Тақырып бойынша тест сұрақтары

1. Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән …

A. информатика;

B. информация;

С кибернетика;

D. телекоммуникациялық технология;

Е. жаңа ақпараттық технологиялар.

2. Информатикадағы ақпараттың көлемін өлшейтін негізгі өлшем бірлігі:

A. 1 бит;

B. 1 байт;

С. 1 бод;

D. 1 бар;

Е. 1 пункт.

3. Байт дегеніміз -

A. 1 немесе 0 арқылы өрнектелетін ақпарат бірліктерінің саны;

B. жедел жадындағы әріптің кодын өзгерту тәсілі;

C. сегіз биттен тұратын тізбек;

D. төрт он алтылық цифрдың комбинациясы;

Е. сегіз он алтылық цифрдың комбинациясы.

4. Информация мөлшерін өлшеуге қолданылмайтын бірлікті көрсетіңіз...

A. мегагерц;

B. килобайт;

C. мегабайт;

D. байт;

Е. бит.

5. Компьютерлік сауаттылық дегеніміз:

A. ЭЕМ-ді қолдана отырып, санау, мәлімет теру, сурет сала білу;

B. ЭЕМ-ді қолданып ақпараттар іздеу;

C. ЭЕМ-ді қолданып, оқу, жазу, санау және сурет салу, сондай-ақ ақпарат­тарды іздеу әрекеттерін орындай білу;

D. ғылыми жұмыстарда ЭЕМ-ді қолдана білу;

E. ЭЕМ-ді қолданып есептеу жұмыстарын жүргізе білу.

6. Мәліметтер (данные) дегеніміз:

A. объектілерді, құбылыстарды, процестерді сипаттайтын жеке фактілер, олар әлі өңделмеген, тек жинақталған белгілер немесе жазып алынып сақталатын, жиналған сипаттамалар;

B. белгілі бір пәндік салада анықталған заңдылықтар;

C. мекеменің шаруашылық қызметін ұйымдастыруға керекті мәліметтер жиыны.

D. ауқымды және жергілікті жүйелердегі ақпараттар ағыны;

E. информацияның өзгеріссіз қалуға тиісті архивке жіберілген бөлігі.

7. Ақпарат шығу көзіне байланысты келесі топтарға жіктеледі:

A. кірістік, шығыстық, ішкі, сыртқы;

B. мәтіндік (текстік), графикалық;

C. есепке алынатын және статистикалық;

D. қарапйым және күрделі;

E. алгоритмдік және программалық.

8. Информатика мынадай ғылым саласына жатады:

A. гуманитарлық ғылым саласы;

B. қолданбалы ғылым саласы;

C. қоғамдық ғылым саласы;

D. ақпараттық ғылым саласы;

E. анықтамалық ғылым саласы.

9. "Информация" термині…

a. латынның "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

b. гректің "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

c. француздың "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

d. ағылшынның "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;

e. италияндықтардың "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді.

10. Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін коды қолданылады

  1. ASCII
  2. ISO 8859-5
  3. СР866
  4. #32
  5. КОИ 65