Тәжірибелік жұмыс. Финанстық функциялар.

 

1.1- жаттығу.Салымшы банкке 10 жылға 27000 теңге соманы 13,5% жылдық проценттік ставкамен салды. Процент әрбір жартыжылдықта қосылып отырады. Болашақ соманы анықтаңыз.

1.Жұмыс кітабын Фин. Функциидеген атпен сақтаңыз;

2.Жұмыстық бетте Задача1.1 /17-сурет/ жасаңыз;

 

 

17-сурет

2. В бағанындағы сәйкес ұяшықтарға берілуі тиіс мәліметтерді жазыңыз;

3. Болашақ соманы есептеу үшін :

1- әдіс: формуланы пайдалану , яғни В6ұяшыққа=B5*(1+B3/2)^(B4*2) формуласы жазылады;

2-әдіс: Болашақ құнды есептеудің БСфинанстық функциясын қолдану:

1.2 – жаттығу.Салымды 4 жыл бойы инвестициялаудың екі тәсілі бар:жыл басында 26% жылдық проценттік ставкамен немесе жылдың соңында 38% жылдық проценттік ставкамен. Егер, жыл сайын 300 000 теңге салынып тұратын болса салымшының есепшотында 4 жылдан кейін қанша сома болатынын екі тәсіл үшін табыңыз?

1. Екі тәсіл үшін де мәліметтерді кестеге енгізіңіз /Задача1.2, 17-сурет/;

2. Курсорды қажет ұяшыққа (Е6) орналастырыңыз;

3. Функциюны шақырыңыз;

4. Қажет параметрлерді енгізіп , орындауға жіберіңіз.