Жаттығу. Деректер қорын өңдеу (редакторлеу).

Ол үшін жобасын жасаған кестенің Конструктор режиміне өтіңіз.Егер сіз деректер қоры терезесінде болсаңыз, онда Оқытушылар кестесін таңдап, батырмасына басыңыз.

«Қызметі» өрісіне енгізілетін деректерге шектеу қойыңыз; тек қана Профессор, ДоцентнемесеАссистент сөздері енгізілуі керек.

Енгізілетін деректердің мәніне шарт қою үшін:

§ «Қызметі» өрісін шертіп, Общие бөлімінің терезесінің төменгі жағындағы Условие на значение дегенге өтіңіз.

§ Өрнекті құрастырушы арқылы (построитель выражений) мәндерге шарт қою үшін мынандай батырманы шертіңіз.

§ Пайда болған терезеде Профессор сөзін жазып, одан соң батырмасын шертіңіз (бұл батырма НЕМЕСЕ деген қызметті атқарады), одан соң Доцент сөзін жазып тағы да осы батырманы шертіңіз, Ассистент сөзін жазып <ОК> батырмасын шертіңіз. Осылайша «Қызметі» өрісіне тек Профессор, Доцент, Ассистент мәндері ғана енгізіледі.

§ «Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда экранға шығатын қате туралы хабарламаның мәтінін анықтау. Қате туралы хабарлама (Сообщение об ошибке) жолына «Ондай қызмет жоқ, деректерді дұрыс енгізіңіз» деген сөйлем енгізіңіз.

§ «Қызметі» өрісіне үнсіз келісім бойынша шығатын мән етіп Доцент сөзін анықтаңыз.

§ Конструктор режимінен шығыңыз.