ЙЫМ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Қоғам банктерді, кәсіпорындарды, университеттерді, дүкендерді, көлік жүйесін ұйымдастырмай өмір сүре алмайды. Олардың бәрі ұйымдастырудың алуан түрлері. Ұйымның өз аты, жарғысы, мақсаттары, қызмет саласы, жұмыс реті, қызметкерлердің штаты бар. Әлеуметтанулық тұрғыдан алғанда ең бастысы оларда әлеуметтік иерархияның, мәртебелердің, рөлдерді бөлудің, әлеуметтік қатынастар жүйесінің болуы. Ұйым шағын қоғамды еске түсіреді. Оған адамдардың ранг бойынша тіптік орналасуы – иерархия және жоғары мәртебе және күн астынан жақсы орын алуға тырысатын адамдардың өзара әркетін реттейтін механизм – басқару тән. Сонымен иерархия статиканы бейнелесе, басқару ұйымының динамикасын бейнелейді. Қоғамның әлеуметтік құрылымында стратификция адамдарды сословиелерге, касталарға, топтарға бөледі, ал әлеуметтік ұйымда иерархия оларды қызметі бойынша бөледі.

Басқару – басқа ғылымның пәні, дәлірек айтсақ, менеджмент әлеуметтануының пәні. «Менеджмент» және «басқару» ұғымдары бір-біріне өте жақын. Кейде оларды бір мағынада қолданады. Техникалық мағынада ол солай болуы керек, өйткені менеджмент сөзбе-сөз айтқанда басқаруды білдіреді.