ЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулық зерттеу де дәл сондай. Зерттеу нәтижесінде алынған ақпараттың сенімділігі, құндылығы оған жан-жақты дайындалуға күш салумен тікелей байланысты. Сондықтан әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестерді әлеуметтанулық сараптаудың әдістеме және практикалық тәсілдерін меңгеру күнделікті әлеуметтанулық жұмысқа жоғарғы деңгейдегі дайындықты қамтамасыз ететін ғылыми ережелерді игеруді қажетсінеді.

Әлеуметтанулық зерттеуге дайындық – әртүрлі жұмыстардан, ғылыми процедуралар мен операциялардан тұратын процесс. Зерттеудің сенімді теориялық негіздерін қамтамасыз ету қажет, оның жалпы логикасын ойластыру керек, ақпарат жинау үшін әдістемелік құжаттар әзірлеу керек, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді пайымдауға қабілетті және әлеуметтанулық мәдениеттерді сипаттауға қабілетті зерттеу тобын құру қажет. Зерттеуді ұйымдық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді қарастыру керек, зерттеу барысында пайда болатын мәселелерді жедел шешуге дайын болу қажет. Бір сөзбен айтқанда әлеуметтанулық зерттеуге дайындық жұмысының бүкіл көлемі соған қойылатын талаптарға сәйкес орындалғанына сенімді болған кезде ғана кіріспеу керек.

Осыны ескере отырып, бұл тақырыпта әлеуметтану зерттеуінің дайындық кезеңінің маңызды мәселелерін қарастыруды бастаймыз.