САЯСАТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

 

Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын қоғамның саяси өмірін танып-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтануы жалпы мынандай ұғымдардың негізінде ашылып қарастырылады, ол ұғымдар атап айтқанда: саясат, саяси билік, саяси қатынастар, саяси мүдделер, саяси әрекеттер мен өзара әрекеттер, саяси процестер, саяси институттар және т.б. Осы және өзге де ұғымдар қиын ұғымдардың қатарына жатады, сондықтан олардан логикалық тізбек құру мүмкін емес, өйткені олар өздері бейнелейтін шынайы саяси кұбылыстар сияқты өзара көп жақты байланыстардан тұрады.

Қоғамның саяси өмірінің әртүрлі жақтарын сипаттау барысында саясат әлеуметтануының маңызды ұғымдарының мазмұнын ашу орынды.