Графикалық ақпараттардың берілуі.

Графикалық режимде экран жеке жарқырайтын нүктелерге (пикселдерге) бөлінеді, олардың саны монитордың шешуімен анықталады және оның типі мен режиміне тәуелді (мысалы, 16 түсті болған кезде көлденеңінен 640 және тігінен 480 нүкте және VGA типті экран үшін 256 түсті болған кезде, көлденеңінен 320 және тігінен 200 нүкте).

Бірқатар мониторлардың базалық түстер палитрасы 16 стандартты түсті болады және келесі 4 элементтермен анықталады: түстің үш компоненті (қызыл, жасыл, көк) және жарық деңгейінің 2 мүмкіндігінің біреуі. 4 компоненттерінің әрқайсының бар болуы ақпаратты 0 немесе 1 цифрларымен көрсетеді. Мысалы, егер сізде EGA-монитор болса, онда экрандағы кескінді келесі түрде есептеуге болатын: экранның шешуі 640-та 350, экранның әрбір нүктесінің түсін сипаттайтын 4 битке көбейту қажет - 640*350*4-112000 (байт) ~ 110 Kb жадты алады.

Компьютер графикалық ақпаратпен, мысалы, сурет пен сандар жиыны сияқты жұмыс істейді, мұнда әрбір сан немесе сандардың тобы кескіннің элементін сипаттайды. Мұны былай түсіндіруге болады: сізде ақ-қара түсті фотосурет бар. Оны сандар жиыны түрінде "цифрлап" ұсыну үшін, оған тікбұрышты торды түсіру қажет. Тордың тораптары қараңғы жерге түскенде 1, ал жарық жерге түскенде 0 белгілейтін боламыз. Сіз ноль мен бірден тұратын тікбұрышты кесте аласыз. Егер енді осы кестені компьютерге енгізсек және 1-дің орнына қара нүктелерді қойып, компьютер оны экранға шығарса, біз ізделініп отырған кескінді аламыз. Әрине, өте жақындатылған түрде. Әлбетте, торыңыз қаншалықты жиі болса, ұсынылған кескін соншалықты нақты болады. Осылай ұсынылған фотосуреттің қандай ақпараттық көлем алатынын есептеуге де болады, мысалы, егер сіздегі тор 480*640 болса, онда сіз 307200 нольдер мен бірлерден, яғни екілік белгілерден тұратын немесе, басқаша айтқанда, ақпараттық көлемі 307200 бит=307,2 Кбайт-қа тең кесте аласыз.

Ақ-қара түсті кескіннің әрбір нүктесінің нүктелік ұсынылуы ақпараттың бір битін әкеледі.

Түрлі-түсті кескінмен жұмыс істеу мұлдем басқа нәрсе. Мұнда кескіннің бір нүктесін сипаттау үшін төрт екілік разряд, нүкте түсін тұрғызу үшін - үш (әдетте кез келген түсті үш түстердің біріне-бірі орналасқандай етіп қарастыруға болады), ал қанықтығын (интенсивтілігін) көрсету үшін бір нүкте қажет. Торы 480*640 болған кезде, әрине, түрлі-түсті сурет ақ-қара түсті кескінге қарағанда едәуір үлкен ақпараттық көлем алады.

480*640*4=1228800(бит) -1228,8 (Кбайт) - 1,23 (Мбайт)

Графикалық ақпаратты нүктелердің жиыны немесе пикселдер түрінде ұсынуды растрлық ұсыну деп атайды.

Растрлық кескіннің әрбір нүктесіне компьютердің жадындағы ұяшық сәйкес. Графикалық кескінді сақтаған кезде жадқа енгізілетін элементтерінің саны графикалық кескін орналасқан экрандағы нүктелер санына сәйкес.

Егер растрлық графикада - растр (пиксель), ал векторлықта сызық базалық элемент болып табылса, онда фрактальдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайтынын және кескін тек қана теңдіктер бойынша құрылатындығын білдіреді.