. Саяси демократияның мәселесі ретінде ұлт мәселесі алға шығып, әр кезде де өмір сүріп отырған саяси жүйенің қайсыбір осал жақтарының нұқсанын ашады, тең құқық проблемасын қайта алға тартады. Испанияда бұл бес шет аймақтарда автономия алуда саяси тендікті талап ету тұрғысында көрінді. Белгияда федерализм мәселесі ретінде қойылды. Канададағы Квебек саяси дербестікке ұмтылуда. Россияда федерацияның түрлі субъектілерін қанағаттандыратын өзара қарым-қатынастардың жаңа формалары іздестірілуде.

Демек, ұлт мәселесі ұлт (халық, этнос) және ұлттық қатынастар дамуының өзара байланысты проблемалары жүйесінен тұрады. Ұлт мәселесі бұл процесті практикада жүзеге асырудың және реттеудің негізгі проблемаларын өзіне қамтиды, бұған аумақ, экология, экономика, саясат, құқық, тіл, мораль-пихология мәселелері кіреді. Ұлт мәселесі өзгеріске түспей қоймайды, оның мазмұны тарихи дәуірдің сипатына және нақты қалыптасқан ұлтаралық қатынастардың мазмұнына байланысты өзгереді. Қазіргі жағдайда ұлт мәселесінің негізгі мазмұны барлық халықтардың еркін және жан-жақты дамуынан, олардың ынтымақтастығын кеңейтуден және ұлттық мүдделерді үйлесімді байланыстырудан тұрады.

Көптеген халықтардың ұлтгык-этникалық тұрғыдан қайта жандануы және олардың өздерінің өмірлік проблемаларын өз бетінше шешуге ұмтылысы қазіргі дәуірдің айкын көрініс тауып отырған ерекшелігі болып табылады. Бұл дүние жүзінің бүкіл аймақтарында, ең алдымен Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде жүріп жатыр. КСРО-да бұл белсенді жүрді, ал бүгінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында (ТМД) қарқынды іске асырылуда.

Халықтардың этникалық қайта жандануының және олардың саяси белсенділігі артуының негізгі себептерінің қатарында мыналарды айтуға болады. Біршшіден, бұрынғы отаршыл империялар мен қазіргі кейбір федеративтік мемлекеттер шеңберінде халықтардың құқығы мен даму мүмкіндіктерін шектеуге әкеліп соқтырған әлеуметтік әділетсіздіктің бүкіл элементтерін жоюға деген халықтардың ұмтылысы. Екіншіден, бүкіл халықтардың әлауқат жағдайларын теңестіретін және олардың ұлттық төл ерекшелігінің жойылуына әкеп соқтыратын қазіргі технологиялық өркениеттің, урбанизацияның және жалпылама мәдениет дейтіннің таралуымен байланысты процесті көптеген этностардың қаншалықты қабылдауы. Бұған жауап ретінде халықтар өздерінің ұлттық мәдениетін қайта жандандырып, дамытуға мейлінше белсенділік танытып отыр. Үшін-шіден, халықтардың өз аумақтарында орналасқан және өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруда маңызды рөл атқаратын табиғи ресурстарды өз бетінше пайдалануға тырысуы.

Аталмыш себептер қайсыбір дәрежеде ТМД елдерінде, әсіресе Ресей Федерациясында халықтардың этникалық қайта жандану процесінде байқалады. Бұған халықтардың өз ұлттық мемлекеттігін нығайту мен дамытуға деген талабымен байланысты әлеуметтік-саяси сипаттағы себептер, халықтардың қазіргі техникалық өркениеттің және жалпылама мәдениеттің күйретушілік әрекетеріне көзқарасы, сонымен қатар халықтардың өз табиғи байлықтарын өз бетінше пайдалануға деген талаптары жатады. Олар экономикалық және саяси дербестік, тәуелсіздік үшін күрес өздерінің бүкіл өмірлік проблемаларын аса табысты шешуге көмектеседі деп санайды. Бірақ тәжірибенің көрсеткеніндей, біріншіден, барлық халықтар өз саяси құқықтарын өте салмақтап, ойластырып қолдануы қажет, өйткені олардың әрқайсысы басқа халықтардың дәл сондай құқығын ескеруі тиіс, екіншіден, кез-келген халықтың ұлттық қайта жандануы тарихи қалыптасқан экономикалық, саяси және мәдени байланысы бар өзге халықтармен тығыз ынтымактастық пен достастық негізінде іске асатынын ұмытпау керек.

Қазақстан этникалық құрамы жағынан бірегей мемлекет. Онда тұратын 14 953 126 жалпы халықтың 7 985 039-ы қазақтар, 4 479 618-і орыстар, ал қалған 2 654 811 адам — 100-ден астам аз халықтың өкілдері. Бұлар бірге өмір сүріп, еңбек етеді.

Қазақстанның көп этносты мемлекетке айналуының негізін патша өкіметі қалады, одан әрі бұл процесті тездете жүргізген кеңестік тоталитарлық режим болды. Соның салдарынан еліміздің халқының құрылымы үлкен өзгерістерге түсті. Әсіресе, екінші дүнижүзілік соғысқа дейін, соғыс және соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан жеріне Қиыр Шығыстан 102 мың кәріс, Батыс шекарадан 105 мың поляк, Еділ бойынан 400 мың неміс, 2000 қалмақ пен 30 мың қарашайлар, 18 мың Қырым татарлары мен болгарлар, 310 мың шешендер, 79 мың ингуштер, сонымен қатар мыңдаған гректер, күрттер, түріктер, грузин месхеттері, 900 тәжік басмашысы күштеп Қазақстанға қоныс аударылуы халық құрамын өзгертуге зор ықпал етті. Нәтижесінде республика халқының саны 1 миллионнан астам адамға артты. Осы қоныстандыру арқылы өкімет ұлтаралық қарым-қатынасты бірнеше бағытта жүзеге асыра бастады:

- сырттан әкелінген халықтар есебінен жергілікті халықты сандық
жағынан азшылық халыққа айналдыру көзделді;

- атамекенінде бірыңғай тұрып келген аталмыш халықтарды Қазақстанға және т.б. жерлерге шашырата қоныстандыру арқылы оларды аз халықтар құрамына айналдыру процесі жүргізілді;

- саны жағынан аз болғандықтан бұл халықтар ірі халықтармен ассимиляцияға түсіп жойылады деген сенімде болды. Бұл жерде мәжбүр ету жолы қолданылды. Олардың ана тілінде мектептер және т.б. ашылмауы соған дәлел. Кейбір аз халықтар өз төл мәдениетінен айырыла бастады. Мұнан кейін ұлтаралық некеге ерекше мән берілді. Қазіргі күнге дейін бұл процесс сақталып, Қазақстанда некеге отырудың жалпы мөлшерінің орта есеппен 25%-ін ұлтаралық некелесу құрайды, ал үлкен қалаларда бұл көрсеткіш 40%-ке жеткен. Республикамызда шамамен 750 мындай ұлтаралық отбасылары бар және әрбір жетінші нәресте осындай отбасыларда дүниеге келеді. Дегенмен өкіметтің жоғарыда аталған саясаты толық нәтиже бере алмады. Себебі жергілікті халық пен зорлап көшірілген халықтар өз менталитеттерін берік ұстанған еді.

Тоталитарлық режим интернационализацияландыру ұранын бетке ұстап, жалпы халық кұрамында аз халықтардың санын көбейту үрдісін бейбіт жолмен үдете түсті. Әр түрлі ұлттардың 54,3 млн адамы өз ұлттық-мемлекеттік бірлестігінен тыс жерде тұрды, шамамен 6 млн адамның өз аумақтық-ұлттык, бірлестігі тіптен болмаған. Ал олардың сандық мөлшері мынаған саяды: 22 ұлт 1 миллионнан астам адамдардан тұрса, 33 ұлт 100 мыңнан 1 миллионға дейін және 30 ұлт 10 мыңнан 100 мыңға дейін адамдардан кұралған. Қалғандары саны 10 мыңнан аз адамдарды құрады. Бұл фактілер аз халықтардың қалыптасуы жасанды жолмен жүретін және ұзаққа созылатын процесс екендігін керсетеді.

Қазіргі Қазақстан Республикасында КСРО кезіндегі осындай ұлттар тұрып жатыр. Бұл занды процесс, бірақ олардың сандық және сапалық жағынан көрсеткіштері өзгерген. 1989 жылы халық санағында украиндықтар қазақстандық бүкіл халықтың 5,4%, немістер 5,8%, татарлар 2,0%, белорустар 1,1%, поляктар 0,4%. шешендер 0,3%, башқұрттар 0,3%, гректер 0,3%, болгарлар 0,1%-ін құраса, 1999 жылы халық санағының нәтижесінде осы халықтар, жоғарыда орналасуына сәйкес, бүкіл халықтың 3,7% , 2,4%, 1,7%, 0,7%, 0,3%, 0,2%, 0,2%, 0,1%, 0,0%-ін құрады1.

Қазақстанды мекендеген басқа да аз халыктардың сандық көрсеткіштері бұлардан да төмен. Аз халықтардың адамдарының санының күрт төмендеуі олардың тарихи отандарына қоныс аударуымен, басқа жерлерге көшіп-қонуымен, дүниеге нәресте әкелудің азаюымен, тағы да басқа объективтік жағдайлармен байланысты түсіндіріледі.

Бұл халықтардың дамуы қазақ халқының оларды өз маңына топтастырушы рөлін дұрыс атқаруына тікелей байланысты. Ал аз халықтар өз кезегінде еліміздегі ұлтаралық келісімді қолдап, өтпелі кезендегі және ұзақ мерзімдік саяси тұрақтылықты сақтауда ықылас білдіріп, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Республикамызда аз халықтар мүдделерін іске асыру үшін түрлі әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайлар жасалуда. Мұндай жағдайлар олардың сапалық күйін жақсартты. Әсіресе, аз халықтардың мәдени орталығы институттарының құрылуы олардың төл мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін дамытуға үлкен ықпалын тигізіп отыр. Мұндай орталықтардың ең басты жұмысының бағыты - ағарту ісін дұрыс жолға қойып, оны барынша өркендету. Аз халықтардың балалары үшін арнайы бала-бақшалар, мектептер ашылып жұмыс істеуде. Бұл оқу орындарында өз ана тілдерін тереңдетіп оқыту қолға алынған. Ана тілін білмейтін жастарға қосымша жексенбілік мектептер ашылған. Онда білім берумен қатар, әр түрлі кездесулер, кештер, байқаулар, т.б. шаралар аз халықтар тілінде өткізіледі. Аз халықтар балаларын оқытатын мектептерде мемлекеттік тілді оқытуға да зор көңіл аударылып отыр. 1999 жылғы халық санағының нәтижесі бойынша 14 млн 953 мың 126 адамнын 9 млн 631 мың 308-і мемлекеттік тілді білетінін мәлімдеген. Ал 1 млн 123 мың 572-і нашар білетінін, 5 млн 321 мың 750-і тіптен білмейтіндігін хабарлаған. Яғни мемлекеттік тілді республикамызда тұратын халықтың 64,4%-і біледі. Бұл деректер аз халықтардың қазақ тілін меңгерудегі үлесі айтарлықтай, қазақ тілін менгеруді бұл халықтар республикамыздағы ұлтаралық қарым-қатынастарды одан әрі үйлестірудің және нығайтудың бірден-бір алғышарты деп санайтынын көрсетеді.