Лабораториялық жұмыс. MS Access. есеп беру.

1-жаттығу. «Есеп берумен жұмыс»

1. Оқытушылар кестесі негізінде деректерді қызметі бойынша топтайтын есеп беру жасаңыз.Есеп беруді жасау үшін:

§ Отчеты бөліміне өтіп, ашқан терезеден <Создать> батырмасын басыңыз;

§ Ашылған терезеден Есеп беру шебері (Мастер отчетов) пунктін таңдаңыз;

§ Терезенің төменгі бөлігіндегі ашылмалы тізімнің тілшесін басып, пайда болған тізімнен Оқытушылар кестесін таңдаңыз.

§ <ОК> батырмасын басыңыз;

§ Ашылған терезеден пішінде болуы керек барлық өрістерді таңдаңыз. Бқл жаттығуда барлық өріс керек болғандықтан батырмасын басыңыз;

§ <Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің тізімі тұрады;

§ «Қызметі» деген өрісті белгілеп, батырмасын басыңыз. Осы арқылы сіз деректердің қызмет бойынша топталуын анықтап бересіз.

§ Тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

§ Пайда болған терезенің параметрлерін өзгертпейтін болғандықтан, тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

§ Пайда болған терезеден есеп беруді көркемдеудің стильдерін таңдаңыз да тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

§ Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деп есеп беруге ат беріңіз.

§ <Готово> батырмасын басыңыз. Экранда дайын есеп беру тұрады. Көріп алған соң, оны жабыңыз. .

2. Өз беттеріңмен Конструкторрежимінің элементтер панелін қолдана отырып Студенттеркестесінің негізінде студенттің экономикалық факультеттің сол тобында оқитындығы туралы Анықтама (Справка)түрінде есеп беру жасаңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

Мына деректер қорына әртүрлі әдістермен үш есеп беру жасаңыз.

Нұсқа № Тапсырма
«Музыкалық альбом»
«Емхана»
«Сабақ кестесі»
«Компьютерлік салон»
«Конференцияға қатысушылар»