Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері

Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820—1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастаудың негіздері» (і862), «Биология негіздері» (і864—і867), «Психология негіздері» (і870—і872), «Әлеуметтану негіздері» (і876—і896) деген еңбектерінде баяндады, Спенсердің әлеуметтануының, аса кұнды жағы — «Әмбебап эволюция заңы». Бұл заң бойынша эволюция — дамудың бірден-бір кайнар көзі. «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінде Г. Спенсер осы идеясын тереңдете келіп, қоғам организм іспетті немесе асқан органикалық агрегат сияқты деген басты тезисін негіздеді. Қоғам мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы қарым-қатынас энергияның реттеу принципі арқылы болады. Бұл занңдылық әр түрлі қоғамдар мен сол қоғамдарды кұрайтын жеке адамдардың арасында өмір сүру үшін болатын күрестерде көрінеді. Күрес әмбебап және қоғамдық эволюцияның негізгі козғаушы күші болып табылады. Спенсер қоғам мен биологиялық организм арасындағы ұқсастықты толық мойындағанымен, бұл мәселеде ол жалғыз емес еді. Оған дейін мұндай ұксастықты Конт, Краузе, Ахренс айтқан болатын. Алайда, Спенсер осы бағытты бірінші болып бір жүйеге келтіре отырып жазып шықты. Бұл жүйенің қарастыратын екі мәселесі бар: эволюция принципі және қоғам мен биологиялық орғанизмдердің ұқсастығы. Спенсердің аталмыш жүйесі әлеуметтану теориясының дамуына қосқан басты үлесі болды. Осы принциптерді Спенсер әлеуметтік саясатты бейнелеудегі, әлеуметтік реформаларды жасап жүрізуде нақты ұсыныстарында қолдана білді. Оның келесі бір тезисінде әлеуметтік саясат — тәжірибелік зерттеудің нәтижесінде қалыптасуы шарт делінген. Ал, әлеуметтік саясатқа аса қажетті принцип ол — әлеуметтік эволюция процесінің табиғи дамуына кедергі жасамай, оған жол ашу, бұл процесті жеке адамдар мен топтардың ойына не келсе соны істейміз деуінен құтқару.

Спенсер әлеуметтік заңдарды тұжырымдай отырып, әлеуметтік реформаларды белгілеуден бұрын қоғамның нақты әлеуметтік жағдайын жете, жан-жақты білу қажет екендігін атап керсеткен. Оның пікірінше, еркін және ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік эволюцияның жетістікке жетуінің бірден-бір шарты — мемлекет қызметіне қатаң шек қою болып табылады.

Спенсер «еркіндік тендігі» заңын тұжырымдай келе, онда барлық жеке адамдардың «еркіндік теңдігін» басқа адамдардың еркіндігі деңгейіне сәйкес пайдаланылуы тиіс дегенді айтады. Мемлекет те еркін, бірақ ол жеке адамдардың ерекше қорғайтын, соған көңілдік беретін ұйым. Мемлекет алыпсатарлықка қатысты заңдар шығарумен, діни мекемелерді және қайырымдылық қоғамдарын басқарумен айналыспауы керек. Мемлекеттің негізгі міндеті — қоғамда құқықтың жүзеге асырылуын және еркіндік теңдік заңының сақталуын қамтамсыз ету, сөйтіп, ол өз азаматтарын тонау мен зорлықтан және соғыстан қорғап отыруды іске асырады.

Қоғамды тірі организм іспетті қарауға болады, бірақ бұл жерде мына нәрсені есте ұстау керек, өзіндік өмір суру заңдарын сақтаған әлеуметтікті құрайтындардың (ұлттар, мемлекеттер, таптар, басқа да әлеуметтік топтар) организмдік мәні бар.

Әлеуметтік организмдер биологиялық организмге ұқсас. Бұл ұксастық барлық мүмкін жағынан емес, тек олардың алты жағынан ғана ұқсастықты белгілейді. Бүкіл организмдер:

1) өседі, көлемі жағынан ұлғаяды;

2) өзінің ішкі құрылымдары болады;

3) өсу деңгейіне сәйкес бұл құрылымдар күрделенеді;

4) құғылымның күрделенуі органдар функцияларының жіктелуінің күшеюімен қатар жүреді;

5) кұрылым мен функциялардың күрделенуі жекелеген бөлімдер арасындағы өзара әрекетпен дамуына соқтырады;

6) жекелеген бөлімдер (органдар) тіптен тұтастықтың өмірінің берекесі кеткен жағдайдың өзінде де белгілі бір уакытқа дейін өмір сүре алады.

Қоғамды толығымен биологиялық, организмге ұқсастыру қате болған болар еді, өйткені олардың принциптік тұрғыдан өзгешеліктері бар, ол кем дегенде үш мәселеде көрінеді:

1) биологиялық организм - бұл нақты тұтастык,, оның бүкіл органдары тығыз байланысқан. Қоғам - дискреттік тұтастық, оның тірі құрылымдары мен элементтері бір-бірінен азды-көпті еркін және уакыт пен кеңістікте бытыраңқы орналасқан;

2) ойлау және сезім функциялары биоорганизмің, белгілі бір бөлімінде ғана шоғырланған, ал қоғамда ойлау мен көніл-күй (эмоция) барлық кұрылымдар мен элементтерге тән;

3) биологиялық организмде элементтер тұтастық үшін өмір сүреді, ал қоғамда бұл жағдай керісінше болады. Адамдар қоғамға қызмет етпей, керісінше қоғам адамдарға қызмет етеді1.

Спенсер организмнің, ерекшелігін индивидтің автономиясын сақтап қалуға, жүйенің адамды жұтып қоюына жол бермеуге тырысқандығында деп түсіндірді.

Г. Спенсер қоғамдық өмірде мемлекеттің рөлін шектеуді, тіптен кедейлерге көмек немесе балаларға тәрбие беру жөніндегі қамқорлығынан да бас тартуды ұсынды. Ол отаршылдық экспансияны сынады, Өйткені бұл мемлекеттік бюрократияның күшеюіне әкеліп соғатын еді. Спенсердің пікірінше, кез келген қоғамның дамуы органдардың үш жүйесінің негізінде іске асады: 1) сүйемелдеуші жүйе. Бұл организмді қоректендіріп, оның дамуын қамтамасыз ететін болса, қоғам да оның дамуына кажетті өнімдерді шығаратын өндіріс бөлімдерінен кұралады; 2) бөлуші жүйе - еңбек бөлінісінің негізінде қалыптасқан әлеуметтік организмнің әртүрлі бөлімдерінің, байланысын қамтамсыз етеді; 3) реттеуші жүйе - қоғамның кұрамды бөлімдерін біртұтас орталыққа бағындырып, мемлекет тарапынан оның дамуын реттеп отырады. Осы жүйелердің әрқайсысы әлеуметтік институттардан тұрады. Бұл ұғымдармен Спенсер «әлеуметтік әрекеттің тұрақты құрылымдарын» белгіледі. Реттеу жүйесін сипаттай келіп, ол адамдар мінез-құлқын қадағалайтын «әлеуметтік бақылау» институттарын бөліп көрсетеді және оның қатарына мемлекетті (саяси басқару), шіркеуді, отбасын, салт және дәстүрлерді жатқызады. Әлеуметтік институттарды зерттеу,Спенсердің пікірі бойынша, әлеуметтанудың маңызды міндеті. О. Конт, Г. Спенсермен қатар әлеуметтанудың ғылым болып дамуына зор үлес қосқан К. Маркс пен Ф. Энгельс болды.