Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі

Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеруі және т.б.

Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Адамның соңғы 40 мың жылда қол жеткізгенінің бәрі биологиямен байланысы жоқ, керісінше, мәдениетпен, қоғаммен байланысты. Басқаша айтқанда, табиға жолмен емес, керісінше, мәні әлеуметтік қатынастар жүйесінде айқындалған қолдан жасалған ортамен байланысты. Адам биологиялық тіршілік иесі болғанымен, осыдан бастап оның индивидуалдығы қалыптасады, кейін ол тұлғаға айналады.

Тұлға ретінде адам туралы түсініктің дамуы бірнеше кезеңді қамтиды. Ежелгі Қытайдағы (б.з.д. VI-Iғғ.) даосизмде қараңғылық пен жарықты, еркектік пен әйелдікті, белсенділік пен енжарлықты, қаталдық пен ізгілікті, тыныштық пен қозғалысты өз бойына жинап, үйлестірген адам – дүниеде кіндік орынға қойылды. Ол өткенге бет бұрып қарап, ал болашаққа ту сыртын берген қалыпта еді. Дүние адам үшін жаратылмаған, адам дүние дамуының соңғы буыны. Адам құдаймен индивид ретінде қатынас жасамайды, рулық әрі ұрпақ ретінде қатынаста болады. Адам өзінің тұлғалық шекарасын сезбейді. Ежелгі Үндістандағы (б.з.д. VII-IVғғ.) буддизм адамдардың өзіндік индивидуалдығын жоққа шығарды. Бұған дара тұлға идеясы, индивидуалды бірегей өмірдің өлгеннен кейін адам денесі мен санасы көптеген элементтерге бөлініп, басқа жерге барып қонады. Ал мұндай жанда индивидуалдық болмайды. Ерік туралы ойды терістеген буддизм адамда жан болады деген идеяға да салқын қарады. Ежелгі Грецияның (б.з.д. VI-IVғғ.) философтары бірінші болып өмірдің құндылығы оның қайталанбастығында екенін түсінді. Олар индивидті ғарыштан бөліп, маңызды қадам жасады. Сократ антропологиялық тақырыпта төңкеріс жасады, оны адам философиясының іргетасын қалаушы дейді. Атақты «өзіңді өзің таны» нақылы бойынша әрбір адам ішкі «Мен» болады, оның орталығы сана мен ойлау болып табылады. Адам өмірде ұтымдылықты көздейді: ол өзіне мақсаттар қояды және оларға жетеді, олар үшін жауапкершілікті мойнына алады. Адамның жетілуі – оның қызметі мен тәрбиесінің нәтижесі.

Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғаи және әлеуметтік заттардың өлшеуіші де болады. Гректор адам іспетті, бейнелі құдайлар құрметіне храмдар тұрғызды, онымен адамның түйсінуі мен ойлауының өлшемін бейнеледі. Бұдан кейін адамның құнды өлшеуіш екендігі жөніндегі түсінікті Демократ пен Платон дамытты. Нәтижесінде антропологизм гректерде антропоцентризмге айналды.

Орта ғасырларды (б.з. IV-XIV ғғ.) христандық адамға принципті жаңа тұрғыда қарауды ұсынды, ол гуманизм ілімінен көрініс тапты. Ежелгі Қытай, үнді және грек өркениеттерін тұлғаға дейінгі мәдениетке жатқызады. Христандық адамды дүние жаратылысының дәл оратсына қойды. Адам – бұл храм, ол құдай сияқты жаратылған. Адамда тұлғаның абсолюттік жасампаздығы бар.

Қайта өрлеу дәуірінде (VIX-XVIғғ.) антикалық дүние мен христандықтың адамға деген ең оң көзқарастары теріп алынып, гуманизм іліміне сіңірілді. Бұл дәуірдің ойшылдары, рухтың алыптары – Леонарло да Винчи, Микеланджело, Данте - адам тұлғасының бостандығы мен егемендігін жариялады. Адам тұлғасын олар дене мен рухтың, ақыл-парасат пен сезімнің, жердегі мен көктегінің үйлесімі деп түсінді. Қайта өрлеу дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтумен, капитализмнің алғашқы көріністерінің байқалуымен де ерекшеленеді. Ал капитализм әлеуметтік және экономикалық құбылыс ретінде индивидті жоқ жерде орнай алмайды, ол үшін еркін кәсіпкер, саудагер, қолөнерші, жалдамалы жұмыскер болуы шарт, олар өз алдына жеке экономикалық агенттер деп бағалады.

Ренессанстық сана толық мағынада айтқанда, «индивид» ұғымынан «индивидуалдық» түсінігіне қарай ойысты. Қайта өрлеуді «ақыл-парасат ғасыры» деп те атайды, өйткені ол сананы адамның ең жоғарғы жетістігі деп жариялады. Сөйтіп, Қайта өрлеу антикада пайда болған ұтымдылықты жалғастырып, оны жоғарғы деңгейге жеткізді.

Ағартушылық (XVII-XVIII ғғ.) Қайта өрлеу дәуірінде басталған «ақыл-парасат патшалығы» адамның саяси бостандығы мен азаматтық құқығын орнату күресін одан әрі жалғастырады. Ағартушылық дәуір соңы екі маңызды құбылыспен есте қалды; 1) ұлы өндіріс революциясы, бұл капитализм шабуылының тоқтаусыздығын толық нығайтты және 2) ұлы француз революциясы (1789 ж.), бұл төңкеріс қазіргі демократияның негізін қалаған саяси бостандық пен саяси әдет-ғұрыпты жариялады. Бұл дәуір ұлы географиялық және ғылыми ашылымдардың, заңды еркіндікті жеңіп алудың, буржуазиялық билік үшін күресінің заманы болды, соның нәтижесінде жабық, дәстүрлі енжар қоғам ашық, қазіргі шалымды қоғаммен ауыстырылды.

Бостандық, ақыл-парасат, қозғалысты өмір салты, индивидуализм және кәсіпкерлік рух – қалыптасу үстіндегі тұлғаның басты көрсеткіштері. Тарихшылардың пікірінше, «индивидуалдық» сөзінің өзі «тұлға» ұғымы ретінде бұдан 200-300 жыл бұрын, яғни ағартушылық дәуірде пайда болған.

Қазіргі философияның пайымдауынша, мәңгілік дүниедегі адам мәңгілік құндылықтарды жалғастырушы. Уақыт ішіндегі адам тек физикалық құбылыс: ол туады және өледі. Уақыт ішінде өмір сүру – бұл біздің қоғам азаматы ретіндегі болмысымыз. Уақытпен біз ас ішеміз және ұйықтаймыз, билік үшін күресеміз және бала өсіреміз, табыстарға жетеміз және жеңілістерге ұшыраймыз. Қоғамда өмір сүргендіктен әлеуметтік тіршілік иесі ретінде біз қоғамнан тыс бола алмаймыз. Өйткені біздер отбасының, ұжымының, мамандықтың және таптың бірлігінің көрінісіміз. Алайда, адамның мәні басқада – ол адами мәңгілікте және адамдық еркіндікте.

Біздің өмір сүруіміз уақыт пен мәңгіліктің арасындағы қайшылықта болады. Адам болмысы әр түрлі екі өлшемде жатыр, сондықтан адам әрдайым қарама-қайшылықты. Уақыт ішінде өмірді бағалауға болады, ал мәгілікті тек елестетуге болады. Философтар қарастырған адам болмысының екі тұрғысы осылар.

Жаратылыстанушы ғалымдар адам жөнінде басқаша көзқараста болады. XX ғасырда биологияның озық ойшылдары тұлғаға жұмыртқа ішінде толық қалыптасқан тіршілік иесі сияқты қарады. Индивидтің тұлғалық белгілері ұзақ уақыт бойы тұқым қуалаушылыққа таңылды. Адамның отбасы, тұқым-түқияны және қанының қасиеті оның тұлға болуын, асқан мақтаншақ, түзелмес қылмыскер немесе қайырымды сері болуына негіз салады делінді.

XX ғасырдың бірінші жартысында жиналған сан алуан жаңа фактілер адамның мәні туралы бастапқы көзқарастарды қайта қаруға мәжбүр етті. Сөйтіп, туа біткен ұлылық адамнан автоматты түрде ұлы тұлғаны қалыптастыруға кепілдік бермейтіні белгілі болды. Дәл сол сияқты тектік жарақат, ауру немесе басқа да жағымсыз биологиялық алғышарттар адамның толыққанды қоғам мүшесі болу мүмкіндігін жоққа шығара алмады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтік орта атқарады, адам туғаннан кейін осы ортаға түседі.

Сонымен, XIX ғасырда адамдағы биологиялық пен әлеуметтіктің арасалмағына қатысты мәселені нақты ғылымдар әдістерінің көмегімен толық шешпекші болған ниет іске аспады. XX ғасырда бұл мәселе одан да бетер үлкен қайшылыққа тап болды. Бүгінде ғалымдар бұл мәселені шешілмейтін проблема деп қарауға бағыт ұстап отыр. Адам тұлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған.

- табиғи,бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде болатын және дамитын жағдайлар;

- биологиялық,бұл жалпы шыққан тегі;

- тұқым қуалаушылық,бұл ата-ана қанының негізінде болтын және дамитын факторлар (биологиялықтың бәрі бірдей тұқым қуаламайды);

- әлеуметтік,адамға әлеуметтендіру барысында, басқа адамдармен қарым-қатынаста және өзара іс-әрекет арқылы сіңісті болып, қабылдаған белгілер.

Кең мағынада алғанда әлеуметтік үшке бөлінеді:

- өзіндік әлеуметтік, бұл адамның өзіндік әлеуметтік рөлдерін дұрыс орындау үшін қабылдаған аса қажетті белгілерінің жиынтығы;

- ерекшелікті мәдени, бұл әдепті мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы, олар ырықсыз орындалады, индивидтің сіңісті белгілеріне айналады, осы арқылы өзгелер оны тәрбиелі жан ретінде таниды;

- адамгершілік, этикалық нормаларды абсолюттік талаптар ретінде орындауына орай адам бойындағы әлеуметтік қасиеттің жоғары көрінісі және мәдениеттілік бастаулары[4].

Тұлғаны ада тәнінде өмір сүреді деуге бола ма? Иә, ол айналадағы кеңістікте жоқ – қасымызда да емес, алыста да емес. Ал тұлғада дене бар ма? Жоқ, өйткені тұлға материалдық түзілім емес. Онда өзін алып жүруші – адами психика болады. Бірақ психика адам тәнінің құрамдас бөлігі болып саналмайды. Психика – жоғары ұйымдасқан материяның ойлау сияқты қасиеті, мидың атқаратын қызметі болып табылады. Сихика – биологиялық эволцияның белгілі бір сатыныснда пайда болған, ақиқатты бейнелеудің ерекше формасы. Оның мазмұны – бұл тірі жүйелердің айналадағы ортамен өзрара әрекетінің жемісі немесе нәтижесі. Пихологтар тұлға туралы әңгіме еткенде, олар ең алдымен психиканы айатады. Тұлға туралы жүйелі ілім жасаған З.Фрейд те дәл солай жасады.

Сонымен, әлеуметтік дегеніміз не? Әлеуметтік – бұл адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекше сапасы немесе бір адамның басқа біреумен қарым-қатынасының ерекше саласы. Әлеуметтік дегеніміз – адамдардың өзара қарым-қатынастары және сол қатынастардың қоғамдық маңызды нәрсе ретінде қарастырылуы.

Тұлға әлеуметтік өзара қимыл-әркеттер мен қатынастардың бірінші өкілі. Ал тұлға дегеннің кіи екенін анықтау әуелі «адам», «индивид», «индивидуалдық» деген ұғымдарды түсініп алу керек. Күнднлікті өмірде және ғылыми тілде бұл терминдер өте жиі кездеседі. Бұл ұғымдар көбінесе синонимдер ретінде де қолданылады, бірақ олардың қатаң анықтамаларына жүгінетін болсақ, онда олардың мән-мағынасындағы айырмашылықтарды аңғару қиын емес. Адам ұғымы hoto sapiens –тің бөлініп шыққанынан бастап қолданыла бастаған мейлінше жалпылама, атаулық ұғым болып саналады. Адам дегеніміз жер бетіндегі тірі организмдер дамуының жоғарғы сатысы, әлеуметтік-тарихи қызмет пен мәдениеттің субъектісі болып табылады. Адам адамдық түрге еніп, адами-әлеуметтік шығу тегі процесінің қалыптасқанынан бері 40 мың жылдай уақыт өтті. Өзінің табиға бойынша – адам біртұтас биологиялық-әлеуметтік жан. Мұнда биологиялық пен әлеуметтілік жәйттар бір-бірімен диалектикалық бірлікте, өзара әрекеттес, өзара бір-бірімен тығыз байланысты болады. Адамның табиғи негізін оның биологиялық ерекшеліктері құрғанымен, оның мәнді әлеуметтік сапалары адам дамуының анықтаушы жақтары болып табылады. Қоғамның тарихи қалыптасқан түрінің экономикалық, саяси, идеологиялық және әлеуметтік қатынастары әрбір адамның әлеуметтік сапасын, оның іс жүзіндегі қызметінің мазмұны мен сипатын анықтай отырып, әралуан өзгеріске ұшырап, көрініс табады. Дәл іс жүзіндегі қызмет процесіндегі адам, бір жағынан, өзі өмір сүріп отырған айналадағы ортаның әлеуметтік қатынастарын біріктіреді, ал, екінші жағынан, сыртқа дүниеге деген ерекше көзқарасын білдіреді. Әлеуметтануда адам қандай жағдайларда әлеуметтік қатынастарының нағыз субъектісі бола алатындығы, мұнда оның өзіне жіне қоғамға не нәрсе байланысты екені анықталады.

«Жалпы» адам болмайды, бұл бейнақтылық. Нақтылы адамдар бар. Нақтылы адамда оның жеке өзіндік (табиғи) белгілері көптеген факторлар мен жағдайлардың ықпалымен қалыптасатын әлеуметтік белгілермен қалай ұштасатындығы көрінеді. Алайда, тек осыған сүйеніп, философия адамды, ал әлеуметтану – тек тұлағын ғана зерттейді деу дұрыс емес. Себебі адам мен тұлғаның екуі де бір объект болып табылады. Демек, бұл жерде әңгіме осы объектінің әрқилы тұрғыдағы аспектілері мен сол объектіге алып баратын әр түрлі жолдары жөнінде болуы керек.

Адам мен тұлғаға алып баратын тағы да бір жол бар. Тұлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың объектісі және олардың субъектісі ретінде қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай отырып, адам тек белгілі бір қоғамдық қатынасты\ардың өнімі болып қана қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады.

Адам – жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық, «ерекшелік» дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал «жеке өзіндік» дегеніміз өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен, адамзат ерекше материалдық нақтылық ретінде өмір сүруде. Алайда, адамзат осы күйінде өз бетінше өмір сүрмейді. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әркет жасайды.

Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі «индивид» деген ұғыммен байланысты. «Индивид» дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қайымдастықтардың, жалпы адамзаттық жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтануда «индивид» ұғымы әлеуметтік қатынастардың жеке-дара алғандағы өкілі қарастырылған жағдайда қолданылады. Индиыидтер қызметінің бірігіуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде «индивид» ұғымы «нақтылы адам» мағынасында қолданылады. Ал енді индивидуалдық түсінігін (жеке адамның өзіне тән) – индивидтің басқаларда қайталанбайтын бірден-бір өзіндік ерекше қасиет сипатын, бір индивидті екінші индивидтен ерекшелейтін белгілердің жиынтығын қарастыру арқылы анықтауға болады. Бұл ерекшеліктер – биохимиялық, нейрофизиологиялық психологиялық, әлеуметтік және т.б. деңгейлерде байқалады. Тұлға ұғымы аданың және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын айқын көрсету үшін енгізілген, яғни бұл ұғым оның әлеуметтік бастауларын айқындайды.

Басқаша айтқанда, адамның тарихи дамуының әр түрлі деңгейлеріндегі жеке алғандағы және нақтыл-тарихи өзгешеліктерін көрсету үшін «индивид» деген ұғыммен қатар, «тұлға» деген ұғымды қолданады. Тұлға дегеніміз – индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.

Әлеуметтік өмірде адамдардың бір-бірімен әр түрлі салада тығыз қарым-қатынасының , өздерінің белсенді, саналы іс-әрекеттерінің арқасында индивид (жеке адам) әлеуметтендіріліп, бірте-бірте, келе-келе тұлғаға айналуы керек. Тұлғаның өзіндік ерекшеліктері, саналығы, бағалы бағдарлары мен әлеуметтік қатынастары, қоғамға қатысты бірқатар дербестіктері және өз іс-әркеттері үшін жауапкершілігін түсіну, т.б. тұлғаның бойынан табылуға тиісті міндетті сипаттамалары болып саналады. Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жатқан әлеуметтік елеулі іс-әеркеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де болып табылады. Сондықтан да халықтың рөлін жақтаған көзқарастар проблемның тұлғалық жағын жоққа шығармауға тиіс.

Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көрністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызыд. Ал әлеуметтануда тұлға көбіне-көп қоғамдық, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қаралады. Әлеуметтік қатынастар адамның ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның тұлғалық көзқарасы ретінде көрініс табады.

Адамдарды біріктіретін әлеуметтік қатынастар – өмір сүріп отырған әлеуметтік орта жағдайларындағы индивидтердің өзара қимыл-әрекет процесінде қалыптасқан олардың белгілі бір тұрақты байланыстарының жүйесі. Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметтік сапалары ретінде оның қызметі мен іс-әрекетінен көрінеді.

Жекелеген қоғамдық ғылымдардан әлеуметтанудың айырмашылығы – ол тұлғаны тұтас күйінде зерттеп, белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесіндегі оның мәндік сипаттарын анықтайды. Мұндай талдау қоғам эволюциясы процесінде тұлға дамуының диалектикасын көрсетіп, сонымен бірге тарихтың әрбір алға дамуы кезеңіндегі тұлғаның даму процесінің өзіндік ерекшелігін ашады. Әлеуметтік тұтастық жүйесіндегі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі болып табылатын көп қырлы байланыстардың жиынтығы ретінде көрінеді. Қатынастар мен бйланыстардың осы көп қырлылығындағы елеулі нәрсені анықтау тұлға проблемасын әлеуметтанымдық тұрғыдан талдаудың міндеті болып табылады. Адамның әлеуметтік табиғаты өзінің нақтылы іске асырылуын тұлғаның қоғамдық-тарихи түрлерінен табады.

Тұлғаның әлеуметтік түрі – белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа кіретін тұлғалардың қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалары жиынтығының сараланған бейнесі. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сапаларында белгілі бір таптың, я болмаса әлеуметтік топтың адамдарына тән ортақ, біршамиа тұрақты белгілер көрініс табады. Тұлғаның әлеуметтік түрлері тарихи қалыптасқан өмір жағдайларының, әлеуметтік айналадығ ортаның, дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, жалы дүниетанымның, үлгі-өнегеліктің және қоғамдық өмірдің, т.б. жақтарының жемісі болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сипаттамалары белгілі бір әлеуметтік ортаның шеңберіндегі адамның қоғамдық дамуының өзіндік ерекше жағдайларын көрсетеді. Белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың өкілі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретіндегі тұлға сөз болып отырған қоғамдық даралықтың өзіне тән белгілерімен сипатталады.

Тұлғаның әлеуметтік түрлері қоғамның материалдық өмір жағдайларына, қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты қалыптасады. Адамдардың, оның ішінде тұлғалардың әлеуметтік бейнесін ақытайтын іргелі негіз олардың белгілі бір өмір салты болып табылады. Тұлғаға айналған адамдардың бірқатары әр сапалық деңгейге, әр түрлі әлеуметтік атауға ие болады. Мысалы, өткен уақыттардағы немесе қазіргі замандағы көпшілігі қатардағы жай тұлғалар ірі, ұлы, белгілі, әйгілі, көрнекті, тарихи, т.б. тұлғалар болып дараланады. Өтткен замандардағы тарихи тұлғалардың рөліне баға беру кезінде жағымсыз тарихи тұлғаларды дәріптеу дұрыс болмайды. Екінші жағынан, жағымды тарихи тұлғаларды асыра бағалау – басқа бір ұшқарылыққа – тұлғалық негіздерді аса дәріптеуге де соқтырмауға тиіс. Бұл тұрғыда көзге түскен әйгілі, ірі тұлғаларға дұрыс баға беру, жағымды, жағымсыз тұлғаларды айыра білу, маңызды мәселе. Адамдардың, тұлғалардың өмір болмысы қандай болса, олардың өздері де сондай болады.

Тұлға адамның әлеуметтік сапаларының біртұтас жиынтығы ретінде қаралады, яғни ол белгілі бір жолмен қоғамдағы әлеуметтік мәнді белгілер мен әлеуметтік қатынастардың индивидке жүзеге асқан бірлігі және тарихи даму мен индивидтің өзінің белсенді тұрлаулы қызметі, байланысы арқылы әлеуметтік жүйелер енуінің нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі бола отырып, ол қоғамнан біршама дербес және тәуелсіз, оған өзін қарсы қоюға да қабілетті. Қоғам, әлеуметтік қатынастар тұлғаның міндеттері іске асырудың жеткілікті құралдарына ие. Әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде тұлға мен қоғам арасындағы өзара қимыл-әрекеттер мен өзара байланыстар үш элементтен құралады: 1) Тұлғаның іздену элементі; 2) Қоғамның ұсыну элементі; 3) Тұлғаның қоғам ұсыныстарын таңдау элементтері. Әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қатынастарға енген әрбір тұлға адами тәртіптің негізін меңгеруі керек, өзі өмір сүретін қоғам мәдениетінің тілін білуі шарт. Ол адам заттың және қоғамынң қолы жеткен іргелі жетістіктер мен құндылыөқтарды құрмет тұтуға, сыйлауға міндетті. Мұнсыз әрбір индивидтің тұлғаға айналуы және тұлғаның әлеуметтік ортада субъект міндеттерін атқаруы жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Тұлға әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі субъект ретінде өз міндетін атқаруы үшін әуелі ол өзінің қабілетіне сай өмірлік жоспарын, мақсаттары мен мұраттарын жүзеге асыру жолдарын іздестіру жағдайында болады. Адам, тұлға өзінің келешегін, өзінің әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы міндетін орындау бағытталған жолдарын өз қабілетіне сәйкес таңдайды. Тұлға мұндай таңдауды іске асыра, әлеуметтік орта тәртібін қабылдай отырып, өзі мен қоғамның өсіп-қркендеп, дамуы жолында қызмет жасайды. Тұлға өзінің әлеуметтік міндетін орындауда әлеуметтік қатынастар қазанында біте қайнасып, алдына қойған мақсаттарды өзінің қоғамдағы алатын орнына сәйкес іске асыра алатындығы немесе іске асыра алмайтындығы жөнінде көп толғанып, көп ойлануы тиіс. Себебі адамдар, соның ішінде тұлғалар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде басқа адамдармен, қоғаммен өзара тәуелді жағдайда болып, берік әлеуметтік қатынастарға енеді. Яғни әрбір адам, тұлға белгілі бір пайдалы міндеттерді орындай отырып, қоғамды дамыту ісіндегі әлеуметтік қатынастардың субъектісі рөлін атқарады.

Екінші жағынан, қоғамдағы білгілі бір әлеуметтік міндетті атқару мен орындау кез келген тұлғаның қолынан келе бермейді. Сондықтан әлеуметтік орта қоғам мүшелері ішінен тапсырылатын қызметтерді орындай алатын тұлғаларды даярлауға маңыз береді. Әсіресе, қоғамды қайта құру мен реформалау кезеңдерінде күрделі әлеуметтік проблемаларды шешу үшін лайықты, қолынан іс келетін, батыл, қайратты тұлғаларды тауып, тәрбиелеу, сөйтіп оларды әлеуметтік қатынастардың белсенді субъектілеріне айналдыру күрделі де маңызды өмірлік мәселе. Тұлғалардың әлеуметтік міндеттерді орындай жұмыстары олардың өздерінің жоғаы сапалары мен іскерлік қасиеттерін жетілдіруі тиіс.

Тұлғаның қызмет процесіндегі біте қайнасып жатқан көп жақты және нақтылы әлеуметтік байланыстарында ол объект ретінде де көрінеді. Мұндай қатынастар процесінде тұлға өзін қоршаған әлеуметтік ортаның әрқилы ықпал-әсерлеріне өзінше назар аударып, өзін әр түрлі тәсілдермен көрсетеді. Тұлғаның әр түрлі көріністері өзара бір-бірімен байланысты және өаза бірімен-бірі себептестілік жағдайда болады. Және бұл жерде еңбек қызметі негізгі, анықтаушы қызмет болып табылады, да, ал үлгі-өнелік, әсемдік, саяси сапалар туындылар болып есептеледі.

Тұлғаның барлық көрністерінің жиынтығы мен бірлігі, олардың өзара бір-бірімен байланысы оның әлеуметтік құрылымын құрайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының негізін қоғамды, әлеуметтік қатынастар қалыптастырады. Мұндағы өзгерістер тұлғаның да әлеуметтік құрылымында өзгерістер туғызады. Бұл жерде объект ретіндегі жекелеген тұлғаның әлеуметтік бейнесіне өндірістік қатынастармен қатар басқа да қоғамдық қатынастар ықпал етеді. Ал бұл қатынастардың жиынтығы тұлғаның әлеуметтік құрылымы қалыптасуының қажетті жалпы шарты болып табылады. Тұлғаның өзінде өзгешелігіне басқа да жағдайлар да, атап айтқанда, нақты әлеуметтік айналадағы орта да (отбасы, ұжым, т.б.) белгілі ықпалын тигізеді. Алайда, тұлғаның әлеуметтік қатынастардағы объект ретіндегі өзіндік өзгешелігі оның өзі қоғамдық байланыстардың кең ауқымына енген сайын анығырақ көрінеді. Себебі тұлғаның өзі туралы түсініктің шығу көзі ол – оның төңірегіндегі және ол үшін мәні бар адамдар болып табылады. Әр адамның іс-әрекеттері жөніндегі басқа адамдардың пікірлері, бағалары бойынша сол адамның қандай адам екендігі туралы түсініктер жасалады. Әр адамды оның төңірегіндегі адамдар қандай деп есептесе, сондай түсінік сана-сезімнің мазмұныны ықпал жасайды. Бұл – әр адамды, индивидті ортақ белгілерге бөлу нәтижесі болып табылады. Өзі туралы басқа адамдардың пікіріне тұлғаның қарсы өз пікірі елеулі түрде оның әлеуметтік мінез-құлық қалпын, бейнесін қалыптастырады. Тұлғаға ықпал жасау, біріншіден, әлеуметтік ұйым қабілетінің және, екінші жағынан, тұлғаның басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуына, индивидтің қайткенде де әлеуметтік ұйымның элементіне айналуына, қоғам ішіне қалай енуіне байланысты болады. Әлеуметтануда әлеуметтік қатынастардың объектісі ретіндегі тұлға өзара байланысты екі процестің бірлігінде қаралады. Олардың бірін социализация (әлеуметтанедіру), екіншісін идентификация (ұқсастыру) деп атайды.

Тұлғаның объект ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз, мәдениеттің және әлеуметтік ержелер мен құндылықтардың элементтерін оның игеруі арқылы, әрі осылардың негізінде тұлғаның әлеуметтік мәнді белгілері қалыптасып, қоғаммен, әлеуметтік қауымдастықтардың әр түрлерімен бірігетін процесі. Әлеуметтену ісі өте кең процесс. Бұл жеке мәселе ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлға дамуының екінші поцесі идентификацияны (ұқсастыру) сөз етсек, мұның мәні мынада: әрбір индивидтің, тұлғаның өзін-өзі басқа адамдармен, топпен, ұжыммен ұқсастырудың психологиялық процесі. Бұл процесс оған әлеуметтік қызметтің әр түрлерін меңгеруге, әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды өзіне сіңіріп, әлеуметтік міндеттерді қабылдауға көмектеседі. Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің әдетте үш түрі бар : 1. Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату; 2. Өзін белгілі бір бағалы әлеуметтік топқа кіргізу (жас шамалық, ұлттық, жыныстық, т.б.); 3. Нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.

Тұлғалар мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау негізінде орнайды. Әлеуметтік бақылау бұл оны құрайтын элементтердің тәртіптелген өзара әрекетін қамтамасыз ететін, әлеуметтік жүйенің өзін реттеп отыратын тәсілі, әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын тұрақтандыру қызметі үстемдік етуші әлеуметтік қатынастардың, әлеуметтік (топтық, таптық, мемлекеттік) құрылымының шектерін ұдайы жандандыру (өндіру де) болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын мақсаттық қызметі, оның бағытталуы мен мазмұны сол тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйенің әлеуметтік –экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-құқықтық сипаттарына, тарихи даму процесіндегі қоғам типтерінің бірін-бірі алмастыруда алатын орнына тәуелді болады. Әлеуметтік бақылау проблемасы негізінде басты мәселе. Себебі ол жеке адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы туралы мәселені қамтиды.

Әлеуметтік бақылау процесі барысында жеке адамдар мен арасында әлеуметтік қатынастар қалыптасады. Бірақ ол жеке адамдардың сапаларын әлеуметтік стандартқа (бірдейлікке) жақындатуға қарағанда әлдеқайда күрделі. Бұл жерде әлеуметтік басқару механизміндегі жеке адам санасының қызмет ерекшеліктерін ескеру қажет. Егер де қоғамдық сана деңгейінде ақпарат тұтастық күйінде берілсе, жеке адамдар санасы деңгейінде тұтас күйіндегі әлеуметтік ақпаратты әрекеттің мақсаты, құралы туралы ақпаратқа бөлшектеу мүмкіндігі пайда болады. Осыдан келіп оларға сапалы баға беруге, оларды қабылдауға, мойындамауға немесе өзгертуге мүмкіндік туады.

Осының салдарынен жеке адамдар санасы деңгейінде жаңаша қарау (жаңа ұстаным, құнды бағыттар, т.б.) қалыптасуы мүмкін, жаңаша өқарау бұрынна әлеуметтік бақылаудың атқаратын қызметтерінің құрамына қосылғандықтан адамның мінез-құлқын өзгертетін болады. Бұл қоғамдық дамудың пісіп-жетілген қажеттіліктері көрінетін болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Қоғам мен жеке адам арасындағы әлеуметтік бақылау механизмі шеңберінде өмір сүретін әлеуметтік қатынастар субъектінің объектіге, қоғамның жеке адамға жай ғана қатынастары емес, ол әр түрлі элементтердің әрдайым сипатына сәйкес белсенді түрдегі өзара әрекеті мен өзара байланыс үрдісі.

Жеке адам және қоғам (әлеуметтік топ) әлеуметтік бақылау жүйесінің өзара әркет ететін құрамдас элементтері болып саналады. Әлеуметтік бақылау процесі бұл жеке адамдардың және әлеуметтік қауымдастықтардың (топтардың, таптардың, қоғамның) өзара әрекет ету үрдісі. Әлеуметтік бақылауды схема түсіріп қарағанда оған әрекеттің екі түрінің, атап айқанда, индивидуалдық әрекет және әлеуметтік әрекет (ұжымдық топтық) немесе, басқаша айтқанда, жеке адамдардың бақыланушы қызмету және әлеуметтік институттардың бақылаушы қызметінің қосылатыны анықталған.

Мемлекеттік бақылау әлеуметтік бақылаудың дәл өзі болмаса да, соған жақын. Әлеуметтік бақылау жеке адамдардың әлеуметтік мінез-құлқын, жүріс-тұрысын тек саяси тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік институттар (білім, мәдениет, мораль) тарапынан реттеу болып табылады.

Әлеуметтік бақылау тұрғысынан алғанда жеке адам мен қоғамның өзара әеркеті олардың өзара әеркетінің ішкі қарама-қайшылықтарын анықтайды. Бір жағынан алып қарағанда, адам қоғамнан тыс жерде өзінің индивидуалдығын, әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін қалыптастыра алмайды. Егерде жеке адам әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени ортаның тек көшірме бейнесі болатын болса, онда ол тұлға бола алмайды.